Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары»



бет1/6
Дата25.12.2016
өлшемі1,36 Mb.
#4411
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
«Қосалқы мектеп-интернат»КММ


Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары».

Қазақ тілі пәні 5 «б» сынып.



Пән мұғалімі: Бекбосынова Балжан

Мухаметкалиевна.


Семей қаласы-2015ж

 Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары 
Сабақтың мақсаты: үй жануарлары туралы түсінік беру, төлдерін атай білуге үйрету.

Міндеттері:


Білімділік: олардың пайдасы туралы білімдерін бекіту, көптік жалғауын қолдана білуге үйрету. 
Түзету-дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, төрт түлікке деген сүйіспеншілігін арттыру, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, іздену, ойлау, жеке жұмыс. 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер,слайдтар,үй жануарлары бейнеленген карточкалар. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру. 
1. - Сәлеметсіңдер ме, балалар? 
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі? 
- Қыс айларын кім айтады? 
- Қазір қай ай? 
- Бүгін ақпанның нешесі? 
- Аптаның қай күні? 
- Сыныпта кім кезекші? 
- Сыныпта кім жоқ? 

ІІ. Фонетикалық жаттығу. Кезекші дыбыс «Қ»

М: Тура және кері буындарды жеклей және хормен оқыту. «Қ» дауыссыз, қатаң дыбыс сөз басында, соңында ортасында келе береді.



А О

И Қ У

Е

Қалам-ручка

Қуыршақ-кукла

Тақта-доска



ІІІ Үй тапсырмасын тексеру. 
Сөздерге көптік жалғауын жалғау керек. 
Тауыктар, балапандар, әтештер,қаздар, үйректер. 

ІҮ. Жаңа тақырыпты өту. 
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- үй жануарлары. Үй жануарларының аттарын, олардың төлдерін, бізге берер пайдасымен танысамыз. 
1. Сөздікпен жұмыс.  ( Суреттерімен көрсете отырып түсіндіремін) слайд
Жылқы – лошадь  Құлын – жеребенок 

Түйе – верблюд  Бота – верблюжонок 
Сиыр – корова  Бұзау – теленок 
Қой – овца  Қозы – ягненок 
Ешкі – коза  Лақ - козленок 
Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша) 
М: ақ ешкі, қара сиыр, үлкен түйе  ала бұзау, сүйкімді лақ, қоңыр қозы,
Сергіту сәті.

Қане балалар, тұрамыз,


Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз

2.   «Төлін тап» ойыны. Тақтаға жануарлардың суреттер аралас ілінеді. Әр жануардың өз төлдерін сәйкестендіріп қояды. (Оқушы сұраққа толық жауап беруді қадағалау)



Жылқының төлі – құлын. 

Сиырдың төлі – бұзау. 
Түйенің төлі – бота. 
Қойдың төлі – қозы. 
Ешкінің төлі – лақ. 
3. Көп нүктенің орнына көптік жалғауын жалға. 
Құлын ... (дар )
Ешкі ... (лер) 
Лақ ... (тар) 
Қой ... (лар)

4. Фонетикалық жаттау: құлын

Ү. Ойын ойнау. «Бұл қай жануар?»

Бір оқушы қорапқа салынған ойыншық жануарды сипаттап айтады. Қалған оқушылар оны табады. Менің жануарым үй күзетеді, сүйекті жақсы көреді. Ол не? Ол-ит. Ал, менің жануарым жұмсақ, ұйықтағанды, сүтті жақсы көреді. Ол не? Ол-мысық. Ал, менің жануарымның мүйізі ұзын, сүт береді, шөпті жақсы көреді. Ол-сиыр. Менің жануарымның сүті өте пайдалы, көлік бола біледі, өте сұлу. Ол не? Ол- жылқы, ат.
ҮІ. Қорытындылау.  Тест тапсырмаларын орындату.


- Не туралы өттік?

- Не білдік?

Үйге тапсырма беру. 
Кестені толтыру.

Үй жануарының атауы

Үй жануарының төлі

Үй жануарлардың несін пайдаланамыз?

Сиыр







Қой








Жаңа сөздерді жаттау:

Түйе – верблюд  Бота – верблюжонок 
Жылқы – лошадь   Құлын – жеребенок 
Сиыр – корова  Бұзау – теленок 
Қой – овца  Қозы – ягненок 
Ешкі – коза   Лақ - козленок 

Каталог: uploads -> doc -> 0a63
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a63 -> Сабақ №: 16 Сабақтың тақырыбы : «Мұз айдынында» Сабақтың мақсаты
0a63 -> Анатілі. 1 сынып С/тақырыбы: Ғарышқаұшу. 158 159 жаттығу
0a63 -> Сабақтың тақырыбы: Абай салған сырлы әндер Сабақтын мақсаты: а
0a63 -> Астана қаласы Білім басқармасы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет