Сабақ жоспары Сыныбы 10-сынып



Дата06.07.2018
өлшемі22,02 Kb.
#47795
Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сыныбы

10-сынып

Пән аты

Қазақ әдебиеті

Өтілу мерзімі




Тақырыбы

Сүйінбай - айтыс шебері

Мақсаты

Білімділік: Сүйінбайдың өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін дамыту, айтыскерлігі жөнінде мағлұмат беру.

Дамытушылық: Сүйінбай дүниетанымы арқылы азаматтық келбет пен өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Елін сүюге, батылдыққа, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Жеке, жұптық, сыныптық жұмыс, «Оңай және қиын сұрақтар» кестесі,

диалог әдісі, деңгейлеп оқыту. Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою.

7 модульдің қолданылуы

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”,“Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, АКТ, «Талантты және дарынды балаларды оқыту», “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”.

Негізгі дереккөздер, ресурстар, жұмыс құралдары

«Бала Жамбыл» фильмінен үзінді, кесте. Интербелсенді тақта.

Оқу нәтижелері

Сүйінбайдың айтыскерлігі, ақындығы, қайраткерлігі жөнінде терең мағлұмат алады. Сүйінбай дүниетанымы арқылы азаматтық келбет пен өзіндік ой-пікірін қалыптасады.

Ұйымдастыру кезеңі

Жағымды ахуал қалыптастыру. «Сыйлық тапсыру» ойсергек

Топқа бөлу: Қағаз қиындылары арқылы 3 топқа бөлу

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Білім


«Оңай және қиын сұрақтар» кестесімен жұмыс.

  1. Сүйінбай бойындағы азаматтық асыл қасиеттер неден көрінеді? Өлеңдерінен мысал келтіре отырып дәлелде.

  2. Ақынның қандай азаматтық асыл қасиеттерін бойыңа сіңірер едің?

Өлең үзінділері

Көтерген мәселесі

Өлең арқылы танылған ақын бойындағы қасиет

Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен.
Бөрілі найза ұстаса,
Түйремей кеткен жан емен,
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен.


Ел тарихын дәріптеу

Ерлік рухын көтеру.

Азаматтық қасиетті марапаттау.

  1. Ұлтжандылық

  2. Шешендік

  3. Жігер, өрлік

  4. Білімділік

  5. Қайсарлық































Түсіну





Сүйінбай айтыстары туралы мұғалім түсіндірмесі (слайд).

  1. Тезек төремен айтысы.

  2. «Қатаған сөзден жаңылды» Қатағанмен айтысы.

Қолдану

«Бала Жамбыл» фильмінен үзінді көрсету.

Диалог әдісі. Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою.

  1. Жамбылға Сүйінбай қалай әсер еткен?

  2. Сүйінбайға Жамбыл қандай қасиеттері үшін тәнті болған?

  3. Сүйінбай мен Жамбыл ақынды жақындастырған, байланыстырған қандай күш деп ойлайсыңдар?

  4. Жамбыл не себепті: «Менің пірім – Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай» - деп сөз бастайды?


Талдау


Деңгейлік тапсырмалар:

1-деңгей. Сүйінбайдың шешендік қолданыстарын мәтінге сүйене отырып талдау.

Айшықты қолданыстар

Мәтіннен мысал келтіру

Эпитет




Антитеза




Метафора




Теңеу




2-деңгей. Сүйінбай ақынның айтыс өлеңдерінің Шортанбай айтысынан өзгешелігі бар ма? (Венн диаграммасы салыстыру)

3-деңгей.Азаматтық замандасы қандай екен?

Замандасы

Өзіне тән қасиеті, ерекшелігі

Сүйінбайға әсері

Қазіргі кезеңге орай өз пікірім

Тезек Төре










Қашаған










Майлықожа













Жинақтау

«Менің пірім – Сүйінбай» атты жылдамдық пен тапқырлықты қажет ететін танымдық ойын.

  1. Ақын жолы оңай ма? Шарты: оқушы Сүйінбай өмірі деректерін өз пікірімен қабыстыра айтуы керек.

  2. «Сүйінбай менің де пірім деп айта аласың ба? Неге?

  3. Тест сұрақтары

Бағалау

Өзін-өзі бағалау. Басбармақ.


Рефлексия

«Сабақтағы қиындықтар» кестесі

Үйге тапсырма беру

Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы

Каталог: uploads -> doc -> 1226
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1226 -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Англия Мақсаты
1226 -> Сабақ информатика пәнінен 5 "А" сынып Пән мұғалімі
1226 -> Сабақтың тақырыбы: Аустралияның климаты, өзендері мен көлдері Сабақтың мақсаты
1226 -> «Шынықсаң шымыр боласың» Халықтық педагогика тәрбие құралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет