Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп



Дата17.03.2020
өлшемі72,11 Kb.
#60347
түріСабақ
Байланысты:
Қазақ әдебиеті. 8-сынып. 3-тарау. 25-сабақ. М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда». ҚМЖ. 1-нұсқа

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

ІІІ Махаббат және абырой Исатай Тайманов атындағы орта мектеп Уақыты: 30.01.20 Мұғалімнің аты-жөні:

Бақыбаев Алмат Жарасұлы

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

8.Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні


Сабақ мақсаты

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау

Бағалау критерийі

  • әдеби шығарманың жанрын, сюжеттік желісін,

эпилог, прологтарды анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Сөздер мен сөз тіркестер: Жетімкөл, аққу, айдын, бала, ана

Пән лексикасы және терминология: жанр, эпилог, пролог, сюжеттік желі.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......



Құндылықтар

Табиғатты аялау

Пәнаралық байланыс

Биология, география, бейнелеу өнері

Алдыңғы білім


Д.Исабеков «Әпке» пьесасы.

Сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарэпилог туралы алған білімді кеңейту.



Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
0-5

6-8



Қызығушылықты ояту

Сұрағы қандай?

Қосымша ресурста ұсынылған көрсетіледі.


Бейнематериалға қарап, сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтар негізінде өз ара пікір алмасады.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын болжап айтады, бағалау критерийлерін бірлесіп құрастырады.

Қағаз қиындыларына жазылған көл, аққу, ана, бала сөздері арқылы 4 топқа бөлінеді.



Бейнематериал


Сабақтың ортасы
9-18

19-26

27-33

34-36


1-тапсырма. «Сұрақтар жаңбыры» әдісі

Қосымша ресурста ұсынылған бейнематериал көрсетіледі.

Ақпарат кім туралы?

Ол қазақ және әлем әдебиетіне қандай еңбек сіңірген?

Оның шығармаларының ерекшелігі неде?

Автордың шығармаларына аңыздар желісін арқау етуінің себебі неде?

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасында қандай ұлттық құндылықтар көрініс тапқан?

Поэмаың композициялық құрылымы қандай?

Лирикалық шегініс арқылы автор ненің тарихына шолу жасайды?

Шығармаға арқау болған қандай ұлттық философия?

Аңыз сюжеті қандай тәсілдер арқылы нанымды берілген?
2-тапсырма. «ДЖИГСО» әдісі

Оқушыларға М.Мақатаевтың «Аққулар Ұйықтағанда» поэмасының мәтіні таратылып беріледі.



1-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:

Тау басына біткен сұлу көл –

1. Қалай біткен мына көл тау басына?

2. Жетім көл жетімсірейді.

3. Аққулар айдынына оралмады.



Ауру бала немесе шарасыз отбасы –

1. Жас сәбидің науқасқа шалдығуы.

2. Тәуіп шалдың айтқан ойы.

3. Ананың шешімі.

4. Ұйықтап жатқан аққуды атуы.

5. Жетім көлден сән кетті



Бақташы қарт. Шарасыз ана –

1. Көзінен жас, көңілінен мұң төгілген зарлы ана.

2. Халық ырымы. Аққуды атқан оңбайды.

3. Өліп жатқан бала, шарасыз ана.

4. Қасиет.Қасірет.

Аққулар - Аңыз көп қой олар жайлы.

2-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).

3-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.

4-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды.

3-тапсырма.


  • Берілген теориялық ұғыммен танысыңыз;

  • Теориялық ұғымның талқылаған сюжеттік желілермен байланысатын тұстарын табыңыз;

  • Жетім көлдің атынан шығармаға 1-жақта монолог түрінде экспозиция жазыңыз.

Топтық бағалау.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Әдеби шығарманың жанрын, сюжеттік желісін,

эпилог, прологтарды анықтайды



Сурет бойынша сұрақтар құрастырады

Шағын әңгіме құрастырады

Әңгіме арқылы сабақ тақырыбына болжау жасайды

Сұрақтарға жауап береді

Шығарма мазмұнына шолу жасайды

Шығарма сюжетіне мен құрылымындағы ерекшеліктерге түсінік береді

Жетім көлдің атынан шығармаға 1-жақта монолог түрінде экспозиция жазады



презентация

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия «Plickers» әдісі




https://www.plickers.com

Үй тапсырмасы

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын құрылымдық ерекшеліктеріне назар аударып оқу.







Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?


Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау



Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.


Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет