Сабақ: мектеп: №3 жббом тақырыбы



Дата29.12.2021
өлшемі117,65 Kb.
#106010
түріСабақ
Байланысты:
sabaq-kz attachment ahmet-baytrsynly-egnn-bastary-ahmet-ataa-hat
sabaq-kz attachment ahmet-baytrsynly-egnn-bastary-ahmet-ataa-hat, 251055, Желтухи - Медвуза


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

САБАҚ:

МЕКТЕП: №3 ЖББОМ




ТАҚЫРЫБЫ:

Марат Қабанбаев «Бауыр» әңгімесі. Арман 4-сабақ




КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ ЕСІМІ: Г.К.Дюсенбаева




СЫНЫП: 5


ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:




ОҚУ МАҚСАТЫ

А/И1. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап,әдеби эссе жазу






САБАҚ МАҚСАТТАРЫ

Барлық оқушылар:




Кейіпкерлердің іс-әрекеттерінен екі нәрсені салыстыра суреттеген тұстарын анықтайды, өз ойларын түйіндейді.




Оқушылардың басым бөлігі:




Шығармадағы кейіпкер образына байланысты қарама-қарсы суреттеулерді тауып, әңгімеден мысал келтіреді.




Кейбір оқушылар:




Кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, өз көзқарастарын жан-жақты ашып, дәлелдеп, жазылымда қарама-қарсы ұғымдарды ұтымды пайдалана алады және астарлы мағынаны ажыратады,




Бағалау критерийі

Кейіпкерлердің іс-әрекеттерінен екі нәрсені салыстыра суреттеген тұстарын анықтап, өз ойларын түйіндей алады.

Шығарма бойынша өзіндік пікірін білдіре отырып, жазылымда қарама-қарсы ұғымдарды ұтымды пайдалана алады және астарлы мағынаны ажырата алады.



.

ТІЛДІК МАҚСАТ

Оқушылар: Шығармадағы кейіпкерлерге байланысты суреттеулер мен қарама-қарсы салыстырулар арқылы сипаттау.




Негізгі сөздер мен тіркестер:




У құйылғандай, нұр құйылғандай,өліара, заман шекесінен қараған жыл




Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:




Талқылауға арналған тармақтар:




Шығармада уақыт өзгерткен тұстар қалай беріледі? Салыстыра отырып дәлелде.




Неліктен Манап демін жұтып отырып күрсінді?




Қалидың арманын айтқызу арқылы жазушы Манапқа қандай түйін жасатқызды? Манаптың арманының орындалғанын жазушы қалай жеткізді? Жатсыну салдары Манапты қандай ойға жетеледі?




Жазылым бойынша ұсыныстар:




Дәйектеу жазба стилін қолдану арқылы оқушы өз тұжырымын жасай алады.




ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАУЛУ

Отбасы құндылықтарын сақтай отырып,бауырмалдыққа, ынтымақ, бірлікке бағыттау.




АЛДЫҢҒЫ ОҚУ

Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау




ЖОСПАР




ЖОСПАРЛАНҒАН УАҚЫТ

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыздар)

РЕСУРСТАР




Басы
5 минут


Білу

5 минут

1.Психологиялық ахуал

«1 қадам, 1 әрекет» әдісі

Екі қолды жұмысқа жұмылдыру үшін,оқушылардың ойлау қызметін арттыру үшін сергіту ұйымдастыру. Оқушылар екі қолына 1 мезгілде екі қолымен төмендегі әрекеттерді атқарады.



Жүру барысы:

1.Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол бес-төрт бұрыш салады.

2.Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үш бұрыш салады.

3.Оң қолымен өзінің есімін ,ал сол қолымен тегін жазады.



Жүру барысы:

Оқушылар топқа бағдаршам түстері арқылы бөлінеді.

1-топ. Жасыл

2-топ.Қызыл

3-топ.Сары
«Бір қадам артқа».Үй тапсырмасы.

ТЖ «Араласып кеткен оқиғалар» әдісі.

Орындалу тәртібі:

1.Марат Қабанбаевтың «Бауыр» әңгімесі жазылған қағаз бірнеше бөлікке бөлініп қиылады да араластырылады. Оқушылар оқиға желісін ретімен орналастырады.



Дескрипторлар:

1.Мәтіннің мазмұнын біледі.

2.Мәтіннің негізгі компазициялық құрылысын түсінеді.

3.Шығарманы мазмүндай алады.

2.Композициялық құрылымына сай орналастырады

ҚБ1 –мадақтау




Қосымша 1

Қима қағаздар









Ортасы
10 минут

Талдау

Жинақтау
15 минут

Бағалау

1-тапсырма ТЖ «Таразы» әдісі

«Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлердің іс-әркеттерінен екі нәрсені салыстыра суреттеген тұстарын анықтап, өз ойларын түйіндейді.

1-топ

«Уақыт өзгерткен тұстар»



Мәтіннен кейіпкерлердің іс-әркеттерінен уақыт өте келе өзгерген екі нәрсені салыстыра суреттеген тұстарын анықтап,бағанға жаз

дәлелде


Бұрын

Қазір

Мәтіннен алынған дәлел

Төрекелдиев Қали

Турекелдиев

Гали























2-топ тапсырмасы.

Шығармадағы қарама-қарсы суреттеулерді тауып, әңгімеден мысал келтіреді,астарлы мағынада берілген сөздердің астарын ажыратады.



Манаптың бозбала Қалиды алғаш көргендегі әрекеті

Кездескеннен кейінгі әрекеті

Түйін

Нұр құйылды

У құйылды













3-топ

Жетімдердің әлеуметтік жағдайына байланысты қарама-қарсы суреттеулерді тап.



Манап

Қали

Түйін

Жалаң аяқ студент

Мемлекет қамқорлығында




Дескрипторлар:

  1. Шығармадан кейіпкердің іс-әрекетін талдай алады.

  2. Кейіпкердің іс-әрекетін екі нәрсені суреттеу арқылы таба алады.

  3. Қарама-қарсы суреттеуді таба алады.

  4. Берілген ақпарат бойынша өз пікірін қоса отырып,түйін жасайды.

ҚБ2 «Бас бармақ»

2-тапсырма. Ж– «Түйнек» сызбасы» тұтас үрдістегі ақпараттық бірліктердің матасуын қадағалауға мүмкіндік беретін визуалдық тәсіл.

Орындалу тәртібі:

Оқушы тарапынан жатсыну проблемасын жою мақсатында Манап пен Қали арасындағы жақсы қарым-қатынасты реттеу үшін Манапқа жасалатын ұсыныс

-Сыртқы сақина «ҰСТАНЫМ» - Манап Қалиды өзіне тарту үшін қандай әрекет жасау керек ?

-Екінші сақина «МҮДДЕ» Жақсы қарым-қатынасты реттеу үшін ағаның інісі алдындағы мүддесі қандай болу керек?

-Үшінші сақина «ҚАЖЕТТІЛІК»- Осы кедергілерді жою үшін не қажет?

Төртінші сақина «Арман»

Оқушыларға сызба ұсынылады,мәлімдеу стилі негізінде оқушы өз пікірін ұсынады.

Манаптың арманы

Қалидың

арманы


Менің пікірім









Дескрипторлар:

1.Шығармадағы кейіпкерлердің құндылығын анықтайды.

2.Басты кейіпкердің арасындағы ерекшелікті сипаттайды.

3.Анықталған ақпарат бойынша сызба ұсынылады.

2.Жинақталған ақпараттарын негізге ала отырып,ұсыныс жазады.

ҚБ1 –мадақтау
3-тапсырма. ЖЖ

«Шежіре ағашы»стратегиясы



Орындалу тәртібі:

«Бауыр» әңгімесінің мазмұнын басшылыққа алып, көтерілген өзекті мәселені тауып, «Шежіре ағашына» түсіреді.



-«Тамырларға» қаралатын мәселенің себептері;

Неліктен Манап демін жұтып отырып күрсінді ?

-«Діңгегіне» проблема;Жатсыну

-«Бұтақтарына» салдарлар жазылады.Жатсыну салдары Манапты қандай ойға жетеледі?

Дескрипторлар:

1. Көтерілген өзекті мәселені табады

2.Құрамдас бөліктерге жіктеу арқылы,ойын дамытады.

ҚБ3 «2 жұлдыз, 1 тілек»
4-тапсырма .Эссе

Шығармадағы кейіпкердің тұлғалық ерекшелігіне

талдау жасай орырып эссе жаз

Дескрипторлар:


  1. Шығармадан бір кейіпкерді таңдайды.

  2. Кіріспеде кейіпкер туралы пікір білдіреді./20сөз/

  3. Негізгі бөлімде кейіпкердің тарихи құндылығы,бойындағы адамгершілік

  4. Қасиеттерді жинақтап шығармадан дәлелдейді./30сөз/

  5. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді тауып, шығармадан дәлел келтіреді../30сөз/

  6. Қорытынды бөлімде кейіпкерден алған үлгісі туралы айтып ой тұжырымдайды.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Қосымша 3

кесте










Аяқталуы
7 минут
Бағалау


«Табыс ағашы» әдісі

Табыс ағашына оқушылар қызыл,сары,жасыл белгілерді іледді

Қызыл-түсінген жоқпын

Жаыл-түсіндім

Сары-жартылай түсіндім деген белгілер

Үй тапсырмасы

Өз бойыңдағы қарама-қарсы қасиеттерді топтастырып, саралап жазып кел



Қосымша

кесте







Қосымша ақпарат

Қосымша 1 – әдебиет лотосы

Қосымша 2 – сәйкестендіру кестесі

Қосымша 3 – таразының суреті, ватман

Фломастер

Қосымша 5 – А4 қағаздағы








Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бауырлар арасындағы

ынтымақты нығайту

үшін не қажет?

«Бармысың бауырым» бағдарламасы Манаптың тұсында болғанда жатсыну проблемасы

болар ма еді ? Пікірталас ұйымдастыру.

Бағалау
ҚБ1 –«мадақтау»

ҚБ2- «бас бармақ»

ҚБ3 – «2 жұлдыз 1 тілек»


Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі







Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет