Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»



Дата05.11.2016
өлшемі74,29 Kb.
#534
түріСабақ
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 жалпы білім беру орта мектебі» ММ

Ашық сабақ

Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»

6 «Г» сыныбы

Пәні : Қазақ әдебиеті

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Жолдасова Дариха

Ақтау - 2014 /2015 оқу жылы

Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»

Сабақтың мақсаты:            

 а)  көркем шығарманың мазмұнын меңгерту,шығарманы оқып – үйретудің әдіс- тәсілдерін дұрыс қолданып,талдай білуге баулу;

ә)  теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, ойлау қабілеттерін, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ізденістерге баулу;

б) қазақтың салт – дәстүрін  білуге, қарапайымдылыққа, адамгершілікке, қонақжайлылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтау ,  СТО стратегиялары т.б

Сабақтың көрнекілігі:,   Абай суреті, кітаптар,интербелсенді тақта,слайд,презентация  т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі , ән – күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу.

оқу құралдарын тексеру.

Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. 

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

I.Үйге берілген тапсырма  «Біржан сал Абай ауылында» романнан үзінді оқу.

II.Сабақты бекіту:

Автор өміріне шолу.Мұхтар Әуезов туралы не білесіңдер?

Оқушылар Абай, Мұхтар туралы ақпарат жасайды. М.Әуезов – ұлы жазушы, халық перзенті. «Абай жолы» романы арқылы өз халқын, оның биік рухын, мәдениетін, салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігін дамытты. М.Әуезовтың «Абай жолын» оқыған адам тебіренбей қалмайды. Олай болса, «Біржан сал Абай ауылында» тақырыбын қорытындылап, білімдерімізді ортаға салайық. Өздеріңізге белгілі мәтіндегі енгізілген кейіпкерлер – халықтың өнерлі де, сыйлы азаматтары Абай мен Біржан. Олай болса, сынып 2 топқа бөлінеді

1 топ сұрағы : Абай кім? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?

2 топ сұрағы: Біржан кім? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?

Абай Құнанбаевтың өмірі бойынша сұрақтар қою


  • Абайдың шын аты кім?

  • Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

  • Әкесі, шешесі, әжесі кім?

  • Абайды кім тәрбиелеген?

  • Абай қандай оқу орындарынан білім алған?

  • Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

  • Абайдың шәкірт –інісі кім?



  • Қожағұлұлы Біржан 1834-1897 ж. СҚО Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында туған

  • белгілі әнші, композитор, халық ақыны

  • домбырада шебер ойнаған

  • бізге 60-қа жуық әндері жеткен. Оның ішінде: «Біржан - сал», «Алтын балдақ», «Ақтентек», «Жаймашуақ», «Бурылтай» т.б.

  • айтыскер ақын. Оның дәлелі Сара Тастанбекқызымен айтысы

  • қазақ даласының болыстары Жанбота мен Азнабайды әшкерелеп, халықтың сөзін сөйлеп әнге қосады. («Жанбота», «Адасқақ»)

 III.Мәтіннің мазмұнын  төмендегі жоспар бойынша  айту, дәлелдеу.  

1. Сый қонақ        

2. Абай ықыласы.           

3. Біржан құрметі          

4. «Жанбота» әні

5. Әмір          

 6. Орал мен Керімбала «Гауһар тас»

7. Үмітей        

  8. Әйгерім       

 9. Абай әсері

10 Иіс кемпір          

11 Қайтқан қонақтар.               

12. Ұлжан батасы.

Біле жүрген абзал!


  • Біржанның бізге 60-қа жуық әні жеткен

  • Біржан Абайдың “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын” өлеңіне ән шығарған.

  • Мұқан Төлебаев “Біржан-Сара” операсын жазған

IV.Мәтінді композициялық құрылысына талдату.

1. Оқиғаның басталуы — ауыл жастары, ойын – сауық.

2.Абай ауылына Арқаға аты шыққан, асыл сөз, әсем үнімен ұйытқан Біржан салдың келуі.

3.Оқиғаның дамуы—Біржанның ән айтуы.

4. Шиеленісуі – Жастардың әнге деген құлшынысы.

5. Шарықтау шегі—Ұлжаннан бата алып Біржанның еліне аттануы,қайтуы.

6. Шешімі—Біржанның әнін тыңдауы,  қорытындысы ретінде әннің шығуы.

 Мәтінмен жұмыс.



  1. Абайдың қонағы кім? Әңгіменің негізгі тақырыбы, авторлық идея.

  2. Демін тартып тыңдап қалған Абай. Абайдың көңіл-күйін суретте.

  3. «Жанбота» әнінің авторы кім?

  4. «Жанбота» әнінің шығу тарихы.

  5. Өнерлі жастар кімдер? /Әмір, Оралбай, Керімбала, Үмітей, Әйгерім/

  6. Қандай әндер шырқалды? / «Жанбота», «Жиырма бес», «Гауһартас», «Баянауыл», «Жамбас сипар» т.б./

 

V. Кестені толтыру.

Ән аттары

Әнді орындаушы жастар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абайдың өзі шығарған қандай әндерді білесіңдер?

  VI. Кітаптан Біржан салдың бейнесін тауып оқу.

  VII. Біржан салға өз аттарынан хат жазу.

  Білімді бекіту:

IX.Топтастыру» стратегиясы»

X.Үйге тапсырма: .«Өнер құдіреті» шағын эссе жазу.



Білімді бағалау.
Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
docs -> БАҒдарлама-минимум


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет