Сабақ мақсаты : Отан сүйген ұланбыз сүйіспеншілік құндылығы арқылы ұғындыру. Міндеттері



Дата26.06.2018
өлшемі51,79 Kb.
#44879
түріСабақ
Мерзiм 21.10.15ж

Класс 3 «в»

Тақырып: №8 Отан сүйген ұланбыз

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: қамқорлық, құрметтеу, жанашырлық,

Сабақ мақсаты: Отан сүйген ұланбыз сүйіспеншілік құндылығы арқылы ұғындыру.

Міндеттері:

-Оқушыларды отанға, адамдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу

- оқушылардың құрметтей білу сезімдерін дамыту

- бүкіл адамзатқа жанашырлық танытуға тәрбиелеу;



Ресурстар:

Оқулық, дәптер (аудио, видео жазбалар)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т.



2.Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Одан соң нұр аяқтарыңызға одан әрі аузыңызға, тіліңізге, құлақтарыңызға, көздеріңізге де жетті. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

7-сабақ. 31-32-беттегі Ж.Жабаевтын «Туысқан ел» өлеңін жаттап келу.

1. Бірлігі жарасқан халықпыз дегенді қалай түсінесіңдер?

2. «Бірлік», «татулық» туралы не білесіңдер?

3. Не үшін «Қазақстан бақытты ел» деп ойлайсындар?

Сергіту сәті.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым

Алдыға қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Сабақ барысын талқылау:

2 минут


4.Дәйексөз

Ел қорғау жолында ерлікпен өлген ерлердің жазығы жоқ. Б.Момышұлы

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту. Дәптерге жазып алу
5Мұғалімнің сыйы.

Бейнеролик . «Көртышқан мен қарлығаш»

1.Қарлығаш қандай жағдайға тап болды?

2.Қарлығашқа не кезікті?

3.Көртышқан қандай қамқорлық жасады?

1.Бөгде адамға жақсылық жасаған кезде қандай сезімде боласың?

2.Шындық адамды қандай нәрсеге жетелейді?

3.Өзің біреуге сыйластық ,құрмет көрсетесіз бе?



6. Шығармашылық жұмыс 3 қатарға

қамқорлық, құрметтеу, жанашырлық туралы әңгіме жазу.

Әр қатарға отан туралы мақал айтқызып, жаздыру.

1.Отан үшін отқа түс күймейсің.

2.Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет.

3.Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

4.Отанда опасызға орын жоқ.

5.Жаман елге жапалақта қожа. 6.Ел бақыты ер қолында.

7.Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді.

8.Елсіз ер болмайды, ерсіз ел болмайды.

9.Парыз сезімі, адамгершілік-жеке басының,ұлттың, Отанның мақтанышы.

10.Атамекен жері үшін,

Қасиетті елі үшін,

Болмай қалар кім батыр.

11. Опасызда Отан жоқ.

12.Өсер елдің баласы әкеденде асып түсер.



Қорытынды
Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсің» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жаныңды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.
Шығармашылық жұмыс
«Туған – жер» туралы шағын эссе жазу
7.Топпен ән айту. Р.Әлқожаның әні :

Атамекен
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы: 
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем
Сұрақ:
1 Өлеңде не туралы айтылған?
Қорытынды
Балалар әрқашан өз Отанымызды қорғап, аялап Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді еш уақытта жоғалтпайық.

8.Үй тапсырмасы

8-сабақ. 35-беттегі Біздің Мәншүк мәтінін оқып келу. Е.Естаев



9.Сабақтың қортынды минуты.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!



Сабақ мақсаты: Оқушыларға Отанын сүюді, елін - жерін қорғауға деген сүйіспеншілігін, отансүйгіштік, мейірімділік қасиеттерін кеңейту

Міндеттері:
1. Отанға еліне - жеріне деген отансүйгіштік, сүйіспеншілік түсініктерін кеңейту
2. Отанға деген сүйіспеншілік мақтанышын ояту
3. Отанды қорғауға, аялауға тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Сұрақтар:
1 Тыныштық сәті қалай әсер етті?
2 қандай әсер алдыңдар?
Қорытынды:
Олай болса балалар Отанымызды әрқашанда қорғап, аялауға дайын болайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру
38 бет.№9 Ризалықпен алғыс
Алғыс
М. Төрежанов
Қан қызыл қызанаққа тойғаннан кейін Қасым мен Хасен шешесіне:
- Ана. дәмді қызанақ бергеніңіз үшін сізге рақмет!- деді.
- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, жақсы қызанақ өсірген үшін бақшаға айтыңдар!
Балалар бақшаға жүгіріп келді де, қызанақ өсіп тұрған сабақтарға бас иіп, алғыс жаудырды. Қызанақ жапырақтары былай деп сыбырлады:
- Ол алғыстарыңды бізге айтпаңдар, құнарлы, қара топырақты жерге айтыңдар!
Қасым мен Хасен жерге басын иіп, еңкейіп тұрып алғыс айтты:
- Мейірімді жер, дәмді қызанақ өсіргеннің үшін көп - көп рақмет!
Жер жұмсақ майда қара топырағын бүлк еткізіп:
- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Жаңбырсыз жер көктеп, бақша гүлдемейді,- деді.
Қасы мен Хасен ауыл сыртындағы таудың басына шықты да, бұлт жақындаған кезде:
- Рақмет саған, жомарт бұлт! Сенің мейіріңе суындаған қызанақты жеп, бір рақаттандық!- деп айқайлады. Бұл игі еңбекті бағалай білетін балаларға бұлт былай деді:

Сұрақтар:
1. Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
2 Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?
Қорытынды
Олай болса балалар әрқашан жасаған ісімізге ризашылығымызды білдіре жүрейік
Сабақ барысын талдау:
1. Дәйексөз.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
Сұрақтар:
1 Мағынасын қалай түсіндіңдер?
2 Өздеріңнің Отанға деген сүйіспеншіліктеріңді жеткізіңдер?
Яғни, балалар әр адамның өз Отаны болады сол Отанымыздың біз қорғаушысы болып есептелеміз. Сондықтан адамды ормансыз бұлбұлға теңеп тұр екен.
Қорытынды
Ендеше балалар Отанымызды сүйіп, тек өз Отанымыздың нағыз азаматы болуға тырысайық
(жаттау)
Әңгімелеу
«Менің Отаным - Қазақстан» С Сейфуллин
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әр біріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала - бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Қазір бой жеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер... еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт - дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным!
Сен барсың менің жанымда,
Көктемнің гүлі ашылған!
Балалық шағым қасыңда,
Тағдырым сенсің, Қазақстан!
Мен үшін Отан – құндылықтарды материалды тасымалдаушы емес. Бұл жан сезімі! Сенің әрқашан оймен болса да оралғың келетін Жердің рухани бұрышы.
Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.
Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көремін? Мен өз отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды.
Отанымда қонақта болғанда өзімді өте жайлы сезінемін, жақсы демаламын. Біз өмір сүреміз, кетеміз, өлеміз, ал біздің отанымыз мәңгі өмір сүреді.
2011 жыл – біздің Республикамыз үшін мерейтойлы жыл, Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығы. Жиырма жыл ішінде экономикада, саясатта, әлеуметтік дамуда көптеген жетістіктерге жеттік. Бізді әлем таниды. Бұл өте маңызды. Бұл біздің де, біздің Президенттің де үлкен жетістігі. Біз, жастар бүгінгі табысымызды бекіте отырып, жаңа асуларға жету үшін көп еңбек етуіміз қажет. Біз оған дайынбыз.
Сұрақтар:
1 Мәтінде не жайлы айтылған
2 Өздеріңнің туған жерлеріңнен мысал келтіріңдер?
Қорытынды
Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсің» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жаныңды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.
Шығармашылық жұмыс
«Туған – жер» туралы шағын эссе жазу
Дәптермен жұмыс

Топпен ән айту.

Атамекен
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.

Қайырмасы: 
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем
Сұрақ:
1 Өлеңде не туралы айтылған?
Қорытынды
Балалар әрқашан өз Отанымызды қорғап, аялап Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді еш уақытта жоғалтпайық.
Үй тапсырмасы.
43 бет №10 сабақ
Жанашыр мәтінін оқып әңгімелеп келу.
«Туған - жер» туралы эссені аяқтап келу
Соңғы тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Шаттық шеңбері.

Мұғалім оқушылармен амандасып, бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіріп, оларды Шаттық шеңберіне шақырады.Шаттық шеңберінде барлығы үнтаспаға қосылып, «Өз елім» (сөзі:Қ.Мырзалиевтікі, әні:Н.Тілендиевтікі) әнін айтады.

Әңгімелесу:

1.     Балалар,     осы әнді айтқанда сендер қандай сезімде болдыңдар?

2.     «Жерім деп менің, Соғады мәңгі жүрегім», - дегенді қалай түсінесіңдер?

3.     Әнде  айтылғандай, сендер өздеріңді «ел тірегімін» деп ойлайсыңдар ма?

 

Мәтінмен жұмыс. С. Мәуленов. Мен елімді сүйемін.



Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып шығады да, пікірлесу сұрақтарын қойып, өз ойларын білдіруді сұрайды.

 

Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз-шексіз қиянға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның жүректей болып желмен лүпілдей соққан гүлдері, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары-осының бәрі-бәрі сенің туған еліңді құрайды. Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең, өз   үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді. Алыстан сені қол бұлғап шақырады.



Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ! Күлдір-күлдір кісінеп, ай- нала шапқылаған ала аяқты құлыншақ! Сәуірде бүршік атқан, қылтиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп! Өзен үстіне үйіріліп ұшқан шағала! Кемеріне жайлап соққан көгілдір көл! Күннің қызғылт шапағына бөленген үйлер-осының бәрі тұтас тұрған туған ел! Ал енді анаңның бесікте жатқандағы әлдиі, әжеңнің тамылжыта төккен ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелеріңнің тәтті әзілдері-осының бәрі туған еліңнің керемет сипаттары! Туған елдің тілі барша жанға түсінікті!

 

Мұғалім:



1.  «Туған жерсіз, Отансыз адамның күні жоқ» - дегенді қалай түсінесіңдер?

2.  Сендерге өз Отаның несімен ыстық?

3.  Сендер өз еліңді сүйетіндеріңді қалай дәлелдей аласыңдар?

 

Назар аудар.



Алдын ала берілген тапсырма бойынша оқушылар үйден жаттап келген өлеңдерін оқиды.

1 -оқушы:       

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен,

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

2-оқушы:        

Отан дейміз кең байтақ Астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

3-оқушы:


Мақтанамын мемлекетім барына,

Терезең тең басқалармен тарылма.

Өз елінің жырын жырлап, мұңын мұңдап әр ұлан,

Өз елінің қорғаушысы болу керек қашанда.

 

1-оқушы:        



Мен жас ұланмын,

Мемлекеттің қорғанымын ертеңгі.

Нұрға, гүлге толтырамын

Өзім туған өлкемді.

2-оқушы:

Отаным, кең далам орманды,

Болаттан соғылған қорғанды.

Бақыттың, шаттықтың мекені

Қолдаймын, қорғаймын Отанды.

3-оқушы:


Туған жер-алтын таң,

Кең далам, таулы орман.

Ұл мен қыз қорғаймыз

Бақытты ұлы Отан.

 

Мұғалім: Балалар «Өзін-өзі тану» пәнін оқуда бізге көмек көрсететін аяулы достарымыз естеріңде ме?



Оқушылар: Ия, олар Данышпан ата, Махаббат, Алпамыс және Ақбота ғой.

Ендеше, біздің бүгінгі сабағымызға олар қонаққа келіпті. Қарсы алайық.

Сыныпқа Данышпан ата, Махаббат және Алпамыс кіреді.

Данышпан ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Оқушылар: Сәлеметсіздер ме! Төрге шығыңыздар!

Алпамыс: Достар, біз сендердің бүгінгі сабақтарыңа қонаққа келдік.

Данышпан ата: Балалар, сендер «Өзін-өзі тану» пәнін оқып жатырсыңдар ғой. Мен бүгін сендердің не үйренгендеріңді көрейін деп әдейі келдім. Білімдеріңді, өнерлеріңді көрейін. Сендер бабаларымыздың айтқан өсиеттерін білесіңдер ме?

Оқушылар: Білеміз. Ол ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дана, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер жинағы.

Махаббат: Ендеше балалар, Данышпан атамызға өздерің білетін туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдеріңді айтып беріңдерші.

1-оқушы: Ел іші-алтын бесік.

2-оқушы:     Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

3-оқушы:     Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

4-оқушы:     Отан үшін отқа түс, күймейсің.

5-оқушы:     Туған жердің күні де ыстық, Түні де ыстық.

6-оқушы:     Үйіңде атаңның намысын қорға, Шет жерде Отаныңның намысын қорға.

Алпамыс: Өте жақсы. Ал қазір балалар, мақал-мәтелдердің алғашқы бөлігін ғана айтамын. Ал сендер жалғасын айтасыңдар.

1.  Отансыз адам... (Ормансыз бұлбұл )

2.  Пәлен жерде пайда бар.... (Өз жеріңдей қайда бар)

3.  Туған жердің жері де көрікті... (Елі де сүйікті)

Данышпан ата: Жарайсыңдар, балалар! Бұл жолы да білімді екендеріңді көрсеттіңдер. Ал,енді жұмбақ жасырсық шеше аласыңдар ма?

Оқушылар: Шешеміз, ата, шешеміз.

Махаббат: 1. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн.)

2.  Тұрады ылғи сөреде,

Іші толған өнеге. (Кітап)

3.  Тығыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын, бір шүмек. (Домбыра)

Алпамыс: Мына балалар білгір, білімді екен.

Махаббат: Ендеше, балалардың өнерін тамашалайық.

Шығармашылық жұмыс: - Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1-                топ.         Отан, туған жерге деген сүйіспеншілігіңді жүрекшелерге жазу.

2-                топ.         Берілген суреттерді пайдалана отырып, тақырыпты ашатын коллаж құрастыру.

3-               топ . Отан, туған жер туралы эссе жазу.

 

Орындалған жұмыстар тақтаға ілініп, әр топтың мүшелері арқылы таныстырылады.



 

Дәйексөз: Отан-елдің анасы, Ел-ердің анасы.

 

Мұғалім: Енді балалар, бәріміз еліміздің тамаша табиғаты мен көрікті жерлеріне са- пар шегейік. Ол үшін интерактивті тақтаға назар аударайық.



 

Бұл бейнеслайд 3 бөлімді құрайды.

1-                         бөлім. «Арайланған Астанам». Бұл бөлімде ару Астанамыздың бүгінгі келбеті бей- неленген.

2-                         бөлім. «Қазақстанның жеті кереметі». Бұл бөлімде қазақ жеріндегі ең керемет деген ұлттық мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштер қамтылған.

 

1.  Түркістан қаласында орналасқан, орта ғасырдан қалған, көгілдір күмбезді ғаламат ғимарат-Ахмет Иассауи кесенесі.



2.   1960 жылдары Есік қаласынан табылған «Алтын киімді адам».

3.   1995 жылы салынған Абай-Шәкәрім бабаларымыздың кесенесі.

4.  Ұлттық музыка аспабы-домбыра.

5.  Астанадағы «Бәйтерек» монументі.

6.  Күлтегін ескерткіші.

7.   Тамғалы кешеніндегі тасқа салынған суреттер.

 

3-                        бөлім.  «Қандай көркем, туған өлкем!». Бурабай, Алтай таулары, Алакөл туралы.



 

Назар аудар. «Туған ел туған жер» деген сөздер әрдайым жүрекке жылы әсер етеді. Туған елін, өскен жерін сүю-әрбір ұрпақтың парызы. Сондықтан да әрбір адам туып-өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды,мақтан тұтады. Өйткені, Отан-алтын бесігіміз, ата-анамыз!

 

Жүректен-жүрекке



Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушыларды шеңберге тұрғызып, ән айтуға шақырады. Әнді барлығы бірге шырқайды.

 

Біз-туған ел баласы (Сөзін жазған: Қ. Ыдырысов. Әнін жазған: Қ. Қуатбаев).



Ойын "Жүрегім не дейді" немесе ғажайып сөздер

Балалар қолдарын жүрегіне қойып, оның соғысын тыңдайды және өздері білетін Отан, туған жер туралы өлең - тақпақ, мақал - мәтелдерді айтады.



Мысалы: Менің жүрегім айтады: "Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас".

http://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=43b8dc9aa3f29f5e&mb=imgdb_preview_1528



Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы ,— 1943 ж.қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).

Балалық кезі


  • Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен.

Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген.

  • Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді.

  • Ахметтің әйелі Әмина Мәметова - Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған.

Өмірбаяны


  • Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.

  • 1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.

  • Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Оған көрсетілген құрмет


  • Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады.

  • Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған

  • НевельАлматыОрал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар.

  • Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады.

  • Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.[1][

Каталог: uploads -> doc -> 0765
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0765 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі астана қаласы білім басқармасы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет