Сабақ МҰҒалімге ақпарат тақырыбы: Фалес және Фалес зерттеулері. Мақсат: Жаңа білім



бет1/2
Дата30.11.2016
өлшемі127,4 Kb.
#2889
түріСабақ
  1   2
12 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы: Фалес және Фалес зерттеулері.

Мақсат:




Жаңа білім

Фалестің кім екендігін бейнелеп айтады. Фалес геометриядан басқа қандай ғылымдарды зерттегендігін атап шығады. Геометриялық фактілерді және оның маңызын қайта есіне түсіреді.

Жаңа түсінік

Фалестің геометрияны қандай салаларда қолданғанын мысал келтіреді. Ғылымның қаражат көзіне әсер ететіндігін түйіндейді. Фалестің астрономияға қосқан үлесінен мысал келтіреді. Геометриялық ашуларындағы үшбұрыштың теңдігі жайлы фактіні парафразалайды.




Қолданым әрекеті

Фалестің таң қалдырған ашуларының ішіндегі геометрияға қатыстысын табу үшін геометрия туралы білімін қолданады. Шеңберлер туралы білімін қолданып, тікбұрышты үшбұрышты шеңберге іштей қалай сызу керек екендігін болжайды.

Талдау әрекеті

Фалестің ашуларынан біреуін талдайды. Ешнәрсені қолданбай, оны дәлелдеу қандай екендігіне қорытынды шығарады.

Шығармашылық әрекет

Астрономия ғылымы мен геометрия ғылымының арасындағы байланысын анықтайды.




Бағамдау әрекеті

Фалестің өмірінің кейбір бөліктерінің түсіндірмесін береді. Оның ашуларына сыни талдау жасайды.Оның әртүрлі ғылымдағы ашуларын саралап, сипаттайды.

Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (14 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (3 мин.).

Сабақ типі: фронтальді, топтық

Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Оқушыға жол сілтеу, оқушының индивидуалдық қасиеттерін дамыту

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Фалес, Фалес теоремасы, астрономия, милет мектебі, вертикаль бұрыштар, Хеопс пирамида, шеңбер, тікбұрышты үшбұрыш, абыз, күн тұтылуы.



Оқушыда дағды қалыптастыру:




Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарға жауап беру, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау.

Ақпарат көздері:

  1. Қайдасов, Ж., Хабарова, Г., Абдиева, А. Геометрия 8 сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012.

  2. Фалес. Онлайн сурет. http://www.geniusrevive.com/ru

Үй тапсырмасы:Өзің ұнатқан ғалымның геометриядағы ашулары туралы мағлұмат білу және ашқан теоремалары болса дәлелдеп көрсет.




САБАҚ БЛОКТАРЫ ○







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

1.Фалес туралы маңызды мәлімет

2. Фалестің өмірбаянына шолу.

3. Фалестің іскерлігі

4. Астрономия ғылымына қосқан үлесі

5. Геометрия ғылымына қосқан үлесі



6.Фалестің таң қалдырған ашулары
Слайдтар:

1 – слайд (титул)




2 – слайд Сабақтың мақсаты




3 – слайд Тақырып жоспары




4 – слайд Фалес (б.з.д 640/624 – 548/545жж)

  • Милет қаласынан шыққан ежелгі грек философ, математигі. Иондық философияның өкілі және Еуропа ғылымы бастау алатын милет мектебінің негізін салушы, Грецияның жеті данасының бірі.




5 – слайд Өмірбаяны

  • Б.з.д V ғасырдан бастап Фалесті дана, ғұлама деп есептеген.
    Көзі тірісінің өзінде Фалеске “философия атасы ” деген атақ берген.

  • Фалес саудагерлікпен айналысқандықтан көп саяхаттаған. Кей жылдары Египетте, Фива және Мемфисте тұрған. Онда абыздардан сабақ алып, су тасқынының болу себептерін зерттеген, пирамида биіктігін өлшеуді көрсеткен. Нақ Фалес геометрияны гректерге алып келген деп есептелінеді




6 – слайд Іскерлігі

  • Лидия королі Крез қол астында әскери инженер қызметінде жүріп, әскердің өзеннен өтуі үшін Милет қаласының тұсынан су қоймасын және су каналын салдырған.

  • Фалес Милет қаласында ұзақтықты анықтайтын құрылғы құрастырған. Бұл құрылғы арқылы теңізде жүріп кемеден жағалауға дейінгі ара қашықтықты есептеген.

  • Замандастары Фалестің жағдайы жоқтығы оның философиясының қажетсіздігін көрсетеді деген. Бірақ сол жылы жұлдыздарды бақылау арқылы зәйтүннің көп өнім беретінін түсінген Фалес, қомақты кіріске кенелген. Осылайша, Фалес, философияның маңызын көрсеткен.

Каталог: uploads -> doc -> 0838
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0838 -> Тақырыбы: Қысқы ауа райы. 6 сынып
0838 -> Сабақтың тақырыбы: «Тәжірибені қалай жасауға болады?»
0838 -> Сабақтың атауы М. Қуанышбеков «Өкініш» Сілтеме


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет