Сабақ жоспары Сынып: 7 «А» Пәні: Алгебра Күні: : 09. 01. 17ж Тақырып



Дата08.09.2017
өлшемі43,07 Kb.
#31713
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сынып: 7 «А» Пәні: Алгебра Күні: :09.01.17ж

Тақырып: Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы.

Негізгі идея: Бүтін өрнекті түрлендіруде екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы формулаларын қолдана білу, формуланың сөзбен жазылған ережесін жатқа айту

Оқу мақсаты: Бүтін өрнекті түрлендіру туралы білу.Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы формуласының мағынасын түсіну.Формуланы есеп шығаруда қолдану.


Табыс критерийі

Барлық оқушылар

Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы формуласын білетін болады.




Оқушылардың көпшілігі

Көпмүшелерге амалдар қолданғанда формуланы пайдалануды түсінетін болады.

Жекелеген

оқушылар


Қысқаша көбейту формулаларын есеп шығару барысында қолданады.

Сабақ кезеңдері



Мұғалім не істейді?


Оқушылар не істейді?


Ресурстар



Ұйымдастыру кезеңі

2 минут


Оқушылармен сәлемдесемін.

Оқушылардың алдына есептер және сұрақтар жазылған парақшалар тастаймын.



Мұғаліммен сәлемдеседі.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Өз ойларын ортаға сала отырып, назарларын сабаққа аударады


Таратпалар



Үй тапсырмасын тексеру

5 минут


6 есептен тұратын тест жұмысын аламын, өтілген тақырыптарды, формулаларды еске түсіруге

Тест жұмысын орындайды, кыскаша көбейту формулаларын еске түсіреді, жаттығады.

7-сынып алгебра оқулығы





Білімді, білуді, дағдыны тексеру

4 минут


Өтілген тақырыптар бойынша «Миға шабуыл» сұрақтарын қоямын, жекелеген оқушыларға.

Өткен материалдарды еске түсіреді. Бір-бірінен білім алуға

ынталанады. Бұрынғы базалық білімдерін көрсетеді. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.





Жаңа білімді игеру

15 минут




Топтық : Әр топқа әртүрлі тапсырма беремін:

1-топ. (а+в)³=а³+3а²в+3ав²+в³

2-топ. (5а+2в)³=

3-топ. (а-в)³=а³-3а²в+3ав²-в³

4-топ. (х-2у)³=


Өз беттерінше тақырыпты оқып шығады, топта талқылайды, ізденеді, ойланады, пікірлерін ортаға салып ақылдасады, формуланын шығу жолын түсіндіріп, мысалдар көрсетеді. .


7-сынып алгебра оқулығы




Түсінуін тексеру

6 минут


№197 есеп. Көпмүше түріне келтіріңдер.

1)(2+х)³=8+12х+6х²+х³

2)(5-в)³=125-75в+15в²-в³


Формуланы пайдаланып жақшаны ашып, көпмүше түріне келтіреді, формуланы есте сақтауға тырысады.

7-сынып алгебра оқулығы




Жаңа материалды бекіту

6 минут


Жеке жұмыс: Әр оқушы ауызша орындауға тапсырма беремін.

201есеп Көпмүшені екімүшенің кубы ретінде жазыңдар:

1)х³+3х²+3х+1=(х+1)³

2)8-12р+6р²-р³=(2-р)³

3)125+75а+15а²+а³=(5+а)³

4)у³-3у²+3у-1=(у-1)³


Әр қатардан бір оқушыдан шығып тапсырманы тез шапшаң орындайды, қалғандары қателерін дұрыстайды, тексереді.




7-сынып алгебра оқулығы

Үй тапсырмасын орындау жөнінде нұсқау

2 минут


Үйге №1200 есепті формуланы пайдаланып шығару керектігін түсіндіремін


Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады.Дәптерге орындалу әдістемесін жазып алады.Тапсырманың орындалу жолымен бөліседі




Қорытындысын шығару

5 минут




Оқушылардың ынта- ықыласын жекелеген оқушылардың талдауына бағалау жүргізеді.

Сабақ барысында орындаған жұмыстарын талдайды, өзін-өзі бағалайды





Тексерілді:____________________
Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар:


Не сәтті болды?





Не сәтсіз болды?




Нені жақсартуға болады?




Нені өзгертуге болады?




Пән мұғалімі: Г.Әлімханова
Каталог: uploads -> doc -> 0ed5
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ed5 -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар Сілтеме
0ed5 -> Сабақтың тақырыбы: Морфология. Зат есімнің түрленуі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет