Сабақ: Математика Күні: 04. 11. 2019ж Мұғалімнің аты-жөні: Әділхан А. Ж



Дата27.01.2020
өлшемі121,65 Kb.
#56609
түріСабақ
Байланысты:
04.11.2019 матем

Оқу ісінің меңгерушісі: _____________________

Сабақ: Математика

Күні:04.11.2019ж



Мұғалімнің аты-жөні: Әділхан А.Ж


Сабақтың тақырыбы: Заттарды көлемі бойынша салыстыру




Сынып: 1 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1,1.3,5 Екі санды немесе затты тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады;

Ұзындық, масса, көлем шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін құралдарды таңдайды, өлшемдер жүргізеді



Сабақтың мақсаттары


Заттарды сыйымдылығы бойынша салыстырады.

Сыйымдылықты өлшейді.



Тілдік мақсаттар


• сыйымдылық, мөлшер, көлем

  • ... қарағанда үлкен, .... қарағанда кем, тең, шамамен, жуық

  • салыстырыңыз, тексеріңіз, салыстыра отырып, тестілеңіз, көрсетіңіз.

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың көлемін анықтау барысында қазақтілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады.

АКТ қолдану дағдылары

Сандарды тінтеуір арқылы жазып көреді.




АКТ қолдану дағдылары

Сандарды тінтеуір арқылы жазып көреді.




Бастапқы білім

Сандарды білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  1. минут

30-ға дейін жұптап тура санау.

100-ден бастап ондықтармен кері санау.

http://www.topmarks.co.uk/ordering-and-sequencing/caterpillar-ordering



Сахналау үшін ойыншықтар, текшелер.

Сабақтың ортасы

30 минут



(Ұ ) Оқушыларға екі шелек және екі түрлі өлшеуіш ыдысты көрсетіп сұрау:

-Қай өлшеуішті пайдаланып шелекке суды тез толтыруға болады?

Неге?

Оқушылардың шаманы өлшеп, өлшем нәтижесін санмен көрсетуін қадағалау.



Қалай ойлайсың?

Қай бөтелкенің көлемі үлкен?

Кімнің бөтелкесі үлкен деп ойлайсың?

Неге?


Қыз бен ұлдың бөтелкелері бірдей ме?

Әлде әр түрлі ме?

Қыздың бөтелкесінің көлемі қандай?

Оның бөтелкесінің өлшеуіші не?

Ұлдың бөтелкесінің көлемі ше?

Оның бөтелкесінің өлшеуіші не?

Қайсысының өлшеуіші үлкен?

Осындай өлшеуіштен бөтелкеге нешеу сыйды?

Біз бөтелкелердің қайсысына көп сусын сыятынын айта аламыз ба?

Сурет бойынша ой қорыту.

(Т/Ж, ОТ) Оқушылармен текшелермен әр түрлі заттар құрастыру және текшелерді санау арқылы көлемдерін салыстыру.

Сергіту сәті

«Көңілді ән»



1- тапсырма. Шайнекке неше литр су сыяды? Белгілеп көрсетіңіз.

2-тапсырма. Шамаларды салыстырыңыз:

(Ұ) Көлемді өлшеуде, жеміс-жидек шырынының тетра пакеттерін және пластмассалық бөтелкелерді қолдану. Бұл арқылы оқушыларға контейнер/қорап ыдыстардың пішіндері әртүрлі болғанмен көлемі 1литрді анықтай алатынын түсіндіру.

(Ж) Бір пакет сүттің, шыны құтыдағы кетчуп пен алмұрттың массасын тап.



Көлемі 1, 2 литр болатын, пішіндері әртүрлі тетрапакеттер, сусынның ыдысы, шырынның қорабы, көлемі 3 л бір шелек

бөтелкелер.




Сабақтың соңы

3 минут


Қорытындылау

Сыныптан немесе үйден массасын, ұзындығын, көлемін өлшеуге болатын затты тауып көр.



Рефлексия







Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Көлемді өлшеуде қиналатын оқушыға дербес қолдау көрсету.

Көлемді өлшеу үдерісін бақылау арқылы бағалау. Киналатын оқушыларды жазып алу.

Сергіту сәттерін өткізу.


Рефлексия




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет