Сабақ жоспары Тақырыбы: «Халыкаралық маркетингтік коммуникациялары» Пәні: «Халықаралық маркетинг»



Дата01.04.2017
өлшемі198,36 Kb.
#13312
түріСабақ
Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі

Келісемін:

Бекітемін:

Колледж әдіскері Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

______Альмердинова Ұ.М. ______Рахымжан А.Б.

«22» қараша 2016жыл «22» қараша 2016жыл


Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: «Халыкаралық маркетингтік коммуникациялары»

Пәні: «Халықаралық маркетинг»

Мамандық: 1503000 «Маркетинг»

Оқу тобы: М-31

Оқытушы: Мұсаева Қайыркүл Мұсақызы


Қаралды:

«Экономикалық-техникалық және арнайы» пәндер

бірлестігінде, хаттама №__ «__» ____ 2016жыл

Бірлестік төрайымы: ______Абдраманова Ж.Ғ.

Қызылорда 2016жыл



Сабақ жоспары № 24
Мамандығы: 1503000 «Маркетинг»

Пән атауы : «Халықаралық маркетинг»

Оқу тобы: М-31

Өтетін уақыты: 23 қараша 2016жыл

Өтетін орын: № 11 дәрісхана

Сабақтың тақырыбы: «Халыкаралық маркетингтік коммуникациялары»

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Оқушыларды өмір сүру үшін ең қажетті тіршілік тірегі болатын негізгі ұғымдар туралы ой толғап, өзіндік пікірлерін тұжырымдадауға баулу, нормативтік құжаттармен жұмыс жасауға үйрету.

б)Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту. қосымша деректер арқылы білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру.Олардың білімін жетілдіру, ой –өрісін, қиялын дамыту.

в)Тәрбиелік: Білім алушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыру, жарнамалық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда сауатты маман тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру

Сабақтың типі: Білім мен білік дағдыларын қалыптастыру

Сабақта қолданылатын әдісі-тәсілдері: Ақпараттық, проблемалық., бинарлық, иллюстрациялық, сұрақ-жауап, баяндау, дискуссия, нұсқаушылық, жартылай ізденушілік, лекция, ойын, эврикалық, инсерт, онлайн әдістері т.б.

Пәнаралық байланыс: «Тауартану», «Маркетинг», «Саланы ұйымдастыру», «Жарнамалық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда», «Психология» т.б.

Сабақтың көрнекіліктері: Флипчарт, презентация, нормативтік құжаттар, слайдтар, тірек сызбалар, интерактивті тақта, компьютерлік техникалық құралдыр, мультимедия.

Күтілетін нәтеже: Білім алушылар халықаралық маркетинг коммуникациясын меңгеріп,әлемдік нарықтағы жарнама саясатының мәнін түсіне отырып, оны сауда орындарында қолдануды, нормативтік құжаттармен жұмыс жасауды үйретіп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ өткізу барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Білім алушылардың сабаққа қатысу мен дайындығын тексеру – 2-3мин



2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақтың тақырыбы: «Халыкаралық маркетингтік коммуникациялары»

Оқытушының түсіндірмесі бойынша қаралатын сұрақтар : - 45-50 мин

1.Әлемдік нарықтағы жарнама саясаты

2.Халықаралық коммуникация саясаты.



Лекция: 1.Әлемдік нарықтағы жарнама саясаты

Маркетингтіктегі коммуникация – тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі. Экономикалық әдебиеттерде маркетингтік коммуникация ұғымының “тауарды жылжыту” деген синонимі жиі кездеседі.

Маркетингтік коммуникацияның мынадай түрлері бар:

— жарнама;

өткізуді ынталандыру;

— жеке (дербес, персональные) сату;

— қоғаммен байланыс – паблик рилейшнз (PR);

— тікелей маркетинг.

Жарнама дегеніміз белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға жылжытуға бағытталған ақылы әрекеттер. "Жарнама" тілінен аударғанда "айқайлау" (reclamare) ұғымын сипаттайды Жарнама мақсаттары кәсіпорын қабылдаған жалпы маркетинг және коммуникациялық стратегияларына сәйкес анықталады. Ол мақсаттарды екі үлкен топқа белуге болады:

    1)  тауарды өткізу саласына байланысты  мақсаттар - сату көлемін молайтуға  және тұтынушылардың тауарды сатып алуын ынталандыруға арналады;

    2)  коммуникация саласына байланысты  мақсаттар - нақты идеяларды хабарлауға, кәсіпорынның бейнесін қалыптастыруға, тұтыну әдетін ыңғайлы өзгертуге бағытталады.

    Жарнама мақсаты негізінде жарнамалық жариялау шешімдерін қабылдау тәсілдері анықталады. Алдымен үсынатын тауардың ерекше қасиеттері талданып, соның ішіндегі тұтынушыларға аса маңыздыларының тізімі жасалады. Одан кейін жарнамалық жариялаудың қандай мақсатты аудиторияға арналуын нақты анықтау керек.

    Жарнамалық  жариялауды дайындаған кезде мына мәселелерді шешу қажет:

    1)  жарнамалық жариялаудың құрылымын;

    2)  жарнамалық жариялаудың түрін;

    3)  жарнамалық жариялаудың бет-бейнесін.



Жарнама түрлерінің негізгі белгілері

 Жарнама түрлерін айыру белгілері

  Жарнама түрлері

 Жарнаманы жеткізу әдіс-теріне қарай

 "Қатаң"  жарнама - қысқа мерзімді, агрессияшыл  жарнама "Жайлы" жарнама  - тауар айналасында қолайлы жағдай  құратын жарнама

 Мияткер түріне қарай

 Өндірушінің атынан жүргізілген жарнама көбінесе коммерциялық әрекетхе байланысты Жеке адамдар атынан жүргізілген жарнама көбінесе хабарландыру сипатын алады.

 Тұтынушыға әсер ету әдісіне қарай

 Оңтайлы жарнама   - әлуетті тұтынушының ақыл-ойына әсер ететін жарнама Эмоцисналды жарнама - тұтынушылардың сезіміне, эмоциясына ассоциация арқылы әсер ететін жарнама

 Мақсатты  аудиторияның

 түріне қарай



 Бизнес саласына арналған жарнама - тауарды өндіріс үдерісінде қолдану үшін сатып алатын тұтынушыларға және делдалдарға арналған жарнама Жеке тұтынушыға арналған жарнама

 Коммуника-ция стратегия-сына қарай

 Тандамалы жарнама - нақты рынок сегментіне арналған жарнама Жалпылама жарнама - жалпы  рынокқа арналған жарнама

 Компания  мақсатына қарай

 Ақпараттық жарнама - тұтынушыларды жаңа тауармен және жаңа фирмамен таныстыратын жарнама Ескерту жарнамасы - тұтынушылар есіне тауар туралы ақпаратты сақтауға арналған және тауарды қай жерде сатып алуын еске түсіретін жарнама

 Жарнама затына қарай

 Тауар жарнамасы  – тауарға сұранысты қалыптастыратын және оған ынталандыратын жарнама.

 Фирма (фирма беделі) жарнамасы – кәсіпорынның жағымды көрсететін жарнама.



 Тигізетін әсеріне қарай

 Тікелей жарнама  – жеке тұлғаға арналған жарнама.

 Жанама  жарнама – көпшілікке арналған жарнама.



 Әсер  ету жолына қарай

 Көз жарнамасы (баспа және сыртқы жарнамасы).

 Акустикалық жарнама (радиожарнама).



 Иіс сезу қабілетіне әсер ететін жарнама (хош  иісті буклет немесе с.с.заттар арқылы)

  2.Халықаралық коммуникация саясаты

Коммуникация  дегеніміз тауарлар, қызметтер туралы хабарландыру, оларға деген тұтынушының сенімін күшейту, олар туралы ескерту ұшін фирма қолданатын әдіс-амалдары.Қазіргі жағдайда тікелей маркетинг тауарларды тарату арнасы ретінде жеке мағынаға ие болып отыр. Тауардың сырт пішіні, оның түрі, түсі, буып-түюі, орауы да коммуникациялық қызмет атқаруы мүмкін.Коммуникациялардың жеке және жеке емес арналары бар. Жеке коммуникация арнасы– бұл адамдардың жүзбе-жүз, телефон және хат алысу арқылы өзара қатынасуы. Мұндай арнадағы қатынастар кеңес берушілер, достар, әріптестер, көршілер арқылы жүреді. Қымбат тауарларды сатып алу кезінде осындай арнаның маңызы зор. Жеке емес коммуникация арнасына БАҚ арқылы таратылатын хабарлар және арнайы шаралар (баспасөз-конференциясы, таныстыру рәсімі және т.б.) жатады. Осы екі кезеңдік коммуникация процесінде лидердің пікірі маңызды рөл атқарады, сондықтан да жарнаманы соларға бағыттау керек. Тиімді маркетингтік коммуникацияны құру үшін мақсатты аудиторияны, сонымен қатар тұтынушылардың біліктілігі мен тәжірибесін білу қажет. Мамандар қандай аудиторияны қызықтыру қажеттілігін және ондағы тұтынушылардың реакциясын біліп отыруы керек. Тауарды нарықта жылжытуға бөлінген қаражат анықталғаннан кейін фирма оны жылжыту нысандарына қалай бөлу керектігін шешіп, кешенді бағдарлама жасауы тиіс. Жылжытудың түрлі нысандарын таңдауға тауардың түрі, жылжыту стратегиясы, сатып алушының сатып алуға дайындық деңгейі, тауардың өмірлік циклінің кезеңдері әсер етеді.    Тұтыну тауарларын жылжытудың ең тиімді түрі – жарнама болып табылады, содан кейін өткізуді ынталандыру, дербес сату, паблик рилейшнз, тікелей маркетинг орын алады. Ал өндіріс тауарлары үшін ең маңыздысы – дербес сату, содан соң өткізуді ынталандыру, жарнама, паблик рилейшнз.Жылжыту бағдарламасының стратегиясы компанияның алға қозғау (Push strategy) және тұтынушыларды тарту стратегияларын таңдауымен байланысты.Алға қозғау стратегиясы  — тауарларды өткізу арналары мен түпкі тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Тұтынушыларды үйіру стратегиясы түпкі тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуді, ынталандыру және үйіруді мақсат етеді. Тұтынушылардың тауар туралы мағлұматы мен білімін арттыруда жарнама мен паблик рилейшнз ең басты рөл атқарады, ал олардың талғамдары мен иланымдарына жеке сату мен өткізуді ынталандыру ықпалын көбірек тигізеді. Тауарды нарыққа шығару кезеңіндегі жылжытудың ең тиімді құралдары – жарнама мен PR, екі нысан да өсу кезеңінде маңыздылығын жоғалтпайды. ТӨЦ-тің кемелденген кезеңінде өткізуді ынталандыруға көп мән беріліп, ал жарнама тауар туралы ойды еске салатындай болу керек. ТӨЦ-тің құлдырау кезеңінде жарнамаға кететін шығындар төмендеп, фирма өнімді өткізу үшін тұтынушыларды ынталандыру шараларына жүгінеді. Соңғы жылдары коммуникацияның дамуында кейбір өзгерістер болып өтті. Қазіргі таңда маркетологтар жаппай сатып алушыларға бейімделуін тоқтатып, жеке сегменттер мен тұтынушылар топтарына бағытталған тар көлемді, бір жақты маркетингтік бағдарламалар жасауда. Жаппай маркетингтен оның мамандандырылған түріне ауысуы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңа буынның – Web-парақтар және Интернет сияқты компьютерлік қызмет көрсетудің туындауына алып келді Маркетинг коммуникациясы кәсіпорынның өндіріс-өткізу жүйесінде маңызды орын алады. Өйткені маркетинг кешенінің ол ең белсенді бөлімі болады.

(Сабақты түсіндіру барысында глоссарий жаздыру, видеоролик, жарнама туралы қызық фактілерді т.б. қосымша материалдарды қолданамын).

    .



4. Өтілген тақырыпты бекіту: Тест сұрақтарына жауап беру – 7-10мин.

Тест сұрақтары:

1.Жарнама туралы заң қашан қабылданды ?

2007 жылы



2003 жылы

  1. ы

2.Жарнама кешенді маркетингтік коммуникацияның несі болып табылады?

Құралы


Элементі

Бағыттаушысы



3.Жарнаманың негізгі түрлерін атаңыз ?

Сыртқы,сату орнындағы жарнама, баспа, экран жарнамасы т.б.

Газет,журнал

Витрина, тауар қорабы т.б.

4.Халықаралық маркетингтік коммуникация деген не?

- тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлар мен көрсетілетін

қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған

шаралар жүйесі;

-Коммуникация процесі басқару процесінің маңызды, мәнді бөлігі болып табылады;

-Сатып алуды іске асыруға жетелейтін тәсілдер ішінде тауарды төмен бағамен ұсыну,

сатып алғаны үшін сыйлық беру, шектеулі мерзім ішінде тауарды сынап көруге

ұсыну немесе таяу арада бұл тауарға қолы жетпей қалуы мүмкін екендігін тұспалдап

жеткізу тәсілдері



5.Америкадағы алғашқы билборд қай жылы орнатылды ?

1900 жылы

1956 жылы

1907 жылы

6.Сату  орнындарындағы жарнамаға құралдарына не жатады?

Газет, роллер



Витрина,тауар  қорабы,зат  таңбасы

Көрме және жәрмеңке, кәдесый



7.Үлкен габариттік плакат,газжарығы  құрылымдар,
роллер, мультивизио плакат,  электронды паннолар жарнаманың қай түрінің


құралдары?

Экран жарнамасы

Хабар жарнамасы

Сыртқы жарнама

8. Халықаралық саудада маркалау бойынша барлық жазбалар қай тілде болады ?

Экспортер елдің тілінде

Импортер елдің

Ұлттық тілде



9. Жарнама құралдары пошта хаттары, баспа материалдары,пошта арқылы

видеокассеталар, видео-дисктер болса жарнаманың қай түріне жатқызамыз?

Сырқы жарнама

Экран жарнамасы

Тікелей жарнама

Сырткы жарнама

10. Өткізуді ынталандыру үшін жарнамалық құралдарының қай түрін қолдануға

болады?

Компания журналы, басылымға арналған жиналымдар

Жәрмеңкелер мен сауда көрмелері, жеңілдіктер

.Іскерлік кездесулер



5. Қорыту, бағалау: Жаңа тақырыпты қортындылаймын – 2-3мин.

6. Өткен сабақтың қойылған мақсатына жетуі:..........................................................................................................................

.....................................................................................................................................

.....................................................................................................................................

7. Үй тапсырмасы : Көкебаева А.М. «Халықаралық маркетинг» оқулығынан

89-92бет, С.Р.Есімжанова «Маркетинг» оқулығынан 397бет.


8. Сабақтың аяқталуын хабарлау
Оқытушы: ..........................................Мұсаева Қ.М.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет