Сабақ үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Молжигитова Рита Маратовна



Дата02.07.2018
өлшемі96,65 Kb.
түріСабақ
Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ үлгілері

(іс-тәжірибеден)


Құрастырған: Молжигитова Рита Маратовна
Ақтөбе қаласы,

16 орта мектебінің



қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ақтөбе қаласы,

16 орта мектебі



Құрастырушы: Молжигитова Рита Маратовна – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ұсынылып отырған жинақта қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі қазақ әдебиеті пәнінен сабақтар үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңі

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:


  • білімділік - оқушыларға А.Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын айту, ақынның аудармаларына шолу жасау, «Екі шыбын» мысалының идеясын ашу, өлеңге әдеби-теориялық талдау жасау;

  • дамытушылық - сұрақтар, іздену тапсырмалары арқылы өз ойын еркін, сауатты әрі дәлелді түрде көркем тілмен жеткізуге, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру;

  • тәрбиелік –мәдениеттілікке, адамгершілікке, қарапайымдылыққа баули отырып, келешек жастардың саналы болып өсуіне, ақын уағыздаған жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ассоцация, зерттеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар

Пәнаралық байланыс: сурет, өзін-өзі тану, орыс тілі.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

1. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу.

2. «Ақын ініме» өлеңінен үзіндіні жатқа оқу.

3. Өлеңді талдау:

а) өлеңнің тақырыбы мен идеясы қандай?

б) өлең кімге арналған ондай өлең қалай аталады?

в) ирония деген не?

г) өлеңнің тәрбиелік мәні қандай?

4. Ахмет Байтұрсынов туралы ізденіс жұмысы (презентация)

III.Үй тапсырмасын бекіту. «Ақын ініме» өлеңіндегі ирониялық сарынды қай жолдардан көреміз? Ахмет ұлы Абай туралы қандай мақала жазды?

IV.Жаңа сабақ. 1. «Ой қозғау»

- Балалар, Ахмет Байтұрсынұлының әдеби-теориялық анықтамалар кітабы қалай аталатын еді?

- «Әдебиет танытқыш» - қазақ әдебиет тануының негізі. Өйткені ол – әдебиет теориясынғ әдебиет әдіс-тәсілін, әдебиет ұғым-терминдерін, әдеби жанрлар жүйесін түгел түзген зерттеу еңбек. Ғылымда дәлелденгендей, теориясыз білім болмайды. Біз әдебиет теориясына шолу жасайық, өткендерімізді еске түсірейік. Сұрақтарға жауап беру үшін мұқият тыңдаңыздыр.



  1. Өлең деген не?

  2. Өлеңнің құрылысы қандай?

  3. Тармақ неше жолдан тұрады?

  4. Шумақ неден тұрады?

  5. Өлең ұйқасы деп нені айтады?

6. Ассонанс деген не?

7. Аллитерация деген не? .

8. Эпитет деген не?

9.Теңеу деген не?

10.Метафора деген не?


2. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

Сабақтың эпиграфы: Бәленің түрін көрген мен – сары маса

Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан.

Ахмет Байтұрсынұлы
Мұғалім сөзі. Санамалай айтар болсақ, «Ахмет Байтұрсынұлы кім?» деген сұраққа былайша жауап беруге болады. Біріншіден, ХХ ғасыр басында қазақ халқының аса көрнеті қоғам қайткері. Екіншіден, қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарын жазған ағартушы. Үшіншіден, араб графикасына негізделген қазақ алфавитінжасап, оқу әдістемесін түбегейлі түрде жетілдірген ұлттың ұлы ұстазы. Төртіншіденқазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін қалаушы филолог-ғалым. Бесіншіден, тәлімі терең тәржімашы (аудармашы). Алтыншыдан, өлеңі сөзге ой ұйытқан, ойшыл ақын. Жетіншіден, тұңғыш бейресми «Қазақ» атты газет шығарып, қазақ баспасөзін көркейткен көсемсөздің көшбасшысы.

Ақын 1901-1922 жылдары аудармамен айналысқан. Орыс мысалшысы И.А.Крыловтан аударған және соның ізімен, идеясымен жазылған мысалдардың бірі - «Екі шыбын» шығармасы. Бұл шығарма мысал түрінде жазылған.



  • Мысал дегеніміз не?

- Мысалдың идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма болып келеді.

3. «Екі шыбын» өлеңін мәнерлеп оқу.



4. Сөздік жұмысы

1) маңғаздану – паңсыну, тәкәппарлану;

2) Мақтаншақ адам – өзін-өзі асыра бағалайтын, мақтауды сүйетін адам;

3) Әддін – шамасын, күшін

4) ғибрат – үлгі, өнеге

5) Мұрнын көкке көтеру – менсінбеу

5. Мағынаны ажырату. Тірек сөздер: шыбын, сабан, өгіз, жер жырту, ғибрат, мұрнын көкке көтеру

6. Грамматикалық тапсырма. Сөздіктегі сөздер мен сөз тіркестерінен синонимдер мен тұрақты сөз тіркесін табу.( Мұрнын көкке көтеру – тұрақты сөз тіркесі; Мұрнын көкке көтеру, маңғаздану– синонимдер)

- Өздерің байқағандай, шығармада автордың айтпақ ойы - мақтанға салынбау. Автор образы арқылы адамдардың бойындағы мақтаншақтық қасиеттерді сынайды.

7. Концептуалдық кесте

Р/с

Шығарманың аты

Шығарманың

кейіпкері

Кейіпкердің адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге берілетін баға

Шығармадан туындайтын ой-тұжырым, мақал-мәтел,

1

«Екі шыбын»

шыбын

төмен

мақтаншақ

Ғылым таппай мақтанба

8.Өлеңнің жоспарын құру.

1) Сабан тартқан өгіз

2) Мүйізіндегі қара шыбын

3) Шыбынның танысына кез болуы

4) Танысының жөн сұрауы

5) Шыбынның мұрнын көкке көтеруі

6) Өзімшіл шыбын

9. Өлеңді талдау

Кейбіреу көтереді мұрнын көкке, /11 буын/ /а/

Өз әлін өзі білген адам көп пе? /11 буын/ /а/

Мақтанып, бәрін де өзім еттім дейді, /11 буын/ /б/

Біреудің шылауында жүріп текке. /11 буын/ /а/

10. Сатылай кешенді талдау



  1. Авторы .- А. Байтұрсынұлы

  2. Тақырыбы - Екі шыбын

  3. Жанр түрі - поэзия /өлең/

  4. Идеясы - мақтанға, тәкәппарлыққа салынбау

  5. Шумақ - 5 шумақ

  6. Тармақ - 20 тармақ

  7. Бунақ - 3 бунақ

  8. Буын саны - 11 буынды

  9. Ұйқас түрі - қара өлең

  10. Әдеби теориялық ұғым - ирония, кекесін зілді мысқыл

  11. Түсіндірме сөздік- маңғаздану, мақтаншақ адам, әддін, ғибрат

  12. Өлеңнің тәрбиелік мәні – шыбынның бейнесі арқылы адамдарды мақтаншақтық, тәкәппарлық, өзімшілдік сияқты жаман әдеттерден сақтандыру.

Ахмет Байтұрсынұлы И.А.Крыловтың «Пчела и мухи» деп аталатын мысалының идеясын алған. Екі мысалшының да айтар ой-пікірі де, берер сабағы мен ұсынар түйіні де біреу - адамдар бойындағы мақтаншақтықтан, өзімшілдіктен аулақ болу. Бұл туралы И.А.Крылов өлеңінің басында айтса, Ахмет Байтұрсынұлы бұл ойды жинақтай келе, оқырманға ғибрат ретінде ұсынып отыр.

  • Өлеңнің ғибратын қай шумақтан оқуға болады?

  • Бұрын өткен мысалдарды еске түсіріңдер. 5-класта өткен «Егіннің бастары» өлеңінің ғибраты қандай болып еді? (Көрсеқызар, мақтаншақ болмау, әлі келмейтін іске ұрынбау).

  • Қандай мақалмен тұжырым жасауға болады? (Бидайдың басын көтергені – дақылы жоқтығы. Жігіттің кеудесін көтергені ақылы жоқтығы)

  • 6-класта өткен «Қара бұлт» өлеңінде қандай түйін бар? Қара бұлттың мақтаншақтығы мен қайырымсыздығын сынап, таудың сөзімен қарапайым болуға, еліне пайдалы еңбек етуге шақырады).

11. «Ой толғаныс» сатысы. Бес жолды өлең.
Зат есім: Ахмет
Сын есім: шебер, суреттер.
Етістік: аударды, шығарды, кейіптеді.
Синоним: ақын, мысалшы, аудармашы.
Сөйлем: Ахмет – ХХ ғасыр әдебиетшісі.
V.Қорытынды:

1.Мысалдан қандай әсер алдыңдар?

2. Өмірден қандай мысал келтіруге болады?

VIБағалау.

VIIҮйге тапсырма: 1.«Екі шыбын» мысалын жаттау.

2. «Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым» тақырыбына шығарма жазу.




Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі


Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

  1. Білімділік: Оралхан Бөкейдің өмірімен, шығармашылығымен, «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің мазмұнымен таныса отырып, шығарманың көркемдік идеясын ұғындыру; сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;

  2. Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өзгенің пікірін тыңдай білуге, өз көзқарастарын  сыни тұрғыдан шығармашылықпен жеткізе білуге баулу;

  3. Тәрбиелік: оқушыларды кейіпкерлер бейнесі арқылы адамның жан дүниесін түсіне білуге, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
    Сабақтың түрі: жаңа оқу материалдарын оқып-үйрену сабағы
    Оқытудың әдіс-тәсілдері: «Ой қозғау», «Топтастыру», «Диалог құру
    «еркін жазу» стратегиялары.
    Сабақтың көрнекілігі: оқушылардың О. Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына байланысты дайындаған слайдтары, шы,ғармаларының тақырыптарына байланысты суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. (Сынып оқушылары 3 топқа бөліне отырғызылған)

ІІ.Сабақтың мақсатын, барысын айту

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1) «Ой ашар»

    • С. Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасы прозалық жанрдың қай түріне жатады? (әңгіме)

    • Аян халық ауыз әдебиетінің қай түрін шебер айтушы еді? (Ертегі)

    • Аян Асылбек қартқа аяғын салдырғанда қандай қасиет көрсетті? (Төзім)

2)«Шешуін тауып көр» - оқушылар бір-біріне үйден дайындап келген сұрақтарды қояды. Бұл тапсырмаға қойылатын талап: оқулықтағы сұрақтар қайталанбауы керек және «ойламаған жерден», яғни кейбір оқушы аса көңіл бөлмейтін, бірақ шығармадағы «өз орны» бар детальдар назарға алынуы тиіс. Бағалау кезінде сұрақ дайындаушының да, оған жауап берушінің де еңбегі ескеріледі.
IІI. Мағынаны тану. 1) Оқушылар дайындаған слайдтар бойынша Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығана шолу жасаймыз.

2) 3 топқа әңгіме мазмұны таратылады. Түсіндірме сөздік жұмысын жүргізіледі.


Түсіндірме сөздік
Иығы - жоғарғы жағы деген мағынада жұмсалған.
Күреңсе - мамық шөп
Маялау - шөпті үйіп жинау
Көңіл хошы - көңіл күйі
3) Әңгіменің мазмұнына қарай топ оқушылары бір-бірін жалғайды, өзара пікір алмаса отырып, толықтырады
«ДЖИГСО-1» стратегиясы
(мәтін мазмұны оқушыларға таратылып, әңгіменің мазмұнына байланысты сурет тақтаға ілінеді, оқушыларға уақыт беріледі)
Топ оқушылары бір-бірінің ойын жалғай отырып, шығарманың мазмұны тыңдалынады.

4) Жетелеуші сұрақтар:


- Үзінді кім туралы, авторы кім деп ойлайсыздар?
- Әңгіме неге "Тортай мінер ақ боз ат..." деп аталған?
- Әңгіменің тақырыбы туралы не айтасыздар

5) Мәтіннен бейнелі сөздерді табу


Эпитеттер - жаймашуақ сәт, төңкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, көк мұнар дүние
Теңеулер - табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап, ұядай қылып жинау, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма
Мақал - мәтел - Аш бала тоқ баламен ойнамайды. Ораза - намаз тоқтықта ғана.
Фразеологизмдер - Қой аузынан шөп алмас, ит басына іркіт төгу

6) Топтар кейіпкер бейнесін ашып суреттейді

1-топ: Тортай бейнесін Аян бейнесімен салыстырады.

2-топ: Тортайдың тағдырын казіргі уақытпен байланыстыру

3-топ: Тортай не үшін жапа шекті, кім кінәлі? Деген сұраққа жауап береді

7) Бас кейіпкерлерге мінездеме беру


Ораз
Тортай
IV. Ой толғаныс
- Шығарманың сіз үшін тәрбиелік мәні қандай болды?
V. Үйге тапсырма беру: (Менің бақытты балалық шағым» тақырыбына эссе жазып келу.Соғыстан кейінгі балалық шақ пен бүгінгі таңдағы балалық шақты салыстыра ой толғау.
Бағалау


Сабақтың тақырыбы: Қадыр мырза-Әлінің өлеңі «Кәрі қыран» өлеңі


Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Қадыр Мырза-Әлінің өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет бере отырып, «Кәрі қыран» өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру;

  • ә) дамытушылық: оқушылардың адалдық, биіктік, ұлт туралы ұғымдарын кеңейту;

  • б) тәрбиелік: адамгершілік пен намысшылдыққа, қайсарлыққа баулу;
    Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

  • Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, «рөлдегі оқушылар» әдісі, мәнерлеп оқу, салыстыру, іздену т.б
    Қолданылатын әдіс- тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, Инсерт кестесі.
    Сабақтың көрнекілігі: Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар, кестелер, қыран суреті, электронды оқулық, интерактивтік тақта.
    Пәнаралық байланыс: Биология,География, музыка, бейнелеу өнері,қазақ тілі.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру.

    ІІ.Үй тапсырмасын тексеру ( жедел сұрақтар қою арқылы)

  • 1. Қалихан Ысқақовтың туған жылы.
    2. Туған жері.
    3. Шығармаларын ата.
    4. Шығармаларының алтын арқауы.
    5. «Қоңыр күз еді» повесінің кейіпкерлерін ата.
    6. «Отыздар шамасындағы орта бойлы, арық қара жігіт. Оның мөлдіреген тұнық көзінің тереңінде әлдебір мұң иіріліп жатқандай, биік қабаттың астында мөлиетін де тұратын. Алқымында балық желбезегіндей қатпар-қатпар боп сыңсып жататын ескі жарадан қалған қызылшақа тыртығы бар еді...?» Кімнің портреті?
    7. Алматай ағай Қасымға қандай қызық кітап берді?
    8. Алматай бұл кітапты неге жасырады?
    9. «Қоңыр күз еді» повесіндегі оқиға қай кезеңді қамтиды?

  • 10. Қасым неге күзді еске алып отыр?

  • 11.«Әкең сұраса да берме, ешбір жанға көрсетпей оқы» деген қай шығарма?

  • 12. Алматыға келгенде жазушымен кездесем деген үміті неге үзілді?

  • ІІІ.Жаңа сабақ.
    1.Ақынның өмірі мен шығармашылығы (оқушылар дайындаған слайдтар бойынша)
    2.Ақынның өлеңіне жазылған әндерге шолу (тыңдау)

  • 3. Ақын туралы пікірді аудио таспадан тыңдау.
    4.Ой шақыру. Қыран қандай құс? Ол туралы не айта аласыңдар?

  • 5. «Білгенге маржан». Қыран құстар туралы түсінік беру (оқушылар дайындаған мәлімет).
    Қыран құстар табиғи туыстығы, қабілеті, түс өзгешелігі жағынан 4-4-тен 16-ға бөлінеді екен.
    Бүркіттер тобы: байқасқа, ақиық, қараша, көнтабан шөгел
    Қаршыға тобы: тұйғын, қаршыға, шәулі, қырғи
    Ителгі тобы: сұңқар, ителгі, пәрім, күйкентай
    Лашын тобы: бидайық, лашын, жағалтай, тұрымтай
    6. Мәтінмен жұмыс.1) Электрондық оқулықтан «Кәрі қыран» өлеңін тыңдау.
    2) Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу (мұғалім және бірнеше оқушы оқиды)
    Сонан соң бірнеше оқушы оқиды.
    Ой талқы.
    -Не түсіндік?
    -Қыран қандай?
    - Өзін-өзі өлімге итерген қандай күш?
    -"Қыранша өмір сүргенің қандай бақыт, қандай бақыт қыранша өле білген" деген жолдарды қалай түсінесің?

7. Сөздік жұмысы
Зәбірі артты - азап көрді, жапа шекті
Албасты басқыр (қарғыс) - біреуге кейігенде жамандық келсін деген мағынада айтылады.
Тәрк ету - дүниеден безу.
8. Әдебиет теориясынан
Баллада туралы мәлімет. Символ дегенміз не?
Топтық жұмыс.
1-топ-Өлеңнің шумағына талдау.
2-топ-Ұйқас түрін табу.
3-топ - буын, бунақ санын анықтау.
Сергіту сәті.
Ақынның өлеңіне жазылған "Атамекен" әнін қосылып айту.
Ой түйін.
Венн диаграммасы.
Қазақ халқы мен Қыранқұсты салыстыру.

  • Өлеңмен жұмыс. Оқушылар 5 топқа бөлінеді.

  • «Рольдегі оқушылар»

  • 1-оқушы-мәнерлеп оқиды;

  • 2-оқушы-мазмұнын айтады;

  • 3-оқушы- көркемделген сөздерді табады;

  • 4-оқушы- мағынасы түсініксіз сөздерді табады;

  • 5-оқушы- жоспар құрады

  • Қорытынды: Сонда әңгіме қыран мен мұзбалақ жайында екен.

  • «Мұзбалаққа» түсінік беру.





  • Екеуін салыстыру (4 қасиеті)

  • өжет қырағы осал жас


  • қыран

    мұзбалақ






  • қайсар сақ тәжірибесіз аңғал



  • 9. Мәтінді талдау, идеясын ашу.
    1. Ақын кәрі қыранды қалай суреттейді?
    2. Қарт қыран қандай халге душар болды?
    3. Неге намыстанды?
    4. «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті» деген жолдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Одан қыранның өткен ғұмыры қандай болғаны байқалады?
    5. Қыранның соңғы шешіміне не себеп болды?
    6. «Кәрі қыран» өлеңінің баллада жанрына жатқызуға болатын белгілерін анықтап, мысалдармен дәлелдеп әңгімелеу.
    7. «Қыранша өмір сүргенің-
    Қандай бақыт!
    Қандай бақыт-
    Қыранша өле білген!- деген жолдардағы тұспалды ойды анықтау.
    Ақынның ойын әңгімелеңдер.

  • 10. Өлеңге поэтикалық талдау жасау
    Кейіптеу: күрсінді тау ақ қарлы.

  • Теңеулер: қоладай қайырылып, өртенген самолеттей, дөңгелек шарайнадай, т.б.
    Аллитерация: Қанатынан қаңтардың қары бүркіп
    Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.
    Қырағы көз бүгінде қарауытып,
    Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт Эпитеттер: ақ кебінді, ақ алмас шеңгелі, қырағы көз, қырдың қызыл түлкісі, құрыш тырнақ, т.б.
    Психологиялық параллелизм – көк аспанын мұң қаптаған кезде..
    Синонимдер: кәрі-шау, жасын-найзағай, тірлік-өмір-ғұмыр.
    Антонимдер: қарттық-жастық, кәрі-жас, өлім-өмір.
    Фразеологизм: тәрк етіп, зәбірі артты, т.б.

  • 11. Өлеңді композициялық құрылымына талдау.
    Шығарманың экспозициясы: Қияда қалғып отырған кәрі қыран.
    Байланыс: Кәрі қыранның ауыр халі.
    Дамуы: Шау бүркіттің ойы.
    Шарықтау шегі: Қақ бөлінген көк тас.
    Шешімі: «Қандай бақы! Қыранша өмір сүргенің!»

  • 12. Қырандар туралы жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?
    1. С. Мұқановтың «Өмір мектебі» романынан үзіндісінде Ахметтің лашынының құсы туралы оқыдық.

  • 2.М. Шаханов «Отырар» өлеңінде алты ай бойы Отырарды құтқарам деп арпалысқан Қайыр атты ханды қыранға теңейді.
    13. Инсерт кестесі.
    ІV. Бекіту: Небілдік?Не таңқалдырды? Не білгім келеді?

  • V. Бағалау.

  • VII.Үйге тапсырма: «Тауға ұшам, қуат алып қыранның қанатынан» тақырыбында эссе жазу.



Сабақтың тақырыбы: Қазақ сазгерлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қазақ халқының атақты сазгерлері мен олардың шығармалары туралы мағлұмат беру;

Дамытушылық: қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: қазақ музыкасына деген қызығушылығын арттыру, сүйіспеншілігін күшейту; өнерді сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих

Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, проблемалық тапсырмалар

Сабақта қолданатын технология: интерактивті оқыту технологиясы

Көрнекілігі: электрондық оқулық, ноутбуктар, слайдтар, үнтаспадағы күйлер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды екі топқа бөлу. Әр тапсырмадан соң түрлі түсті фигуралар беріледі. Жасыл түс – дұрыс жауап, Көк түс – жауап толық емес, Қызыл түс – жауап дұрыс емес.

ІІ. Сабақтың мақсатын айту

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру


  1. «Миға шабуыл» Күй аңыздары туралы не білесіңдер?

  2. Электрондық оқулықпен жұмыс жасап, сөйлемдердегі септік жалғауларын анықтау.

ІV.Жаңасабақ.

  1. Мағынаны тану. Слайдтарды пайдалана отырып, Құрманғазы Сағырбаев пен Ахмет Жұбанов туралы әңгімелеу

  2. Күйлер тыңдау: Құрманғазы Сағырбаевтың «Адай» күйі, А.Жұбановтың «Би» күйі

  3. Сөздік жұмысы. Жаңа сөздерді оқып, дәптерге жазу. Оларды есте сақтағандарын бақылау мақсатында «Домино» ойынын өткізу.

  4. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді іштерінен оқиды. Тақтадағы сұрақтарға топтар кезекпен жауап береді.

  1. Құрманғазы Сағырбаев кім?

  2. Күйші қай жылдары өмір сүрген?

  3. Оның қандай күйлері бар?

  4. «Құрманғазы» атты поэманы кім жазды?

  5. Күйшінің портретін жазған суретші кім?

  6. Құрманғазы атында не бар?

  1. «Мені таны» ойыны. Оқушылар слайдтардан көрсетілген портреттер бойынша атақты сазгерлерді атайды. Олар: Қорқыт ата, Дина Нұрпейісова, Ахмет Жұбанов, Ғазиза Жұбанова, Мұқан Төлебаев, Құрманғазы Сағырбаев, Шәмші Қалдаяқов.

  2. Диалог. Ахмет Жұбанов туралы оқып, мәтін үлгісінде «Сұхбат» жүргізу. 1-топ - А.Жұбанов туралы; 2-топ - М.Төлебаев туралы сұхбат жүргізеді.

  3. Дәптермен жұмыс. 3-тапсырма. Сөйлемдердегі кірме сөздердің астын сызып, тиісті көптік жалғауын қойып жазу.

V.Рефлексия. Не білдім? Не ұнады? Не білгім келеді?

VІІ Бағалау. Түрлі түсті фигуралар арқылы бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма беру: 4-тапсырма. Кестені толықтырып, «Қазақ сазгерлері» деген тақырыпқа әңгіме дайындау.


Конференция-сабақ

«Үш бәйтерек»

Қатысушылар: 7 класс оқушылары



Шараның мақсаты:

Білімділік: ұлағатты адамдардың өмірімен шығармашылық жолын оқушыларға таныстыру, азаматтық тұлғасын таныту.

Дамытушылық: мәнерлеп оқу, ауызша сөйлеу, көпшілік алдында сөйлей білу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық жұмыс істеуге, мәнерлеп оқуға, өздігінен қорытынды шығаруға, іздемпаздыққа үйрету.

Тәрбиелік: оқушыларды биік адамгершілікке, елжандыққа баулу. Оларды елінің тарихын біліп, болашағына еңбек етулеріне шақыру.  

Көрнекілігі: І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлиннің портреті, ақын жазушылардың шығармалар жинағы, техникалық құралдар, викториналық сұрақтар, интерактивті тақта, презентациялар, музыка, реквизиттер 

Әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, көрініс, викториналық сұрақтар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. («Тау ішінде» әні қойылады)

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

- Бүгінгі оқушылар конференциясының тақырыбы «Үш бәйтерек». Конферецияда біз  І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлиннің өмірі мен шығарамашылығы туралы мәліметтермен танысамыз. Олардың бір заманның өкілі екені анық. Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет  Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс-әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт-сенімдері кеңінен көрінеді.

       «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты. Әдебиеттің «Үш бәйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегінде жол тапты.  

ІІ. Негізгі бөлімі.

1) 1-жүргізуші. «Туған жерім – Сарыарқа». (Презентация)

- Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы) туған . Әкесі Сейфолла домбырашы, шешен әрі саятшы болған. Анасы Жамал ертелі – кеш Сәкенге аңыз-әңгіме, ертегілер айтып берген.

         Табиғаттан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен. Әке – шешесінің ықпалымен жас Сәкен нәрсені біліп, болашаққа үмітін арттыра түсті.

         Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса – хиқаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», - деп, тоғыз жасында Нілді заводына жіберді.  

Сарыарқаның сайын даласы, Есіл, Нұра өзендері мен Оба, Ор тауларының әсем көріністері Сәкен шығармашылығының дамуына әсер етті. Өсе келе қоғам қайраткері, ақын – қаламгер ретінде жұртшылық жүрегіне жол тапты. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тартты. Халық өмірін, еңбегін, адамның өміріндегі орнын кеңінен суреттей білді.  

С. Сефуллиннің «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы халық өмірі мен тұрмысын кең көлемде жырлады. 1916 жыл оқиғасы, революция шындықтары, өмір - тұрмыс сырлары «Тар жол, тайғақ кешу» романында суреттелген.

         Оның «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс» атты өлеңдер жинағы және т.б. шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алды.

         Сазгер ретінде  Сәкен  Сефуллин қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты. («Тау ішінде» әні, орындайтындар 6 «Ә» класс оқушылары)


1- оқушы «Ананың хаты»

«Балам, сағындым,

Ұмыттың ғой, бізді, тіпті,

Бір келмедің не қылдым?

Оқу іздеп кеткеніңнен

Ауылға бір қайтпадың.

Біз не көрдік жеткеніңнен,

Елге уәж айтпадың.

Жас күнінде көп ойлаушы ем,

Сені әлдилеп, тербетіп.

Арманым жоқ, деп ойлаушы ем,

Қалқам өссе ер жетіп.

Болмай шықты ойлағаным,

Сен жігіт боп жеткен соң,

Қалжырадым, ойла, жаным,

Сен алысқа кеткен соң.

Қалжырадым, сағындым мен,

Бір кеп көрін көзіме.

Ұмытқандай не қылдым мен,

Жауап қайтар сөзіме!»

 




2-оқушы «Сыр сандық»

Әр адамның ішкі сыры

Берік қойма сақталған.

Сол қойманың бір түпкірін

Достың досы-ақ ақтарған.

Кейде ашуға сол түпкірді

Іздейді жан жақынын.

Шертеді жан сырлы жырды

Сырлас жанын шақырып.





3-оқушы «Домбыра»

Домбыраға қосылып

Көкірегім сарнады.

Кернеді, толды, тасыды,

Көзімен жас парлады.

Тыңдаушы үйде әлеумет

Көңілденді, ойланды.

Тұнжырасып біресе

Тереіге сүңгіп ойлады.

Домбыраның күйлері:

Жас жүректің сыры еді,

Көңілдің зары, мұңы еді,

Көкірек сарын – үн еді




2) 2-жүргізуші «Поэзияның құлагері» (Презентация)

Қазақ проэзиясының екінші бәйтерегі – Ілияс Жансүгіров Алматы облысы, Ақсу ауданында туған. Ілияс анасынан ерте айырылып, әкесі Жансүгірдің үлгі - өнегесін көп көрген. Ескіше хат таныған. Аңыз - әңгіме, шежіре сырларын естіп өскен.

         Жетісудың бай табиғаты, ақындық, батырлық дәстүрлері Ілиястың өмірге, ізгелікке, сұлулыққа құштар болып өсуіне көп ықпал етті.

Ілияс Жансүгіров Алматы, Ташкент қалаларындағы ағарту ісіне қатысты курстарда оқыды. Фольклорлық экспедицияға шығып, баспасөзге араласты. «Сағанақ» атты алғашқы кітабы 1928 жылы жарық көрді. Ілиястың ақындығы «Тілші», «Кедей еркі», «Арман», «Әншіге» деген шағын өлеңдерінен басталып, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» атты көлемді поэмаларымен жалғасын тапты. Ақын «Дала» поэмасында – Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Сібір мен Самарқанд, Шу мен Сыр секілді кең – байтақ өлкені мекен еткен қазақ халқының өмір – тұрмысын, дәстүр - өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал, «Күй» және «Күйші» поэмаларында тарих пен тағдыр ісі, қазақ халқының бастан кешкен оқиғалары тартымды жырланады.

1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспасөзінін қалыптасуына көп үлес қосты. 1934 – 1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.

         Жазушының Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.

         Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтын Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды.

  3-оқушы «Құлагер» (поэмадан үзінді)



Қайырып қыстай баптап Құлагерді

Осы астың дақпыртына Ақан келді.

Мінгізіп бәйге бала жайтаңдатып,

Аулына ас бергеннің тақау келді.

Араға алты қонып алыс жерді,

Алып ед жайлап жүріп, Ақан сері.

Хабары Құлагердің осы жаққа

Келуші ед еміс-еміс көптен бері.






4-оқушы «Жазғытұрым»

Ой, балалар, балалар!

Жылы-жылы жел соқты,

Жылғалардан су ақты.

Қаңқыл-қаңқыл өаз кепті.

Жер қарайды – жаз кепті.

Желкілдейді көк майса

Желіндейді мал жайса.

Ауыл көшті қыстаудан

Әне! Апамдар қой сауған.

Құс ұясын түзеді,

Тайымды ағам күзеді.

Ел ешкісін қырқыпты

Егіндерін жыртыпты.

Ой, балалар, балалар,

Ойналық та күлелік,

Қос басына мінелік.




5-оқушы «Жазғы шілде»

Ой, балалар, балалар,

Шілдем, шілдем – шілде айым.

Шырлап торғай күн сайын.

Шұбар ала шешектер

Шудалаған көк шөптер.

Жапырақтар жалпайды.

Жас қозылар марқайды.

Ұшты көкек сай құлдай

Сайда пісті таңқурай.

Құрт, ірімшік қайналды,

Құлындар да байланды.



6-оқушы «Гималай»

Сол күннен нұр ала алмай,

Басы мұнар, бауыры тар,

Гималаймасқар неге олай?-

Анасындай алтын күн –

Сел жіберіп, бір жуып,

Жел жіберіп, бір желпіп,

Ауық-ауық құшақтап,

Әлсін-әлісін нұр сеуіп.




3) 3-жүргізуші «Теңдік жыршысы» (Презентация)

         Бимағамбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Қостанай уезі, Дамбар болысы, Әйет өзені бойындағы Ақтөбе деген жерде туған. Жасынан әкесінен айрылып, анасының тәрбиесінде болған.Бай есігінде жүріп, бейнет пен жоқшылықты көп көрген.Ауыл молдасынан хат танып, Троицкідегі «Уәзифа», Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. Татар, башқұрт ақын – жазушыларымен достық байланыста болып, алғашқы өлең, әңгіме, очерктерін жазды.

         Бейімбеттің шығармалары – қазақ өмірін, кедей тұрмысы мен тіршілігін, ауыл адамдарының еңбек әрекеттерін бейнелейді.

Ақынның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқан келіншек», «Маржан» атты өлеңдері әйел теңдігін, жер бөлісін, адам әлемін суреттейді. Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасын бай мазмұнымен, көркем де шеберлік сипаттарымен ерекше орын алады.

         Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті.    
 7- оқушы Б. Майлин «Арман». 


Арман! Арман!

Дүние жалған-

Мың құлпырдың күніне,

Күйдін,жандын,

Малды алдың,

Жеттің ақыр түбіне.

Өткен арман!

Алуан,алуан-

Өмір сүрген дәуренім.

Бәрі бітіп,

Сәнім кетіп,

Осы күні әуремін.

Бояудан тон-

Көрінген соң,

Қайнағаны сорымның.

Зарлап – зарлан!

Арман, арман!

Бөгелгені жолымның




4) Көрініс. Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесінен үзінді.

2- жүргізуші: Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген – Сәкен Сейфуллин,Ілияс Жансүгіров,Бейімбет Майлин бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өтті.

1 - жүргізуші: Қазақ зиялылары,ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі аталған ақын-жазушылары кеңес үкіметі тұсында «Алашордашыл - ұлтшылдар» атанды.20 ғасырдың отызыншы жылдар ойранында жазықсыз, жолсыз жазаға кез келді.Қуғын- сүргінге ұшырап, атылды.  

2 - жүргізуші: Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек- Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмырбаяндары ғибратты да мәнді болып табылады.  

1-жүргізуші:Заман қалай, адам қалай өзгерді

Өзгергенді шүкір қазір көз көрді.

Арың менен ақиқаттың алдында

Шындықты айтып шыңғыратын кез келді.

Айтса нанар сенгіш халық едік қой.

Халқымыздың қамын жеген ұлдарын

О, ғаламат, халық жауы дедік қой!
 ІІІ. Қорытынды бөлім. Викторина өткізу

1. Сәкен Сейфуллиннің шын аты? (Садуақас)

2. Сәкеннің өмір сүрген жылдары (1894-1938)

3. Бейімбет Майлиннің шын аты (Бимағамбет)

4. Бейімбетті кім тәрбиеледі ?( шешесі)

5. Ілияс Жансүгіровтың туған жері (Алматы облысы, Ақсу ауданы)

6. Ілияс Жансүгіров кімнің тәрбиесінде болды? (әкесінің)

7. Ілияс Жансүгіровтың қай поэмасында Ақан сері өмірі бейнеленген? (Құлагер)

8. Сәкеннің туған жері (Ақмола облысы)

9. Бейімбет Майлиннің туған жері. (Қостанай уезі)

10. Сәкеннің әдеби қызметінің жиырма жылдығы қай жылы тойланды?

(1936)


11. Қазақтың үш бәйтерегін ата (Сәкен, Ілияс, Бейімбет).  
Сәкеннің әнін тыңдау және шырқау («Біздің жақта» әні)

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» дастаны
Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: М.Жұмабаев шығармашылығын өз бетінше ізденіп оқуға, поэманы түсінуге және талдай білуге қалыптастыру. Тарихи деректер мен поэма мазмұнын астастыра отырып, Баян бейнесін аша білуге үйрету.

Ә)дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ойлау және көркем де дәйекті сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Өз ой пікірлерін оралымды, дәлелді жеткізуге, ізденімпаздыққа қалыптастыру.

Б)тәрбиелік: Баян әрекеттерін бағалау, талдау барысында, Абылайдың тұлғалық сипатын ашуда оқушы бойында патриоттық сезімді ояту. Бауырмалдыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мағжан суреттері, плакаттар, ойындар, семантикалық карта, сызбалар, әдеби деректер

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, кино өнері

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ойталқы, алдын ала тапсырма беру, талдау, зерттеу

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Сыныптың сабаққа қатысымын тексеру

Сыныпты топтарға бөлу /Даттаушы және жақтаушы топ/
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

«Әдебиет лотосы» ойыны



Автор


Шығарма аты

Кейіпкерлер жағымды, жағымсыз

Оқиға желісі

Немен аяқталады?

Қазіргі заманмен салыстыру

М.Жұмабаев

Батыр

Баян


Абылай

Ұса


Баян

Серен


Қанай би

Ноян


Тұтқын қыз

1. Абылайдың ақ туы астында

2.Тұтқын қыз

3.Ноянның қыз тілегін орындауы

4.Намыс оты

5.Шапқыншылық


Батыр Баянның өлімімен аяқталады. /трагедия/

Бүгінгі жігіттердің ел қорғаудан қашатындығы.

Қыздың ана алдындағы уәдесінде тұруы.

Намысқойлық


«Адасқан тармақтар» ойыны

1. Ақында азаматтан асқан дос болмайды, 1

Жалғыз -ақ сырын сөйлер қаламына.

2. Екі жас аттарынан ыршып түсті, 2

Түскенде бірін- бірі құшып түсті.

3. Ер Баян көмді екеуін дөң басына, 3

Түсірмей бір топырақ ортасына.

4. Баянның басын бірі кесіп алып, 5

Бұлғады найзаға іліп, оқты салды.

5. Жүз бөрі аз дамылдап алысты да, 4

Ат қойды қалың жауға «Абылайлап».


Шарты: Берілген дастан үзінділерін рет- ретімен қойып, оқиға желісін анықтау.
«Топтастыру шарты» стратегиясы

Абылайға, Баянға, Ноянға мінездеме



Абылай: ақылды хан, айлалы батыр, қайратты қаһарман, даңқты қайраткер, дарынды дипломат, елін, жерін сүйген патриот.

Баян: ел еркесі, алаш батыр, қандыбалақ сарбаз, намысшыл ел, патриот тұлға

Ноян: Білікті жігіт, сүйгеніне адал ер, аңғал, қайырымды, адал.
Ойын: «Хан тәңірі » шыңына шығу

Шарты: Берілген баспалдақтағы жылдар тізбегін пайдалана отырып, Абылайдың тарихи бейнесін жасау



Х а н т ә ң і р і

Аңырақай шайқасы

Төле би. Сабалақ

1723ж Жоңғар шапқыншылығы

Көркем Уәли шаңырағы

1711ж. Арыс жағасы


«Ойды жинақтау» ойыны
Ойын арқылы үй тапсырмасы қорытындыланады.

Шарты: Берілген теориялық ұғымдарды пайдалана отырып, шығармаға талдау жасау.




  1. Оқиғаның басталуы: Батыр Баянды Абылайдың күтуі

  2. Оқиғаның шиеленісуі: Тұтқын боп келген қалмақ қызы мен Ноян әрекеті. Баян батырдың ыстық сезімі.

  3. Оқиғаның шарықтау шегі: Қалмақ еліне қашып бара жатқан екі ғашықты Баянның өлтіруі.

  4. Оқиғаның шешімі: Батырдың өз үкімі. Баянның ерлігі

...Көзімнен неге ақпайды қанды жасым,

Жан беріп жазғаным ғой жан жарасын.

Кетсе де жаннан жара, қан кетпек пе?

Дариға, жазамнан да күнәм басым,

Күнәмді тәңірім кешпес, кешер бірақ,

Жауында жан берген соң алты алашым.




Поэмаға талдау жасау


Даттаушы топ

Жақтаушы топ

Қарар тақырыбы:

... Қарабет болдым алаш баласына,

Ер дер ме енді мені Абылай данам...

Дәлелдеме: Батыр Баянның өз інісін өлтіруі дұрыс емес!

Айғақтар:

1.Тандырған мені есімнен ғашықтық қой,

Бір тынбай сұр жыландай жаным жеген...

2.Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,

Ісімді мынау ағат немен жабам?


Қарсы қарар тақырыбы:

Жоқ әлде, жоқ, әлде өлтірдім бе,

Інімді алты алаштың намысы үшін...

Дәлелдеме: Атаңның баласы болма, адамның баласы бол!

Айғақтар:

1.Інісі ер Баянның жасық Ноян,

Атадан оқып туған дер бола ма?

2.Ерді намыс өлтіреді.




Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Батыр Баян әрі тарихи, әрі романтикалық, әрі реалистік, әрі аңыздық кейіпкер. Оның бойында батырға тән қаһармандық пен аңғалдық, намысшылдық пен қаталдық параллель суреттеледі. Ноян алғырт да шалағай жасөспірім. Ол өз махаббаты үшін сүйген қызына адалдық жасап, қыздың алдындағы уәдесін орындауына ықпал еткісі келеді. Жастық, махаббат жалыны Ноянның өз намысын ойлатпайды. Қалмақ елі оны қалай қарсы алады?

Батыр Баян елін шауып, олжа алып, тұтқындыққа сұлу қызды еліне алып келеді.

Жауының жігітін ол қалай қабылдайды?

Қазақ деген ел бар екен, жігіттері намыссыз деген атау халыққа бір ғана Ноян арқылы жабыспай ма? Өз елін, өз жерін тастап, қыз соңында кету қай жігітке жарасқан?

Осы сұрақтарға жауап бере бастасақ, батыр Баянның інісін өлтіруі алаш намысы үшін деген қорытындыға жетелейді.
«Мені түсін» ойыны
Шарты: ортада үстел тұр. Үстел үстінде үш тапсырма жазылған. Үш қатардан бір-бір оқушыдан шығып, тапсырманы орындайды.

№1

Баянның інісін өлтіріп алғаннан кейінгі көңіл күйін бейнеле



№2

Тұтқын қыздың Ноянға айтқан сөзінен көрініс бейнеле

№3

Абылайдың Баян батырды іздеген көрінісін бейнеле



«Талқылау» ойыны
Шарты: Бірнеше проблемалық сұрақтар беріледі. Оқушы толық та нақты жауап беруге тиіс.

-Поэмада батыр Баянның тарихи бейне екендігі қалай берілген?

-Жаны жаралы Батырдың жан толғанысы қалай берілген?

-Батырдың досқа адалжһдығын қандай эпизодтан байқауға болады?

-Қазақ еліне шапқыншылық жасаған, бар қазақты Абылайдың ақ туының астына біріктірген қандай елдердің шабуылы?

-Поэмадағы Батыр Баянның өмірмен қоштасқан сәтін тауып оқы

-Баянның жұмсақтығы, қайырымдылығы қай жерде көрінеді?
Сабақты қорытындылау


  1. М.Жұмабаев Семантикалық карта

Ақын шығармашылығына шолу

Өлеңдері

Поэмалары

Әңгімесі

Ғылыми еңбектері

Аудармалары

Мақаласы

Көкшетау

Мен кім?


Мен жастарға сенемін

Түркістан

Көктемде


Жүсіпхан

Қорқыт


Батыр Баян

Тоқсанның тобы

Ертегі


Шолпанның күнәсі

Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолдары

Педагогика



Күннің батуы

Тұтқын


Сұңқар жыры

Күн шығады да, батады

Жұртын сүйген жүрек


Бала тәрбиелеу жолдары

«Шолпы», «Сен сұлу» деген әндері бар.




  1. «Шпаргалка» ойыны

Шарты: шпаргалка - карточкалар таратылып беріледі. Тірек сөздер: «Қисас үл әнбиа», «Ғалия» медресесі, «Шолпан» жинағы, «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті, «Алқа» әдеби ұйымы

«Қисас үл әнбиа» С.Сараи жеті жасында оқыған.

«Ғалия» медресесі Уфада оқыған.

«Шолпан» тұңғыш жинағы 1913 ж Қазан

«Айқап» журналы, «Қазақ» газеттерінде шығармалары жарияланды.

«Алқа» әдеби ұйымы 1925 ж


Мұғалім:Бүгінгі сабақта біз «Батыр Баян» поэмасындағы Баян бейнесін ашуға, Баян әрекетін түсінуге тырыстық. Поэма тілі көркем. Түсініп оқып, автор идеясын меңгеру қиындау. Оған әркім әр түрлі баға берері сөзсіз.

Мен сендерге тарихи болжамдардан хабар берейін:

Ш.Уәлиханов Абылайдың шөбересі екендігін бәріміз де білеміз. Шоқанның «ХҮІІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар» атты еңбегінде Баян туралы төмендегідей деректер бар.

Батыр Баянды қалмақтар өлтірмеген. Жүз қазақты басқарып, мың қалмақты Қытай шекарасына дейін қуып, соғыста өлген адамдардың денесі қалған көлден келіп су ішкен батыр уланып, зәрлі судың зардабынан қайтыс болған.

Ноян – Баянның шөберелес ағасы, Сары батырдың баласы Қыстаубай. Қыстаубай қалмақ қызы Лағылды алып қашады. Баласының қылығына Сары батыр қатты ызаланады. Баянға «Қыстаубайды қуып жетіп өлтір, киімі мен қару жарағын көзімше көм!» деп бұйырады. Баян Қыстаубайды қуып жетіп, бір қабат киімін қозының қанына малып, қару жарағын Сарыға әкеледі. Қыстаубайды кіші жүздегі нағашыларына жібереді. /Е.Асқаров «Жұлдыз» журналы №8 1989 жыл/

Үйге тапсырма:

«Батыр Баян» дастаны

«Қалқаман - Мамыр» дастанымен салыстыру


Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:Ж.Аймауытовтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып, талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту;

Міндеттері:

А)оқушыларға әңгіменің негізгі оқиға желісін аңғарту,кейіпкерлер бейнесін ашу, кейіпкердің ішкі сарайына, сезім сырларына терең бойлай отырып, жазушының ойын ұғындыру,әңгіме тақырыбы мен идеясын ашу;

Б)ұлттық салт-дәстүрімізді биік ұстауға,өнерді түсініп, бағалай білуге тәрбиелеу, эстетикалық сезім тудыру, ішкі рухани тазалыққа үндеу;

В)оқушылардың өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілетін дамыту, түйінді ой айта білу, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін шыңдау.



Сабақтың түрі: ізденіс-таным сабағы

Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап, топтық, ұжымдық жұмыс, мәнерлеп оқу, сатылай талдау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар мен оқу құралдары, кесте, сызбалар

Пәнаралық байланыс:тарих, саз өнері,қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару.

/ Смайликтерді көрсету арқылы оқушылардың көңіл күйін бақылау /

Ендеше, бүгінгі сабағымызды «Мен қандаймын?» тақырыбындағы тренингпен бастаймыз. Әр оқушы өзінің қандай екенін сын есімдер арқылы өз аттарының бас әріптерімен сәйкестеп айтады. Мысалы, Мен гүлдей гүлденген Гүлданамын т.с.с.


ІІ.Кіріспе бөлім

Топ болып жұмыс жасаймыз, бірінші топқа «Әміре-ән асқары», екінші топқа «Ән-өмір айнасы» тақырыбында ойтолғау жазу. Әр топтан бір оқушы шығып өз шығармаларын қорғайды.


«Келісемін, келіспеймін» ойыны

Жүсіпбек Аймауытов өміріне қатысты бірқатар сұрақтар беріледі.

1.Жүсіпбек Баянауылда дүниеге келген. /келісемін/

2.Мәскеудегі орыс қазақ мектебінде оқиды /келіспеймін/

3.Алғашқы өлеңі «Айқап» журналына жазылды /келіспеймін/

4.Атырауда мұғалім болды. /келіспеймін/

5.Шымкент пед. техникумының директоры болды. /келісемін/

6.Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалды /келісемін/

7. «Дауылдан кейін» романының авторы /келіспеймін/

8. «Ақбілек» романының авторы /келісемін/

9.Алғашқы өлеңін он үш жасында жазған /келісемін/

10. «Жан жүйесі және өнер таңдау» деген ғылыми еңбегі бар. /келісемін/



Шығармалары:


Романдары

Повестері

Сын- мақалалары

Әңгімелері

«Ақбілек»

«Күнікейдің жазығы»

«Абайдан соң ақындар»

«Бетім-ау, құдағи ғой»

«Қартқожа»




«Мағжанның ақындығы»

«Елес»







«Аударма туралы»

«Өмір деген осы ма?»







«Сұңқар жыры»

«Боранды болжағыш әулие»


ІІІ.Негізгі бөлім

І. Топтық шығармашылық жұмыс «Сырлы сезім»

Топ болып тақырып бойынша не түсінді,не білді, сол бойынша жазбаша түсіндіру

Мысалы: І топқа - «Әнші» әңгімесі

ІІ топқа - Наурыздағы сауық той, рухани байлық.



ІІ.Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау
А)Оқиғаның басталуы: Әншімен алғаш таныстық

Ә)Оқиғаның байланысы: Ән құдіреті

Б)Оқиғаның дамуы: Наурыздағы сауық той

В)Оқиғаның шиеленісуі: Ақтамақ хикаясы

Г) Оқиғаның шарықтау шегі: Өлімді жеңген өнер құдіреті

Ғ)Оқиғаның шешімі: Әнші де жылайды екен.

ІІІ. Мені таны немесе мен кіммін?
Ақын жазушылардың суреті беріледі,ол туралы деректер беру

ІҮ. Сөздік диктант

Бос жерлерді толықтыр
Сұңқылдаған көмейі,

Сыбызғының ............

Ескектеген толқыны

Бозайғырдың ..................

Аспандап соққан айғайы,

Алтайдың асқар .................

Желпілдеткен түндікті

Күздігүнгі ......................

Төмендете сорғалап

Тас бұлақтың ............................

Әсем,әсем нақысы

Айдынның сұлу ...........................

Қалықтатып созғаны

Сарыарқаның .............................

Жаяулатса,баяулап,

Арқаның қоңыр ........................

Тамылжытып,сынықсып,

Жаңа түскен ...............................




Ү.Кейіпкерлер әлемі

а)Басты кейіпкер : Әмірқан /прототипі: Әміре Қашаубаев/

Прототип-/грек сөзі, түптөркін, негізгі бейне/ - әдеби шығарма кейіпкерінің бейнесін жасауға тірек,негіз болатын өмірде бар адам,яғни түпкі тұлға.



Әміре Қашаубаев деген кім?

Ә.Қашаубаев 1888 жылдың шілде айында туылған. Туған жері:Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы. Кедей шаруа жанұясында туып өскен. Қазақстан ұлттық театр өнерінің негізін салушылардың бірі.Өнер жолын 1917 жылы бастады.1924жылы Семейде ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды. 1925 жылы Парижде Бүкіл дүниежүзілік сән өнері көрмесінде «Қызыл бидай» әнін орындап, бүкіл әлемге қазақ әнін мойындатқан.Бұл сапардан екі бәйгемен қоса,күміс медальді иемденген.Сөйтіп, Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі болды.



Ә) Ақтамақ: Әмірқанның сүйіктісі

Б) Лирикалық кейіпкері: Жүсіпбек

В)Жұмабек: әнші, прототипі Жарылғапберді
ҮІ. Кейіпкерге талдау жаса
Негізгі ерекшелігі Әншілік мектебі

Әнші Әмірқанның бейнесі

Сезімі, махаббатқа адалдығы Бірлестігі Мінезі


ҮІІ. Әңгімеге байланысты «Ілесіп отыр» ойыны

Сөз сөз тіркесі сөйлем

Тақырыптар:

Автор: Жүсіпбек -- Жүсіпбек қаламы -- Жүсіпбек қаламынан бірнеше романдар туған.

Өнер:

Ақтамақ:

Наурыз:

Жұпыны:
ҮІІІ. ВЕНН диаграммасы:

І.Жансүгіров «Әнші» өлеңі Ортақ қасиеті Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі


ІҮ.Сабақты қорытындылау

«Өнердің биігіне талмай ұшқан,

Көбейсін өнерпаздар әрбір тұстан.

Ата салт-дәстүрлерге берік болып,

Тәуелсіз жасай берсін, Қазақстан!» - дей келіп, өнерді жалғастырушы оқушылардың өздері екендігін айтып, өнер туралы, қазіргі қазақ өнерінің өркендеуі жайында ой қозғап,ән-күй, өнер туралы мақал-мәтелдер айтқызамын.

Үйге тапсырма: «Әнші» әңгімесінің кейіпкерлеріне мінездеме беру

Бес жолды өлең құрастыру



Зат есім: Ақтамақ

Сан есім: бір жұмадай

Сын есім: көрікті, сұлу

Етістік: таңдандырды

Бес сөзден тұратын сөйлем: Ақтамақ деген ақжарқын сұлу қыз.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет