Сабақ жоспары тақырыбы: Жарықшақты қол гранаталарын алысқа және дәл лақтыру



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі148,26 Kb.
#24546
түріСабақ
  1   2



Алғашқы әскери даярлық пәнінен

10 сыныпқа арналған

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Тақырыбы: Жарықшақты қол гранаталарын алысқа және

дәл лақтыру.

АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: А.Молдабеков

2015-2016 оқу жылы

«Бекітемін»

Мектеп-гимназия директоры

__________Ө.Р.Табынчаев

«_____»____________2015жыл

Алғашқы әскери дайындық пәні

САБАҚ ЖОСПАРЫ №21
Сабақтың тақырыбы: Жарықшақты қол гранаталарын алысқа және

дәл лақтыру.



Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жарықшақты қол гранаттарын

лақтыру тәсілдеріне үйрету.



Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі

Өтілетін күні: 10 «Ә» сыныбы ______________2015жыл

10 «А» сыныбы ______________ 2015жыл



Көрнекілік құралдар: Оқулық гранаты, АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • жарықшақты қол гранаттары неге арналған?

  • ҚР ҚК-де және қарулануында қол гранаттарының қандай түрлері бар?

  • РГД-5 жарықшақты қол гранатының ұрыстық қасиеттерін атап беріңдер.


б) Негізгі бөлім25 минут.

Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдер.

Гранаттарды лақтыру келесі тәсілдермен жүргізіледі: лақтыру үшін оңтайлану және гранатты лақтыру.

Гранатты жарақтау: «Гранаттарды дайында!» пәрмені бойынша, ал ұрыста өздігінен жүргізіледі.

Жарақтау үшін гранатты сол қолмен сөмкеден шығарып, оң қолмен металл қалпақшасын алады немесе тығында корпус түтігінен бұрап шығарады. Содан кейін сол қолмен гранатты ұстап тұрып, оны оң қолмен сөмкенің ұясынан шығарып, тұтандырғышы алынады. Тұтандырғышты орталық түтікке қойып, шегіне дейін бұрап енгізеді – гранат лақтыруға дайын.

Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру түрлі жағдайларда жүргізіледі: түрегеліп тұру, тізерлеп тұрып, жатқан қалпында, сондай-ақ ЖҰМ-нан, танкіден, БТР және жаяу реттегі қозғалыста (тек шабуыл гранаттары).

Гранатты лақтыру кезінде оның ұшу жолында ағаш бұтақтары, қалың өскен шөп, сым темір және т.б. кедергілер болмайтындай жер таңдалады.



Гранатты лақтыру. «Гранатпен-ат!» пәрмені бойынша, ал ұрыста өздігінен де жүргізіледі. Гранатты лақтыру үшін оны қолға алып, саусақтармен ағытқыш иінтірегін гранат корпусына қысып ұстайды; ағытқыш иінтірегін одан әрі қысып, екінші қолмен сақтандырғыш мұрындық ұшын қысады, ағытқыш иінтірегін қысылған жағдайда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады, гранатты құлаштап нысанаға лақтырады.

Бір орында тұрып гранатты лақтыру кезінде нысанаға тура қарап, гранатты оң қолда, ал қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Оң аяқты тізеден бүгіп, денені оңға бұрып, қол төменге және артқа доға бойынша гранатпен сермеу жүргізіледі, оң аяқты дереу түзетіп, денені нысанаға бұрып гранатты лақтырады. Лақтыру кезінде дененің салмағын сол аяққа түсіріп, қаруды артқа ұстайды.

Каталог: uploads -> doc -> 072f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
072f -> Қазақ тілінен Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ожсб) мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге(ҰБТ) дайындалуға арналған әдістемелік құрал
072f -> Сабақ: №1 Мектеп: №97 орта мектеп Күні: 09. 10. 2015ж Мұғалімнің есімі
072f -> Сабақ тақырыбы : Дөңгелек жасау. Эстафета ойындары. Күш дамыту жаттығулары. Сабақтың мақсаты
072f -> Ойынның мақсаты нақты әрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылуы керек


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет