Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы : Гимнастикалық бөренеде орындалатын жаттығулар



Дата04.07.2018
өлшемі221 Kb.
түріСабақ


Қызылорда қаласы

12 І. Қабылов атындағы



орта мектебінің

дене шынықтыру пән мұғалімі

Көздібаева Шолпан
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: _ Гимнастикалық бөренеде орындалатын жаттығулар

Сабақтың мақсаты:1. Саптағы гимнастикалық жаттығуларды үйрету,
алға, артқа домалауды жетілдіру.
2. Денсаулық сақтау: Шапшандық, икемділік және күш сапаларын дамыту.
3. Тәрбиелеу: Сабақтағы жүктемесін дұрыс орындау, тәртіпке тарту.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Cабақ өтілетін жер: Спорт зал

Сабақ өтілетін сыныбы: 8 сынып

Керекті құрал-жабдықтар: ысқырғыш, гиманстикалық маттар, секіртпе

Пән мұғалімі: Көздібаева Шолпан

Сабақ барысы

Сабақ бөлімі

Сабақ мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

1

2

3

4


Кіріспе бөлім

15 минут




1.Оқушыларды қатарға тұрғызу, сәлемдесу,

түгелдеу,спортық киімін тексеру.

Сабақтың тақырыбын қысқаша түсіндіріп өту.


2.Орнында тұрып орындалатын сап жаттығулар:

Оңға!Солға!Оңға! Оң иық алға адымда!


3.Жүру барысында орындалатын жаттығулар: Аяқ ұшымен жүру

Өкшемен жүру

Жартылай отырып жүру

Толық отырып жүру

Отырып секіру

Жеңіл жүгіріс


4.Жүгіру барысында орындалатын жаттығулар:

Тізені көтеріп жүгіру

Өкшені артқа лақтырып жүгіру

Аяқты алға сермей,жүгіру

Оң жақ иықпен

Сол жақ иықпен

Оң аяқпен секіру

Сол аяқпен секіру

Артқа жүгіру

Жылдамдыққа жүгіру


5.Жалпы денені жетілдіру жаттығулары:

Б.қ Басты айналдыру.

Санақ 1-2 басты оңға айналдыру

Санақ 3-4 басты солға айналдыру

Б.қ Оң қол жоғарыда,қолды жазып керу.

Санақ 1-2 оң қолды жазып керу

Санақ 3-4 сол қолды жазып керу

Б.қ Қол кеуде алдында

Санақ 1-2 қолды бүгіп керу

Санақ 3-4 қолды оң жаққа жазып керу

Санақ 5-6 қолды бүгіп керу

Санақ 7-8 қолды солға жазып керу


Б.қ Оң қол жоғарыда,сол қол белде

Санақ 1-2 солға бүгілу

Санақ 3-4 оңға бүгілу

Б.қ Қол белде

Санақ 1-2 белді оңға айналдыру

Санақ 3-4 белді солға айналдыру

Б.қ Қол тізеде

Санақ 1-2 тізені ішке айналдыру

Санақ 3-4 тізені сыртқа айналдыру

Б.қ Қол белде аяқ иық көлемінен алшақ

Санақ 1сол аяққа еңкею

Санақ 2 б.қ

Санақ 3 оң аяққа еікею

Санақ 4 б.қ

Б.қ Негізгі тұрыс

Санақ 1 секіре аяқты ашу,қол жоғарыда

Санақ 2 секіру аяқты қосу,қол артта

Санақ 3-4 қайталау





3 минут


15метр

15метр


15метр

15метр


15 метр

20метр


20метр

20метр


20метр

20метр


20метр

20метр


20метр

20 метр

3-4 рет

3-4 рет



2-3 рет

3-4 рет


3-4 рет

3-4 рет

2-3 рет

2-3 рет


Саламатсыздарма!

Жаттығуды санақпен орындау

Қол жоғарыда.

Қол белде, кеуде тік

Қол желкеде

Қол тізеде

Ара қашықтық сақтау


Қолды тізеге тигізу

Қол артта

Қол белде

Қолды алға айналдыру

Қолды артқа айналдыру

Сол аяқты қолмен ұстау

Оң аяқты қолмен ұстау

Сол иықпен қарау

Залды қиғаштай жүгіру


Басты толық айналдыру

Қолды түзу ұстап,шынтақты бүкпеу

Қолды толық жазып керу


Қолды жанға толық созу

Белді толық айналдыру

Тізені толық айналдыру

Тізені бүкпеу


Санақпен бірдей орындау





Негізгі бөлім 25 минт


Оқушыларды 1 сапқа тұрғызу.
1. Гимнастикалық скамейкадан секіру;
2. Гимнастикалық төсеніште алға домалау.
3. Ағаш аттан аттау
4. Гимнастикалық төсеніште артқа домалау.
5. Тепе - теңдік сақтап жүру.
6. Гимнастикалық қабырғада мініп - түсу. Жаттығуларын жасату.
7. Демді қалыпқа келтіру жаттығуларын жасатып 2 топқа бөлу.
7 мин
Оқушылардың тұрып қалмай, дұрыс жасауын қадағалау
Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, сыныптасының, мұғалімнің көмегімен жасауын қадағалау.
І топ
Акробатикалық жаттығулар
1. Алға домалау
2. Көпір жасау.
3. Артқа домалау
4. Жауырынға тұру.
5. Аяқты басынан асыра жерге тигізіп, алақанын жерге қою.
6. Жарты шпагатқа келіп отыру жаттығуларын жетілдіру. Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сыныптасының көмегімен жасау.
ІІ топ
Тепе - теңдік жаттығуларын
1. Қарлығаш жасау.
2. Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүру.
3. Жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылу.
4. Тізені жоғары көтере жүру, жаттығуларын дамыта үйрету. Топтарды жаттығуларын бірнеше рет жасағаннан кейін орындарын алмастыру. Сыныптасының көмегімен жасау.

25 минут

Екі қол екі жанға созып,кеудені тік ұстау

Қателік жіберген оқушыларға ескертіп түзету



Қорытынды

бөлім

5 минут

1.Оқушыларды жалпы қатарға тұрғызу.

2.Оқушыларды бағалау.Мадақтау.

3.Жекелей бағалау, топпен бағалау.

4. Үйге тапсырма беру.



5 минут

Оқушылардың кемшіліктерін жекелей

атап өту.Үйге тапсырма беру.





8 наурыз мерекесіне арналған" Адамзаттың асылы-Ана деген

құдірет "атты сценариді назарларыңызға ұсынамыз

 1-жүргізуші: Қайырлы күн! аса қадірменді арулар! Ардақты аналар!гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,

Сенсіз басып жүре аламба жер бетін?

Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті

Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің



Ана – бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың қадірі сонда, ол мейіріміне ақы сұрамайтын жалғыз жан, әрдайым бала дегенде елжіреп, соның ғана тілеуін күні-түні тілеп отыратын асыл адам.

2-Жүргізуші:Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

1-жүргізуші:  Дүниедегі ең жауһар қазыналар да, асып-тасыған байлық та ананың ақ жүрегіне жетпейді. Тоғыз ай толғатып, өмір бойы баласына махаббатын төгіп өтетін анадан асқан жан бар ма? Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер. Олай болса, осы әлемдегі ең аяулы жандарға арналған « Адамзаттың асылы-Ана деген құдірет " атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер

2-жүрг. Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Жанат Убайдуллақызына және мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Сауле Қалжанқызына береміз.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе - 9 Ә сынып оқушысы әсем әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады. Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Нью-Йорктың жан-жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір толқын іспетті жан-жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.  

2-жүргізуші: 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.

1-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,


Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне _9 "Ә" сынып оқушысы Динараны

" " әнімен сахна төріне шақырамыз.



2-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
1-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
2-жүргізуші: Хадис: Мұхаммед айтқан:
«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. Жас ұландар ортаға шығады.



1-Жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз.


2- Жүргізуші:

Ана деген – бастауы ұлылықтың.


Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

Олай болса _______________ мен ________________қарсы алайық.


Дауысына сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұл мен қыздың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!

Рахмет

1-жүргізуші: Келесі кезекте мектебіміздің ер мұғалімдерің өздеріңізге арнаған мерекелік құттықтауын қабыл алыңыздар.

Назеркенін орындауында бір ән бар

2-Жүргізуші:

 Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып- дей келе сахнаға бир топ биші қыздарды шақырамыз қарсы алыңыздар

1-жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
2-жүргізуші:

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.


Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

2-жүргізуші

Ару - Ана өмірдің асылдары,


Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары--деп кезекті байсалды да байыпты

Рахмет жігіттер.

3-жүргізуші:,

Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,

Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.

Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,

Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.

- деп абзал аналарымыздың құрметіне

9 "Ә"сынып оқушысыАрайлымның орындауында «                   » атты әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.



1-жүргізуші: Дүйім дүниенің, жалпақ жалғанның бар асылын, бар ғаламатын сыйласақ та, ана алдындағы қарызымыз өтелмес. Ана – жанымыздың бір бөлшегі іспетті. Қиналғанда, қуанғанда есімізге ең алдымен абзал ана түседі. Анадан туған ақындар ең асыл сөздерді анаға арнаған! "Ақынның сөзі – халықтың сөзі". 8 наурыз мерекесінде ғазиз анаға арналған өлең шумақтарын оқи отырайық. 

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді Қадыр Мырза Әли



Ән

2-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

1-жүргізуші:Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын! бүгінгі" Адамзаттың асылы-Ана деген " атты шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше! Сау болыңыздар! хормен айтылады. Салют атылады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет