Сабақ жоспары Тақырыбы: «Функцияның графигін қарапайым түрлендіру» 0111000 «Негізгі орта білім (информатика)»



бет2/5
Дата22.08.2017
өлшемі4,3 Mb.
#23909
түріСабақ
1   2   3   4   5



САБАҚ ЖОСПАРЫ Бекітілді:



Пән атауы:

Математика

Пән оқытушысы:

Сейдахметова Ш

Тобы:

И-И-15

Күні:

24,09,2015ж




Сабақтың тақырыбы:

Функция графиктерін қарапайым түрлендіру

Құзіреттілікті қалыптастырудағы сабақтың мақсат-міндеттері:

А) проблеманы шешу жолдары



Оқыту:

- функцияның графигін координаталар осі бойымен параллель көшіру, созу, сығуды (қысуды), аталған түрлендірулерді берілген функцияға қолдану машығын қалыптастыру;

- қарастырылатын есепке мақсат қою, оның орындалу шарттарын нақтылау, сызба жұмысын дұрыс жүргізу;

- есеп шығаруда кездесетін қателіктерді жою және тиімді жолдармен шығару жолдары;



Б) ақпараттық

- есептер шығару жолдарында қажетті ақпараттарды пайдалана білу;

- тақырыпқа байланысты материалдарды білім беру порталдарынан қарау;

- Ms Excel бағдарламасында диаграмма құру арқылы функцияның графигін салу


В) коммуникативтік

- есептерді шешу үшін әртүрлі ауызша және жазбаша жұмыстарын жүргізу

- коммуникативті мәселелердің шешу жолдарын табу;



- топтық тапсырмаларды бірлесіп, қауымдастықта шығара білуге үйрету, шығармашылық жұмыстар арқылы бір-бірімен пікір алмасу, тәжірибесімен бөлісу;

Сабақтың түрі:

Жаңа білім беру

Сабақ типі:

Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын технологиялар:

Проблемалық оқыту технологиясы: продуктивті және репродуктивті әдісі, компьютерлік оқыту технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясыныңэлементтері

Оқыту құралдары:

Тақта, бор, интерактивті тақта, тест тапсырмалары

Пәнаралық байланыс

Сызу, информатика

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбеков, М.И.Есенова, З.А.Жұмағұлова Алматы, 2010 (қоғ-гум.бағыт)

  2. А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбеков, М.И.Есенова, З.А.Жұмағұлова «Алгебра және анализ бастамалары» 10-сынып, Алматы, 2010 (жарат. бағыт)

  3. А.Н.Колмогоров «Алгебра және анализ бастамалары» 10-11 сынып, 2002ж



Сабақ барысы:

Оқытушы іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Күтілетін нәтижелер

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Ұйымдастыру жұмыстары

  • Сәлемдесіп, аудиторияның тазалығына назар аудару

  • Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу

  • Кезекшінің жұмысын тексеру

  • Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру

ә) Логикалық сұрақтар қою арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару:

(«Миға шабуыл» әдісі)

  • Тікбұрышты үшбұрышты сызғышты бір катеті арқылы айналдырғанда қандай геометриялық фигура пайда болады?

  • Сызғыштың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, оның неше бұрышы қалады? ( 5 бұрыш)

  • 8 күнтізбе 72 теңге тұрады. Осындай 12 күнтізбе неше теңге тұрады? (108 теңге)

  • Сыныпта 24 оқушы бар. Олардың 18-і қыздар. Қыздар барлық оқушылардың неше пайызын құрайды? 75 %

  • Қандай 3 санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең? (1,2,3)

  • Кітапқа 100 теңге және оның бағасының жартысын төлеген. Кітап қанша теңге тұрады? (200 теңге)

  • Қандай екі санның көбейтіндісі мен айырмасының нәтижесі өзара тең? (1; 1/2)

  • Қандай екі бүтін санның көбейтіндісі олардың қосындысынан кіші? (1*5=5<6=1+5)

  • 100 санын бес бірмен, бес үшпен және бес беспен қалай жазуға болады? ( 111-11, (33*3)+(3:3), (5*5*5)-(5*5))




  • Амандасу

  • оқу-құраларын дайындау

  • кезекшілік міндеттерін атқару;





- аудитория сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды,

- мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды

- оқушыларды тез шешім қабылдауға үйретеді және логикасын дамытады.



ІІ. Өткен тақырыпты қайталау


а) Үйге берілген есепті тексеру.

№ 10, 12 есептерді барлық оқушыдан тексеру, бағалау;



ә) Мағынаны ажырату кезеңі.

«Кім жылдам?» ойыны бойынша өткен материалдарды сұрап шығу:

  • Абсолют тұрақты шама дегеніміз ...

Кез келген жағдайда, тек қана бір сандық мәнді ғана қабылдайтын шаманы абсолют тұрақты шама деп атайды.

  • Параметр дегеніміз ...

Берілген жағдайларда ғана бір сандық мәнін сақтайтын тұрақты шаманы параметр деп атаймыз

  • Айнымалы шама дегеніміз ...

Әртүрлі сандық мәндер қабылдайтын шаманы айнымалы шама деп атайды.

  • Функция дегеніміз ...

Х жиынындағы х-тің әрбір мәніне У жиынның нақты у мәнін сәйкес қоятын ере немесе заңдылық функция деп аталады.

  • Функцияның анықталу облысы дегенміз және оны қалай белгілейді?

Функцияның белгілі бір қабылдайтын тәуелсіз айнымалының нақты мәндер жиынын функцияның анықталы облысы деп атайды және оны (D) деп белгілейді

  • Функцияның мәндер жиыны дегенміз және оны қалай белгілейді?

Анықталу облысынан алынған әрбір тәуелсіз айнымалыға сәйкес табылған функцияның мәндерін мәндер жиыны деп атап, оны (Е) деп белгілейді.

  • Функция сөзінің латын тілінен аударғандағы мағынасы қандай?

Функция сөзін (лат.function – «аяқтау, орындау») Г.В.Лейбниц берілген немесе басқа бір функцияны орындаушы шама мағынасында қолданды.

  • 1718 ж. Швейцар-қ матем-к И.Бернулли «функцияға» қандай анықтама берді?

1718 жылы швейцариялық математик И.Бернулли «функцияға» дәлірек анықтама берді: «Айнымалы шаманың функциясы деп осы айнымалы мен тұрақтыдан қандай да бір тәсілмен құралған шаманы айтады».

-үй тапсырмасының дұрыстығын дәптерден тексеру, қатесін анықтау, жөндеу; Интерактивті тақтадан берілетін сұрақтарға оқушылар кезекпен жауап береді.

өткен материалдар бойынша білімдері тексеріледі, оқушылар бағаланады. «кім жылдам?» ойыны арқылы қосымша сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Түсіндірмелі - иллюстративті әдіс бойынша «Функция графиктерін қарапайым түрлендіру» тақырыбына шолу жасау және мысалдар арқылы түсіндіру.

Негізгі мектептің математика курсында

- y=ax+b сызықтық функцияның графигі – түзу,

- y=ax2+bx+c квадраттық функцияның графигі – парабола,



- y=k/x кері тәуелділіктің графигі – гипербола екені көрсетіліп, фигураларды түрлендіру түрлері қарастырылды. Енді осылардың негізінде y=kf(ax+b)+d (мұндағы k, a,b, d – нөлден өзгеше сандар) функциясының графигін қарапайым түрлендірулер қолдану арқылы салу жолын қарастырайық.

облысында анықталған y=f(x) функциясының графигі қисық сызық болcын. Бұл графикке төмендегідей түрлендірулер қолдануға болады.

Каталог: uploads -> doc -> 12e6
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12e6 -> Сыныбы: 6 Пәні: қазақ тілі ІІ модуль
12e6 -> «Ана тілім – алтын діңгегім»
12e6 -> Мақсаттары: Оқушылардың дене бітімін шынықтырып, күшейту. Музыканы есту және баулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру. Өзін өзі ұстай білуге тәрбиелеу. Міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет