Сабақ мақсаттары Білімділік: Ақпараттық модельді құру теориялық білімдерін пысықтап,тексереді



бет1/4
Дата10.06.2017
өлшемі0,56 Mb.
#18800
түріСабақ
  1   2   3   4

Пәні:

Информатика

Мектеп: Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі

Күні: 09.01.2015

Мұғалімнің есімі: Қаймұханов Асыл

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Модельдерді сипаттау әдістері. Модельдер қасиеті

Сабақ мақсаттары

Білімділік: Ақпараттық модельді құру теориялық білімдерін пысықтап,тексереді.

Дамытушылық: Оқушылар логикалық ой-өрісін,зейінін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді. Пәнге қызығушылығы артады.

Тәрбиелік: Алдыға мақсат қойып, соған жетуге талпынады,өз қызметіне талдау жасауға,баға беруге тәрбиеленеді.Жұппен,өз бетімен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастырады.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Сабак барысы:

Басталуы. Білу. Түсіну.

Ұйымдастыру кезеңі.

1.1 Сәлемдесу.Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.Журнал толтыру.

1.2  Бүгінгі сабактың мақсаты мен міндеттерін,барысын айтып өту.

Мұғалім сөзі:  Слайд (3-8) Ақпараттық модельді құру:модельдеу мақсаттарын анықтау, обьектінің

құрылымдық талдауы,обьектіні зерттеу мақсаттары.

Зерттеудегі обьект туралы қажетті ақпараттың бәрін қамтитын шамалар жиынтығы-ақпараттық модель.Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі олар тек ақпараттардан ғана құралады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді,  модель обьектінің қасиеттерін, белгілерін, күйін толық көрсететіндей болуы қажет. Обьектіні зерттеу үшін адам сол обьект жөнінде ақпарат жинақтайды.

Ақпараттың аса көп болуы міндетті емес, қолданылатын мақсатқа сай болса, жеткілікті. Мысалы: мектепте сен қан айналымының ақпараттық моделімен таныстырылады. Оқушы үшін бұл жеткілікті болғанымен, дәрігер мамандығын қалағандар үшін осы білімді одан тереңдетіп, жетілдіру қажет.

Кейбір обьектілерге белгілі бір қасиеттер тән болғандықтан ол көзге анық көрініп тұрады.Мысалы гүл түсінің сарылығымен,ал найзағай жаркылдауымен ерекшеленеді. Осы обьектіге не себепті сол қасиеттердің тән екнін білу үшін обьектіні толық зерттеу қажеттілігі туады. Модель құру кезінде обьектіге зерттеу мақсатында,зерттеу құралдары мен адамның білім дәрежесіне қарай әртүрлі ақпарат жинақталады. Мысалы:Өсіп тұрған гүл жөнінде биология маманы,дәрігер және оқушының алатын мәліметтерін салыстырайық.

Биология маманы гүлді өзі білетін гүлдермен салыстырып тамырына, клеткалық құрамына, топырақта өсу ерекшеліктеріне коңіл бөледі.

Дәрігер өсімдіктің химимялық құрамын анықтап,оның денсаулыққа пайдалы және зиянды жақтарын ашуға тырысады.

Ал оқушы гүлдің сыртқы көрінісіне,иісіне,үзілгеннен қанша уақыт солмайтына көңіл бөледі.

 Обьектінің қасиеттерін сипаттау үшін әртүрлі схемаларды,таңбалық жүйелерді қолдануға болады.

Ақпараттық модельде объектінің параметрлері мен оның сандық, мәтіндік және басқа да түрде беріледі. Ал зерттеу барысында іс-әрекеттер ақпаратты өңдеу процесі түрінде көрсетіледі.

 Ақпараттық модель адам өмірінде маңызды орын алады. Мектепте оқылатын пәндер де құбылыстарды танып-білу мақсатында ақпараттық модель түрінде беріледі.

 Ақпараттық модель еш уақытта объектіні толық сиппаттай алмайды,бір объект үшін әртүрлі ақпараттық модель құруға болады.

            Ақпараттық модель модельдеудің алдағы жолын анықтайтын ойдың тууына әсер етеді.


Ортасы. Қолдану.Талдау. Жинақтау. Бағалау.

 Үлестірмелі тапсырма №1.

МЫСАЛ 1:

Кірісі

А

1

3

7

5

Шығысы

Орындай алмаймын

2

4

8

6

Мұнда атқарушы енгізілген санға 1-ді қосып отырады. Егер кіріс 4 саны болса, онда шығыс 3-ке тең.

Кірісі

16

23

34

42

57

Шығысы

15

24

33

41

58

Осы мысалда былай тұжырымдайымыз: енгізілген тақ санға 1-ді қосады, жұп саннан 1-ді азайтады.

МЫСАЛ 2.


Кірісі

Қол

Серік

Қрқрқрқрқ

Kz

True

Шығысы

3

4

9

2

4

Атқарушы енгізілген сөздегі әріптердің санын санайды.

ЖАТТЫҒУЛАР.

Қара жәшіктің  алгоритмін табу.

1.


Кірісі

23

5

12

21

132

56

9

20

100

24

Шығысы

47

11

25

43

265

113

19

41

201

49

Жауабы: *2+1

2.


Кірісі

23

5

12

21

132

56

9

20

100

24

Шығысы

45

9

23

41

263

112

17

39

199

47

Жауабы: *2-1

3.


Кірісі

Оператор

Логика

Ақпарат

Топология

Объект

Шығысы

2

1

0

3

1

Жауабы: «о» әрпі

4.


Кірісі

25

11

7

98

34

Шығысы

100

44

28

392

136

Жауабы: *4

5.


Кірісі

Доллар

Зообақ

Бала

Ағаттық

Әдепті

Шығысы

1

1

0

1

0

Жауабы: қос әріпті

Жауабы: жұп сандарды /2-1



Аяқталуы

Жаңа  сабақты бекіту:

1.      Ақпараттық модель дегеніміз не?

2.      Ақпараттық модельдерге мысал келтір

3.      Ақпараттық моделдің түрлерін ата?

Үйге тапсырма: Дәптердегі конспекті оқу. Тест құрастыру



Бағалау. Қортындылау.



Пәні: Информатика

Мектеп: Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі

Күні: 16.01.2016

Мұғалімнің есімі: Қаймұханов Асыл

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

«Модельдерді зерттеу» практикумы

Сабақ мақсаттары:

І. Білімдік: Модельдеу, формальдау ұғымдарын қалыптастыру мақсатында өткен материалдарға. Модельдеудің негізгі түрлерімен таныстыру және сипаттама беру;
ІІ. Дамытушылық: Оқушыларда модельдерді формальдау кезінде зерттеушілік құзыреттілігін, логикалық ойлауын дамыту, ой - өрісін кеңейту.
ІІІ. Тәрбиелік: Танымдық қызығушылығын арттыру. Ақпараттық мәдениеттікке тәрбиелеу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Басталуы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақтың өту ретін баяндау.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Қайталау» аралы.
Тест сұрақтары
І нұсқа
1. Жүйенің өзгеру мен даму процестерін көрсететін модель?
а) ақпараттық; ә) статикалық;
б) динамикалық; в) материалдық.
2. Қоршаған ортаны тану мақсатында модельдерді құру мен зерттеу... деп аталады.
а) модель; ә) модельдеу; б) формальдау; в) пішімдеу.
3. Модельдеудің ұсыну формаларын атаңыздар.
а) ақпараттық, материалдық; ә) оқулық, иматациондық, тәжірибелік;
б) статикалық, динамикалық; в) сөздік, логикалық, арнайы, математикалық.
4. Ақпараттық модельдерге кіретіндер:

Ортасы7

ІІІ. Жаңа сабақ
Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Біздің өміріміздегі модельдер:
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:
1. Қолдану аймағы.
2. Модельде уақыт факторын ескеру.
3. Білім саласына қарай топтау.
4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірибелік, ғылыми - техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.
Оқу моделі – көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірибелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.
Ғылыми - техникалық модельдер – процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш – синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.
Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.
Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірибе нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады.
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.
Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып екі топқа жіктеледі.
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді. Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
Математикалық модель – объект немесе процесстің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т. б.
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс - әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.
Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.
Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже және орындалатын іс - әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша ақпарат алуға болады. Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады.

Аяқталуы.

ІҮ. Сабақты бекіту:
Ү. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектеетін не білдім?

Каталог: uploads -> doc -> 050e
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
050e -> Б. К. Мергенбаев атындағы №226 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Көпбай Қалдыгүл Қойшыбайқызының
050e -> Қазақстан мемлекетінің тіл туралы заңы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет