Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Құжаттау бухгалтерлік есептің әдісі



Дата05.06.2017
өлшемі53,32 Kb.
түріСабақ
Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжі

Пәні: «Бухгалтерлік есеп негіздері»

Молдашева М.А.-арнайы пән оқытушысы
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Құжаттау – бухгалтерлік есептің әдісі.

Білімділік мақсаты: Оқушыларға құжаттаудың мәнін, маңызын

түсіндіру, жасалу тәртібін үйрету.



Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың кәсіби дадыларын

қалыптастыру, компьютерде құжаттар жасауға

үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Алған білімдерін тәжірибеде қолдануда

жауапкершіліктерін арттырып, үнемділікке,

тазалыққа, қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарауға

тәрбиелеу



Сабақтың түрі: Бинарлық сабақ.

Сабақтың әдісі: Дәріс беру, компьютерде жұмыс істеу.

Пәнаралық байланыс: Бухгалтерлік есеп, Іс жүргізу, Информатика.

Көрнекті құралдар: Тапсырмалар жазылған үлестірме кестелер,

компьютер, карточкалар, тестер, құжаттардың үлгісі,

мультимедиялық тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа

дайындықтарын тексеру


Үй тапсырмасын тексеру ( фронтальді және тестер арқылы):

  1. Қаржы айналымының поцестері.

  2. Дайындау процесінің негізгі міндеттері.

  3. Тасу дайындау шығыны деген не?

  4. Өзіндік құн деген не?

  5. Сату процесі дегеніміз не?

  6. Өндірістен тыс шығындар.

  7. Айналым салығы.

  8. Кәсіпорынның жылдық қортындысы.

  9. Бағалау дегеніміз не?

10)Бағалау принциптері

11)Калькуяция дегеніміз не?


5 оқушы компьютерде шоттар жоспары бойынша тестіге жауап береді:

НҰСҚА 1


  1. Қосалқы бөлшектер сатып алынды:

Дт 1315 Кт 3310

Дт 1310 Кт 3310

Дт 3310 Кт 1315

Дт 1320 Кт 3310



  1. Есеп айырысу шотынан жабдықтаушыларға ақша аударылды:

Дт 1030 Кт 3110

Дт 3510 Кт 1010

Дт 3310 Кт 1030

Дт 3110 Кт 1030



  1. Дайын өнімдер сатылды:

Дт 1210 Кт 1320

Дт 8110 Кт 1320

Дт 1320 Кт 8110

Дт 1210 Кт 1310



  1. Есеп беретін адамдарға кассадан ақша берілді:

Дт 1030 Кт 3310

Дт 1250 Кт 1010

Дт 1210 Кт 1010

Дт 1010 Кт 1250



  1. Кассадан еңбек ақы берілді:

Дт 8112 Кт 3350

Дт 3350 Кт 1010

Дт 1010 Кт 3350

Дт 3350 Кт 1030

НҰСҚА 2


  1. Көмекші өндіріске құрлыс материалдары жұмсалады:

Дт 8311 Кт 1317

Дт 8111 Кт 1317

Дт 8112 Кт 1305

Дт 1317 Кт 8311



  1. Есеп айырысу шотынан кассаға еңбек ақы беру үшін ақша түсті:

Дт 3350 Кт 1030

Дт 1010 Кт 1030

Дт 3350 Кт 1010

Дт 1030 Кт 1010



  1. Патенттерді сатудан шығындар есептелді:

Дт 8110 Кт 2730

Дт 8410 Кт 2710

Дт 2730 Кт 7110

Дт 2730 Кт 8110

Дт7110 Кт 2730


  1. Менеджерге еңбек ақы есептелді:

Дт 8112 Кт 3350

Дт 7210 Кт 3350

Дт 8211 Кт 3350

Дт 3350 Кт 7210



  1. Еншілес ұйымдардан кассаға ақша түсті:

Дт 1010 Кт 1220

Дт 1030 Кт 1210

Дт 1220 Кт 1010

Дт 1010 Кт 1250

Дт 1010 Кт 3110
Жаңа сабақты түсіндіру:


  1. Құжат жөнінде жалпы ұғым және бухгалтерлік құжаттардың маңызы.

Құжат (латын сөзі) – куәландыру, айғақ немесе дәлел деген ұғым білдіреді.

Бухгалтерлік құжат – кәсіпорында болған барлық өзгерістерді

( операцияларды) немесе оқиғаларды куәландыратын (дәлелдейтін) қағаз.

Әртүрлі құжаттардың жиынтығы – бухгалтерлік құжаттау деп аталады.

Құжаттау кәсіпорында болған өзгерістерді жан-жақты және үздіксізқұжат арқылы қамтып, бухгалтерлік есепті және бақылауды жүргізуге арналған әдіс.

Бухгалтерлік құжаттардың эканомикалық және құқықтық мазмұны бар.

Бухгалтерлік құжаттар арнайы есеп бланкілерінде жүреді.


  1. Бухгалтерлік құжаттардың реквизиттері мен оның дайындау реті.

Әр құжат белгілі бір ағұлматтардан тұрады, оны құжаттардың реквизиті

(деректеме) деп атайды.

Реквизит (латын сөзі) – керекті, қажетті деген ұғымды білдіреді.

Реквизиттің 2 түрі болады: міндетті және қосымша.

Құжаттағы мәліметтердғ түзетуге, кетіруге болмайды. Егер қате кеткен жағдай болса, белгіленген ереже бойынша түзету керек.
Берілген суреттер бойынша шоттар жоспарын еске түсіру
Компьютерде құжаттар дайындауға тапсырма:


  1. Кіріс кассалық ордерін толтыруға берілгендер:

25 қаңтар 2010 ж. “АЛҒА” АҚ кассасына № 017136 чек бойынша енбек

ақы төлеу үшін 1345000 тенге түсті. Кассалық ордерге бас бухгалтер

Мажитов А. К. Және кассир Амирова М. О. қол қойды.


  1. Шығыс кассалық ордерін толтыру:

2010 ж. 10 шілде күні «Алға» АҚ кассасынан №156 шығыс кассалық ордерімен А.Хайровке Ақтөбе қаласына іссапарға шығуына байланысты 35 000 теңге берілді. Қаржы №004124944 куәлігі арқылы алынды (куәлік ҚР Ішкі Істер Министрлігімен 25 мамыр 1998 ж. берілген)

Кассалық ордерге АҚ басшысы А.Р.Камиев және кассир К.С.Амирова қол қойды



Тақырып бойынша іскерлік ойын өткізу

Сабақты бекіту және бақылау

  1. Құжат дегеніміз не?

  2. Бухгалтерлік құжаттау.

  3. Егер болған операцияға құжат толтырылмаса, оның есепке әсері қандай?

  4. Құжаттың реквизиті деген не?

  5. Реквизиттің түрлері.

  6. Сендер толтыған құжаттардың қандай реквизиттері болады?

  7. Құжаттар қай уақытта жасалады.

  8. Кеткен қатені қалай түзекен дұрыыс?

Үйге тапсырма: Конспектілерін оқып келу.

Қабылова . Бухгалтерлік есеп негізі. беті 70-80.



МолдашеваМ.А. Бухесептен практикум
Каталог: uploads -> doc -> 0fda
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fda -> Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру
0fda -> Сабақ 7-сынып «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі Сабақ тақырыбы: Сабақ мақсаты: Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары
0fda -> Сабақ тақырыбы: Мен не үйрендім? Мектеп: «Зырян қаласы №2 бастауыш мектебі» кмм күні


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу