Сабақ мақсаты: Оқушыларға «сабырлылық» және «ұстамдылық»



Дата08.09.2017
өлшемі28,93 Kb.
#30896
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: №60 ЖББОМ Мерзiмі 01.03.2017

Тақырып : Сабырлық пен ұстамдылық

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттері:кішіпейілділік, шыдамдылық, сабырлылық.

Мұғалiм :Абдижалелова Г.Т Класс 5 А

Сабақ мақсаты: Оқушыларға «сабырлылық» және «ұстамдылық» ұғымдарын түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығы мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушыларға сабырлық және ұстамдылықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы кішіпейілділік қасиеті туралы түсінік беру.

- Оқушыларды ұстамды болуға үйрете отырып,сабырлылық қасиетіне баулу;

- Оқушыларды шыдамдылыққа, кішіпейілділікке, сабырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi Сәлемдесу

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Балалар қандай әсерде болдыңыз? Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтағы 22- сабақта берілген «Жан жарасы жазылмайды» атты аңыз әңгімені оқып, өз түйгендерін ортаға салып талдау.

-Баласы не үшін бағагнға шегелерді қақты??

-Әкесі баласының ұстамдылыққа қалай үйретті?

-Бала өзінің кемшілігін қай іс-әркетінен байқады және өзіне не түйді?

-Басқа адамға зиян тимеуі үшін алдымен өзіңде қандай қасиеттер болу қажет?

-Өзің айналаңдағыларға қандай қарым-қатынас жасайсың?



Дәйексөз.

Сабырлық-ақыл парасаттың белгісі,

Ж. Баласағуни

2 рет бірге қайталап оқытамыз. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Дәптерге жазу.

Әңгiмелеу.

«Асыл шөп»

Ы.Алтынсарин

Зылиқа мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға сатуға келе жатыпты-мыс. Зылиқа аһлап-уһлеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатыпты. Сонда Зылиқа айтыпты:

-Сен неге мәз болып қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес. Өзің де менен күшті емессің.

-Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір асыл шөп салдым, -депті Батима-Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де жүгімді жеңілдетейін,-депті Зылиқа.

-Ол шөп сенің қолыңа төспей ме деп қорқамын, ал іздегің келсе, аты «сабыр» деген,-депті Бәтима.

Сұрақтары:

Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсың?

Сенің ойыңша сабырлы адам қандай болады?

Зылиқаның «сабыр» атты шөпті таба алуы мүмкін бе?

Өзіңнің сабырлық танытқан кезің болды ма?



Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. (15 минут)

Әр топқа «Сабырлық» және «Ұстамдылық» туралы өлең шумақтары таратылыда.

1 топтың тапсырмапарсы

1. Сабыр –ақыл парасаттың белгісі ,

Сабырсыздық сені ұятқа қалдырар.

Шағын қойылым

2. Сабыр деген әр іске шыдамдылық,
Өте керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талай жан ізденеді,
Осыдан кеп шығады адамшылық.

Шағын эссе жазу

3. Ұстамдылық – әдептің ұстазы,
Ұстамсыздық – әлектің нұсқасы.

Жағдаят құрастыру

4 .Алтыншы қымбат нәрсе сабыр деген,
Сабырлы адам мұратын табар деген.
Әр істе сабырсыздық түбі – қорлық,
Сабырсыздық басқа бәле салар деген...

Өлең құрастыру

5.Ұстамдылық — адамның бойындағы жағымды қасиет

Ой толғамын айтсын



Топпен ән айту.

Жүрегім әні . М.Бесбаевтың орындауында.

Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы «Сабыр түбі сары алтын» аңыз әңгімесін оқып, түсініктерін айту. Дәптердегі 33-беттегі №2 тапсырма орындап келу.

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.



Балалар бүгінгі сабақтан алған қасиеттерді жүрегімізге сақтап аламыз. Сау болыңдар.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет