Сабақ: математика Тақырыбы: Аудан бірлігі- квадрат сантиметр



Дата08.09.2017
өлшемі176,6 Kb.
#31070
түріСабақ
Күні:

Сабақ: математика

Тақырыбы: Аудан бірлігі- квадрат сантиметр.

Мақсаты мен міндеттері: аудан бірлігі –квадрат сантиметрмен ұғымымен таныстыру.

1.Білімділік: мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру

2.Дамытушылық:оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, ин-теллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;

3.Тәрбиелік: меңгерген математикалық білімдерін өмірде қоддануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: кесте;, қималы карточкалар,

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру.

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Бүгін сабақта жаңа ұғыммен танысамыз: фигураның аудан бірлігі- квадрат сантиметр.

1 см - ұзындықтың бірлігі. Кесіндінің ұзындығы6 см. Кесіндінің ұзындығын қалай өлшейміз? Квадрат сантиметр- қабырғаларының ұзындығы 1 см-ге тең шаршының ауданы.

1см2


№2 фигураларды салыстыр: қай фигураның ауданы үлкен?

№3Түске дейін хаузда 36 адам, ал түстен кейін одан 15 адам артық жүзумен шұғылданады. Есеп: 36+15, (36+15)+36 өрнектері арқылы шығарылатындай етіп сұрақ қой.

Бұл есеп пе? Неге есеп емес? Не жетіспейді? Сұрақтарын қояйық.

Түстен кейін неше адам жүзумен шұғылданды? Барлығы неше адам жүзумен шұғылданды?

№4 теңдеулер құр:

А) белгісіз санды 46-ға арттырғанда, 215 шықты

Ә) белгісіз саннан 92-ні азайтқанда, 120 шықты

Сергіту сәті

3.Жаңа білімді бекіту:

№5 мысалдарды шығар:

3дм2см-16см 2ц50кг+60кг 5м40см-23дм

1кг-296г 1км-695м 1т-5ц20кг



Дұрыс жауаптардың нөмерін ата:

  1. Егер фигурасы дәптердегі тор көзбен бірдей болса, онда--- фигураның ауданы 1кв.см тең болады.

  2. Кв.см- -бұл--- бірлігі

  3. Жалғастыр: алтабұрышта---кв.см бар, фигурада---кв см бар, фигурада –кв.см бар.(114 бет суретке қара.)

Өзіндік жұмыс жәптерімен жұмыс 19 бет №4,5



5*5 30:5 7*5 8*5 10:5 20:5 3*5 9*5 35:5 45:5

4. Үйге тапсырма:1113 бет №8

Күні:

Сабақ: ана тілі

Тақырыбы: Н. Байғанин «Амангелді батырым». З. Шашкин «Азатттық жолында».

Мақсаты мен міндеттер: өлеңді, мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық:өлеңді, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: суреттер

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру: жоспар бойынша әңгімелеу



2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Сөзжұмбақ шешу:

1Қаракерей... 5 Қанжығалы..

2 Исатайдың серігі... 6 Ағыбай батыр заманындағы хан..

3 Жақияның әкесі 7 Қабанбай, Бөгенбай заманындағы хан..

4 Исатайдың тұлпары 8 Халықтың сол замандағы күйі..

9 Исатай, Махамбет заманындағы хан..

Қандай сөз шықты ? Амангелді

Бүгін Нұрпейіс Байғанинның «Амангелді батырым» өлеңімен танысамыз, Зейін Шашкинның «Азаттық жолында» әңгімесімен танысамыз.

Оқулық бойынша жұмыс 113 бет «Амангелді батырым», 114-117 бет «Азаттық жолында»



  • үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

  • -тізбек бойынша оқу

  • тұтас оқу

  • өлеңде, мәтінде не туралы айтылған?

114 беттегі сурет бойынша жұмыс:

-Суреттегі атқа мінген батырды кім дер едіңдер?

-Оның қазақ батыры екенін неден аңғардыңдар?

-Қазақ батырлары неге атқа қонды?

-Бұл суретті салған кім?

Сергіту сәті


  1. Жаңа білімді бекіту:

Өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

- мәтінге сүйеніпжоспар құр

Жоспар


  1. Тергеу

  2. Айып тағу

  3. Шешесімен кездесуі

  4. Дарға асу

-Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам?

-Түрмеде оған қандай айып тағылды?

- Тоқаш кіммен кездесті?

Шығармашылық тапсырма: Сурет бойынша ,мәтінге сүйеніп әңгіме құра.(топтық жұмыс)

Әр топтың әңгімелерін тыңдау, бағалау.



4. Үйге тапсырма: 113 бет жатта, 114-117 бет жоспар бойынша әңг..

Күні: 23.11.2015 ж.

Сабақ: қазақ тілі

Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер

Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөйлем мүшелері:тұрлаулы мүшелер туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; сөйлем мүшелерін ажырата білу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар., сызбалар.

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру

Қатемен жұмыс: мазмұндамаға талдау жасау.



2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Дәптермен жұмыс

Каллиографиялық минут:

Қар жауды. Бүгін қар жапалақтап жауып тұр.- сөйлемдерді талда.

Сөйлемдерді салыстыр: олар не туралы? Ерекшеліктері неде?

Қар жауды- сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Олар бастауыш пен баяндауыштан тұрады.

60-жаттығу сөйлемдерді оқы. Олардың қандай ұқсастықтары мен өзгешіліктері бар?

Қар жауды.

Бүгін жапалақтап қар жауды.

Қар жауды – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Ол бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.

Бірінші сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған.

61- жаттығу. Сөйлемді оқы.

Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді.



  • Тұрлаулы мүшелерді тап.

  • Неліктен тұрлаулы дейтінін түсіндіріп көр.

62- жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз.

  • Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.

  • Мәтінге ат қой.

63-жаттығу. Мақалдарды жатқа жаз.

  1. Әкеге қарап ұл өседі,

Шешеге қарап қыз өседі.

2.Жаман жолдас жолда қалдырады.

-Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

64 –жаттығу. Сөйлемдерді оқы, ретімен айт, тұрлаулы мүшелерді тап.


  1. Тырна түлкіге тамақ берді.

  2. Құмыра түлкінің басына сымапты.

  3. Тырна түлкіні қонаққа шақырыпты.

-бұл қай ертегіден ,әрі қарай жалғастыр.

Шығармашылық жұмыс: 65- жаттығу: сурет бойынша әңгіме құр.(топтық жұмыс)





4.Үйге тапсырма: 76 бет 62 -жаттығу

Күні:23.11.2015 ж.

Сабақ: ана тілі

Тақырыбы: С. Торайрғыров «Кедей»

Мақсаты мен міндеттер: өлеңді, мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық:өлеңді, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: суреттер

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру: жоспар бойынша әңгімелеу



2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Кедей- ассоциация құру, мәнін қалай түсінесіңдер?

Ашаршылық- ассоциация құру, мәнін қалай түсінесіңдер?

С. Торайғыровтың «Кедей» шығармаласымен танысамыз.



әңгіме жанрының шебері әрі ақын


Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)


талантты ақын әрі жазушы

Оқулық бойынша жұмыс123-бет «Кедей»



  • үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

  • -тізбек бойынша оқу

  • тұтас оқу

  • өлеңде не туралы айтылған?

  • Кедей деп кімдерді атаған?

  • Кедейдің ауыр тұрмысын қалай бейнелеген?

Сергіту сәті

3.Жаңа білімді бекіту:

Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс4 топ, 2 топ кестенің оң жағы, 2сол жағындағы пікірге ой білдіреді)

1топ

2топ

Қазір кедей адам жоқ

Қазіргі кезде де кедей адамдар бар

Әр тотың ойларын ортаға салу, бағалау.

Аштық, кедейлік болмау үшін не істеуге болады деп ойлайсың? Ойыңды дәлелде.

- мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

4. Үйге тапсырма: 96 бет жаттау

Күні:23.11.2015 ж.

Сабақ: математика

Тақырыбы: Тік төртбұрыштың(шаршының) ауданы.

Мақсаты мен міндеттері: аудан бірлігі –квадрат сантиметрмен ұғымымен таныстыру.фигуралардың аданың табуға үйрету.

1.Білімділік: мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру

2.Дамытушылық:оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, ин-теллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;

3.Тәрбиелік: меңгерген математикалық білімдерін өмірде қоддануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: кесте;, қималы карточкалар,

Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақта қандай жаңа ұғыммен таныстық?



2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Бүгін сабақта жаңа ұғыммен танысамыз: тік төртбұрыштың, шаршының аудандарын табуға үйренеміз. фигураның аудан бірлігі- квадрат сантиметр.

Тік төртбұрышта неше шаршы бар ? неше қатар бар? Неше баған бар? Қалай тез есептеуге болады?

S=а*в S=а*а

Тік төртбұрыштың ауданың табу үшін ұзындығын еніне көбейту керек.

Шаршының ауданың табу үшін ұзындығын еніне көбейту керек.

№2 Сызу, ауданың табу.

Бір бағанда неше квадрат сантиметр бар? Осындай тағы неше баған шығарып алуға болады? Тік төртбұрыштың ауданың тап.

№3 Әр фигураның қабырғалары неше сантиметр?

Суреттегі фигуралардың қабырғаларын 1 см-ден неше тең бөлікке бөлуге болады? Әр фигурада неше қатар шықты?

Әр фигурада неше баған шықты?

Сергіту сәті

3.Жаңа білімді бекіту:

№4. Тік төртбұрыш сыз және оның ауданын тап.Фигураның ауданың табу үшін не істеу керек?

№5 Есепті шығар.

№6. Бекіре балығынын массасының төрттен бір бөлігі 20 кг. Сонда бекіре балығының массасы неше кг?



4. Үйге тапсырма:92 бет №7 теңдеуді шешу.

Математика 3 сынып. Өздік жұмысы № 1



  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

Күні: 
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Білім, білік, дағдыларын анықтау. 

І-нұсқа ІІ-нұсқа 


1.Есепте: 
981-793 231+564 
1000-457 486+212 
280+20-40 860-(130+70) 

2.Есепті шығар: 


Саябаққа 126 қайың көшетін және одан 17-сі артық үйеңкі көшетін отырғызды. Саябаққа барлығы неше көшет отырғызылды? 

3.Теңдеулерді шеш: 


Х-300=160 
420+х=900 

4.Фигуралардың периметрін тап. 

1.Есепте: 
758-259 900-723 
459+369 685+298 
(180+680)-370 1000-(780+90) 

2.Есепті шығар: 


Саябаққа 170 көшет отырғызылды. Оның 84-і қайың көшеті, ал қалғаны үйеңкі көшеті болды. Қай көшет артық және неше көшет артық отырғызылды? 

3.Теңдеулерді шеш: 


790-х=980-560 
956-256-х=150 

4. Ені 4 см, ал ұзындығы одан 2 см-ге артық тіктөрбұрыш сыз. Периметрін тап. 

  
Өздік жұмысы №2 
Күні: 
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Білім, білік, дағдыларын анықтау. 

І-нұсқа ІІ-нұсқа 


1.Есепте: 
3•6 45:5 54:6 
9•1 14•0 8:8 

2.Есепті шығар: 


а) Бір қорапта 6 фломастер бар. Осындай 7 қорапта неше фломастер болады? 
ә) Математика үйірмесіне 4 қыз және 12 ер бала қатысады. Үйірмеге қыздарға қарағанда неше есе артық ер бала қатысады? 

3. Теңдеулерді шеш: 


21:х=3 
3•х=12 

4. Екі кесінді сыз. Бірінші кесіндінің ұзындығы 8 см, ал екінші кесіндінің ұзындығы одан 2 есе қысқа. 

1.Есепте: 
15:5 9•3-7•2 
12:6 10:(35-30)+18 
4•3 21:3+9•0 

2.Есепті шығар: 


а) Бір қорапта 8 қарындаш бар. Осындай 3 қорапта неше қарындаш бар? 
ә) Мозайкада 18 қызыл және 3 көк бөлшек бар. Қызыл бөлшекке қарағанда көк бөлшек неше есе кем? 

3.Теңдеулерді шеш: 


18:х=6 
х•5=10 

4. Екі кесінді сыз. Бірінші кесіндінің ұзындығы 10 см, ал екінші кесіндінің ұзындығы одан 2 есе қысқа. 

  
Өздік жұмысы №3 
Күні: 
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Білім, білік, дағдыларын анықтау. 

І-нұсқа ІІ-нұсқа 


1.а) Есепте: 
7•5+12 60-30:5 
5•8-25 50+8•0 
24:4•3 4•3:1 
ә) Өрнектерді баған түрінде есепте: 
635-579 654+167 
1000-873 725+237 

2. Қысқаша жазу бойынша есеп құрастыр және шығар. 

Қыздар – 21 адам 
Ер балалар – 7 адам ? есе артық 

3.Дүкенде әрқайсысында 7 кг-нан 5 жәшік печенье және 28 кг вафли болды. Дүкенде барлығы неше килограмм печенье мен вафли болды? 

4. Ұзындығы 4 см, ал ені одан 2 есе қысқа тіктөртбұрыш сыз. Периметрін тап.

1.а) Есепте: 


7•5+3•8:4 
8: (100-96)•5 
9•5+2•9:6 
ә) Өрнектерді баған түрінде есепте: 
800-618 534+466 
752-389 275+484 

2. Есепті шығар. 


Бір бумада 25 дәптер бар. Одан 3 оқушы әрқайсысы 4 дәптерден алды. Бумада неше дәптер қалды? 

3. 40 кг қараөрік жиналды. Тосап қайтануға одан 5 есе кем қараөрік жұмсалды. Неше килограмм қараөрік қалды? 

4. Ұзындығы 6 см болатын тіктөртбұрыш сыз, бұл еніне қарағанда 2 есе артық. Периметрін тап. 

  
Өздік жұмысы №4 


Күні: 
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Білім, білік, дағдыларын анықтау. 

І-нұсқа ІІ-нұсқа 


1.Есепті шығар. 
Кітаптың қабы 9 теңге тұрады. Осындай 5 кітап қабы үшін неше теңге төлеу керек? Ал 7 кітап қабы үшін ше? 

2. Есепті шығар. 


5 қылқалам үшін 45 теңге төленді. Бір қылқалам неше теңге тұрады? 

3.Есепті шығар. 


Бірінші жәшікте 30 кг печенье, ал екінші жәшікте одан 6 есе кем печенье бар. Екі жәшікте неше килограмм печенье бар? 

1. Есепті шығар. 


Кітаптың қабы 10 теңге тұрады. Осындай 3 кітап қабы үшін неше теңге төлеу керек? Ал 5 кітап қабы үшін ше? 

2. Есепті шығар. 


4 қылқалам үшін 16 теңге төленді. Бір қылқалам неше теңге тұрады? 

3.Есепті шығар. 


Бірінші жәшікте 20 кг печенье, ал екінші жәшікте одан 5 есе кем печенье бар. Екі жәшікте неше килограмм печенье бар? 

  
Өздік жұмысы №5 


Күні: 
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Білім, білік, дағдыларын анықтау. 

І-нұсқа ІІ-нұсқа 


1.Есепте. 
6•5 35:5 27:3•6 
7•6 28:4 3•4:6 

2. Баған түрінде жазып, есепте. 


865-378 325+548 
430-275 1000-256 
374+326 

3. Есепті шығар. 


Дүңгіршекте бір күн ішінде 9 журнал және одан 6 есе артық газет сатылды. Дүңгіршекте журналға қарағанда қанша газет артық сатылды? 

4.Тиісті амал таңбаларын қой. 


7□5□6=29 
8□6□5=53 

1.Есепте. 


(18+17):5 3•2•6 
2•(41-32) 8:4•7 
6•3:2 54:6•0 

2. Баған түрінде жазып, есепте. 


681+119 275+448 
1000-623 389+611 
810-435 

3. Есепті шығар. 


Назгүл альбомның 8 бетінің әрқайсысына 4 фотосуреттен орналастырды. Содан кейін 17 фотосурет қалды. Назгүлде барлығы неше фотосурет болған?

4.Тиісті амал таңбаларын қой. 


9□5□9=36 
9□6□9=63 

  

Өздік жұмысы №6 


Күні: 
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Білім, білік, дағдыларын анықтау. 

І-нұсқа ІІ-нұсқа 


1.Есепте: 
6•9 7•8 36:4•8 
48:8 32:4 2•6:4 

2.Есепті шығар. 


Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ұзындығы 8 метр, ал ені одан 2 есе қысқа. Осы жер телімінің периметрі мен ауданын тап. 

3.Бос орындарға қалдырылған санды жаз. 


520-□=380 435+□=500 

4.Тиісті амал таңбаларын қой. 


76-4<76□3 24+12<34□12 
1.Есепте: 
9•2:3+100 (3+51):9+200 
4•2•9+520 (100-37):7+400 
390-7•8+16 190-4•9+27 

2. Тіктөрбұрыштың ауданы 45 см2. Егер тіктөртбұрыштың ұзындығы 9 см болса, онда ұзындығы енінен неше сантиметр артық екенін тап. 

3.Бос орындарға қалдырылған санды жаз. 
72:□+15=24 
6•□+30=48 

4. Тиісті амал таңбаларын қой. 


9□5□5=50 
7□6□2=26 

  
Өздік жұмысы №7 


Күні: 
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Білім, білік, дағдыларын анықтау. 

І-нұсқа ІІ-нұсқа 


1.Есепте. 
80:40•90 490:7•80 
940-80•9 

2.Есептің шартын сұрақпен толықтыр және оны шығар. 

Спорт мектебіне 60 футбол добын және одан 7 есе артық теннис добын сатып алды. _____________________ 
________________________________ 

3. Салыстыр: 


2 тәул. * 45 сағ. 45 кг * 3 ц 
75 жыл * 5 ғасыр 800 кг * 8 ц 

4.Өрнектерді баған түрінде шығар. 


567-318 76+567 
784-36 168+495 
346-95 
1.Өрнектерді амалдардың орындалу тәртібі бойынша жазып, есепте. 
1000-201•4+450 
450+121•3-303 

2. Есептің шартын сұрақпен толықтыр және оны шығар. 

Дүкенге әрқайсысында 40 литрден 6 бидон өсімдік майын әкелді. Бір күн ішінде әкелінген майдың сегізден бір бөлігі сатылды. ______________ 
____________________________ 

3. Салыстыр: 


3 тәул. * 25 сағ. 60 кг * 3 ц 
85 жыл * 2 ғасыр 900 кг * 9 ц 

4.Өрнектерді баған түрінде шығар. 


112+328+99 1000-605 
485+68+179 549-450 

  

Өздік жұмысы №8 


Күні: 
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Білім, білік, дағдыларын анықтау. 

І-нұсқа ІІ-нұсқа 


1.Есепте: 
14•5 700:2 660:20 
36:2 520:2 420:20 

2. Есептің шешуін өрнек түрінде жазып шығар. 


Суретші әрқайсысында 17 құтыдан 3 бояу жиынтығын және әрқайсысында 19 құтыдан 5 бояу жиынтығын сатып алды. Суретші неше құты бояу сатып алды? 

3.Теңдеулерді шеш. 


630:х=7 х+652=900 

4. Өлшем бірліктеріне сәйкес сандарды жаз. 


56 мм = ... см ... мм 
8 дм 5 см = ... см 
1 км = ... м 
640 мм = ... см 
1.Есепті: 
500:2 280:20 18•2 
52:2 42:3 900:2 

2.Есепті әртүрлі тәсілмен шығар. 


Топсеруенге бару үшін 120 екінші сынып оқушылары мен 160 үшінші сынып оқушыларын 3 автобусқа тең бөліп отырғызды. Әр автобусқа неше оқушыдан отырғызды? 

3. Теңдеулерді шеш. 


У-150 = 40•2 х•8 = 20+300 

4. Өлшем бірліктеріне сәйкес сандарды жаз. 


54 см = ... дм ... см 
8 м 1 дм = ... дм ... см 
1 км = ... м 
651 мм = ... см ... мм 

  
Өздік жұмысы №9 


Күні: 
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Білім, білік, дағдыларын анықтау. 

І-нұсқа ІІ-нұсқа 


1.Баған түрінде шығар. 
142•2 68:2 
34•2 963:3 

2.Есепті шығар. 


Кітапта барлығы 100 бет бар. Қыз бала бірінші күні 16 бет оқыды. Екінші күні одан 2 есе артық бет оқыды. Қыз бала әлі неше бет оқуы керек? 

3.Өрнектердің мәнін тап. 


131+321•2 426:2+306 

4.Баған түрінде шығар: 


906-654 897-786 
65+397 500-32 
784-79 
1.Баған түрінде шығар. 
666:6 412•2 
369:3 224•2 

2.Есепті шығар. 


Бірдей 4 костюмге 12 метр мата жұмсалды. 363 м матадан осындай неше костюм тігуге болады? 

3.Өрнектердің мәнін тап. 


123•3+321•2 426:2+112•4 

4.Баған түрінде шығар. 


556-99 
602-67 
1000-179 
97+86+360 

  

Өздік жұмысы №10 


Күні: 
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Білім, білік, дағдыларын анықтау. 

І-нұсқа ІІ-нұсқа 


1.Баған түрінде шығар. 
151•3 966:6 
143•2 942:3 

2.Есепті шығар. 


Оқушылар әрқайсысында 15-тен 3 қатар алма көшетін және әрқайсысында 6-дан 12 қараөрік көшетін отырғызды. Оқушылар қай ағашты артық және қаншама артық отырғызды? 

3.Теңдеулерді шеш. 


3•х=69 х:3=234 

4.Есепте. 


32 см 4 мм + 9 см 2 мм 

1.Баған түрінде шығар. 


446•2 595:5 
473•2 726:6 

2. Есепті шығар. 


Балалардың сурет көрмесіне үш үшінші сынып оқушылары 67 сурет салды. 3 «А» сынып оқушылары 18 сурет, ал 3 «Ә» сынып оқушылары одан 2 есе артық сурет, ал қалған суреттерді 3 «Б» сынып оқушылары салды. 3 «Б» сынып оқушылары неше сурет салды? 

3.Теңдеуді шеш. 


720:х=20•4 у:6=120 

4. Есепте. 


1 м 10 см – 60 см 

  
Өздік жұмысы №11 


Күні: 
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға үйрету. Білім, білік, дағдыларын анықтау. 

І-нұсқа ІІ-нұсқа 


1.Баған түрінде шығар. 
520-69 481•2 
454+54 955:5 

2.Есепті әртүрлі тәсілмен шығар. 


Стадионға 36 ер бала және 24 қыз бала келді. Олар 

1

2063ПРОСМОТРА



АВТОР МАТЕРИ
Каталог: uploads -> doc -> 0ff7
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ff7 -> Сабақтың түрі: есеп шығару сабағы Сабақтың типі: аралас сабақ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет