Сабақ мақсаты: Білімділік: Теориялық білімдерін пысықтау, тексеру. Мәлімет типтерімен, шамаларды сипаттау жолдарын үйрету. Дамытушылық



Дата23.08.2017
өлшемі18,4 Kb.
#25175
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Мәлімет типтері. Шамалардың сипатталуы. Сабақ мақсаты: Білімділік: Теориялық білімдерін пысықтау, тексеру. Мәлімет типтерімен, шамаларды сипаттау жолдарын үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ой-өрісін, зейінін, есте сақтау, мәтінмен жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіру. Пәнге қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Алдыға мақсат қойып соған жетуге талпындыру, өз қызметіне талдау жасауға, баға беруге тәрбиелеу. Жұппен, өз бетімен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыру

ЖАҢА БІЛІМ

  • Тип
  • Қарапайым, құрылымдық тип.
  • Бүтін, нақты, символдық, логикалық, тіркестік тип.
  • Шаманы сипаттау. Тұрақты, айнымалы шама.
  • Стандартты функциялар: арифметикалық функция; типтерді өзгерту функциясы; реттелген типтегі шамаларға қолданылатын функция;
  • Амалдар: бүтін типке қолданылатын амалдар; нақты типке қолданылатын амалдар; логикалық типке қолданылатын амалдар; символдық типке қолданылатын амалдар.

Мәлімет типтері.

  • Тип шама қабылдай алатын мәндер жиынын және оларға қолданылатын амал түрлері мен орындалу жолдарын анықтайды.
  • Яғни тип дегеніміз – шама мәніне берілген сипаттама.
  • Паскаль тілінде мәліметтердің келесі типтері бар: нақты, бүтін, символдық, логикалық, тіркестік, мәтіндік, жиым, файл, жазба, жиын. Олар екі топқа бөлінеді: қарапайым және құрылымдық.

Типтер

  • Бүтін (INTEGER)
  • Нақты (REAL)
  • Символдық (CHAR)
  • Логикалық (BOOLEAN)
  • Мәтіндік (TEXT)
  • Тіркестік (STRING)
  • Жиым (ARRAY)
  • Жиын (SET)
  • Файл (FILE)
  • Жазба (RECORD)
  • ҚАРАПАЙЫМ
  • ҚҰРЫЛЫМДЫҚ
  • Типтер

Шаманы сипаттау

  • Шаманың қабылдай алатын мәндерін (типін) көрсету, шаманы сипаттау деп аталады. Шамаларға қолданылатын амалдар шама типіне байланысты болады. Шама программаның сипаттау бөлімінде сипатталады.
  • Шамалар екіге бөлінеді: тұрақты және айнымалы. Тұрақты шама мәні программа орындалу барысында өзгермейді. Айнымалы шама мәні программа орындалу барысында өзгеріп отырады.
  • Егер тұрақты шама болса сипаттау const сөзімен, айнымалы болса var сөзімен басталады.
  • Тұрақты шаманы сипаттау командасының жалпы түрі келесідей:
  • Const шама аты1=мәні; шама аты2=мәні; ... шама аты n=мәні;
  • Айнымалы шаманы сипаттау командасының жалпы түрі келесідей:
  • Var шама аты1, шама аты2, ... : шама типі;
  • Мысал1.
  • Const pi=3.14; e=2.7; max=100; s=“school”
  • Var x, y: real; z: integer; a, b: boolean;

Бүтін тип (integer).

  • Егер шаманың қабылдайтын мәні бүтін сан болса ол келесі типтердің бірімен сипатталады. Көбінесе integer типі қолданылады.
  • Тип
  • Ұзындығы (байт)
  • BYTE
  • 0 — 255
  • 1
  • SHORTING
  • -127 — +127
  • 1
  • INTEGER
  • -32768 — +32767
  • 2
  • WORD
  • 0 — +65535
  • 2
  • LONGINT
  • -2147483648 — +2147483647
  • 4
  • Мысал2. x айнымалысы 569 бүтін мәнін қабылдайтын болса оны келесідей сипаттауға болады:
  • var x: integer; немесе var x: word; немесе var x: longint;. byte және shorting сөздерімен сипаттай алмаймыз, себебі 569 саны ол диапазоннан асып кетеді.

Нақты тип (real).

  • Егер шаманың қабылдайтын мәні нақты сан болса ол келесі типтердің бірімен сипатталады. Көбінесе real типі қолданылады.
  • Тип
  • Мәндерінің өзгеру диапазоны
  • Ұзындығы (байт)
  • REAL
  • -1.7*1038 — 1.7*1038
  • 6
  • SINGLE
  • -3.4*1038 — 3.4*1038
  • 4
  • DOUBLE
  • -1.7*10308 — 1.7*10308
  • 8
  • EXTENDED
  • -1.1*104932 — 1.7*104932
  • 10
  • COMP
  • -2*1063 -1 — 2.*1063 +1
  • 8
  • Мысал3. x айнымалысы -87.23 мәнін қабылдап, a=x2, b=x3 болса оларды келесідей сипаттауға болады:
  • var x, a, b: real;

Сиволдық тип (char)

  • Егер шама қабылдайтын мәні қандай да бір символ болса шама char сөзімен сипатталады. Символ тырнақшаға алынып жазылады.
  • Мысал4. a=‘П’; b=‘?’; c=‘5’ болса, келесідей сипаттаймыз:
  • var a, b, c: char;
  • Логикалық тип (boolean)
  • Егер шама қабылдайтын мәні қандай да бір логикалық өрнек не логикалық мән (false не true) болса шама boolean сөзімен сипатталады. Логикалық типтегі шама мәні false не true (жалған не ақиқат) мәндерінің бірін қабылдайды.
  • Мысал5. a=5<7; b=false; c=true болса, келесідей сипаттаймыз:
  • var a, b, c: boolean;
  • Тіркестік тип (string)
  • Егер шама мән ретінде қандай да бір сөз не сөз тіркесін қабылдаса ол string сөзімен сипатталады. Шаманың қабылдайтын мәнінің мағынасы болуы міндетті емес. Сөз не сөз тіркесі тырнақшаға алынады.
  • Кейде string сөзінен кейін жақшаға сөз не сөз тіркесінің ұзындығы жазылады (неше символдан тұратыны). Егер жазылмаса ұзындығы 256-ға тең (256 символдан тұрады) деп қабылданады. Ұзындығын есептегенде бос орын, тыныс белгілері де саналады. Егер сөз тіркесінің ұзындығы алдына ала сипаттағаннан асып кетсе, артығы қиылып қалады.
  • Мысал6. a=‘my name is Robert!’; b=‘фвыапроод’; c=‘сынып’; d=‘458’ болса, келесідей сипаттауға болады:
  • var a: string(18); b, c, d: string;
  • Егер var a: string(10); деп сипаттасақ a=“my name is” болып қиылып қалады.
  • Бекіту жаттығулары

Қарапайым типке жататындарын тап! (дұрыс шертсең жапырақтар сыбдырлап белгі береді)

  • шамалық
  • нақты
  • тіркестік
  • бүтін
  • жиым
  • логикалық

Логикалық типке жататын асқабақтарды жина!

  • 12
  • -63254
  • -58,213
  • ‘?’
  • ‘girl’
  • ‘алма’
  • ‘#’
  • z>0
  • a
  • true

Символдық типке жататын асқабақтарды жина!

  • 3,5
  • 12
  • -6325
  • ‘?’
  • ‘girl’
  • ‘asdfh’
  • ‘#’
  • ‘A’
  • a
  • true

Тіркестік типке жататын асқабақтарды жина!

  • -3254
  • -8,21
  • ‘girl’
  • ‘алма’
  • ‘agth’
  • ‘#’
  • ‘A’
  • a
  • true
  • ‘325’
  • ‘we are’

Нақты типке жататын асқабақтарды жина!

  • 3,5
  • 12
  • -58,213
  • ‘girl’
  • 0,562
  • ‘asdf’
  • ‘#’
  • z>0
  • ‘A’
  • a

div, mod функциялары қандай типке қолданылады? (дұрысы тышқанмен шерткенде жасыл түске боялады)

  • Бүтін (integer)
  • Нақты (real)
  • Символдық (char)
  • Логикалық (boolean)
  • Тіркестік (string)

Логикалық типке қолданылатын амалдарды тап. (дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!)

  • NOT
  • SIN(X)
  • AND
  • XOR
  • MOD
  • PRED(X)
  • DIV
  • OR
  • ABS(X)

Символдық типке қолданылатын функцияларды тап. (дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!)

  • CHR(X)
  • SIN(X)
  • AND
  • XOR
  • MOD
  • PRED(X)
  • ORD(X)
  • OR
  • SUCC(X)

Бүтін типке қолданылатын амалдарды тап. (дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!)

  • NOT
  • SIN(X)
  • AND
  • MOD
  • PRED(X)
  • ORD(X)
  • DIV
  • OR
  • ABS(X)

Сабақтың қорытындысында рейтингілік бағалау жүйесімен-бағалау картасына оқушылардың ұпайлары жазылып қосынды ұпайы шығарылады. Ал жалпы сынып бойынша бағалау картасын төмендегідей етіп сызып алдым. Бағалау нормасы: 15-20 ұпай --- «5» 10-15 ұпай --- «4» 5-10 ұпай ----«3» 1-5 ұпай ---- «2 Бағалау Үй тапсырмасын беру. §2.5-§2.7 оқу. Дәптерге конспектілеу.Программа жазу. Қорытындылау.

  • Аты-жөні
  • Үй тапсырмасы
  • Теориялық бөлім
  • Жаттығулар
  • Қорытынды
  • ұпай
  • «Баға»
  • 1
  • Ырыс
  • 15
  • 15
  • 10
  • 5
  • 2
  • Дәрмен
  • 10
  • 12
  • 6
  • 4
  • 3
  • Даурен
  • 8
  • 6
  • 7
  • 3

Каталог: uploads -> doc -> 0760
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0760 -> Облысы: Оңтүстік Қазақстан Ауданы: Шардара ауданы Ауылы
0760 -> Сабақтың әдіс-тәсілдері: түүсіндіру,әңгімелеу,мәнерлеп оқу,сұрақ-жауап,іздену,жұптық жұмыс Сабақтың құрылымы
0760 -> Пәні: Информатика Сыныбы: 5 «А» Өткізген
0760 -> Сабақтың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтің өмірімен,шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет