Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету



Дата24.05.2017
өлшемі67,58 Kb.
#17005
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп «№33 орта мектеп» КММ

ТақырыпЖақсылық жасай білейік

Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттері: кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік,қайырымдылық.

Мұғалiм Калиева А.А.Сынып 4 Оқушылар саны14


Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету.

Міндеттері:

1.Оқушыларға жақсылық пен дұрыс әрекет жасау туралы білімдерін толықтыру.

2.Оқушылардың бойында кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту;

3.Оқушыларды риясыз жақсылық жасауға тәрбиелеу.




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

слайд,оқулық.



Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды ата-аналарыңа туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға және ең жақсы көретін адамға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.



Үй тапсырмасын тексеру

№16 «Жақсылық пен жамандық» ертегісін

оқу, мазмұнын айту. 79 бет


  1. Ертегі не туралы?

  2. Жақсы қасиет дегенімізді қалай түсінесіңдер?

  3. Жаман қасиет дегенімізді қалай түсінесіңдер?

  4. Ертегіден адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалай көреміз?

  5. Өз өмірлерінде осындай жағдайлар кездесті ме?



Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» Халық мақалы

(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)


  1. Балалар, жақсылық жасау деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Жақсылық жасау деген не?

  3. Жалпы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  4. Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?





Әңгiмелеу

Бұлақ сылдыры

М.Көккөзов

Қиыршық қызыл құм жолаушының бетіне тиеді. Керуеннің шыққанына бірнеше күн болған. Ұзақ жүрістен, ыстықтан, желден шаршаған керуендегілердің бірі ояу, бірі түйе үстінде мүлгіп келеді. Қанша күн жүргенін де есептемейді. Бір күні жолай аштықтан, шөлден әбден қалжыраған адам кездеседі. Ес – түссіз жатыр екен. Бірақ керуеннің алды бұл адамға назар аудармай өте береді. Сонда керуеннің соңындағы бір шал түйесінен түсіп, ессіз жатқан адамның қасына барады. Жатқан адам: «Су...» дейді. Аспан айналып жерге түскендей ыстық, аңызақ желмен сапырылған қиыршық құм сексеуіл түбіне ұйлығады.

Шал торсығын алып, жатқан адамның беті – қолын жуып, су ішкізеді. Әлгі адам есін жиған соң, шал оның алақанына қарап: «Сен менің жауым екенсің.Бірақ шөлде бәріміз туыспыз. Мен қартайдым. Сен жассың, су іш те, өмір сүр», дейді дее түйесіне мінгізіп, керуеннің срңынан жіберіпті. «Өзіңіз қайтесіз?» - десе «Менің демім санаулы», - дейді шал.жолаушы керуенді қуып жетуге ентелейді. Ұясына батып бара жатқан күн де адамның жақсылығы зая кетпесе екен дегендей, ұзақ аялдайды. Бұл кезде жолаушы керуенді қуып жетеді.

Шал ақ матаға оранып құмға жата кетеді.

Күндер, айлар өтіп, керуен кері қайтады. Жолаушыларға шексіз құмның арасынан шалқыған су көрінеді. Таяп келсе, көл жиегі көкорай шалғын, қамыс екен. Керуеншілер шал оранған ақ жамылғыны ғана байқайды. Бұлақтың нәзік сылдыры жүректі сипағандай сезіледі. Бұлақ адамға адамның жақсылық жасаған жерінен пайда болыпты. Нәзік сылдыры жақсылықтың өшпес үні тәрізді.



  1. Әңгіме не жайында айтылған?

  2. Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?

  3. Сендер солай жасар ма едіңдер?

4.Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды?

5. Бүгінгі күнде бізде осындай жағдайларды кездестіреміз бе?








Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-ші топқа «Жақсылық тамшысы»  Оқушылар тамшыға өздері жасаған жақсы істері туралы жазады. Оны тақтаға іледі. Оның үстіне дария суреті бар плакат ілінеді.

2 –ші топқа

Ертегілерінен үзінді оқып өз ойларын жалғастыру

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. ...

3- ші топқа

Мақалды толықтыр.
_______________ қылсаң жасыр,
_________________көрсең асыр.
Жақсы туса  – _______ ырысы,
Жауын жауса  – _____ ырысы
_________ ағаш басында,
___________ аяқ астында.





Топпен ән айту.

Ертегілер әлемі 
Айгерім Қалаубаева 
Ғажайып түс көрдім, 
Таң ата мен бүгін, 
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім, 
Нұрына шомылдым бүгін. 
Жұлдыз, айы көркем, 
Әдемі еді неткен, 
Құстары сөйлейді, 
Бұлттары тербейді, 
Мен оянып кеттім, әттең! 
Қ/сы: 
Ертегілер, ертегілер, 
Неге мені ертпедіңдер, 
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 
Ертегілер, ертегілер, 
Неге мені ертпедіңдер, 
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 

Гүл тердім бұлттардан, 
Әр гүлде бір арман, 
Таусылмайтын тәтті, 
Сыя келіп жатты 
Жан біткеннің бәрі маған. 






Үй тапсырмасы.

№17 Б.Әділовтың «Қанат пен Жанат» мәтінін оқып, мазмұнын айту. 83 бет.






Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.



- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.




Каталог: uploads -> doc -> 0f36
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f36 -> Сабақ Өткізетін: «Жас натуралист»
0f36 -> Сабақтарының ұйымдастырылуы «Үй мәдениеті, тұрмыстағы жөндеу жұмыстары»
0f36 -> Әдістемелік жинақты құрастырған: Қосымша білім беру педагогы Мухтарова Р. З. Екібастұз қаласы, 2015жыл
0f36 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезең: Сәлеметсіндер ме, балалар! Отырыңыздар. Бүгін нешесе? Аптаның қай күні?
0f36 -> Тақырыбы: «Тіл халық мұрасы» танымдық ойын Мақсаты
0f36 -> Сабақ : Мен және менің отбасым Мектеп: А. Навои атындағы №11 жарпы орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет