Сабақ жоспары Сбақтың тақырыбы



Дата10.06.2017
өлшемі108,32 Kb.
#18687
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сбақтың тақырыбы: Вирусқа қарсы программалар. Ақпаратты қорғау.

Сабақтың мақсаты:

А) Оқушылаоды компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру. Аса белгілі вирусқа қарсы программаларды қарастыру

Ә) Оқушының ой өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру

Б) Информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру
Сабақ көрнекілігі: призентация.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру

ІҮ.Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру.

Ү.Үйге тапсырма

ҮІ.Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар мА



Біз өткен сабақта ақпаратты кодтау және ASCII кодымен таныстық. Үй тапсырмасы бойынша мынадай сұрақтарға кім жауап береді?

  1. Бит, байт деген не?

  2. 8 0 мен 1-лердің көмегімен неше символы кодтауға болады?

  3. Кодтау мен кері кодтау деген не?

  4. Сигнал дегеніміз не?

  5. Аналогтық сиганлдарға мысал келтір.

  6. Цифрлық техника дегеніміз не?

  7. Енді ASCII кодымен мәтінді кодтау тәсілі қандай?

  8. Ток сөзін кім кодтап береді?

Енді партада отырған көршілер бір-біріңе бір сөзден тұратын мәтін беріңдер де, соны кодтаңдар. Жауаптарыңды бір-біріңдікін тексересіңдер.
Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға жұғуға қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады. «Зақымдалған» программа жұмысын бастағанда, алдымен басқаруға вирус алады. Вирус басқа программаларды тауып, оларды зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды әрекет жасайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлды бұзады, компьютерде сақталған ақпаратты бүлдіреді, жедел жадты «ластайды» және т.с.с вирустың бір компьютерден басқа компьютерлерге тарайтын қабілеті бар.

Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандардан басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқорлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады. Компьютерлік вирустармен күресу үшн, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б. Жаңа вирустық программалардың саны үнемі көбейіп және түрлері өзгеріп отырады, сондықтан компьютер пайдаланушы вирустар табиғатын, вирустардың жұғу әдісін және олардан қорғануды білуі керек. Компьютерге вирус, негізінен дискеттер мен лазерлік диск, сондай-ақ компьютерлік желі арқылы кіріп, қатқыл дискіні зақымдайды. Дискетті зақымдау тіптен оңай. Егер зақымдалған компьютердің дискіжетегіне дискетті тіпті жай ғана салып және оның мазмұнын оқыса да оған вирус жұғуы мүмкін.

Вирус көбіне дискінің жүктейтін секторына және EXE, COM, SYS немесе BAT кеңейтілулері бар атқарылатын файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік немесе графикалық файлдарға сирегірек жұғады. Қазіргі кезде 50 мыңнан астам вирус белгілі. Олар шартты түрде келесі белгілеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді (сурет 1):    


  СУРЕТ 1  Вирустардың жіктелуі   Бұл жіктеу, әрине барлық мүмкін вирустарды қамтымайды; әрбір категорияда олардың оғаштығына байланысты аталмаған нұсқалар кездеседі, мысалы, SMOS – вирустар немесе Microsoft Word ортасында мекендейтін вирусқа ұқсас құрылымдар. Бұдан басқа вирустардың барлық қасиеттеріне ие болмаса, айтарлықтай қауіпті («троян аттары») бірқатар программалар кездеседі. Компьютердің вируспен зақымдалғанын дер кезінде анықтау үшін вирустардың пайда болуының келесі негізгі белгілерін білу қажет:

1. Ойдағыдай жұмыс істеп тұрған программалардың жұмысын тоқтатуы немесе жұмыс істемеуі; 2. компьютердің баяу жұмыс істеуі;

3. файлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың құрамының бұрмалануы;

4. файлдар өлшемдерінің өзгеруі;

5. дискідегі файлдар санының кенеттен көбеюі;

6. бос жедел жад өлшемінің кішіреюі;

7. компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар мен жаңылысулар.

Компьютер вируспен зақымдалғанда келесі операцияларды орындау керек. -  Вирус өзінің бүлдіретін функцияларын орындауын жалғастырмауы үшін компьютерді өшіру керек. -  Компьютерді жүйелік дискеттен жүктеп, вирустарды тауып, оларды жою үшін антивирустық прогрммаларды іске қосу керек. Операциялық жүйені қатқыл дискіден жүктегенде кейбір вирустар жедел жадқа жүктейтін модульден ауысуы мүмкін, сондықтан «жүйелік дискті» пайдалану қажет. -  Содан кейін винчестердің барлық логикалық дискілерін ретпен зиянсыздандыру керек. Егер логикалық дискідегі кейбір файлдарды қалпына келтіру мүмкін болмаса және олар жоюға келмесе, онда зақымдалған, онда зақымдалған файлдарды басқадай логикалық көшіріп, бұл дискіні қайтадан пішімдеу керек. Содан кейін бұл логикалық дискідегі барлық файлдарды кері көшіру және архивтік көшірмелерді пайдалану арқылы қалпына келтіру керек. Компьютерлік вирустардың негізгі ерекшеліктерін, антивирустық программалардың сипаттамаларын және программалар мен деректерді компьютерлік виурстардан сақтау шараларын қарастырайық. Вирустарды барлық алуан топтарынан негізгі топтарын бөліп атайық. 1.  Жүктейтін вирустар – дискеттің немесе винчестердің жүктеу секторында сақталатын компьютердің бастапқы жүктеу программаларын зақымдайды және компьютерді жүктегенде іске қосылады.

2. Файлдық вирустар көбінесе COM, EXE кеңейтілулері бар файлдарға кіріп алады. Файлдық вирустар файлдардың басқа типтеріне кіре алады, бірақ олар онда басқару ала алмайды, сондықтан көбею қабілетінен айрылады.

3. Жүктейтін – файлдық вирустар файлдарды да, дискілердің жүктейтін секторларын да зақымдайды. 4. Драйверлік вирустар компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немес өзін файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу арқылы ендіреді. 5. Желілік вирустар ондаған және жүздеген мың компьютерді біріктіретін желілерде тарайды. Соңғы кезде компьютерлік вирустармен күресуде үлкен тәжірибе жинақталды, антивирустық программалар жасалды, программалар мен деректерді қорғау шаралары айқындалды. Вирус табылған кезеңнен бастап қысқа уақыт ішінде қайта пайда болатын вирустарды жеңетін антивирустық құралдар үнемі жетілдіріліп және дамытылып отырады. Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады.

Фагтар немесе доктор-программалар, сондай-ақ вакцина-программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді» де, программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирус программасының тәнін жояды. Фагтар өз жұмысының басында вирустарды жедел жадтан іздейді, оларды жояды, тек содан кейін ғана файлдарды «емдеуге» кіріседі.

Фильтр-программалар вирусты көбеймей тұрып, оның өмірінің ең алғашқы сатысында табуға мүмкіндік береді, бірақ олар файлдар мен дискілерді «емдемейді», сондықтан вирустарды жою үшін фагтарды қолдану қажет болады.
Тақырыпты бекітуге сұрақтар:

1 тапсырма ( бос орынды толықтыр)

Фагтар өз жұмысының басында вирустарды жедел жадтан .............., оларды .........., тек содан кейін ғана файлдарды «............» кіріседі.
2 тасырма

Қандай вирус түрлерін білесіндер?



Вирус болмау үшін не істеу қажет?

Үйге тапсырма: ......бет оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.
Каталог: files -> content
content -> «Үздік шаңғышы» «Жаңа жылдық шаңғыға»
content -> Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы реформа Сабақтың мақсаты
content -> Оқу-тәрбие жұмысының жоспары 2016-2017оқу жылы
content -> Пәні: Қазақ әдебиеті. 8 «Қ» Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
content -> Анализ работы средней общеобразовательной школы №14 г. Павлодара за 2015 2016 учебный год
content -> Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Алты топқа бөлініп отыру. Психологиялық дайындық. 1минут
content -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз мектебі туралы білімдерін тереңдету
content -> Оқу жылына «№21 жалпы орта білім беру мектебі»
content -> Сабақтың мақсаты: а дк-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен танысу
content -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет