Сабақ Мақсаты: Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру



бет1/3
Дата25.06.2017
өлшемі385,62 Kb.
#19974
  1   2   3
Күні:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Елордасы - Астана» ашық сабақ

Мақсаты:

Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру.

Өлеңді мәңерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу.

Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.



Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері, презентация, буклет.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

  1. Кіріспе бөлім:

-Балалар, бізге бүгінгі сабаққа қонақтар келді, сабақ бастамас бұрын, тұрып олармен амандасайық.

Балалар қонақтармен амандасады.

-Ал, енді, барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңберді өткіземіз.

Шаттық шеңбері:

Армысың, алтын күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, асыл жер!

Армысың, достарым!

Сендерді көрсем, қуанам.

Міне менің қолым,

Жылуыма жылу қос.

-Жақсы, балалар, орындарымызға отырып, сабағымызды бастаймыз. Бізде қазір тіл дамыту сабағымыз болады, және біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Елордасы-Астана». Сабағымыздың мақсаты-Астана туралы көбірек білу. Балалардың назарын суретке аудару.

-Балалар, біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы.

-Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

-Елордамыз – Астана қаласы.

-Ал, біздің үлкен Қазақстан Республикамыздың елбасы кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Дұрыс, рахмет сендерге балалар.

2. Негізгі бөлім:

А) Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу.

-Балалар, мен қазір сендерге Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңді оқып беремін, сендер оны мұқият тыңдаңдар.

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышым – Астанам.

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Балалар, рахмет, ал, енді айтыңдаршы, Астанаға кім барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлеріңде болдыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдаланады).

-Ал, балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін өткізейік.



Сергіту сәті: балалар видеожазбаға қарап, қимыл-қозғалыстарын қайталайды.

Ә) Жақсы, балалар, орнымызға отырып, сабағымызды жалғастырайық.

-Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа кім келді?

-Дұрыс, ол баурсақ. Ол бізді Астана қаласына саяхатқа шақырып отыр, барамыз ба?

-Иә.

-Жақсы, онда кеттік.



Балаларға елордамыздың көрікті жерлерінің суреттерін, презентация көрсету.

Жақсы балалар, ал енді дәптерлерімізді ашып, тапсырмаларымызды орындайық.

Б) Суреттерге қарап, әңгіме құрастыру.

В) «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Балалар тақтаға шығып, дыбыстың қасына сол дыбыстан басталатын суретті жабыстырады. Алма, ана, ата, аққу, ай, алмұрт, сандық, сағат, нан, найзағай, тасбақа, тас.

А –

С –


Т –

А –


Н –

А –


-Өте жақсы балалар, ал, біз өз туған жерімізді, біздің мемлекетімізді қорғау керекпіз ба?

-Дұрыс, біз өз туған жерімізді құрметтеу, қорғау керекпіз, Оны ұмытпаймыз.



Қорытынды:

-Балалар, тақтаға назар аударыңдаршы. Тақтада ақ парақ ілініп тұр, ол сурет, бірақ қандай сурет екенінді білу үшін, сендер сұрақтарға жауап беру керексіңдер. Сендер сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, мен суреттің бір-бір бөлшектерін ашып, бізде сосын сурет шығады. Келістік пе?

-Иә.

Балаларға сұрақтарды қою:



-Балалар, бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

-Елордасы – Астана, Астана туралы.

-Біз қандай Республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикада тұрамыз.

-Дұрыс, ал, біздің президентіміз кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Қазақстан Республикамыздың рәміздерін атаңдаршы.

-Елтаңба, Ту, Әнұран.

Балаларды мақтап, әрқайсысына жүрекшелерді беру. Сабақ қорыту.

Зеренді әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» КММ



«Елордасы - Астана»

бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің ашық сабақтар апталығы,

(тіл дамыту пәнінен ашық сабақ)

Өткізген: мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Сатанова Д.К.



2015-2016 оқу жылы

«Елордасы - Астана»




Каталог: B9A63E078CCEA9AE
B9A63E078CCEA9AE -> Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы». Мақсаты
B9A63E078CCEA9AE -> Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру
B9A63E078CCEA9AE -> Бекітемін Мектеп директорының м а. Сатанова Д. К. «Үздік мұғалім 2016» мектепішілік сайысты өткізу ережесі
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақ Тақырыбы: «Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту»
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақтың тақырыбы: Астана Сабақтың мақсаты
B9A63E078CCEA9AE -> Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің
B9A63E078CCEA9AE -> Сыныптан тыс іс шара «Зейінділер мен зерделілер»
B9A63E078CCEA9AE -> Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» кмм
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақтың тақырыбы: Тілге құрмет – елге құрмет. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет