Сабақ Күні: Класс: 8 Геометрия Сабақ тақырыбы: «Ақылды тақия мен құпиялы орамал» /Трапецияның ауданы тақырыбына есептер шығару



Дата25.08.2017
өлшемі0,8 Mb.
#27229
түріСабақ
Ашық сабақ
Күні:
Класс: 8 Геометрия
Сабақ тақырыбы: «Ақылды тақия мен құпиялы орамал»

/Трапецияның ауданы тақырыбына есептер шығару/


Мақсаты: 1) Сабақта оқушылардың трапеция, оның элементтері және ауданы

туралы білімін шыңдау; математикалық

білімін кеңейту; оны ұштау.

2) Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа,

жетістікке жетуге жолдастық пен достыққа, өзін-өзі

тәрбиелеуге үйрете отырып тәрбиелеу.

3) О қушының адамгершілік қасиеттерін, логикалық ойлауын,

өмірге деген көзқарасының дұрыстығын көрсете отырып,

түсіндіре дамыту.

Сабақтың типі: Білім мен дағдыны қорытындылау, жүйелеу сабағы

Сабақтың әдісі: қайталау, бекіту

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, интерактивті қалам, кеспе қағаздары, қоржын, тақиялар, орамалдар, презентация

Оқыту әдістері: репродуктивті, көрсете – суреттеу, ауызша баяндау, сұрақ – жауап алу. Сабақтың барысы:

Саламатсыздарма оқушылар! Баршаңыз «Ақылды тақия мен құпиялы орамал» атты сабағына қош келдіңіздер!

Өзінің аты айтып тұрғандай бүгінгі сайыс – қорытындысы ақылды, білімпаз оқушылардың қанжығасына байланбақшы

Көрініс:

«Аталар сөзі – ақылдың көзі»

Қария: - Балам, осы адамға ақыл беретін кімдер деп ойлайсың?

Бала: - Ой, ата,ол деген ана тілі ғой адамға ақыл беретін.

Қария: - Жоқ, балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға аыл беретін ата-ана,

ұстаз, оның досы.

Ата – ана ақылын баласы мен қызына айтады,ұстаз шәкіртіне

айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді, балам.

Қария: - Балам, сен ендеше мынаны акйтшы? Адамның ақылы қайда?

Бала: - Ой, ата адамның ақылы тілінде емес пе?

Қария:- Жо-жоқ, балам, тыңдап ал, есіңде болсын: Ханның ақылы -тағында

Ананың ақылы- жасында

Жігіттің ақылы-жақсылығында

Ал, Ғалымның ақылы- басында

балам, Иә балам ғалымның ақылы басында...

Ғалым - ол өте білімді тұлға олай болса, қариялардың дана сөздерін ағы бір қайталап өтсек; Ғалымның ақылы басында дейді.

Ендеше, бүгінгі өткізейін деп отырған сайысымызды «Ақылды

тақия мен құпиялы орамал» аталуының ерекшелігі, өзіндей орны бар демекпін.

Алдымыздағы білімпаз оқушылардан ұлы ұстаздар, ұлы – ғалымдар шықпасына кімнің таласы бар.

Сабақты бастамас бұрын алдымда тұрған тақия туралы айтып өтсем. Бұл тақия – «ақылды тақия» деп аталады. Осы сабаққа белсенді қатысқан оқушылар осы «Ақылды тақиялар мен құпия орамалдрдың » иегері болады.

Сонымен қатар, бүгінгі сабақтың өзі басқа киетін бас киімдер мен олардың түрлері қадір – қасиеті туралы болмақшы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, қазақта «Басыңды сыйла, басыңнан кейін бас киіміңді сыйла» демекші, сабақтың жоспарымен таныстырып өтейін:



«Ақылды тақия мен құпиялы орамал»

атты сабақтың жоспары:




  1. «Таңғажайып бөріктер» (сұрақ-жауап)

  2. “Білімді мыңды жығар” (семантикалық карта)

  3. “Құпиялы орамалдар” (сөзтізбек шешу)

  4. “Құнды сәукеле” (есептер шығару)

  5. “Ұшқыр ойдан, ұтымды жауап” (фигуралар сөйлейді)

  6. “Ақылды тақия мен құпия орамал” иелерін анықтау

(бағалау)

7. Үйге тапсырма




Бөріктердің астында сұрақтар жасырылған, соларға жауап беру керек.

  1. Трапеция дегеніміз не?

  2. Тік бұрышты трапеция?

  3. Тең бүйірлі трапеция?

  4. Трапецияның диагоналі?

  5. Трапецияның биіктігі?

  6. Табандары мен бүйір қабырғалы?










Сәукеле бас киімдер ішінде-өте құнды бас киім болып саналады және оның құны бұрын 100 жылқыға бағаланған екен. Ендеше келесі бөліміміздегі тапсырмалар құнды деп ойлаңыздар.











Бағалау. «Ақылды тақия мен құпиялы орамал» иелерін анықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға ер балаларға тақия, қыз балаларға орамал кигіеміз. /4 пен 5/
Үйге тапсырма: № 264, № 266 есептер

А Ш Ы Қ С А Б А Қ


Тақырыбы:

«Ақылды тақия мен құпиялы орамал»
/Трапецияның ауданы тақырыбына есептер шығару/
8 класс - Геометрия
Каталог: uploads -> doc -> 0f7a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f7a -> Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Жаныс ақынға», «Патша әмірі тарылды»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет