Сабақ: Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып



Дата27.01.2020
өлшемі198,32 Kb.
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы



Болашақ мамандықтары

Мамандықтың бәрі жақсы, бәрі қажет



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.4.1 - әңгіме, хикаялардың және шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып кейіпкерлерге сипаттама жасау.

Сабақтың мақсаттары

Мамандықтар туралы ойланады, мультфильм тамашалап, кейіпкерлерді сипаттайды, мамандықтар туралы әңгіме жазады

Бағалау критерийлері

  • Кейіпкерлерді сипаттайды

  • Әңгіме құрылымы мен стилін сақтап жазады

Дескрипторлар

  • Сипаттауда сын есімдерді орынды қолданады

  • Мультфильмнің негізгі ойын өмірмен байланыстырып жазады

Құндылықтар

Адамгершілік құндылықтар, бейіндік тәрбие

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта визуалды материалды демонстрациялауға қолданылады

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, психология

Тілдік мақсаттар

Мамандық таңдау, ерекше дауыс, әуен ырғағы, жол көрсету, аула тазалаушы, сауыншы

Осыған дейін меңгерілген білім

6.1. Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру;

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут


Сабақтың тақырыбы мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

2 минут


5 минут

5 минут


8 минут

15 минут




Тыңдалымалды тапсырма:

1.Суреттерге қарап, сұрақтарға дәлелді жауап бер.



-Сіздер қандай мамандықтарды білесіздер?

-Не себепті мамандықтың түрлері көп?

-Адамдар үшін қай мамандық маңыздырақ?

2. Сараланған тапсырмалар. Оқушылар жұп құрайды, бір уақытта әр түрлі тапсырма орындайды:

1-жұп. 1-оқушы –тақырып бойынша кілтті сөздерді жазады, 2-оқушы-олардың лексикалық мағынасын ашады. Мысалы: аспаз –ас әзірлейтін адам.



2-жұп. 1-оқушы –мамандық атауларын жазады, 2-оқушы – олармен кластер немесе акроөлең құрастырады. Мысалы: биші – би, музыка, өнер, заманауи, ұлттық, т.б

Б-белі мың бұралған

И-икемді жан

Ш-шығармашылыққа толы

І-ірі және көрнекті өнер

3-жұп. 1-оқушы-жаңа мамандық атауларын жазады, 2-оқушы – олармен сөйлем құрастырады

4-жұп. 1-оқушы өзіне ұнайтын мамандық атауларын жазады, 2-оқушы –олардың жасалу жолын анықтайды. Мысалы: ғарыш-кер, сәулет-ші.

5-жұп. 1-оқушы –қимыл және драма арқылы мамандық иелерін көрсетеді, 2-оқушы-жасырылған мамандықты табады.



Тыңдалым тапсырмасы:

Мамандықтар туралы мультфильмді тамашалаңыз, кейіпкерлер әрекетіне көңіл бөліңіз.



Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

1-тапсырма. Мультфильмдегі кейіпкерлерді сипаттаңыз.



Кейіпкерлер

Мінездеме

Құлыншақ




Күшік




Мысық




Балапан





2-тапсырма. «Мамандықтың бәрі жақсы, бәрі қажет»тақырыбына шағын әңгіме жазыңыз.


Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Кейіпкерлерді сипаттайды

Сипаттауда сын есімдерді орынды қолданады

Әңгіме құрылымы мен стилін сақтап жазады

Мультфильмнің негізгі ойын өмірмен

байланыстырып жазады






https://www.youtube.com/watch?v=LHZJr7CxPzA


Сабақтың соңы

3 мин



Рефлексия

«Менің термометрім» бойынша бүгінгі сабақтан алған дағдыларын көрсетеді. Олар стикерге аты-жөндерін жазып өз меңгерген деңгейі бойынша жапсырады.



Таратпа

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?



Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет