Сабақ Мұғалім: Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы Күні



бет2/2
Дата05.06.2017
өлшемі183,74 Kb.
#18023
1   2

«Шілде»- сөзі парсының «чел немесе чиль(қырық) сөзінен шыққан. Шілдехананың көне атауы «Шілде күзет» болған. Мағынасы туылғаннан кейінгі қырық күндік күзет( анасы мен баласы жын-шайтандардан 40 күн бойына, яғни қырқына дейін күзету.

– халқымыздың қастерлі, жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Тойға жастар жиналып, ойын сауық ұйымдастырылады.
Шілдехана – баланы жын – шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр. Жас босанған ана мен жас сәбиге жын – шайтан үйір деген түсінік бар. Түнгі қараңғы мезгіл қатерлі деп ұққан. Сондықтан шілдехананы кейде «шілдекүзет» - деп те атайды. Шілдекүзет кейде үш күнге дейін созылады. Жастар кеште жиналып, таңға дейін ән айтып, домбыра тартып, айтыс ұйымдастырып, көңілді өткізеді.

Сергіту сәті «Күнбағыс».

Күркіреді күн, күн...

Терезелер шың, шың.

Жауды жаңбыр топ-топ,

Шелек-шелек көп-көп!

Жон арқаңды тос-тос,

Күнбағыс, тез өс-өс!




Жұмбақ
Иесі оның - сәби,
Әрі төсек, әрі үй.
(Бесік)
Бесік – қазақ халқының мәдени мұраларының бірі, ұлт өнерінің төл туындысы, тәрбие құралы, нәрестеге арнап жасалынған ағаш төсек.
Сәбиді желдің өтінен, жердің сызынан, салқынның қаһарынан, аптаптың ыстығынан қорғайтын – киелі ұя. Иесі қазақ баласы осы бесіктен өсіп шықты.
Бесік - ықшам, аттың жалында, түйенің қомында өңгеріп алып жүруге болады. Тазалық мекені, денсаулық қорғаны, тербелмелі – сәбиге жұбаныш сыйлар жайлы орын.
Бесіктің құрылысымен таныстыру.
Бөген, арқалық (белағаш), жақтау, сабау, шабақ, жорға, түбек, шүмек. Түбек – ішіне күл салынған киіз қалта.

Шілдехана өткеннен кейін баланың әке – шешесі бесік тойын жасайды. Егер сәби бұл үйдің тұңғышы болса бесікті сәбидің нағашы жұрты немесе ұрпағы жалғаса берсін деген ниетпен қадірлі, көп балалы аналардың бірі сыйға тартады. Үйде алдыңғы балалардың бесігі болса, сол бесікке салынады.
«Баланы бесікке салу» отбасы үшін үлкен қуаныш. Баланы бесікке жасы үлкен, жапырағы жайылған қадірлі ана салады. «Бесікке салар» сыйақыны иеленеді.
Осы дәстүрге тұспа – тұс сәбиге ат қою рәсімі өтеді. Қолайлаған есімін молда алдырып, азан шақыртып, сәбидің құлағына алма кезек «сенің атың пәленше», - деп үш рет атайды. Азан шақырып, ат қойған адам да сыйақысыз қалмайды.
Көрініс. Азан шақыртып ат қою.


«Бесікке салу» рәсімін көрсету
1. Бесікті аластау
2. Тыштырмай жасау
3. Бесік жабдықтарын салу.
4. Тіл – көз тимеске тұмар, үкі тағады. Шошымасын деп ер баланың жастығының астына бәкі салады, ал қыз бала көрікті болсын жастығының астына айна – тарақ салады.
5. Сәбиді бөлеу.
6. Жабындысын жабу.
7. Халықшыл болсын деп – тон, жасы ұзақ болсын деп – шапан, сыйлап өссін деп ата – әжесінің, әке – шешесінің бір – бір киімін жабады. Ат жалын тартып мінсін деп – қамшы, ұйқысы көп болсын деп – қапшық іледі. Киім санын жетіге толтырады. Бесікті ат қып шабатын да ырым бар.

Бесікке салған адам да сыйақысыз қалмайды.

Жалғасын тап:

Бесікке байланысты ырым - тыйымдар:
Бос бесікті .............тербетпе.
Бесікті ...................ашық қалдырма.
Сатып алсаң ..............саудаласпа.
Өз балаңа............. бесік жасама.
Бесік сыйлағанды............елеусіз қалдырма.
Бесікті пайдаланбасаң ..............жоғары қойып, таза сақта.

Құрастыру:

бөліктерге бөлінген суреттерді құрастыру, сол бойынша өз ойларын ортаға салу



3 топқа 3 сурет беру

Қорытындылау:
«Ата дәстүрлері» әнімен аяқтау
Бағалау: көп жинаған смайликтері бойынша бағалау


Арал қаласы №62 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет