Сабақ мақсаты : Табиғатқа «Қиянат жасамау»



бет1/3
Дата07.02.2017
өлшемі0,68 Mb.
#8845
түріСабақ
  1   2   3
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп_Кен негізгі мектебі___Мерзiм___08.02.2016 ж_________№_____

Тақырып  Табиғаттан нәр алып

Құндылық:Қиянат жасамау    Қасиеттер: аялы қарым-қатынас,қамқорлық.

Мұғалiм: Какенова С.С. Cынып_8_ Оқушылар саны__3___


Сабақ мақсаты:Табиғатқа «Қиянат жасамау» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.

 Міндеттері:

1.Оқушыларға табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсіндіру;
2.Оқушыларды табиғатты аяушылық сезімдерін дамыту;
3.Оқушыларды сүйіспеншілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

1.  Сәлемдесу.

2.   Оқушыларды түгендеу.

3. 2. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» 


Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады

Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма? Қандай сезімде болдыңдар?



2.Үй тапсырмасы.



Қызығушылықты ояту.(Ой қозғау)
Г. Жандыбаевтың “Гүлдер” атты өлеңін мәнерлеп оқып шығу.
• Табиғат сені қандай әсерге бөлейді?
• Адам мен табиғаттың арасында үйлесім бар ма?
Адамның табиғатқа, табиғаттың адамға ықпалы қандай?
• Аппақ ай, жарық күн, жасыл жапырақ келбеті адамға қандай ой салады
Табиғат дегенде көз алдарыңа не елестейді? Көз алдарыңа елестеген заттың суретін салыңыздар немесе жазыңыздар.(Әр топтан суреттерін қорғайды, табиғат туралы ойларын оқиды).
Ой - пікір.
Табиғат туралы не білеміз?
“Табиғат” сөзіне ассоциация құру.
Табиғат
Табиғат → жер, ауа, су, күн, ай, топырақ, жануарлар әлемі, өсімдік,
3. Табиғат пен адам үйлесімділігінің сыры неде?
4. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі қандай сезім тудырады?
5. Сүйіспеншілік сезімі қандай қасиеттер арқылы орын алды?
6. Сүйіспеншілікті күнге теңестірудің сыры неде?

2.Тақырыпқа шығу

Ал енді біздің тақырыбымызды ашу үшін видеоматериалды көруді ұсынамын. «Табиғаттан нәр алып »



Қалай ойлайсыздар біздің бүгінгі тақырыбымыз неге бағыттылған немесе қандай?

Сабақ барысын талқылау:

Қорытынды шығару.

Адам – табиғаттың бір бөлшегі.Жарқырап шыққан күн,таза ауа,мөлдір су, ну орман адамға қуат беріп,оның жан дүниесін мейірлендіре түседі. Адам мен табиғат арасындағы байланыс тамыры тереңде жатыр.Адам өмірі табиғатқа тәуелді «Табиғатты қорғау- өз өміріңді қорғау» дейтініміз де сондықтан.


Сабақ барысын талқылау:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет