Сабақ: Математика Мектеп: «Бабай-Қорған»



Дата20.07.2017
өлшемі0,53 Mb.
#21316
түріСабақ
ОҚО. Түркістан қаласы.

Бабайқорған ауылы.

«Бабай-Қорған» жалпы орта мектеп коммуналдық мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі:

Ибашова Құралай Манаповна

Сабақ: Математика

Мектеп:«Бабай-Қорған» жалпы орта мектебі


Күні:

Сынып жетекшісі: Қ . Ибашова

Сынып:3 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Бағасы . Саны . Құны.



Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларға өзара байланысты шамалар : баға , мөлшер , құнға арналған есептерді шығару дағдысын меңгереді, амалардың орындалу тәртібі туралы біледі . Бір заттың массасы, заттардың саны , жалпы массасы арасындағы байланысты меңгере алады

Сабақ мақсаттары

Жаңа есеп түрін шығару дағдысын қалыптастыру ,баға , саны , құнға арналған есептердің шығару тәсілерін меңгерту.



Барлық оқушылар: баға , мөлшер , құнға арналған есептерді шығару дағдысын меңгереді, амалардың орындалу тәртібі туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Жаңа есеп түрін шығару дағдысын қалыптастыру ,баға , саны , құнға арналған есептердің шығару тәсілерін меңгерту. . Есептерді талдай алады.

Кейбір оқушылар:

Бір заттың массасы, заттардың саны , жалпы массасы арасындағы байланысты меңгере алады. Есептердің шығарылу жолдарын талдай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: ...(істей) алады

Өрнектерді шешу барысында есептің дұрыс шешу жолдарын пайдалана алады.



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Масса , құны , бағасы, саны

Сыныптағы диолог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:айтылымын жақсарту: Айтылымын жақсартуда ауызша тапсырмаларды орындауда сөйлеу дағдылары дамиды.

Талқылауларға арналған тармақтар:

-Дүкеннен зат сатып алу үшін нені білуіміз керек ?

- Баға , саны, құны дегеніміз не ?

- Затты аларда неге назар аударуымыз керек ?

- Бұлардыңайырмашылығы неде ?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Заттардың массасын тапқанда ережені сақтау керек па ?.

Жазылым бойынша ұсыныстар: Өткенді қайталау үшін көбейту кестесін жаттайды.

Табыс критерийлері


Құрылымы әртүрлі санды өрнектердің мәнін таба біледі .

Есе артық және есе кем сөздерінің мағынасын талдай біледі

Өзара байланысты шамаларға есептер шығара алады.

Өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін біледі

Алдыңғы

тақырып

Өтілген материалдарға талдау жасау

«Қақпаға доп соқ » ойыны

Жоспары

Уақыты













Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы




Ынтымақтастық атмосфера орнату,

Саламатсыздар ма құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар. Бүгінгі біздің сабағымызға қош келіпсіздер- дей отырып, Мәңгілік еліміздің тәуелсіздігіне 25 жылық мерейлі той құтты болсын деп сабағымызды бастаймыз.

Шаттық шеңбері

Армысың асыл күн.

Армысың, асыл жер.

Армысың көк аспан.

Армысыздар құрметті қонақтар.

Армысың асыл, досым

Жылуыма - жылу қос.

Міне менің қолым.

Топқа бөлу

Балалар, жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде барлық көкөністер, жеміс – жидектер пісіп қазан болады. Біздің ауылда қандай жемістер өседі?

Ендеше, біз мына жерде біздің ауылда өспейтін жемістер тұр екен. Осы жемістер арқылы топқа бөлінеміз. Қанекей өздеріңе қажетті жемістерді алып топтарыңа отыра ғойыңдар.

1-топ Анар

2-топ Құрма

3-топ Апельсин

Топбасшыларды сайлау.

Балалар бүгін сендерді мына бағалау парақшасы арқылы топбасшылар бағалайды.

Дұрыс жауап -3 ұпай,

Жартылай жауап- 2 ұпай,

Дұрыс емес-0 ұпай

қорытынды:

«5» - 9 - 12 ұпай,

«4» - 5 - 8 ұпай ,

«3» -1 - 4ұпай ,

«Қақпаға доп соқ » ойыны арқылы өткен сабақтарды еске түсіреміз (ауызша есептеу)


Слайд


Жеміс-жидектердің түрлері


Бағалау парақшасы

Ортасы





«Дүкенші » ойыны. Арқылы 3 топқа 500 теңгеден беремін.

500 теңгеге не сатып алуға болады ?

3 топтың балалары мына заттардан қалаған заттарын сатып алсын.

Суреті

Осы заттарды сатып алғанда заттардың нелерін анықтадыңдар.

Заттың санын , бағасын , құнын білдік

-Дұрыс балалар ,

Балалар, бүгін біз заттың

Бағасы . Саны . Құнымен танысамыз.

Осы тақырыпқа байланысты есептер шығарамыз


« Миға шабул » әдісі ойыны арқылы 2 -3–4 – ші мысалдарды шығарамыз

1 – топ

1 топ сендерде заттың саны белгілі және бағасы белгілі , ал құнын қалай таптыңдар?


2-топ


2 топ сендерде заттың құны белгілі және бағасы белгілі , ал санын қалай таптыңдар?

3- топ

3 топқа бөліп беремін Бұл есепте кесте берілген сол кестеге байланысты есептерді шығарасыңдар және сол есепке байланысты анықтамасын айтасыңдар
3-топ сендерде заттың құны белгілі және саны белгілі , ал бағасын қалай таптыңдар

Оқушылар ережесін ашады


Сергіту сәті.
«Идеялар себеті» әдісі арқылы тақтада топпық жұмыс орындаймыз.

Енді балалар алдарыңда тұрған жемістерге қараңдар

1 топтаАнардың құны белгілі , бағасы белгілі, ал саны белгісіз, санын табасыңдар.

Құны : 70 тг

Бағасы : 10 тг

Саны : ?

2 топ құрманың құны белгілі , саны белгілі, бағасы белгісіз, бағасын табыңдар

Құны ; 63 тг

Саны : 7 дана

Бағасы : ?

3топ апельсиннің бағасы белгілі , саны белгілі, құнын белгісіз, құнын табасыңдар

Бағасы : 9тг

Саны : 6дана

Құны : ?
«Қай топ жылдам» ойыны арқылы 5 – мысалды тақтада орындаймыз.

Кесте бойынша есептер құрастыр және шығару



Бағасы

Саны

Құны

9 теңге

3 дана

? теңге

5 теңге

? дана

30 теңге

? теңге

6 дана

48 теңге

Геометриялық фигуралар арқылы АВС- деңгейіндегі оқушыларға деңгейлік тапсырмалар 6 – мысал.

А-деңгейлі

В-деңгейлі


С-деңгейлі




Сөре, сатылатын заттар, теңгелер

Слайд


Үлестірме қағазы

Үлестірме қағазы

Үлестірме қағазы

Себет, жемістер, дәптер


Тақта, оқулық, дәптер



Аяқталуы




Бағалау: бағалау шкаласы бойынша топ басшылары ,өз тобындағы оқушыларың білімңн бағалап шығады
Рефлексия: Табыс баспалдағы арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып іледі

Үйге тапсырма:7- мысал.


Үлестірме қағазы

Бағалау парақшасы




Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

  • - Қабілеті жоғары оқушыға күрделі тапсырма беремін.

  • Үлгермеуші оқушыларға деңгейіне, тақырыпқа сәйкес жеңіл тапсырма беремін.

Қалыпты бағалау

Бағалау шкаласы арқылы бағалаймын.


  • Техника қауіпсіздік ережесін сақтау.

  • Оқушыларға тәлім- тәрбие құзреттілігін қалыптастыру.


Рефлексия

- Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

-Бүгін оқушылар не білді?
- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

-Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Бағасы. Саны. Құны - туралы сабағымның мақсаты шынайы.


 

Бүгінгі сабақта оқушылар заттың бағасын, санын, құнын шығара білді.

Оқушылар тақырыпты меңгеруде топтық жұмыс жасап, құрдастар арасында бірлескен сұхбат жүргізді.
Жоспарланған саралау уақыты тиімді болды.

 

 


Берілген уақытта үлгере алдым.

 

 



Келесі жоспарды оқушылардың алған теориялық білімін практикада қолдануын және көбірек есептер шығаруына мән беремін.


Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет