Сабақ жоспарлары сынып: 11 а мұғалім: Саян Қасенұлы Баужанов Сағат саны: 34 сағат Аптасына: 1 сағаттан



бет6/7
Дата08.07.2017
өлшемі0,93 Mb.
#20909
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталарды басшылыққа ала отырып, Еуропадағы аса ірі өнеркәсіп орталықтарын анықтап, оларды мамандану салаларын көрсететін дөңгелектер түрінде кескін картаға белгілеу.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Чехияның экономикалық картасы, «Чехияның сауда әріптестері» атты сурет.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (3 мин)

ІІ кезең – тақырыпты бекіту (40 мин)

ІІІ кезең – сабақты қорытындылау (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.сарамандық жұмыстың барысымен таныстырады. Тапсырмаларды түсіндіреді

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Тапсырмалармен таныстырып, оларды орындауға бағыт-бағдар береді.

1. Оқулық мәтіні мен анықтамалық деректер негізінде Еуропа елдері арасынан:

а) аумағы жөнінен ең ірі бес елі;

ө) халқының саны жөнінен ірі бес елді;

б) жиынтық ішкі өнімнің жалпы көлемі ең жоғары бес елді;

в) урбандалу деңгейі ең жоғары бес елі;

г) халық ең тығыз орналасқан (тығыздықты есептеп шығару қажет) бес елді анықтап, дәптерге жазып алу.

2. Тақырыптық карталар мен оқулық мәтінін пайдаланып, «Еуропаның минералды ресурстары» атты кесте құрастыру: кестенің 1-бөлігінде – пайдалы қазбалардың негізгі түрлері; 2-бөлігінде – таралған елдері.

3. Оқулық мәтіні мен экономикалық карталардың деректері негізінде Еуропадағы аса ірі өнеркәсіп орталықтарын анықтап, оларды мамандану салаларын көрсететін дөңгелектер түрінде кескін картаға белгілеу.

4. Солтүстік және Оңтүстік Еуропаның өздерің таңдап алған екі шағын капиталистік еліне салыстырмалы сипаттама беру. Сипаттама оқулық қосымшасында берілген жоспарға негізделуі тиіс.





ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.





Сабақ -37

Күні:

Тақырыбы:

Азиядағы жаңа индустриялы елдер. Корея Республикасы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Азияның жаңа индустриялы елдері, соның ішінде Корея Республикасы туралы білім беру; табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының басты ерекшеліктерімен танысу; халқы, экономикасының басты бағыты, сыртқы экономикалық байланыстары туралы оқып-үйрену.

Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Корея Республикасының табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық-географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин) ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин) V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин) VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

  1. Оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім-бар жоғын анықтайды.

ІІ

  1. Сабақ барысында келесі жоспарлар орындалады:

  2. 1. Корея Республикасының экономикалық – географиялық орнының басты ерекшеліктері айтылады. («Материктермен мұхиттардың физикалық географиясынан» алған білімдеріне сүйенеді.)

  3. 2. Табиғат жағдайы мен ресурстары.

3. Халқы туралы сипаттама.

4. Экономикасы. Ел экономикасы дамуының басты факторы – экономикалық саясатының жүргізілуі туралы айтылады.


Оқушылар мұғалімнің жоспар бойынша қысқыша шолуын тыңдап, өздері жоспар бойынша толық сипаттама береді:

  1. Корея Республикасының құрамына кіретін жерлерге сипаттама беріледі:

а) жер бедерінің басты ерекшеліктері;

ә) пайдалы қазбалары;

б) климат жағдайы, климаттық көрсеткіштері;

в) ішкі суларының маңызы;

г) өсімдік жамылғысы туралы сипаттама беруде оқулық материалдарына сүйенеді.

Халқы туралы сипаттама мынадай жоспар түрінде беріледі де, оқулық материалдарына сүйенеді:

а) халық саны, тығыздығы;

ә) халықтың ұлттық құрамы;

б) халықтың табиғи өсуі, өмір жасының ұзақтығы, жастық-жыныстық құрамы;

в) днсаулық сақтау ісі;

г) еңбек ресурстары.

4. Экономикасы. Үкіметтің «экспорттық саясаты» дамытуға бағдар алуы, оның ішінде:

а) машина жасау, кеме жасау өнеркәсібінің дамуы;

ә) өнеркәсіптің металлургия саласының дамуы;

б) мұнай-химиясының дамуы:

в) электроника, электр техникасын жасау бойынша оқулық материалдарына сүйене отырып сипаттама беру;

г) сыртқы экономикалық байланыстарды дүние жүзінің алдынғы қатарлы елдерінің біріне жатады, оған оқулық материлдарынан мысалдар келтіру, Корея Республикасының Азиялық-Тынық мұхиттық еркін сауда аймағына (АПЭК) кіруі туралы айтылады. Қазақстан мен Корея Республикасының арасында экономикалық бағыт дамуда. Қазіргі кезде Қазақстанда 2001 жылы қазақ-корея кәсіпорнының саны 119-ға жетті. Корея мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар тек экономикалық бағытта ғана емес, әлеуметтік-мәдени тұрғыдан да өркендеуде. Міне, осы бағытта нақты мысалдар келтіру.

ІІІ

Бекіту сұрақтары:

1. Корея Республикасының геосаяси жағдайының басты ерекшелігі қандай?

2. Корея Республикасы экономисының өркендеуіне қандай фактордың әсері болады?

3. Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастар қалай дамуда?




ІV

Үйге тапсырма:

1. Геосаяси жағдайының басты ерекшеліктерін анықтап, сипаттама жазу.

2. Корея Республикасы экономикасының дамуындағы алғышарттарды анықтап, дәптерге жазу.

3. Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастар туралы реферат жазу.

4. Хрестоматиядағы жаңа индустриялы елдер туралы мақалмен танысу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап алады.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қояды.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

VI

Сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтып, сабақты қорытындылайды.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге айтады.


Күні:

Тақырыбы:

Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер. Азияның мұнай экспорттаушы елдеріне жалпы сипаттама

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер туралы білім беру.

Дамытушылық мақсаты – Азиядағы мұнай экспорттаушы елдердің экономикалық-географиялық геосаяси жағдайына, сыртқы экономикалық байланыстарына баға беруге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин) ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин) V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин) VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Оқушыларды түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар үзілістен кабинетке кіріп, сабаққа дайындалады.

ІІ

  1. Азиядағы мұнай экспорташы елдер тобына жалпы сипаттамадан басталады. Қысқаша сипаттама берген соң, «Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер» атты кестеге талдау жасатады.

  2. Осы аталған елдерге физикалық-географиялық тұрғыдан баға беріледі де, мемлекеттердің ежелгі тарихи қалыптасу кезеңдеріне қысқаша шолу беріледі.

  3. Таяу Шығыс елдерінің басты байлығы – мұнай мен табиғи газ қорына, кен орындарына сипаттама беріледі.

  4. Мұнай өндіруден түсетін пайданың жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына тигізетін әсеріне тоқталамыз.

  5. Сыртқы экономикалық байланыстар туралы. Сыртқы экономикалық байланыстар орнатуда мұнай өндіруші елдердің елеулі орны бар. Сонымен қатар мұнайдың мол қоры, дүниежүзілік саясатта да айырықша орын алуынасебепші болуда. Мұнай бағасы аймақтағы саяси жағдайға тікелей тәуелді болып отыр. Осы орайда ОПЕК ұйымының тарихына тоқталуымыз қажет.

Мұғалімнің кіріспе әңгімесін тыңдап, сипаттама беру үшін оқулықта берілген «Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер» атты кестеге талдау жасап, дәптерге жазады. Бұл кеестеде Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер тобы, олардың саны сегізге жетеді. Осы елдердің жерінің ауданы (мың км2 есебінде), мемлекеттік құрылымы, астанасы, халық саны (20047 ж), оның ішінде қала халқы, табиғи өсуі сияқты көрсеткіштер берілген. Осы аталған елдерге физикалық-географиялық тұрғыдан баға беріп, мемлкеттердің ежелгі тарихи қалыптасу кезеңдеріне шолу жасағанда «Таяу Шығыс» деген ұғымның мағынасын ашуда тарих пәнінен алған білмдеріне сүйенеді. Таяу Шғысы елдерінің мұнай мен газ қорына, кен орындарына сипаттама бергенде оқулық қосымшасындағы «Мұнай өндіретін жетекші елдер» деген кестеге талдау жасалады. Бұл кестеде мұнай өндірудің жалпы мөлшері, әлемдегі орны, жан басына шаққандағы мөлшері туралы мәліметтер берілген.

Оқулық материалдарына сүйену барысында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының өзгерісіне талдау жасалады.

ІІІ

Тақырыпта бекіту үшін бекіту сұрақтарын береді:

  1. Азиядағы мұнай экспорттайтын елдер тобына қандай елдер жатады?

  2. Осы аталған мұнайлы елдердің табиғат жағдайларының басты ерекшеліктері қандай?

  3. Мұнай экспорттайтын елдердің әлемдік қаржы жүйесіндегі орны қандай?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

1. Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер: Сауд Арабаиясы, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Бахрейн, Иран, Ирак

2. Аталған елдердің басты байлығы – мұнай мен газ. Мұнайдың барланған қоры жөнінен бұл елдер дүние жүзінде бірінше орын алады, олардың үлесіне әлемдік мұнай қорының 2/3 бөлігі тиесілі.

3. Мұнай экспорттушы бай монархиялар Батыстың экономикасын қаржыландыруда. Қаожыландыруды өсім алу мақсатындағы қаржы салымының бастаған бұл елдер қазіргі кезде ірі халықаралық қаржы ұйымдары мен ҰАБ құрылымдарының акцияларына бақылау жасау дәрежесіне жетті. Сауд Арабиясының шетелдік инвестициялар көлемі жүздеген млрд АҚШ долларымен есептеледі.

ІV

Үйге тапсырма:

1. Мұнайға бай елдердің табиғат жағдайына қысқаша сипаттама жазу.

2. Мұнайды сыртқа шығарушы елдердің қазіргі геосаяси жағдайына сипаттама беруді жазбаша түрде орындау.

3. Осы мұнайлы елдердің ішіндегі туризмді жақсы дамытушы елдерге мысалдар келтіру.

4. «Дидактикалық материалдар» құралындағы «Азия елдері» тақырыбы бойынша тапсырмаларды орындау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап алады.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қояды.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

VI

Сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтып, сабақты қорытындылайды.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге айтады.


Күні:

Тақырыбы:

Америка елдері. Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Американы қоныстану мен игерудің тарихи кезеңдері туралы білім беру; елдерді топтастырудың басты ерекшеліктерімен танысу.

Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Америка елдерінің табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық-географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың кезеңдері: І кезең – ұйымдастыру (2 мин) ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин) V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин) VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Оқушылармен амандасады. Оқушыларды түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

ІІ

Ең алдымен дәптерлерін тексереді. Кейін рефераттары мен хабарламаларын тыңдап, талқылайды. Өткен сабақтар бойынша бірнеше ауызша сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын тыңдайды.

Ең алдымен үй тапсырмаларының жазбаша түрлерін дәптерлерінде орындағандарын тексереді. Кейін бірнеше оқушы өзлерінің рефераттары мен хабарламалары бойынша ауызша жауап береді. Мұғалімнің өткен тақырыптар бойынша қойған сұрақтарына жауап береді.

ІІІ

Жаңа тақырыпты келесі жоспар бойынша жүргізеді:

1. Американы отарлауға дейінгі кезеңде оқулықтағы «Қоныстану және игерілу тарихынан» атты бөлім материалдарына сүйену. Осыдан 40 мың жыл бұрын Азияның солтүстік-шығысынан қоныс аударғандардың тұрмыс-жағдайларына сипаттама береді. Кейін оқушыларға тақырыпты ары қарай өздігінен меңгеру үшін бағыт-бағдар береді.

2. ХVІ ғасырдың басында еуропалықтардың Американы жаппай және жедел отарлау саясаты туралы қысқаша баяндап кетеді. Ал оқушыларға келесі міндеттерді тапсырмаларды береді:

- плантациялық шаруашылықтың мәнін ашу;

- отарлау әрекеттерін талдау;

- еуропалықтардың Американы отарлау саясатын анықтау.

3. Американың тарихи – географиялық аймақтарына сипаттама беріп, мысалдар келтіру.

Оқушылар мұғалімнің қысқаша шолуына назар аударып, кейін мұғалімнің бағыттауымен оқулыққа сүйене отырып, мұғалімнің ойын өздері жалғастырады:

Осыдан 25 мың жылдай бұрын Азиядан қоныс аударушылардың тұрмыс-тіршілігіне тоқталады:

- қоныс аударушы тайпалардың мекен ортасына, шаруашылық әрекеттеріне талдау жасайды;

- еуропалықтар келер алдында Америка жеріндегі аса ірі үш мемлекетке оқулықтағы 18-сурет бойынша сипаттама береді. Ацтектер, майя, инк тайпаларының тұрмыс-тіршілігінен мысалдар келтіріп, осы мемлекеттердің даму барысын тарихи деректерге сүйене отырып талдайды;

- хрестоматиядағы Американың ежелгі өркениеттері туралы мақаламен танысады.

Кейін оқушылар «плантациялық шаруашылықтың» мәнін ашып талқылайды, отарлау әреткеттерін талдайды, еуропалықтардың Американы отарлау саясатын анықтайды. Бұл тапсырмаларды орындау үшін тарих пәнінен алған білімдеріне сүйенеді, қосымша мәліметтер айтады. Кейін Американың тарихи-географиялық аймақтарымен танысады.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтарды береді:

1. Американы кім ашқан?

2. Америка құрлығын қандай тайпалардың өкілдері мекендеген?

3. Америка жеріндегі ежелгі мәдениет ошақтары қай аймақтарды қамтыған?

4. «Латифундия», «метис», «мулат», «самбо» деген не?

5. Американың ел топтары қалай бөлінген? Сонымен қатар «Дидактикалық материалдардағы» сұрақтар мен тапсырмаларды қолдану.

Оқушылар бекіту сұрақтарына жауап береді:

1. Америкаға ең алғаш жеткен Христофор Колумб, бірақ ол Американы Үндістан деп қателесіп, Америго Веспуччи жаңа континент ретінде ашты.

2. Америка құрлығында алгонкиндер, апачи, ольмектер, кейін ацтектер, майя және инк тайпалары мекендеген.

3. Ежелгі мәдениет ошақтары Мексика таулы қыратында, Юкатан түбегінде, Анд таулы ауданында болған.

4. «метис» - европалықтар мен үндістердің некесінен туғандар, «мулат» - европалықтар және африкалықтардың ұрпақтары, «самбо» - африкалықтар мен үндістердің некесінен туғандар. «Латифундия» - латынша latus – кең-байтақ, fundus – жер деген маңынаны береді, помещиктік жер иеліктері.

5. Американың екі тарихи-географиялық аймағы бар: басым солтүстіктегі Ағылшындық Америка, испандықтар мен португалдықтар отарлаған Латын Америкасы.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қояды.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

VI

Сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтып, сабақты қорытындылайды.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге айтады.


Күні:

Тақырыбы:

Американың жоғары дамыған елдері. Америка Құрама Штаттары. АҚШ-тың экономикалық- географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктерін ашу; мемлекеттің тарихы, геосаяси жағдайының әлемде алатын орнын анықтау.

Каталог: uploads -> doc -> 0c72
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c72 -> Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Сабақтың мақсаты
0c72 -> Тақырыбы: «Достықтың терең тамыры»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет