Сабақ жоспары Сабақтың аты Біржан мен Сара айтысы. Сілтеме Жоспар, ғаламтор



Дата17.04.2017
өлшемі44,83 Kb.
#14083
түріСабақ
142 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Раймбекова Ақшолпан Сайлауқызы 2015-2016 оқу жылындағы

сабақ жоспары

Сабақтың аты

Біржан мен Сара айтысы.

Сілтеме

Жоспар, ғаламтор,

Жалпы мақсаты

Айтыстағы Біржан мен Сараның адамгершілік, ақындық ,әншілік қасиетін таныту, тіл шеберлігін ұғындыру.

Оқушылардың белсенділіктерін, шығармашылықтарын, өз ойын тұжырымды айта білуге дамыту.




Күтілетін нәтиже

Айтыстағы Біржан мен Сараның адамгершілік, ақындық ,әншілік қасиетін таниды, тіл шеберлігін ұғынады.

Оқушылардың белсенділіктерін, шығармашылықтарын, өз ойын тұжырымды айта білуге қабілеттері дамиды.



Негізігі идеялар

Бұл айтыстын сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, қазақ поэзиясының төрінен орын алады.


Тапсырмалар

Жеке, жұптық, топтық жұмыстар







Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: ( мұғалім мен оқушы немен айналысады)

І Ұйымдастыру кезеңі ( 3 мин)



  1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

  2. Топқа бөлу Сынып оқушылары «Біржан» тобы, «Сара» тобы болып екіге бөлінед

ІІ Үй тапсырмасын сұрау. (8 минут) Екі топқа сұрақ кою арқылы.

  1. Айтыс дегеніміз не?

  2. Айтыстың қандай түрлері бар?

  3. Ақындар айтысының ерекшелігі неде?

  4. Айтыстың адам тәрбиелеудегі орны қандай?

Бұл тапсырма бармақпен бағалау арқылы жүреді.

ІІІ Жаңа сабақ (10 мин)

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақтың айтыс өнері – ат жарысымен , балуандар күресімен пара- пар.Демек, ақындар айтысы да жарыс. Бірақ бұл – өнер жарысы, сөз сайысы.Айтыс халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі.Бүгінгі сабағымызда өз дәуіріндегі ақындар айтысының ішіндегі үздігі саналатын Біржан мен Сара айтысына тоқталамыз.Бүгінгі сабағымыз бекіту сабағы.

Өмір- дерек. Біржан мен Сара өмірі.



«Біржан» тобы

1.Айтыстың өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?

2.Біржан мен Сара айтысы айтыстың қай түріне жатады?

3.Айтыскер ақынға тән қасиеттер

4.Біржан қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

5.Әкесінің аты

6.Біржанның руы

7.Біржан Сарамен қай жылы айтысты?

8.Біржан қай жылы қайтыс болды?

«Сара» тобы

1.Айтыстың неше түрі бар?

2.Сара қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

3.Сараның руы

4.Сараны атастырған күйеуі

5.Тұрмыс құрған жұбайы

6.Айтысты Сарадан алғаш кім жазып алған?

7.Сара қай жылы дүниеден өтті?



Бұл тапсырма «Екі жұлдыз, бір пікір арқылы» бағаланады

ІҮ Кітаппен жұмыс. 8 минут Теңеу дегеніміз не?

Кітаппен жұмыс.Теңеу дегеніміз не?

Біржан айтыста өзін неге теңейді?



Прямая со стрелкой 9 Ақ иық мұзбалаққа

Бұлбұл


Біржан Аспандағы аққу

Бәйге атына

Кең қолтық , жібек жол арғымақ

Байпаң жорға

Қыранға

Ақ тұйғын



Тоты құс

Сара Ақ иық бұлбұл

Арғымақ

Наркескен



«Сэндвич» арқылы бағалау жүреді

Сөздікпен жұмыс ( дәптермен жұмыс)(5 мин)

Ақиық- бүркіт тұқымдасына жататын ,сұңқар тәрізді ірі құс.

Ал мұзбалақ –ол бүркіттің жас мөлшерінің бірі.

Ақ тұйғын- сұңқар, лашын

Арғымақ- жүйрік ат

Наркескен-ақ семсер, өткір қылыш

Ү Бекіту Венн диаграмасы (5 мин)

Бұрынғы айтыс Ортақ айтыс Осы күнгі айтыс

1.Ру атынан шыққан 1. Аудан, облыс атынан

2.Іздеп барып айтысады Өнер тыңдаушы халық . шыққан

3.Кез келген жерде өткен 2.Күні белгіленеді

4.Басып тастау 3.Жеребе тастау арқылы

5.Тосын тақырып 4.Сахнада өтеді

6.Төреші-қауым 5.Демеушісі болады

6.Тақырыбы болады.

7. Төреші-қазыларболады.

Әр стикерге бүгінгі сабақта қандай әсер алғандарын қысқаша жазып, тақтаға іледі. (2 мин)



Сабақты қорытындылай келе: (2 мин)

  1. Айтысқа ерекше елдің көзқарасы,

қазақтың сыйып жатқан боз даласы.

Бүгінгі сабаққа біз атсалыстық,

айтыс бұл екі ақынның сөз додасы.


  1. Өнердің үлгісі бұл дара лайым,

Белсенді оқушыны бағалайын.

Сабақты жыр жолымен асқақтатып, Қош десіп, осымен доғарайын.



Кейінгі тапсырма

Ой толғау жазу

«Біржан» тобы – Біржан азамат ақын.



«Сара» тобы – Сара үздік өнер иесі. ( 2 мин)



Каталог: uploads -> doc -> 1009
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1009 -> Маңғыстау аудандық тамыз маслихаты Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет