Сабақ жоспарын блум таксономиясының негізінде қҰрудың ерекшелігі



Дата04.08.2017
өлшемі124,39 Kb.
#22950
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫН БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ҚҰРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Тәуекелова Гүлбану Қонысбайқызы

Бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасын бойынша сертификатталған

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ФИЛОЛОГИЯ МАГИСТРІ

№57 жалпы білім беретін мектебі, Алматы қаласы



«Бақыт жолы тек білімнен табылар» деп Ахмет Игүнеки айтқандай, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал ететін адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күші тек – білімде. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы - оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамуына тікелей байланысты. Еліміз егемендікке қадам басып, оңды өзгерістерге толы игі істердің игілігін көруде. Игілікке жараған өзгерістердің бірі – білім беру саласы.

Оң өзгерістердің қатары  қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу мақсатында білім беру жүйесіне  «Оқытудағы Кембридж тәсілі» бағдарламасын енгізумен толықтырылды.      Бағдарламаның мақсаты – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс. Оқытудағы «Кембридж тәсілінің» теориялық негіздерінде түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, орта білім беру жүйелерінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту тәсіліне басымдылық берілген. Бұл оқытудың басты бағыты – ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдерімен біріктіре отырып іске асырады. Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Өткен ғасырдың басында-ақ американ педагог-психологі Джон Дьюи жоғарыдағы «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде сипаттады және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін жаттап алу әдісі деп сынаған. Ал осыған дейін біздер қолданып келген «дәстүрлі оқыту» қандай оқыту?

Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте сақтауға алып келеді. Сондықтан көбіне санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Ары қарай терең ойлану үрдісі іске асырылмайды. Ал сындарлы («конструктивті») оқытуда керісінше, мұнда басты басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гөрі оқушы көп ойланып, көп талқылап, достарымен көп сөйлесіп, әрекеттенуі керек. Ал мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру талап етіледі. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнды ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады.  Дегенмен, әр мұғалім сабақ жоспарлағанда өз пәнінің ерекшеліктерін ескеруі қажет. Қазақ тілі сабағында оқушының сыни ойлау, өз ойын жаттанды емес, өз сөзімен еркін жеткізе алу, өз жауабына сенімді болу қабілеттерін ашуымыз керек. Кембридж тәсілімен оқыту  Блум таксономиясына негізделіп жоспарланады. Таксономия құрылымның (сабақ жоспарының) жүйелілігін білдіреді.  Блум таксономиясының негізін салушы американдық психолог, педагог, профессор Бенджамин Блум.



Ол сабақ құрылымын алты деңгейге бөліп қарастырады. Олар: білу, түсіну. қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Сабақтың жалпы мақсатынан басқа әр деңгейге мақсат пен күтілетін нәтиже, сондай-ақ, әр деңгейдің тапсырмасына критерийлер мен дескрипторлар қойылады. Бұл оқушының әр деңгейде белгілі бір нәтижеге қол жеткізіп, білім деңгейін бақылап отыру үшін қажет. Мысалы, қазақ тілі сабағын жоспарлағанда білу деңгейінде тақырыпты оқушылардың өзі анықтау мақсатында түрткі болатындай тапсырмалар, сұрақтар немесе 5минуттық бейнероликтер көрсетуге болады. Білу деңгейінде көбінесе формативті бағалауды қолданған жөн. Себебі, формативті бағалау оқушыны білім алуға, өз бетінше жұмыстануға ынталандырады. Мысалы. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам», «Қолмен белгі» т.б әдістер мен «бәрекелді, өте жақсы, жарайсың»  деген сөздермен бағалауға болады. Одан әрі оқушы танып, білгенін, тақырыптың мазмұнын түсіну мақсатында Блум таксономиясының түсіну деңгейіндегі тапсырмаларды орындайды. Түсіну деңгейінде оқушы тақырып бойынша өз бетінше немесе топтасып бір тұжырымға келеді. Яғни, тақырыптың не туралы екендігін түсінеді. Оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін критерийлер мен дискрипторлар қоямыз. Тапсырмаға қойылатын критерии мен дискрипторларды құрастыруды бірінші оқушылардың өзіне де ұсынуға болады. Критерий мен дискрипторларды мұғалім өзі құрған жағдайдың өзінде де, оны оқушыларға таныстырып, оқушылардың да көзқарасын білуі керек. Блум таксономиясының үшінші деңгейі қолдану. Ендігі кезекте, түсінген білімін күнделікті өмірмен ұштастырып, дәлелді мысалдар келтіріп, қолдану аясы туралы жазып не айтып беруі керек. Оқушы ойлана білу, ойын жеткізудегі тосқауылдарға кездеседі. Олар: сөздік қорының аздығы, жазу сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығының сәйкес келмеуі. Яғни, бір бала ойын жазып жеткізсе, ал енді бірі ауызша жеткізеді. Қазақ тілі пәнінің ерекшелігіне байланысты өзге ұлт баласына қазақ тілінде ауызша сауатты жауап беруге, сөздік қорды дамытуға негізделгендіктен, критериидің жоғары ұпайы сөздік қор мен ауызша жауабына қойылады.

Осы алғашқы  білу, түсіну, қолдану деңгейлері пәндік деңгей болып саналады.  Одан әрі талдау, жинақтау, бағалау деңгейлерінің тапсырмалары дарынды оқушыға негізделеді. Сабақтың талдау деңгейінде бүгінгі алған білімдерінің тиімді, тиімсіз жақтары туралы сараптайды, ойларын дәлелдейді. Оқушы жинақтау деңгейінде алған білімін эссе жазу, ассосация, Венн диаграммасы т.б әдіс-тәсілдер арқылы жинақтап, өз көзқарасын, өз тұжырымын жасайды. Блум таксономиясының соңғы деңгейі бағалау. Бұл деңгейде әдеттегісінше,  оқушыны мұғалім бағаламайды, керісінше, оқушы өз жұмысының нәтижесі туралы рефлексия жасайды. Ал сабақтың нәтижесін мұғалім бағалау парағына қойылған ұпай санына байланысты анықтай алады. Сабақ соңында рефлексия жасау арқылы оқушы өз білім деңгейін анықтаса, мұғалім келесі сабағын қалай жоспарлау керектігін біле алады. Осы мақсаттарға жету үшін, алдымен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру қажет. Ол үшін түрлі сергіту сәттерін, тренингтер өткізуге, жаймен сазды әуен қосып қоюға болады. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру кезінде қазақ тіліндегі әндерді, ұлттық ойын элементтерін қолдануға болады.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет