Сабақ жоспары тақырыбы: «ЖАҚсылық -жан жадыратады»



бет1/6
Дата21.07.2017
өлшемі1,18 Mb.
#21740
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

АЛАТАУ АУДАНЫ

И.Қ.МАНДОКИ АТЫНДАҒЫ №154 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫ

ТАҚЫРЫБЫ: «ЖАҚСЫЛЫҚ –ЖАН ЖАДЫРАТАДЫ»

СЫНЫП: 9 «Б»

МҰҒАЛІМ: КОПАБАЕВА М.С.

АЛМАТЫ 2015

Бекітемін:

Мектеп директоры Алмасбаева Қ.Қ.
Мектеп: И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББМ

Күні: 13.11.2015 10

Тақырып: «Жақсылық - жан жадыратады»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: адамгершілік, мейірімділік, жақсылық

Мұғалiм: Копабаева М.С. Сынып: Оқушылар саны: 25


Сабақтың мақсаты: оқушыларға жақсылық жасау адамның жанын жадыратынын түсіндіре отырып, «дұрыс әрекет» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Жақсылық жасау адамның азаматтық міндеті екендігін түсіндіру;

  • Жауапкершілік, сүйіспеншілік, шынайылық, әділеттілік қасиеттерін дамыту;

  • Қоғамға риясыз қызмет етуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңi:


Топқа бөлу (оқушыларға түрлі түсті тәттілерді таңдату арқылы топқа бөлеміз, әр топ өзіңе ат қойып, топбасшысы оның мәнін түсіндіреді).
5 «Т» ережесі:

  • Тәртіп

  • Талап

  • Тазалық

  • Татулық

  • Тыныштық


Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.


Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.


Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады. [3]
-Тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

- Қандай сезімде болдыңыздар?

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) оқулық, дәптер, жұмыс дәптері, видео материал, түрлі-түсті маркерлер, плакаттар, интерактивті тақта.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

А.Қоныстың Сөз құдіреті мәтінін талдау.

  • Әже немересіне нені түсіндірді?

  • Немересінің сұрақтарына әжесі қандай мысалдар келтіру арқылы ұтымды жауап қайтарды?

  • Немересінің әңгіме соңында түйген ойы?

  • Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

  • Өз өміріңде жасаған жақсылығын туралы баяндап берші?



Сабақ барысын талқылау: сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларымен бөліседі.

  1. Дәйек сөз.


Жамандық пайда етпейдi,

Жақсылық зая кетпейдi.

Халық мақалы
Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Жекелей оқытып,

  • Топқа бөліп оқытамыз;

  • Дәйексөзді хормен оқытамыз;

  • Дәптерге жаздырамыз







  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Кәрі шешей» әңгімесі

Күту залының шетінде жылынып отыр. Қап-қара киінген. Егде тартқан. Бүкірейген. Жанында түйіншек жатыр. Онда тамақ жоқ тәрізді, болмаса шешей күні бойы оған қолын бір тигізер еді. Кеш батты. Адамдар ұйқыға жайғасуда, абыр-сабыр, ниеті жаман жүргіншілерден өздерін қауіпсіздендіру үшін шабадандарын ыңғайластырып қоюда.

Ал шешей әлі қозғалмады. Ол ұйықтаған жоқ. Көздері ашық, бірақ айналасында болып жатқандарға құлықсыз, ішкі зарын қыспаққа алып отырғандай, кішкентай иықтар діріл қағады. Ол өзінің жасырын дұғасында әлдекімді еске алып отырғандай, сақтары мен еріндерін әрең жыбырлатады.

Вокзалдың мазасыз түні аяқталды. Ол таңертен де сол қалпында отырды, бұрынғыша үнсіз, жүдеу. Талтүсте оған жақын екі үш жасар баласымен әйел келіп жайғасты. Сәбилердің бірі келіп, оның еденге дейін түскен қара пальтосына қолын тигізді. Шешей мойнын бұрып, бұл әлемді алғаш көріп тұрғандай таңырқай қарады. Бұл жанасу оны өмірге қайтарды, оның көздері нұрланып, күлімсірей қарады, ал қолдары үлбіреген шаштарды емірене сипады.

Баласының мұрнын сүртпекші болған әйел шешейдің есікке қарап, әлденені күткендей қарауын байқап, сұрады: «Апа, сіз кімді күтіп отырсыз? Пойызыңыз нешеде?»

Сұрақ шешейді қатты састырды. «Қызым менің пойызым жоқ!» одан сайын бүкірейе түсті.

«Апа айтыңызшы, сізге не болды?! Тамақ ішкіңіз келе ме? Алыңыз!»

Піскен картоп ұсынды.

Оның тамағына жас тығылды... кенет ол бойын жинап, вокзалдың осынау зор кеңістігіне қайғысын паш еткендей қуатты күш жарып шықты: «Құдайым! Кешіре гөр, оны! Деп ыңырсыды да, бетін қолдарымен жауып, бүктетіліп қалды.

«Балам, балам...Қымбаттым...Жалғызым...Қарашығым...Жазғы күн шуағым...Шырылдаған торғайым...Әкелдің... Тастадың ....» деп теңселе айтты кеп, айтты кеп.

Ол үнсіз қалды да, құдайға сиынып, Құдайым, Кешіре гөр» деді.

Амалы құрып, енді жылауға да, сөйлеуге де әлі келмеді.

«Балақандар шешеймен болыңдар» айқайлаған әйел касса бет алды.

Қайырымды жандар! Көмектесіңдер!Маған билет керек! Анау шешейді алып кетем, залдың шетіндегі шешейді нұсқап, ол маған апа болады! Қазір пойызым келеді!».

Әйел бір қолымен шешейді, екінші қолымен сөмкесімен балаларын ұстады.

Оларға қарап, ақырын ғана дұға ғып, осы кездесу үшін Құдайға ризашылық білдірдім. Ғажап, Курган қаласындағы вокзалда өзім куә болған осы оқиғаны айтсам, адамның бірнеше минут ішінде осындай маңызды шешім қабылдағанына ешбірі сенбейді.



«Жақсылық» бумеранг бейнебаян.





  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Әр топ жақсылық, адам, мейірімділік, сөздерін қатыстыра отырып бір шумақ қайырмасымен өлең шығарып, өздеріңе ұнаған әуенге салып топпен орындайды.







  1. Топпен ән айту.

Әні,сөзі: Қалдыбек Талқанбаев
Жақсы адамдар
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар бұзылмас тас қамалдар

Табанынның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы:

Жақсы көремін сондықтан мен сендерді

Менде бір сәт көтеріп еңсемді енді

Сендер салған адамдық ардың жолың

Болашаққа көрсетіп берсем болды
Жақсы көрем сендерді мен неліктен

Мінезіне мызғымас ерге біткен

Адамдықтың алдында аласарып

Биік тұрған қашанда пенделіктен





  1. Үй тапсырмасы.

11-12 сабақтар. Абайдың отыз алтыншы қара сөзін оқып келу. 57-58 бет.





  1. Соңғы тыныштық сәті.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектерін стикерлерге жазады.

Мұғалім: Балалар өміріміздің барлық кезеңдері тек жақсылыққа, адамгершілікке толы болсын! Жақсылық сіздердің әрдайым жандарыңызды жадыратып, жасаған істеріңіз тек дұрыс әрекеттерге бағытталсын, жалпы адамзаттық құндылықтарымызды бойымызда сақтайық білейік!






«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША

(3) ДЕҢГЕЙЛІК БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

КУРСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫСЫ

КОПАБАЕВА МЕИРКУЛДІҢ

ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНЕН 9 «Б» СЫНЫБЫНА

«ЖАҚСЫЛЫҚ – ЖАН ЖАДЫРАТАДЫ»

ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӨТКІЗГЕН САБАҒЫНА

РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕП

Мен Копабаева Меиркул 2015 жылдың 13 қарашасында Алматы қаласы, Алатау ауданы, И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектепте өзін-өзі тану пәні бойынша 9 «Б» сыныбында «Жақсылық – жан жадыратады» тақырыбында сабақ өткіздім.



Сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері (тыныштық сәті, үй тапсырмасын тексеру, дәйексөз, әңгімелеу, шығармашылық жұмыс, топпен ән айту, соңғы қорытынды сәт) толығымен қолданылып жүзеге асырылды.

Сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдерінің жүзеге асыру барысы:

Тыныштық сәтінен алған әсерлері:

Арай: «Тыныштық сәтінде мен өзімді сергек сезіндім, ойымды жинақтай алдым. Тыныштық стінде өзімді жақсы сезіндім. Жүрегімде тыныштық орнады».

Шығармашылық жұмыс:

Шуақ тобы:

Жақсылық істеңдер адамдар,

Мейірімді болыңдар әрқашан.

Бұл өмір жақсы істен жаралған

Мейірімді болыңдар адамдар.
Жақсылық тобы:

Көп жандар

Мейірімділікпенен

Жақсылық жаса,

Жақсылық жаса, адамдар!

Нұр тобы:

Мейірімділік жақсылық,

Бар адамға керек қой.

Ата-анаға бауырға,

жақсылық жасап жүрейік!

біздің сыныпта Жақсылық,

Жақсылық жасап жүреді.

Жақсы көрем сондықтан,

адамгершілік бар адамды!
Жұлдыздар тобы:

Жақсылық жасап әркезде әркімге

Мейірімін төгіп көңіл бол әрнәрсеге

Жақсылық ұмытылмас

Жамандық пайда болмас

Адам борышы

Жақсылық жаса,

Мейірімділік, үстемдігін арттырып,

Адамдықтың алдында аласарып

Биік тұрған қашанда пенделіктен



Жақсылық жаса!
Оқушылардың рухани-адамгершілік көзқарастағы маңызды жауаптары:

Жақсылық: «Жақсы сөзбен барлығын шешуге болады. Бұл сөздің құдіретін меңзейді».

Айбек: Күнделікті отбасында тауып жатқан несібеміз, табысымыз, киіп жатқан киімдеріміз, жеткен мақсатымыздың барлығы жақсы сөздің арқасында деп ойлаймын».

Нұржан: «Материалдық көмек бере алмаған жағдайда, жақсы сөзбен адамның өмірінде құтқарып қалуға болады».

Беглан: «Жақсы сөз адамды жадыратып, қуанышқа бөлейді».

Оқушылардың сабақ мазмұнына қызығуы, шабыттану сәттері:

Сабақтың кезеңдері оқушыларға әртүрлі көңіл-күй сыйлады. Алдыменен тыныштық сәтінде, оқушыларын ойларын жинақтап, жүректерінде тыныштық орнатып, бірқалыпқа келе білді. Сұрақтарға жауап бергенде тереңінен ойланып, мәнді жауап беруге тырысты. Терең ойға шомылды десем де болады. Ал әңгімелеу кезінде оқушылар ойланып, алдағы әрекеттерін тек жақсылыққа бағыттайтындарын айтып, өз ойларымен бөлісті. Соның ішінде шабыттану сәті шығармашылық жұмыста көрінді. Оқушылар тапсырма бойынша өз топтарымен өлең шумақтарын шығарып, қалаған әуендеріне салып орындаулары тиіс болатын. Барлық топ тапсырманы толық орындай алды. Шабыттана отырып, тапсырманы орындап, ортаға топпен шығып, шығарған өлеңдерін әдемі әуендермен орындады. Барлық оқушыларды жүзі бал-бұл жайнап, барлығы шапалақ соғып көңілдене түсті. Мен шығармашылық жұмыспен оқушыларды шабыттандыра алдым деген ойдамын.

Сабақта орындалған және орындалмаған мақсаттар бойынша: бүгінгі сабақта алдыма қойылған мақсатыма толық жете алдым.

Сабақты өзгерту мен жақсарту бойынша ұсыныстар:

Бастауыш сынып мұғалімі – Макулбаева Шарзия: «Сабақ маған ұнады. Мұғалім сабақты жан-жақсы дайындаған: презентация, бейнефильм, әңгіме әзірлеген. Шығармашылықпен жұмыс жасауға ықпал етті».

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі –Кусаинова Айдана: « «Жақсылық – жан жадыратады» тақырындағы сабағы өте жақсы өтті. Өз мамандығын және баланы сүйетін мұғалімнің әр сабағы нәтижелі, мәнді де сәнді өтеді. Сабақ талапқа сай өтті. Үнемі жақсылық жасау дұрыс іс екендігін баланың санасына жеткізе білді. Сынып та белсенділік танытты».

Химия пәні мұғалімі –Бейсеғұл Кербез: « Сабақ өте әсерлі өтті. Оқушылар рухани жағынан өте көп азық жинады. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс жасау қабілеттерін арттырды. Белсенділіктері артты. Сабақ ұнады. Осы сабақтан алған рухани-адамгершілік істерін қоғамдық ортада және басқа пәндерде қолданады деген үміттемін. Жақсылық жасау, жақсы өмір сүрудің кепілі деп ойлаймын».

Өзін –өзі тану сабағынан кейін оқушылардың әрекеті мен мінезінде байқалған өзгерістер:

Назерке: «Өте күшті болды! Аяқ астынан өлең шығарып!».

Айбек: «Денем тітіркенді. Жақсылықтың адам өміріндегі маңызы туралы білдік».

Меруерт: «Мен әрқашанда жақсылық жасап, тек адал жолмен жүргім келеді. Бүгінгі сабақ өте жақсы өтті. Бүгінгі сабақтан ойға түйгенім өте көп».

Жансая: «Керемет көңіл күй, қызықты сабақ болды»».

Нұржан: «Менің тілегім, бақытты өмір сүрейік, әрқашанда жақсылық жасап, жаман әдеттерден арылайық».

Мұхаметжан: «Керемет сабақ болды. Әрқашанда жақсылықты жасау керек, достар!».

Досжан: «Өте жақсы әсер алдым!».

Айдана: «Сабақ жақсы өтті, керемет болды!».

Оқушылар соңғы сабақ болсада, сабақтан кейін көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Бір – бірімен әзілдесіп, сыныптың ішін ретке келтіруге жәрдем берді. Мен оқушылардың шынымен де жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңызды екендігі туралы ой қалдырдым деп айта аламын.



Мұғалім: Копабаева М.С.

Өзін – өзі тану пәнінен 9 «Б» сыныбына

«Жақсылық – жан жадыратады»

тақырыбы бойынша өткізген сабағынан суреттер




Каталог: uploads -> doc -> 03bf
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03bf -> Адал достық
03bf -> Сабақтың тақырыбы п п дыбысы мен әрпі Сілтеме Жоспар Жалпы мақсаты
03bf -> Сабақ Қазақ тілі (2 сынып) Сабақтың тақырыбы: Зат есім Сабақтың мақсаты
03bf -> Отеулиева Онайгул Жолдиевна Ашық сабақ
03bf -> Қош бол,құтты «Әліппем!» Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Бүгін сіздер бірінші «Б» сынып шәкірттерінің


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет