Сабақ жоспары Тақырыбы: Жасампаздық жемісі Құндылық: Қиянат жасамау



Дата28.07.2017
өлшемі55,49 Kb.
#22289
түріСабақ
Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары
Тақырыбы: Жасампаздық жемісі

Құндылық: Қиянат жасамау.

Қасиеттер: Ақылдылық, сыйластық, қамқорлық, ізгілік, сүйіспеншілік

Пән мұғалімі: Суатова Тогжан Болатовна

Сыныбы: 7 «а, ә» сынып Оқушы саны-17,19

Мектебі: Қаракөл орта мектебі




Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың жасампаздық, келешек туралы түсініктерін кеңейту.



Міндеттері:

Дамытушылық: Оқушылардың жаңа бастама, жақсы істер, ел болашағы жөнінде ұғымдарын дамыту.

Білімділік: Оқушыларды ізгі істерге баулып, шығармашылыққа жетелеп, белсенділіктерін арттыру,

Тәрбиелілік: Сүйіспеншілікке, жақсылыққа, сенімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құрал

дар, мәліметтер)

«Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше, шарлар

видеоресурс



Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды жағдай туғызу.

 Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.





Үй тапсырмасын тексеру

Астана бастаулары

Осылай болған

Жаңа ғасырға жаңа Астанамен

Болашақтың қаласының бүгіні


  • Жаңа Астана қандай мүмкіндіктерге жол ашты?

  • Астана қаласын көркейтудің халық өмірі үшін маңызы қандай?

  • Саған Астана қаласы несімен ұнайды?




Дәйексөз

«Жаңа астананың қаласы да, адамдарының санасы да жаңа болсын».

Н.Назарбаев






Мұғалім сыйы

«Астана» К.Салықов

Жер емес шығар аяғын адам баспаған

деуші едім қайтем, менсіз де жазар басқа адам

Аттанар кезде Алматы жаққа сен бүгін,

Жаныма толы жыр артып бердің Астанам.

 Болар ма артық арналса саған әр күй, ән

Ұрпаққа үлгі жан ұям, менің сән ұям.

Ығымен емес тігімен өрлер  ғасырға,

Арнасы сырлы, Арыны жырлы Дариям.

 Безбендеп бағып Батыс пен Шыңыс шамасын,

Теріскей тұстан тепсінге, желден Панасың.

Елімнің Мысыр шаһары қып қаққан қазығын

Қазақтың ұлын демеймін қалай Дара -   Шың.

 Дәнекер қылса алты әлем құрлық арасын,

Демеймін қалай қазақтың ұлын Дана-Шын!

Өзгеге сені Өнеге етпей қайтейін,

Өмір мен өлең өзіңнен тапса Жарасым!

 Киелі  жол ғой жұмаққа барар жырақтық,

Сонда да саған басылар емес бір аптық.

Ел кезіп сірә, есі бар пенде несі бар –

Ерлері жерін жатса егер мұндай жұмақ қып.

 Ерлері жерін жұмақ қып жатса жыр тұнған,

Мың қосшы жанға қашанда қажет бір Сұлтан.

Даламда шаңырақ көтерсе әлі мың қала,

Астанам, сенің биіктей түсер нұр-тұлғаң.

 Неге де керек күңкіл сөз, сылтау, нелер сын,

Қамқорың Алла, қанатыңнан халқың демесін,

Әлі сен талай Есілдей ерке күй шертіп

Сын туса сырттан, Абылайдай айбат шегесің.

 Жанарға тұнып, жиналып бүкіл нұр біткен,

Даналық пенен Даралықты мұндай кім күткен.

Өзегімді жарып, Өнерім сөйлеп бергенде,

Сәулетің менен Келбетіңе де тіл біткен.

 Тектіге тән қып Тақылеті мен Тәрізін,

Жазамын саған жарқын бір сәттің әр ізін.

Бет алып күнге бой түзей берші Гүл-қалам,

Ақ бұлттардан сипап мәрмәр сынды қауызын.





«Шығармашылық жұмыс»

«Астана-болашақтың қаласы » атты тақырыпта эссе жазу.




Топпен ән айту.

Қазақ елі
1. Қарашы қазақ еліме
Қарашы қазақ жеріме
Кең өлкесі Сарыарқасы
Берекенің алқасы
Мерекенің арқасы
Арайлы алтын таңдарың
Жайдары жарқын жандары
Асқарлы арманы бар
Аспаны таулары бар
Бақшалы баулары бар

Қайырмасы:


Иә солай, Иә солай Қазақ жері осындай
Иә солай, Иә солай Қазақ елі осындай
2. Алатау, Алтай арасы
Еділ мен Ертіс жағасы
Түсік пен терістігі
Көрінбес тегістігі
Қиысып кеңестігі
Алақай дархан бейілі
Анадай айтай бейілі
Бір тұтас халқымыз бар
Мызғымас халқымыз бар
Әлемге даңқымыз бар
Қайырмасы:
Иә солай, Иә солай Қазақ жері осындай
Иә солай, Иә солай Қазақ елі осындай
3. Көгінде күлген ай, күні
Шалқыған шалқар қылығы
Сарқымаз еліміз бар
Алтылды көліміз бар
Айтылды еліміз бар




Үй тапсырмасы

Қазақстанның жеті кереметі






Соңғы тыныштық сәті.

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!






Каталог: uploads -> doc -> 0bc6
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет