Сабақ Мақсаты : Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету,өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту,шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыру



Дата26.08.2017
өлшемі154,18 Kb.
#29328
«Озық ойлы оқушы » сыныптан тыс сабақ

Мақсаты:

1.Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету,өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту,шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыру.

2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,есте сақтау,шапшаң және ауызша есептеу, өз ойын жеткізе білу дағдысын дамыту, қалыптастыру.

3.ұйымшылдыққа,тапқырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.



Түрі:сайыс сабақ
Көрнекілігі:Компьютерлік слайдтар

Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен,азаттық пен білім қажет



Ш. Уалиханов

Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу,іздену,талпыну,тану,өмір мектебінен өту арқылы ғана оны қайраткер дәрежесіне дейін көтереді



Қ.Сәтбаев

Сайыстың өту барысы:

I бөлім: Жүргізушілер сөзі

I I бөлім:Негізгі бөлім

  1. Сәлемдесу

  2. «Бәйге»

  3. «Кім жүйрік? »

  4. «Жұмбақ шешу»

  5. «Ойлан тап! »

  6. «Ойымды жалғастыр»

I I I бөлім:Қорытындылау.

1-жүргізуші: Бүгінгі 5б сынып оқушыларының арасындағы «Озық ойлы оқушы» атты математикалық сайысқа хош келдіңіздер.

2-жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

Бәріне жар салайық

Ғылымдардың патшасы,

Математика елінде,

Математика тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Көңілді сайыс жасайық.

1-жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от көздерінде жалын бар.

«Тапқырлар» тобын халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

2-жүргізуші: Үлгілі тәртіп жақсы оқу,

Алға қойған мақсаты.

«Алғырлар» тобын құрметпен,

Қол соғып қарсы алайық.

1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық:

1.

2.

3.



2-жүргізуші: Сәт сапар тілеп бәріне,

Сайысты біздер бастайық.

Көрсетіңдер білімді,

Бір-біріңнен қалыспай.



  1. Топтың аты: «Тапқырлар»

  2. Топтың ұраны:Жарыс десе жанамыз,нақты жауап,

сапалы шешім табамыз.

1-оқушы: Армысың 5б сыныбының қаймақтары,

Арайлап ата берсін әрбір таңы,

Өздеріңмен сайысқа түсіп тұрған,

Қабыл ал ,сәлемін тапқырлардың.

Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,

Тілейміз игі тілек сіздерге біз.



Әділқазыларға сәлем:Достық пенен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Қара қылды қақ жарып әділ қазым,

Еңбегін Тапкырлардын әділ сына.



1-жүргізуші: Рахмет. Еңдігі кезек Алғырлар тобында.

2.Топтын аты: «Алғырлар»



Топтын ұраны: Қандай сынақ болса-дағы беріспе,

Әрқашанда ұмтыла бер жеңіске

1-оқушы: Шақырып жарыстарға сан салалы,

Алғырлар топ жарғалы жар салады.

Ту етіп достық пенен таулықты,

Тапқырлар командасын қарсы алады.

Тапқырлар биіктерге қалықтасын,

Жеңіспен көк жүзіңде шарықтасын.

Жеңіс туы желбіреп алауласын,

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.



Әділқазыларға сәлем: Әділқазы ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.



1-жүргізуші: Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар,

Осылайша шабытпен,

Қане енд і бастайык



2-жүргізуші: Сайысымыздын екінші кезеңі «Бәйге». Әр топқа теориялық сұрақ қойылады, әр сұрақ «1» баллдық жүйемен бағаланады.

1-жүргізуші: Сұрақ «Алғырлар» тобына. Тез тез жауап беру керек.

  1. 1 метр 1 дециметрден неше сантиметр артық? (90см)

  2. 1 минут 1 сағаттан неше минут артық?(59 минут)

  3. «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 сағат 43 минут)

  4. 50 саусақ көріну үшін неше баланын колы керек ?(5 бала)

  5. Бірлігімен оңдығын қосқанда екіге тең болатын екі таңбалы санды тап (11 және 20)

  6. 2-ге бөлінетін сандар? (жұп сандар)

  7. 7 қандай сан?(Жай сан)

  8. Айырмасы екіге тең қатар тұрған екі жай сан. (егіз сандар)


2-жүргізуші: Еңдігі сұрақ «Тапқырлар » тобына қойылады

  1. 1 сағат 1 тәуліктен неше сағат кем? (23 сағат)

  2. 1 тоннада неше кг бар? (1000кг)

  3. Түңгі сағат 11-де жауын жауып тұр ал, 24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе? ( жоқ. Сағат түңгі 11)

  4. Ең кіші жай сан? (2)

  5. 6 санынын бөлгіштерін ата (1,2,3,6)

  6. Бұл қандай сан?(кемел сан)

  7. 3 –ке,9-ға бөліңгіш белгілері: (цифрларының қосындысы 9 бөлінсе, бұл сан 3-де 9-да бөлінеді)

  8. 4 және 5 цифрларымен жазылатын барлық екі таңбалы сандарды ата (44,54,45,55).

1-жүргізуші: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жетелер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер,-деп 2-ші сайысты бастаймыз (амалдарды орындау барысында қасиеттерді дұрыс пайдалану)



I I I сайыс : «Кім жүйрік!» «Алғырлар» тобына: әр сұрақ «1» баллдық жүйемен бағаланады

  1. 86+57+14= 157

  2. 343-97-43=203

  3. 283+67=350

  4. 427-82=345

  5. 56*3:8=21

  6. 17*4*25=1700

  7. 28*25=700

  8. 136*125=17000

  9. 112*5=560

  10. 12*99=1188

2-жүргізуші:

«Тапқырлар» тобына:



  1. 78+29+22=129

  2. 249-85-49=115

  3. 191+69=260

  4. 364-86=278

  5. 63*3:7=27

  6. 19*25*4=1900

  7. 32*25=800

  8. 112*125=14000

  9. 124*5=620

  10. 14*99=1386

1-жүргізуші: Ана тілің арын бұл,

Ұятын боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрің біл

Өз тіліңді құрметте,-дей отырап, әр топқа сандарға байланысты жұмбақтар жасырылады. Екі топ кезектесіп 5 жұмбақ айтады. Бұл кезең «5» балдық жүйемен бағаланады.



4-сайыс: «Жұмбақ шешу» «Алғырлар» тобына:

  1. Екі жарық бар аспанда, ретімен айт жатқа.

  2. Төрт маусым бар 1 жылда ретімен айт жатқа.

  3. Алты құрлық бар жерде, ретімен айт жатқа.

  4. 10 цифр бар, ретімен айт жатқа.

  5. 12 жыл бар бір мүшел, ретімен айт жатқа.

Жауаптары:Күн мен ай,көктем,жаз, күз, қыс.Азия,Африка,Австралия,Антарктида.0-9. Тышқан, сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін тауық, ит, доңыз.

«Тапқырлар» тобына:

  1. Үш мезгіл бар бір күнде, ретімен айт жатқа.

  2. Бес саусақ бар бір қолда, ретімен айт жатқа.

  3. Жеті ұрпағын адамның, ретімен айт жатқа.

  4. Жеті күн бар аптада, ретімен айт жатқа.

  5. 12 ай бар бір жылда, ретімен айт жатқа.

Жауаптары:таңертең,түс, кеш.басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.Қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан,

2-жүргізуші: 5-сайыс: «Ойлан тап» деп аталады. Бұл кезеңде логикалық ойлау қабілетімізді дамыту мақсатымен логикалық сөз есептер

шешіледі. Сұрақ екі топқа бірдей қойылады, қайсысы топ бірінші қол көтерсе, содан сұралады.Әр дұрыс жауап 3 балдық жүйемен бағаланады.

1.Бес бұтақты ағашта, бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер Алашқа, қалады сонда қанша алма?

2.Санасаң, бір үйде төртеу бар, қаласаң аузыңды өртейтін нәр.

3.Бірдей санды бірнеше рет көбейтуден тұрады,

Егер оны ықшамдасаң,қандай атау болады?

4.Қос құлақты жүз түсті,жүзінен бірақ із қалды.

5.Жүз мүйізі бар,үстінде киізі бар.

6.Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді.Айнұр оның 2-уін атып түсірді.Сонда қаншасы қалды?



6-сайыс: «Ойымды жалғастыр»

1-жүргізуші: Мақал-мәтелдердәң бос орнына сан қою керек. Сұрақ екі топқа бірдей қойылады, қайсысы топ бірінші қол көтерсе, содан сұралады.Әр дұрыс жауап 3 балдық жүйемен бағаланады.

1.Жаздың 1 күні,қыстың 1000 күнәне татыр.

2.Жаңбыр 1 күн жауса, терек 2 күн жауады.

3.7 жұрттың тілін біл,7 түрлі білім біл.

4.Жігіт 1 сырлы, 8 қырлы болсын.

5.Білекті 1-ді жығар, білімді 1000-ды жығар.

6.Досыңды 3 күн сынама, 3 жыл сына.

7.1 күндік жолға шықсаң, 3 күндік азық ал.

8. 100 сосың болғанша, 100 досың болсын.

2-жүргізуші: Ал енді екі топтың ұпайлар санын санайық.Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

«Алғырлар» тобы-

«Тапқырлар» тобы-

1-жүргізуші:Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей еш тараса

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену жалықпау.

Жеңімпаз топты анықтадық ендібізге«Озық ойлы оқушыны»анықтау керек:

2-жүргізуші: Кездестік міне тағыда

Саласында білімнің.

Сараптайық асықпай

Логикалық есеп қызығын.

1.Қандай екі санды бір-бірімен көбейткенде олардың нәтижесі осы екі санның қосындысымен тең.

2.Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?

3. Қандай үш санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең?

4.Төрт 2 цифрымен 111 санын жазуға бола ма?

5.Бес бірлікпен 100 санын жазыңыз.

6.Мына 1881 санын екі бөлікке бөліңіз,оны әр бөлгенде 1000 саны шығатын болсын.

7.0,1,2,3,4,5,6,7,8,9-осы сандардың қосындысы үлкенбе,әлде көбейтіндісі?

8.Үш түйе өұс ұшып келе жатты,аңшы олардың бірін атып алды, қаншасы қалды?



Қорытынды

1-жүргізуші:Бір үйдің баласы болма,

Барша үйдіңбаласы бол.

Қауып егер де,

Арқа сүйер панасы бол.

Ақыл жастан деген ғой,

Жол сілтер данасы бол

Көптің бірі болмай,

Өз қатарыңның дарасы бол!

Осындай баталы сөзбен ортаға жеңімпаз оқушыны шақырамыз. (марапаттау)

Осымен «Озық ойлы оқушыны» атты білім сайысымызды аяқтаймыз. Бәріңізге рахмет. Қош, сау болыңыздар.




Пәні:Математика Сыныбы:5

Тақырыбы: «Натурал сандардың бөлінгіштігі» тарауын қайталау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың натурал сандардың бөлінгіштігі туралы алған білімдерін нақтылау,пысықтау.

Дамытушылық:Логикалық ойларын дамытып,танымдық белсенділіктерін арттыру.

Төбиелік:Іскерлікке ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі:.жарыс сабақ

Сабақ әдісі:баяндау, сұрақ-жауап,практикалық..

Сабақтың жоспары

  1. Ұйымдастыру.

  2. Сергіту сәті

  3. «Кім көп біледі?» (қайталау сұрақтары)

4. «Кім жылдам? »

5. «Кім тапқыр? »

6. Ойшылдар ордасы

7. Тест.

8. Қорытынды

9. Үйге тапсырма беру




Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа қатысуын,кабинеттің және олардың сабаққа дайындын қадағалау

II. Сергіту сәті Натурал сандардың бөлінгіштігі тарауында қандай білім алдық екен, қандай жаңа жаңа ұғымдармен, ережелермен таныстық екен, соны бүгін сынап көрсетейік. Сабағымыздың тақырыбын табу үшін сөз жұмбақты шешейік. (Сын тұрғысынан ойлау, қызығушылығын ояту)

1) Бас бармақ пен ортаңғы саусақ арасындағы өлшем(қарыс)

2) Нәрселерді санау үшін қолданылатынсан(натурал)

3) Қазіргі кезде жаңа сипат алып, теледидардан көріп жүрген ауыз әдебиетінің ерекше түрі(айтыс)

4) Оқушылардың білімін тексеру түрі(тест)

5) Ешкі төлі(лақ)

6) Бір жағы шектелген түзудің бөлігі(сәуле)

7) Ең сүйікті жан(ана)

8) Арифметикалық амал(қосу)

Сонымен бүгінгі сабағымыз- қайталау сабағы.Қайталау сайыс сабағы түрінде өткіземіз Сынып үш топқа бөлінеді.

1-топ Тұлпар

2-топ Сұңқар

3-топ Алыптар
III бөлім «Кім көп біледі?» Қайталау сұрақтарын жауап берген оқушыға ұпай беріледі.

1-топ

Қандай санды берілген натурал санның бөлгіші деп атайды? Мысал келтір.

Қосындының берілген натурал санға бөлінгіштігін қалай бөлеміз?

Қандай натурал сандар 2-ге бөлінеді?

Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді?

Егер сан 10-ға бөлінсе, онда ол сан 2-ге бөліне ме?



2-топ

Қандай санды берілген натурал санға еселік деп атайды? Мысал келтір.

Қандай жағдайда көбейтінді берілген натурал санға бөлінеді?

Қандай натурал сандар 5-ге бөлінеді?

Қандай натурал сандар 9-ға бөлінеді?

Егер сан 9-ға бөлінсе, онда ол сан 3-ке бөлінеме?



3-топ

Қандай натурал сандар 10-ға бөлінеді?

Қандай сандар құрама сандар деп аталады?

Қандай натурал сандар 2-ге бөлінеді?

Натурал сандардың бөлінгіштігінің негізгі қасиеттерін айтйп беріңдер.

Қандай сандар жұп сандар деп аталады?



IV бөлім «Кім жылдам? » (білімді нақтылау)

1-топ

(96+60)/12

(28*114)19

(15а*7)/3



2-топ

(72х+90)/18

(12в*5)/4

(15*85х)/17



3-топ

(81у+54)/27

(133у*23)/19

(216в*133)/72



V бөлім «Кім тапқыр? » Берілген сандарды жай көбейткішткрге жіктеңдер.

1-топ

120,341,180,270



2-топ

68, 260,480, 378



3-топ

36,56, 74,110



VI бөлім Ойшылдар ордасы . Берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар.

1-топ

75 пен 90

50 мен 200

32 мен 120



2-топ

36мен 90


130 бен 88

110 мен 164



3-топ

12 мен 18

21мен 98

42 мен 56



VII бөлім .Тест

1. 21-дің неше бөлгіші бар?

А)3

В)2


С)4

2. Мына сандардың қайсысы 2-ге бөлінеді?

202,203,315,316,400,401

А)203,315,401

В) 202,203,401

С)202,316,400

3. Мына сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді? 31,63,105,340,522

А)63,105,522

В) 31,105,340

С)63,340,31

4. 9-ға бөлінетін сандарды жаз. 702,111,531,900

А)111,531,900

В) 702,531,900

С)702,111,900

5. Құрама сандарды теріп жаз. 24.17.21.50.103.128

А)50,103,128

В) 17,21,103

С)24,21,50,128



Қорытынды оқушылар қатысуына қарай бағаланады.

Үйге тапсырма беру оқулықтан 335-ші,336-шы есептер

IV бөлім «Кім жылдам? »

1-топ

(96+60)/12

(28*114)19

(15а*7)/3


2-топ

(72х+90)/18

(12в*5)/4

(15*85х)/17


3-топ

(81у+54)/27

(133у*23)/19

(216в*133)/72



V бөлім «Кім тапқыр? » Берілген сандарды жай көбейткішткрге жіктеңдер.

1-топ

120,341,180,270



2-топ

68, 260,480, 378



3-топ

36,56, 74,110



VI бөлім Ойшылдар ордасы . Берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар.

1-топ

75 пен 90

50 мен 200

32 мен 120



2-топ

36мен 90


130 бен 88

110 мен 164



3-топ

12 мен 18

21мен 98

42 мен 56


VII бөлім .Тест

1.21-дің неше бөлгіші бар?

А)3

В)2


С)4
2. Мына сандардың қайсысы 2-ге бөлінеді?

202,203,315,316,400,401

А)203,315,401

В) 202,203,401

С)202,316,400
3. Мына сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді? 31,63,105,340,522

А)63,105,522

В) 31,105,340

С)63,340,31


4. 9-ға бөлінетін сандарды жаз. 702,111,531,900

А)111,531,900

В) 702,531,900

С)702,111,900


5. Құрама сандарды теріп жаз. 24.17.21.50.103.128

А)50,103,128



В) 17,21,103

С)24,21,50,128
Каталог: C44431D0966C41BD
C44431D0966C41BD -> Тақырыбы: Елбасы – елімнің тірегі! Тақырыбы
C44431D0966C41BD -> Оқушыларды ағылшын тілінен Ұбт-ге дайындауда қолданылатын әдіс-тәсілдер
C44431D0966C41BD -> Сабақ Биология 10-сынып. Пән мұғалімі: Абдыманбекова Гүлбану Адамбекқызы апта Күні: 13. 10. 15. №24-сабақ
C44431D0966C41BD -> Сабақтың тақырыбы : Компьютерлік вирустардан қорғау Сабақтың мақсаты
C44431D0966C41BD -> АӘД пәнінің мұғалімі: Байсанов Қ. Т талапкер 2015/16 о/ж Әскери-патриоттық клуб жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру түрлері
C44431D0966C41BD -> Ел жүрегі елбасы Қазақстанның тұңғыш президенті
C44431D0966C41BD -> Директоры: жөніндегі орынбасары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет