Сабақ мақсаты: Микроскоп құрылысын біліп, іске қосып, онымен жұмыс істеудің негізгі ережелерімен танысу



бет3/3
Дата27.07.2017
өлшемі427,5 Kb.
#22054
түріСабақ
1   2   3

Құрал – жабдық: Шпренгер аспарагус (Asparagus Sprengeri) өсімдігінің сабақ кесінділері Герман құртқашашының (Iris germanica), екпе қара бидай (Secale cereale), Жүгерінің (Zea mays)сабақтарының көлденең кесінділерінің тұрақты препараттары, суы бар ыдыс, пипетка, зат және жабындық шынылар, иенлер, микроскоп, кестелер, шикі картоп кесектері, ұстара.

Тапсырма:


  1. Аспарагус сабағының көлденең кесіндісін жасау немесе құртқашаш сабағының көлденең кесіндісіндегі тұрақтыпрепаратты пайдалана отырып, алғашқы қабығы жақсы айқындалған дара жарнақты өсімдіктің сабақ құрылысымен танысу.

  2. Астық тұқымдастарда екпе қара бидай сабағының көлденең кесіндісінің тұрақты препаратында сабан сабағын қарастыру.

  3. Тұрақты препаратта жүгері сабағының құрылысын қарастыру.

  4. Қарастырылған өсімдік сабағының секторларын суреткесалып, барлық ұлпаларды белгілеу.

Жұмыс істеу тәртібі: Аспарагус сабағын алып, 2 кесек шикі картоп арсына қойып, бірнеше жұқа көлденең кескін жасау. Ең жұқа кескінді сабақ құрылысын қарастыру үшін пайдалану. Құртқашаш сабағының көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепаратын пайдалануға болады. Жалпы сабақ құрылысын микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап, кейін сабақтың гистологиялық элементтерін үлкен үлкейткішпен қарау. Эпидерма, алғашқы қабық, склеренхима, перицикл, сабақтың негізгі паренхимасын, жабық өткізу шоқтарын табу. Сабақ құрылысын суретке салып, белгілер қою.

Қара бидай сабағының көленең кесіндісінің тұрақты препаратын микроскоптың зат үстелшесіне қою. Кіші үлкейткіш арқылы сабақтың жалпы құрылысын қарастыру. Үлкен үлкейткішпен өткізгіш шоқтарын, олардың орналасуын, олардың санын, сабақтың ортасын алып жатқан қуысқа назар аудару. Эпидерма, склеренхима, клоренхима, жабық коллотериалдық өткізгіш шоқтар, негізгі паренхиманы бөліп көрсету. (А 43 сурет). Қара бидай сабағының құрылысын суретке салу.

Жүгері сабағын қарастырғанда тұрақты микропрепаратты қолдануға болады. Сабақтың ортасы негізгі паренхимадан тұрады. Қуыс жоқ.Өткізгіш коллотериалды, жабық шоқтар паренхимада ретсіз орналасады. Өткізгіш шоқтарындағы флоэманың тінді паренхимасы жоқ. Торлы түтіктер және шығарып салатын клеткалар торша ретінде болады. Ксилемада екі үлкен торлы түтік және екі кішкентай түтік бар. Олар радиалды қатар құрып орналасқан. Сақиналы-спиральды және сақиналы. Олардың астында қуыс орналасады. (А 44 сурет.) Ксилеманың сүректі паренхимасы болады. Жүгері сабағының құрылысының суретін салып, белгілер жасау.

Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар.


  1. Дара жарнақты өсімдіктердің сабағының құрылысы қандай ?

  2. Неліктен дара жарнақты өсімдіктерде екінші жуандану болмайды ?

  3. Дара жарнақты өсімдіктердің өткізгіш шоқтарының құрылысы қандай?

  4. Дара жарнақты өсімдіктерде қандай өткізгіш шоқтарының типтері кездеседі?

  5. Дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктер сабағының құрылысындағы негізгі айырмашылықтар.

Әдебиет

  1. Бавтуто Г.А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений- Минск: «Высшая школа», 1985- с 186-190

  2. Хржановский В.Г., Прнамаренко С.Ф. Практикум по курсу общей ботаники, - М: «Высшая школа», 1979.- с 125-129

Зертханалық жұмыс №7



Тақырып 21. Гүлдің алуан түрлілігі. Олардың құрылысындағы жалпы заңдылықтар (4 сағ)

Жұмыс мақсаты: Әртүрлітұқымдастардан, әртүрлі гүлдер құрылысын құрастыру.

Құрал- жабдықтар: Жатаған сорғалдақ (Ranuculus repens), ақ тұңғиық (Numphea candida), қоңыр итмұрын (Rosa cinnamomea), үй алма ағашы (Malus domestica), бақшалы орамжапырақ (Brassica olearacea), екпе бұршақ (Pisum sativum), картоп (Solanum arvensis), сібір гүлпепіресі (Centaurea sibirica), дәрілік бақбақ (Taraxacum officinale), алтай қызғалдағы (Tulipa altaica), мамыр інжугүлі (Convallaria maialis), жұмсақ бидай (Triticum aestivum), көкпек (Atriplex ritens), және т.б. гербариланған гүлдер; үлкейткіш шынылар, инелер, пинцет, зат және жабынды шынылар; гүлденген үй өсімдіктері, кестелер, өсімдік гербариі, Түйін мен тозаңдықтың көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараттары.

Тапсырма:



  1. Гүлсерігінің құрылысына қарай әртүрлі гүлдермен, андроцей және геницеймен танысу.

  2. Сарғалдақ гүлінің құрылысын қарап, тостаған жапырақша, күлте жапырақша, аталық, аналықтың гүл тұғырында орналасуын байқау. Гүлдің вегетативтік өркенмен және ашық тұқымдылардың бүрімен ұқсастығын көрсету. Сарғалдақ гүлін суретке салу.

  3. Ақ тұңғиық гүлінің құрылысын зерттеу.

  4. Құрам бойынша гүлдердің құрылысы: Қос қабат гүлсерігі бар ( алма ағашы, сарғалдақ, орамжапырақ, итмұрын), жай гүлсерігімен (қызғалдақ, інжігүл, амариллис), жай тостаған тәрізді гүлсерігімен (көкпек), сондай-ақ талдың жалаңаш гүлдерін, қайыңның аталық, аналық гүлдерін, күнбағыстың ұрпақсыз жалған тілді гүлдерін, гүлкекіренің гүлдерін, асбұршақтың зигоморфтық гүлдерін, шиенің актиноморфтық гүлдерін қарастыру.

  5. Картоп, шырмауық, темекі, бақабақтың біріккен желекті күлтелерінің формаларын қарастыру.

  6. Бидай үлгісінде астық тұқымдастардың гүлдерін қарастыру.

  7. Түйін мен тозаңдықтың көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараттарын байқау, суретін салу.

Жұмыс істеу тәртібі: Түрлі өсімдіктердің гүлдерін қарастыру. Олардағы гүлсерік, аталық, аналықты табу. Гүл тұғырында гүл мүшелерінің еркін орналасуына, санына назар аудару. (А. 45 сурет)

Суланған сарғалдақ гүлін алу. Дөңес гүл тұғыры, тостаған жапырақша, көптеген аталық пен аналықты табу.Гүлсеріктің жапырақшалары екі шеңбер бойынша орналасып, ал аталық, аналық спираль бойынша орналасады. (гемициклді, жарты шеңбер гүлі). Сарғалдақтың вегетативтік өркенімен және ашық тұқымдылардың бүрімен ұқсастығын көрсету.

Тұңғиықты қарастырған кезде кәдімгі аталықтан тозаңдықтың редукциялануы нәтижесінде және аталық жібі- жапырақшаға. Гүлдің мүшелері спираль бойынша орналасады (А. 46 сурет)

Гүлдердің алуан түрлілігінен қос қабатты гүлсерігі бар гүлдері, жай күлтесімен және тостаған тәрізді күлтесімен, жалаңаш гүлдерін жекелеп қою. Қайың сырғаларын, аталық, аналық гүлдерін қарау. Күнбағыс гүлдерін: түтікті, жалған тілді; ұрпақсыз гүлдерін қарастыру. Гүлкекіре қалтасы гүлшоғын алып, екі жынысты түтікті және ұрпақсыз гүлдереді табу.

Асбұршақтың зигоморфтық гүлін қарастыру. Гүл арқылы бір ғана симметрия жүргізуге болады, яғни гүл зигоморфтық (А. 47 сурет) Картоп, шырмауық, темекі, бақбақтың біріккен желекті күлтенің формаларымен танысу.

Бидайдың күрделі масағын алып, одан жай масақшаны бөліп алып, оны қарау. Масақшада қанша гүл барын анықтау. Гүл құрылысын байқау. Астыңғы және үстіңгі гүлдің қабыршақ, ауыз, түйін, гүл жарғағын табу. Құрылысын суретке салу.

Гүлдің түйінінің көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараттарында тұқымсағақ, интегумент, микропиле, халаза, нуцеллус, ұрық қапшығы, жұмыртқа жасушасы, синергид, антипод, екінші ядроны табу. Құрылысын суретке салу.

Тозаңдықтың көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепаратында эпидерма, фиброздық қабат, дегенерациялаушы қабат, тапетум, археспорий, тозаңды табу. Құрылысының суретін салу.

Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар.


  1. Гүл дегеніміз не?

  2. Гүлдің негізгі қызметі?

  3. Гүлдердің құрылысы, гүлсеріктің болуымен болмауына байланысты қандай типке бөлеміз?

  4. Қандай өсімдіктерді қосжынысты, дара жынысты деп атайды?

  5. Қандай өсімдіктерді бір үйлі, екі үйлі деп атаймыз?

  6. Гүл мүшелерінің орналасуы қандай?

  7. Андроцей деген не және оның мінездемесі?

  8. Жабықтұқымдыларда қайда және қалай аталық гаметофит дамиды? Оның құрылысы мен қызметі.

  9. Геницей деген не, оның жалпы сипаты.

  10. Гүлді өсімдіктердің тұқым бүрінің құрылысы қандай?

  11. Жабықтұқымдыларда аналық гаметофит қайда және қалай дамиды? Оның құрылысы және ол қалай аталады?

  12. Жабықтұқымдылардағы қос ұрықтанудың ерекшеліктері. Оны кім және қашан ашты?

  13. Гүлді өсімдіктердің даму циклінің ерекшелігі қандай?

Әдебиет

  1. Бавтуто Г.А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений- Минск: «Высшая школа», 1985- с 279-285

  2. Воронин Н.С. Руководство к лабораторным занятиям по анатомии и морфологии растений.- М: Просвещение, 1981. с. 123-134

Тақырып:Гүлдің формуласы мен диаграммасы

Жұмы мақсаты: Формула, диаграмма арқылы гүлдің сипатын құруды үйрену.

Құрал- жабдық: Жатаған сарғалдақ (Ranuculus repens), екпе шалқан (Raphanus sativus), үй алма ағашы (Malus domestica), кәдімгі шие (Cerasus vulgaris), түйнекті картоп (Solanum tuberosum), екпе асбұршақ (Pisum sativum), екпе қияр (Cucumis sativus), гибридті гиппеаструм (Hippeastrum hibridum), кәдімгі қызылша (Beta vulgaris), екпе қара бидай (Secale cereale) өсімдіктерінің суланған гүлдері, шалқан, шие, картоп, асбұршақ, бидай муляждары, үлкейткіш шынылар, инелер, зат шынылары, пинцет, кестелер.

Тапсырма:



  1. Қос гүлсерігі бар (сарғалдақ, шалқан, алма ағашы, шие, картоп, асбұршақ, қияр), жай гүлсерігі бар (гиппеаструм, қызылша), қабыршақ пленкасы бар гүлсерігі (қара бидай) баргүлдер құрылысын талдау.

  2. Қарастырылған гүлдердің формуласы мен диаграммасын құру.

Жұмыс істеу тәртібі: Жұмысты қос гүлсерігі бар гүлдерден бастау керек. Ол талық пен аналықты табу.Тостаған мен күлтелер шеңбер бойымен орналасады, ал аталық пен аналық спиральданып орналасады. Гүл мүшесінің санын білу. Гүлдің осімен неше симметриялық сызық жүргізетінін біліп алу.

Гүлдің формуласын жасаған кезде келесі белгілерді пайдалану қажет:

*- актиноморфтық немесе дұрыс гүл;

↑ немесе ↓ - зигоморфтық, яғни дұрыс емес гүл;

♂- қос жынысты гүл;

♀- аталық гүл; ♂- аналық гүл;

Р – жай гүлсерік (perigonium);

К немесе Са – тостаған (calyx); С немесе Со – күлте (coralla);

А- андроцей (andraeceum); G- гинецей (gynoeceum);

Гүлдің жеке бөлігінің мүшелерінің саны цифрмен белгіленеді (С5-5 жапырақты күлте, А5-5 мүшелі андроцей). Егер аталық пен аналық сан 12- ден асса, онда ∞ белгісін қою керек. Гүлдің мүшелері бірігіп өсетін болса, олардың санын жақшаға алу керек. Мысалы, асбұршақтың өсіп кеткен шеңбер түзген жағдайда, әр шеңбердегі бөлік сандары + белгісімен қосылып отырады. Мысалы, жай гүлсерігі 2 шеңберге орналасса, - Р 3+3 деп көрсетеді. Түйін орналасуы: G(2)- үстіңгі түйін, G(2)- астыңғы түйін; G- жартылай астыңғы түйін.

Жатаған сарғалдақты қарастырғаннан кейін оның формуласын жасау керек:



* К5С5 А∞ G∞- бұл дегеніміз – сарғалдақ гүлі актиноморфтық қос гүлсерігі бар, тостағаны 5, бос тостаған жапырақшадан тұрады, күлтесі- 5 бос жапырақтан тұрады, андроцей – көп, гинецей- апокрапты, түйіні- үстіңгі.

Кейін диаграмма құру керек (А.48 сурет). Гүл осіне перпендикуляр қылып, оның проекциясын түсіреміз. Диаграммада шеңбер санын және әр шеңберде гүл мүшелері және олардың орналасуын көрсету керек. (А.49 сурет)

Диаграмманы құру барысында тостаған арқасында төсі бар жақшамен, жапырақтары- жай жақшамен, аталық пен аналық, тозаңдық пен түйін арқылы өтетін көлденең кескіндер ретіндегі белгімен белгіленеді.

Қос жынысты қос гүлсерігі бар гүлдердің (сарғалдақ, шалқан, алма ағашы, картоп және т.б.) анализін жасағаннан кейін, жеке жынысты гүлдердің құрылысын зерттеу керек. Мысалы: екпе қияры. Оның аталық және аналық гүлдерінің формуласын құрып, диаграммасын салу. Содан соң гибридті гиппеаструмның жай гүлсерігі бар гүлді кәдімгі қызылшамен екпе қара бидайын қарастыру. Олардың формуласын жазып, диаграммасын салу.



Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар.

  1. Гүл формуласы деген не және оны құрған кезде гүл мүшелері қандай белгімен белгіленеді?

  2. Гүл диаграммасы деген не және ол қалай құрастырылады?

  3. Қара бидай гүлінің құрылыс ерекшелігі неде?

Әдебиет

  1. Васильев А.Е и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений,- М: Просвещение, 1988.- с. 362-363

  2. Воронин Н.С. Руководство к лабораторным занятиям по анатомии и морфологии растений.- М: Просвещение, 1981. с.134-137

  3. Хржановский В.Г., Прнамаренко С.Ф. Практикум по курсу общей ботаники, - М: «Высшая школа», 1979.- с 161-164

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет