Сабақ: «Өнерлінің қолы алтын,өлеңшінің сөзі алтын»



Дата28.01.2018
өлшемі51,58 Kb.
#34946
түріСабақ
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, № 15 орта мектебі.

Шангытбаева Гульсим Нарымбетовна технология пәнінің мұғалімі.

Сыныптан тыс сабақ: «Өнерлінің қолы алтын,өлеңшінің сөзі алтын».

Сабақтың мақсаты: ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бергенін қыз балаларға кішкентай кезінен ұғындыру,тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына дарыту.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Қыздарымызды имандыққа,инабаттылыққа,өнерге,шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,бейнелеу өнері,музыка сабағы,күнделікті өмірмен байланыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер,көрмелер,интерактивтік тақтада слайдтар көрсету.

Ұйымдастыру кезеңі.Сайыстың өту кезеңімен таныстыру.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар!

Сәлембердік баршаға,жиындағы ұл-қызға,

Сәттілік қадам тілейміз,сайысқа келген қыздарға.

2-жүргізуші: «Өнерлінің қолы алтын,өлеңшінің сөзі алтын» сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады.

1-сайыс: «Сәлемдесу» (киім,эмблема,өзін таныстыру).

2-сайыс: «Кім жылдам?» (картоп тазалау,түйме қадау).

3-сайыс: «Ас-адамның арқауы» (салат түрлерін жасау,үй тапсырмасы).

4-сайыс: Логикалық танымдық ойын: «Сөз қумақ» (сұрақ-жауап).

5-сайыс: Эстафета «Кім тез?» (ою құрастыру).

6-сайыс: «Мақал-сөздің мәйегі» (өнерге,еңбекке,кәсіпке байланысты 10 мақалдан айту).

7-сайыс: «Ағаш көркі-жапырақ.Адам көркі-шүберек» және қыздың көркі-шаш (сән,шаш үлгілерін көрсету).

8-сайыс: «Музыка сайысы» (өз өнерлерін көрсету).

9-сайыс: «Көрме» (әр сыныптың қыздарының жасаған қолөнерінен көрме ұйымдастыру,жасалу жолдарын түсіндіру).

Осы сайыстың қорытындысын шығарып марапаттау үшін әділқазылар алқасын сайлау.

1-жүргізуші: Көрсетіп өздерінің өнерлерін,

Табындырып өнерге көрерменін.

Таныстырсын енді олар көпшілікке

Сайысқа қатысушы өрендерін. – деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық! Сәлемдесу.



«Кім жылдам?».Әр топтан 2 қыз шығады. Біреуі картоп аршиды,екіншісі түйме қадайды.Қойылатын талап:картоптың қабығы жұқа,әрі үзілмеген болса өте жақсы.Түйме,ине,мата сәйкестігі,жіптің дұрыс түйілгендігі ескерілуі керек.Музыка біткенше қанша картоп аршылып,қанша түйме қадалды соны ескеру қажет.Музыкалық сәлем.

2-жүргізуші: Табылар бойларынан кемер білім,

Арқалап келіп тұрған өнер жүгін.

Бүгінгі дәмді тағам салаттардан,

Көреміз сайыскерлер шеберлігін.



Сайысымыздың 3-ші бөлімі «Ас адамның арқауы» (салатқа ат қойып,жасалу жолдарын түсіндіру).

1-жүргізуші: Логикалық танымдық ойын: «Сөз қумақ».Топтардың біліктілігін тамашалау мақсатында дайындалған сұрақтарға берілетін жауаптарын тыңдауды ұсынамыз.

  1. Қазақтың дәстүрлі ұн тағамдары? (таба нан,бауырсақ,шелпек).

  2. Қазақтың ұлттық сүт тағамдары? (айран,қаймақ,ірімшік,құрт,уыз,шалап,қымыз,шұбат).

  3. Қазақтың ұлттық ет тағамдары? (қазы-қарта,жал-жая,құйрық-бауыр).

  4. Мына сөздерді аяқта?Бір асым--------(ет).Бір уыс---------(тұз).Бір шым-шым--------(шай).

  5. Қазақша мата атаулары?

(атлас,барқыт,барша,шибарқыт,шыт,шайы,жібек).

  1. Биенің сүтінен ашытылатын сусын? (қымыз).

  2. Сиырдың,қойдың,ешкінің пісірілген сүтінің бетіне жиналатын маңызы? (қаймақ).

  3. Жаңа төлдеген малдың сүті? (уыз).

  4. Ұзатылған қыздың бас киімі? (сәукеле).

  5. Шалап дегеніміз не? (айранға немесе шұбатқа су қосып дайындалған тағамды айтамыз).

  6. Ең үлкен тағам. (нан).

  7. Сүттің қазанға жабысқан тұнбасы. (қаспақ).

2-жүргізуші: Ою-өрнекке қарасақ,

Өңкей мүйіз тігілген.

Қайсысың қаласаң,

Құрастыр, қиылған ізімен.

Құрастыру оңай демеңдер,

Оған да ой,өнер керек.

Бос мақтанып жүрмеңдер,

Құрастыруға да пысық қол керек.



Сайысымыздың келесі түрі «Кім тез?» ойыны (оюды құрастырып,атын атау).Музыка ойнап тұрады.

1-жүргізуші: «Мақал-сөздің мәйегі» (өнерге,еңбекке,кәсіпке байланысты 10 мақалдан айту).Карточка алу арқылы мақалды қай тақырыпқа айтатынын анықтайды.

2-жүргізуші: «Ағаш көркі-жапырақ,Адам көркі-шүберек» және қыздың көркі-шаш демекші,шаш үлгілерін көрсету.Музыка ойнайды.

1-жүргізуші: «Әнді сүйсең менше сүй»,деп Абай атамыз айтқандай,енді қыздарымыздың музыка сайысына дайындаған өнерлерін тамашалайық!

2-жүргізуші: Өзім таптым мамандық,

Тігінші мен тоқуды.

Үйренем де өзім де

Тігіп білім аламын.



Сайысымыздың келесі бөлімі «Көрме». «Қолөнері,ой өнері!» (әр сыныптың қыздарының жасаған қолөнерін бағалау,жасалу жолдарын түсіндіру).

1-жүргізуші: Енді әділқазылар алқасы бір шешімге келгенше музыкалық сәлем жолдаймыз.

2-жүргізуші: Бір пән бар оның аты еңбек деген,

Адам адам болыпты еңбекпенен,

Еңбексіз тіршіліктің жоқ екенін,

Жас сәби де біліді еңбектеген.



1-жүргізуші: Сондықтан да күрделі,

Еңбекпенен түзелген халық сәні.

Еңбекпенен гүлденіп ауыл маңы,

Еңбекпенен өзгерген дала заңы.



2-жүргізуші: Жерімде еңбек бар аспанымда,

Жұлдыздарға жетесің қас-қағымда.

Еңбекпенен тамырын кең жаяды,

Ауладағы егілген жас талың да.



1-жүргізуші: Осыменен бүгінгі «Өнерлінің қолы алтын,өлеңшінің сөзі алтын» сайысымыз өз мәресіне жетті.Келесі сөздің кезегі әділқазылар алқасында.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет