Сабақ кезінде әрқайсысын


Шығармашылық жұмыстын негізгі бағыттары



бет2/5
Дата25.12.2016
өлшемі1,36 Mb.
#4605
1   2   3   4   5

1.2. Шығармашылық жұмыстын негізгі бағыттары
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Ол үшін баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру керек. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен.: «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Қабілеттілік-белгілі бір істі орындап шығуға мүмкіндік беретін адамның жеке басының қасиеті. Әр адамның белгілі бір әрекеттің бір түріне мүмкінділігін білдіретін дара ерекшелігі болады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдынын, болуына байланысты. Бала қабілетін дұрыс байқап, онымен сапасын арттыру мұғалімдердің маңызды міндеттерінің бірі. Қабілет негізі екіге бөлінеді:

1. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке жақтарын көрсететін
қабілет.

2. Жалпы қабілет.

Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, зейінділік пең бақылағыштық, зеректілік пен тапқырлық т.б. Осы сияқты ақыл-ой әрекетінде көрінетін ерекшеліктер жалпы қабілетке жатады. іс-әрекеттің жеке жақтарынан көрініп, онын нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретік қабілетті арнаулы қабілет дейді. Бұған суретшінің, музыканттың т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.

Мұғалім ең алдымен сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттау керек. Яғни, оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шығармашылық тапсырма міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыларға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілін білу керек:

- шығармашылық жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұнын


жеткіншектердің жас ерекшелігіне және қызығушылығына үйлесуі керек.

- тапсырма- міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі.



Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймыз:

- шығармашылық тапсырманың мазмұн түрін ойлап табу.



  • шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін
    меңгеру.

  • көркемдік шешімін табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт
    боларлық жағдайларды тудыра білу.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі-ойдан ертегі құрастыру. Оқулықтағы берілген ертегілермен танысқаннан кейін осыған ұқсас ертегі құрастырылып немесе ренішпен, өкінішпен аяқталатын ертегіні қуанышпен аяқталатындай етіп өзгерту баланы шығармашылыққа үйретумен қатар армандауға, қиялдауға жетелейді. Оқушылардың тілі шебер, ойы орамды болу үшін ана тілі, қазақ тілі оқулықтарындағы мақалдармен шебер жұмыс жасау қажет. Үйренген мақалдарды орынды қолдану керектігі түсіндіріліп, «Сөз тапқанға-қолқа жоқ» сайысын және «мақалдатып» айтысу жұмысын жүргізу оқушы тілін, ойын дамытудың ең шебер құрамы. Оқулықта кездесетін мақалдарға сай келетін оқиға ойластыру немесе сурет бойынша мақалдар айту да баланың дамуына өз әсерін тигізеді.

Шығармашылық - өте күрделі процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға тән. Оқыту барысында оқушылар шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесі шығармашылық процесстің қандай кезеңдерден тұратындығын және неден басталып немен аяқталатындығын білуді талап етеді. Шығармашылық процесс 4 кезеңге бөлінеді:

1. Дайындық кезеңі.

2. инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.

3. интуицияның жарқ етуі. Эврика.

4. тексеру кезеңі.

Оқушыларды шығармашылыққа үйретудін тағы бір жолы - әңгіме жазғызу. Бұл жұмысты мен төмендегіше бастадым. Сынып оқушыларына қағаз таратылып беріледі. Оларға тақтада жазулы тұрған сұрақтардың астына жауап жазатын орын қалдырып, баған түрінде көшіріп алу тапсырылды. Бірінші сұраққа әркім жауапты өзі жазады, сосын жауабын қағаздың жоғарғы сұрақ жазылған бөлігін бүктеу арқылы көршісі көрмейтіндей етіп жауып, парталас отырған балаға береді. Екінші сұраққа сол бала жазып, жоғарыдағы ретпен жұмыс жалғаса береді. Ең соңғы сұраққа жауап жазылып біткенде, жұмыс жиналып алынады да, жалпы сынып алдында оқылады. Нәтижесінде қызықты, күлкілі оқиғалар, қысқа мазмұнды әңгімелер туып жатады. Сұрақтар мына төмендегідей болуы мүмкін:

Ол кім? (не?)

Ол қандай?

Қайда барды?

Кімді (нені) кездестірді?

Оқиға немен аяқталды?

Не туралы сөйлесті?

Әрі қарай не болды?



Әр бала - бір тұлға, оны көре білу сол бір әлемге жол табу әр ұстаздың міндеті. Себебі, біздің алдыңыздағы оқушы - біріншіден бала. Ал балаға ойын қажет. Сондықтан, сабақтағы ойын арқылы бала білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал ойынньщ өз мақсаты, жоспары, мәні қажетті заттары болады. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық әрекеті байқалады. Мұғалім сабақта баланы шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушыларды белсенділікке, саналы ойлана білуге, ой-өрісінің дамуына, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулуға үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.

Ана тілі сабағында шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі -жазғызуға баулу. Ұйқас сөздердің мәнін түсіндіріп, өлеңдегі ұйқастарды табуға көңіл белу.

4-сыныптарда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жұмбақтар, мақал-мәтелдермен сайыс сабақ өткізуде дамытушылық сипат беруді мақсат етеді. Олар:

  1. Оқиғаға байланысты мақал-мәтелдер айтқызу.

  2. Суретке қарап тұрып, бірнеше мақал айту.

Тапсырмаларды орындату арқылы сөздің құдіретін түсіну, мақалға деген қызығушылығын ояту, пайдалана білу міндеттері шешіледі. Мақал- мәтелмен жұмыс «айтыс» түрінде де жалғасын табады.

Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын және жауапты жұмыс. Дамыта оқытудың басты мақсаты - баланы оқыта отырып шығармашылық бағытта жан-жақты тәрбиелеу. Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін-өзін тануға ұмтылуы мен ізденуі. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзін тануына көмектеседі. Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, импульсивті қабылдау мүмкіндіктері де әртүрлі болады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, белсенділіктерін, қызығушылығын арттыру үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.



Олар;

1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

2. Пікірталас тудыру.

3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен тапсырмаларды шешу.

4. Ой шапшаңдығын және сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.

Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:

  1. Мұражайларға апару.

  2. Әртүрлі кездесулер өткізу.

  3. Сайыс және пікірталастар өткізіп алған әсерлері бойынша шығарма жазу.

4. Әрбір окытып отырған шығармалардың авторлары туралы толық
мағлұмат жинау және реферат жазу.

Осындай оқушылар жұмыстарды шығармашылыққа баулуға, оқушы бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға өз бетінше зор әсерін тигізеді. Бала ойындағы қабілетті ашу - оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.

Ұстаздың сабақ берудегі басты мақсаты баланы бастауыш сыныптардан бастап, шығармашылық ойларға және практикалық әрекеттерге дайын болуға, қызығушылыққа тәрбиелеу. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, көптеген сабақ түрлерін өткіздім.

Олар: аралас сабақ, семинар сабақ, сайыс сабақ, ойын сабақ, тестік сұрақтар оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға үйретеді. Ойлай білген адам кейінгі мен бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.

Ана тілі сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ең басты назарға алатын нәрсе:

1. Өлең шығаруға үйрету.

2. Ұйқасын тапқызу, сөз бен сөзді байланыстыру.

3. Ой тастау, бір оқиғаны суреттеу арқылы өлең жолдарын құрастыру.

Өлең жолын құрастыру 1-інші сыныптан бастап сауат ашу барысында басталады. Ол үшін оқушыларға алдымен ұйқас сөздердің мәнін түсіндіріп, ұйқастарды табуға тапсырма беріледі. Әрине жұмыс нәтижелі болу үшін бұл әдістерді тұрақты түрде және жиі қолданып отыруы керек. Осының арқасында 4- сыныптарда оқушылар өлең шығаруға төселіп қалады.

Қазіргі жаңа буын оқулықтарында оқушыға «өлең жалғастырып көр», «өлең жаз» деген тапсырмалар жиі кездеседі. Бірақ осы өлеңді жазу үшін оқушыны неге, қалай үйрету керек? Өлең жазу не үшін және қандай мақсатқа керек? Сөз өнерін меңгеру барлық адамдарға суреткер болу үшін емес, ешкімге тәуелді болмау үшін керек. Шығармашылыққа баулуға сыныптан тыс жұмыс түрлері:

- мектеп шеберханасына, мұражайға бару, әртүрлі кездесулер


бойынша шығарма жазу.

- суретті кітапша жасату, жазбаша баяндату.



  • мектептегі үйірмелерге сыныптан тыс жұмыстарға қатысуына
    жағдай жасау.

  • газет-журналдарға жазғызып және оны оқу үрдісінде үнемі
    пайдалану.

  • ауыз әдебиетінің түрлерін пайдалану.

  • әрбір оқылып отырған шығарманың авторы туралы мағлұмат беру.
    Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу, шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді. Оқушының шығармашылықпен айналысуы, үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Оқушының бәрі бірдей бір өнерге жақын болуы мүмкін емес, олардың қабілеті әртүрлі. Сол себептен балаларға берілетін шығармашылық өз бетінше деңгейіне қарай беріледі. Жалпы алғанда біздің мақсатымыз - оқушының тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, ана тілінің қасиетін ұғындыру, сонымен бірге, шығармашылық шеберліктерін шыңдау. Оқулықтардағы материалдарды талдай отырып «Ана тілі» оқулығындағы прозалық және поэзиялық туындылар арқылы беріледі. Мысалы: 4- сыныпта 135 шығарманың 58-і поэзиялық туынды, 77-сі прозалық туынды. 4- сыныпта 8 шығармашылық тапсырма берілген.

  1. «Менің ботам», «Менің құлыным» тақырыптарында өлең не әңгіме
    құрастыр.

  2. Батыр бала мен Шұбар ат (өлеңді жалғастыр) [7.31 ]

  3. С.Торайғыров. Туған еліме (өлеңді жалғастыр) [7.137]

  4. С.Сейфуллин. Наурыз (өлең үлгісімен өлең құрастыр) [7.167]

  5. К.Жұмағалиев. Туған өлкем («Менің Қазақстаным» тақырыбына
    әңгіме не өлең құрастыр) [7.195]

  1. А.Сопыбеков. Сапар мен парта (салақ оқушы туралы өлең не
    әңгіме құрастыр) [7.229]

  2. «Менің ботам», « Ақ бота» тақырыптарына өлең не әңгіме құру.
    [7.237]

8. К.Жұмағалиев. Мен соғысты жек көрем (Бейбітшілік, достық
туралы өлең не әңғіме құру) [7.273]

Оқушыларға «Өздерің өлең құр», «Өлеңді жалғастырып келіңдер» деп айту оңай болғанмен, өлең жазуға үйрету оңай жұмыс емес. Ол үшін оқушыларды жетелейтндей, қызықтыратындай шығарым -тапсырмалар берген жөн. [26.1-44].

Мұғалімнің шығармашылығы:



1. Стратегиялық- ұзақ уақытта міндеттер шешіледі.

2. Практикалық-тәрбиелік еңбекке баулу белсенділігін арттыру
әлеуметтік пікірін қалыптастыру дербестікке тәрбиелеу.

3. Оперативтік-дереу шешу тәсілін табу оқушымен бірге қызмет ету.
Мотив» тілек предметі басқаша айтқанда оқушының білімі оның танымдық қажетіне айналуы. Мотив-латын сөзі қозғаушы итермелеуші оятушы күш деген ұғым.

Таным мен мотивация сабақтас. Ой-жаңбыр болса бұлтты айдайтын жел-мотивация. Шығармашылық-баланың танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туатын құбылыс.

Этика-құлық. Эвристика-тапқырлық.

Эвристика грек сөзі эврика-табамын ашамын. Мұғалім шебер қойылған сұрақтар арқылы оқушыны жетелеп танымдық белсенділігін көтермелейді іздендіреді дәлелдейді қорытындылайды тұжырымдайды, Эвристикалық әдіс ішінара-іздестіру әдісі.

Проблемалық әдіс грекше problema - міндет тапсырма. Проблемалық оқыту белгілі бір міндеттерді шешуге жол ашу.

Проблемалық ситуация - шешілуі қиын жолды іздестіру. Жеңіл шешілетін міндет немесе мүлдем шешілмейтін мәселе болса проблемалық ситуация тумайды.

Сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Мұғалім сабақта дара топтық ұжымдық жұмыстың түрлерін ұйымдастырады. Тексеру:

1. Күнделікті:

  • ауызша сұрау.

  • жазбаша.

  • графикалық жұмыс.

  • практикалық жұмыс.

2. Мерзімді:

  • ауызша сынақ алу

  • жазбаша бақылау

  • тестік бақылау

3. Қорытынды:

- тоқсандық

- жартыжылдық.

- жылдық.

- емтихандар.

Тапсырма- міндеттелген іс, жұмыс.



Жаттығу- ережелерді тәжірибеде орындау

Тапсырмалардың ауқымы кең. Сөзжұмбақ, суретпен әңгіме, мәтінмен жұмыс, тесттік тапсырмалар сияқты түрлері көп. Ал жаттығу болса, грамматикалық ережелерді бекітеді.

Шығармашылық деңгей:

1. Мотивациялық компонент.

Өлшем дегеніміз - шығармашылық қабілеттердің деңгейін анықтауға арналған белгілер мен көрсеткіштер. Мотивациялық компонентке құмарлық, жаңалыққа қызығушылық, дербестік, жақсы баға алуға талпынып жатады.

Құмарлық - жаңалықты білуге, терең ұғынуға талпынады, үнемі сұрақ қояды. Жаңалыққа қызығу-баланың ақыл-ойы, ішкі күштері оған ерекше қуат беріп, алға ұмтылдырады.

Дербестік - балаларды өзіне үлестіреді, тапсырылған істе бірден бастамалық көрсетеді, тез шешім табады. Жақсы баға алуға талпыныс – жақсы баға күшіне күш, жігеріне жігер қосады. Әрі қарай оқуға деген негізгі мотив қалыптасады.

2. Интеллектуалды-логикалық компонент.



Бұл компонентке талдау, жинақтау, абстракциялау, салыстыру, дәлелдеу, пайымдау, түсіндіру сияқты қасиеттер жатады.

Талдау - тұтас затты, түсінікті, мазмұнды бөліктерге бөлу, ал жинақтау оған керісінше процесс.

Абстракциялау-ақылдылықтың белгісі. «Маңызды» мәселені «мәні төмендеу» мәселеден ажырата білуде байқалады. Ойлау- шығармашылық ойлаудың басты проблемалық жағдайдан басталады. Мәселені өз бетінше шешеді,ойы сергек, өзінше ойлауы бар.

Салыстыру - объектілердің ұқсастығын, айырмашылықтарын ажырата білу елеулі белгілерін анықтау.

Дәлелдеу-бұл күрделі интелектуалдықты талап етеді. Белгілері: өз ойын жеткізе білу, мәселені баяндауда негізгіні көмекшіден ажырата білу проблеманы шешудің жолдарын ашу.

3. Эмоционалды- сезімдік компонент.



Бұл компонентке шығармашылық қабілеттерді дамытуда басты орын алатын қиялдау, шабыт, интуиция сезім, белсенділік сияқты қасиеттер жатады.

Қиялдау - болжау, елестету. Жаңа образдар мен шешімдер жасау үшін шығармашылық қиял керек.



Шабыт - адамның күш-жігері шоғырланған әрекет. Жаңа ойлар, жаңа идеялар тасқынымен, саналықпен, өнімді ойлаумен сипатталады.

Оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық әсіресе
интеллектуалдық тұрғыда баланы жаңа психикалық сапаға Интуиция-
шешімнің жолдары мен шарттарын жете меңгерместен-ақ істе нәтижеге
жету.

Сезімдер - алдына қойған мақсатқа жетудегі мінез-қүлық көрінісі. Сезімсіз ізденушілік болмайды. Жоғарғы сезімдер істі нәтижелі аяқтауға көмектеседі. Интеллектілік сезімділік аңғарылады.

Белсенділік - қойылған проблеманы өз бетінше бастап нәтижелі аяқтау.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері, дей келе олар қоғамдық тарихи іс -әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.

«Қабілеттер-білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» - дейді А.В.Петровский. «Қабілет- іс-әрекеттің белгілі бір түрі ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті» - деп жазады Т.Тәжібаев.

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.

Репродуктивті (өнімсіз)- іс-әрекетті; не білімді берілген үлгі бойынша қабылдау, меңгере алу деңгейі.

Шығармашылық жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Ал шығармашылық сөзінін мәні неде? Шығармашылық сөзінің термині шығару іздену ойлап табу жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н.Пономарев көтереді.

Шығармашылық қабілет деген не? ІІІығармашылық әрекет өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық - адам іс-әрекетінің түрі.

Бастауыш класс оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекеттерде дамиды.

Біріншіден - кез-келген бала адамзат баласынын, осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім білік дағдыны қабылдайды. Екіншіден - кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуын, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әр түрлі мақсатты шешеді. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.

Бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Ол үшін мына төмендегі шарртар орындалуы тиіс.

Бірінші баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастап қолға алу. Мысалы біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой.

Екінші - баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер, жағдайына болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметік қарым-қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.

Үшінші - шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы қажет. Осьшдай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуында үлкен нәтиже береді.

Төртінші - және ең негізгі шарт - бала әрекеттің әр түрімен айналусыға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналусыға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылығы, қажеттілік, табысқа жетудің бірден-бір кепілі болып табылады. Бірақ балаға берілетін еркіндік үлкеннің қамқорлығын, көмегін талап етеді. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттер дамытудың бесінші шарты шығады. Еркіндік - ойға не келсе соны істеуге, ал қамқорлық көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмауы керек. [20; 5]

2. Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар.

2.1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет