Сабақ кезеңін «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану»



бет1/2
Дата29.06.2020
өлшемі186,09 Kb.
#74664
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы ағылшын тілі сабағында


Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы ағылшын тілі сабағында

Тақырыбы: Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемі.

Сабақ кезеңін «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғаныс» кезеңдеріне бөлінді. Таңдап алынған «Сыни тұрғысынан ойлау» арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылық ізденісін қалыптастыруына жол ашылды.



I. Қызығушылықты ояту – жаңа сабақты түсіндіру кезеңдегі үйрету процесі. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа тақырыппен толықтырады кеңейте түседі. Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі? не айта алатындығын анықтаудан басталады. Оқушылардың ойын қозғау, ояту үшін АКТ-ны пайдаланылды. Интерактивті тақтада бейне ролик (1.1 сурет) көрсетілді.

Бейне ролик

Оқушыларға тақырыпты ашу мақсатында мынандай сұрақтар қойылды.

1.What is about the video?

2. Have you seen these animals?

3. What kind of animals and plants do you know?

Оқушылар бейнероликті тамашалап болған соң, қойылған сұрақтарға жауап бере отыра, сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтады. Оқушылардың бүгінгі сабаққа қойылған мақсаты: жануарлар мен өсімдікке қатысты жаңа сөздерді меңгеру және тақырып бойынша түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып ойымызды еркін, тиянақты жеткізу.

Оқушыларды топқа бөлу үшін түрлі стикерлер таратылды, оқушылар ұнаған стикерлерді таңдап, үш топқа бөлінді, бірінші топ «The steppes», екінші топ «TheAltai mountains», үшінші топ «Northern Tien Shan».



Pre-reading task. Creating a Venn diagram to reveal the differences and surprising similarities between animals and plants (1.2 сурет).

1.2 сурет – Venn diagram

Оқушылар алдарына «Animals and plants» тақырыбы бойынша венн диаграмма толтырудағы критерялар (1.1 кесте) ұсынылды. Бұл критериялар тапсырма орындауда көмекші ретінде беріледі. Оқушылар әр критерияға назар аудару керек. Бейне роликте көрген үзіндіні және критерияларды қолданып венн диаграмманы толтырды.


    1. кесте – «Animals and plants» тақырыбы бойынша венн диаграмма толтыру. Жұппен бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет