Сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім: Сабақтың атауы Дыбыс және әріпті қайталаймыз



бет6/8
Дата19.12.2016
өлшемі1,01 Mb.
#4168
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

23-сабақ Оқу сінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөз тіркесі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

СТО стратегиялары  

Жалпы мақсаттар

А) Сөз тіркесі туралы түсінік беру,сөйлемдерден сөз тіркестерін табуға жаттықтыру, көркем, таза жазу каллиграфиясына төселдіру.
Ә) Сөйлеу кезінде сөз тіркестерін саналы түрде пайдалана білу дағдысын қалыптастырып, ойлауын, тілін дамыту.
Б) Кішіпейілділікке, мәдениетілікке тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сөз таптарына сай,топқа бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.

Оқушылар дөңгеленіп,бірін-бірі құшақтайды.



Қызығушылықты ояту


Сен білесің бе?
«Ой қозғау» ойыны. Ойын шарты бойынша 1 әріп тастай отырып, сөз жұбын құрастырып шығуы тиіс.
Міндеті: сөз тобының мағынасын түсіну арқылы,оқушының тіл байлығын дамыту.
ҮВЛӨКГЕПН СҚЙАХРЮБЖЫУЗ

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

1-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөз тіркестерінің байланысын сызбамен көрсет.

2-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы.Сөз тіркестерін теріп жаз.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
Үлгі. Асқардың әкесі ауыр жүк тасиды. Сергіту сәті. Табамыз. 5 жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз. 
Өтірік сөз өрге баспас.
Сөз тіркестерін сызбамен көрсет.Сөз тіркестері екенін дәлелде.
Сәйкестендіреміз.
бес сөйлеу
үш жинау
тез жаңғақ
ақырын ай
он алты келу
жылдам сағат
Баламалы тест.
1. _______ мағыналы ең кемі _______ сөзден құралады.
2. Бірі екіншісіне ___________ байланысады.
3. Зат, құбылыс жайында ________ , ________түсінік береді.

3-жаттығу

Мәтінді мәнерлеп оқы. Сөз тіркестерін тап.

4-жаттығу

Екі бағанды салыстыр. Қандай айырмашылық байқадың?


Сергіту сәті

«Қара жорға» биі

Оқушылар билейді



Ой толғаныс


«Өнер,білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.»
Өлеңнің авторы кім?
Қосымша деректер.
1. Сөз тіркесі бола алмайды.
Қара көк,ақ сары,қызылды-жасылды,отыз екі,бес-алты,кетіп қалды,жығылып қала жаздады,тіс жармады,мұрнын шүйірді,әлек салды,зықысын шығарды.
2. Сөз тіркесінің құрамына еніп, оның бағыныңқы сөзі не басыңқы сөзі болады.
Сары ала қаз, жиырма төрт сағат,қарқылдап күліп алды,тайға таңба басқандай жазылған.

Үй тапсырмасы

5-ж,38-бет



Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 

Смайликтер арқылы



24-сабақ Оқу сінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөз тіркесі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

оқулық, ойын құралдары, деңгейлік тапсырма, үлестірме қағаздар, ереже, т.б.

Жалпы мақсаттар

Білімділік: оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы түсініктеріне сүйене отырып, сөз тіркесімен таныстыру. Сөз тіркесінің түрлері туралы алғашқы түсінік беру. Сөз тіркесін құрастыра отырып, олармен сөйлем құрауға дағдыландыру;
Дамытушылық: алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой - өрісін дамытып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, оқушылардың топпен жұмыс істеу, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, ұқыпты таза жазуға, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топқа бөлінеді

Ынтымақтастық атмосферасы

Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)
Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)

Үй тапсырмасын сұрау


Ереже сұрау
Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын сөз тіркесі дейміз.
Сөз тіркесінің түрлері:
1) қиысу - біз оқушымыз, мен сөйлеймін;
2) меңгеру – мектепке келу, үлкенді сыйлау;
3) матасу – менің орным, көлдің балығы;
4) қабысу – ағаш қасық, көк шөп, төрт тоқсан;
5) жанасу – тез оқу, таңданғандай қарау.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

1-жаттығу

Екі бағандағы сөздерді салыстыр. Ұқсастығы мен айрмашылығы неде?

Сөз тіркесі
1. Бағынышты сыңары ------- 2. Басыңқы сыңары
біз ------------------------------------------------ оқушымыз
мектепке ---------------------------------------------- келу
менің ----------------------------------------------- орным
ағаш -------------------------------------------------- қасық
жиырма екі --------------------------------------- оқушы
тез ------------------------------------------------------ оқу
2-жаттығу Мәтінді оқы,сөз тіркестерін теріп жаз.

3-жаттығу Суретте бейнеленген зат атауларынан сөз тіркестерін құрастыр.


Сөз тіркесінің түрлері
1. Есімді тіркес ------------------------------- 2. Етістікті тіркес
Басыңқы сыңары зат есім,--------------- Басыңқы сыңары
сан есім, есімдік, сын есімнен ---------- етістіктен болады
болады.
Болашаққа (неге?) аманат -------------- Асықпай сөйледі
Алтын (қандай?) сағат ------------------------------- Ерте келді
Ағасы (кімі?) осы -------------------------------------- Тез жүрді

4-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды тауып жаз.


Сергіту сәті

Қане балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз.

Оқушылар жаттығады



Ой толғаныс


Деңгейлік тапсырма
1. Сөз тіркесінің астын сыз: (жаман жақсы, жаман нашар, жаман ой)
2. Сөз тіркесін құрастыр: (айран, өмір, сабақ, тұщы, ұзақ, қызық)
3. Бірінші сыңары сан есім, екінші сыңары зат есім болатын сөз тіркесін құрап жаз

Үй тапсырмасы

5-ж,39-бет

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 

Смайликтер арқылы



25-сабақ Оқу сінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөз тіркесі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

СТО стратегиялары  

Жалпы мақсаттар

Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесі ұғымын толық түсіне отырып, алған білімін толықтыру және мағынасын түсіну, сөз тіркесінің
грамматикалық ерекшелігін ұғындыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілетін, танымдық, шығармашылық қабілетін тапсырма мен сұрақтар арқылы байқау, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелігі: Сауаттылыққа, жылдамдыққа, еңбексүйгіштікке, бірлікке тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Оқушыларды мәтіннің 3 түріне топ ретінде бөлемін.

Ынтымақтастық атмосферасы

«5»болсын алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп
Өсе берсін санамыз
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбек ету.

- Олай болса,«Бірлік болмай, тірлік болмас» мақалын басшылыққа ала отырып жұмыс жасаймыз.

Үй тапсырмасын сұрау


Семантикалық карта

- Мәтін деген не?
- Мәтіннің қандай түрлері болады?
- Мәтінге ат қою деген не?
- Тақырып деген не?
- Мәтіндегі негізгі ой деген не?
ә) Тест жұмысын орындату.
б) Дәптер алмастыру.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

  1. Ребус шешу.
    ........
    2) Кесте ілу.
    ағаш қасық
    көк шөп
    мектеп мұражайы
    төрт тоқсан
    тез оқу
    мектепке келу
    дұрыс жазу
    есеп шығару
    3) Ережені айту, оқушыларға ережені оқыту, мысалдар келтіру.
    1- жаттығу
    Сөйлемдегі сөз тіркесінің байланысын,сызбамен көрсет.
    2 - жаттығу (тақтада орындату)
    Оқушыларға тапсырмасын орындатамын
    Өлең жолдарынан сөз тіркесін теріп жаз.

3-жаттығуСурет бойынша әңгіме құрастырып жаз.

Сергіту сәті

Біздер тату баламыз,


Гүл - гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Біздер сергіп қаламыз.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды



Ой толғаныс


«Кім шапшаң?» ойыны
Ол үшін үлгі бойынша сөз тіркесін құрау керек. 3 қатарға бөліп ауызша өткізу.
Зат есім+етістік
Сын есім+зат есім
Сан есім+зат есім

4-жаттығу

Оқы. Сөз тіркестерін бір бөлек,сөйлемдерді бір бөлек жаз.

«Ойлан тап» ойыны


Карточкалармен жұмыс.
Сұрақтар:
1. Отан туралы мақал айт.
2. Қазақтың үш биін ата.
3. Бишілер сөзін сөз құрамына талда
4. Қазақстанның жер көлемі қанша?
5. Қазақстан қай мемлекеттермен шектеседі?
6. Өзім сөзден тұрамын, аяқталған ойды құрамын.
- Қандай сөз шықты? (Республика күні)
- Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қашан қабылданды?
- Қазақ КСР - і қай уақыттан бастап Қазақстан Республикасы деп атала бастады?
- Тәуелсіздікке байланысты қандай өлеңдер білесіңдер? (жатқа айтқызу)

Үй тапсырмасы

5-ж,40-бет

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау___Смайликтер_арқылы__26-сабақ'>Бағалау

 Смайликтер арқылы

26-сабақ Оқу сінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөйлем

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

СТО стратегиялары  

Жалпы мақсаттар

Оқушылар сөйлем, сөйлем түрлерімен танысады. Сөйлемдерді тыныс белгілеріне қарай ажырата алады.
1.Тапсырмаларды орындату арқылы сөйлем түрлерін табады.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет:
Оқушылардың ой-өрісі артады, өзара пікір алмасады.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Хабарлы сөйлем
Лепті сөйлем
Сұраулы сөйлем топтарына бөлінеді

Ынтымақтастық атмосферасы

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы,
Желмен бірге ырғалған.

Шаттық шеңберін құрып, топ оқушылары бір-біріне тілек айтады.

Үй тапсырмасын сұрау


Ереже сұрау

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Тапсырма: Берілген жоспар бойынша әңгіме құра.
3. Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
-Мәтін
«Топтастыру» стратегиясы
Мәтін түрлері
Ой қозғау
Ребус
ІІ. Мағынаны тану.
Сөйлем
Айтылу мақсатына қарай
Хабарлы сөйлем
Лепті сөйлем
Сұраулы сөйлем
1-жаттығу Сөйлемдерді оқы.Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрі екенін анықта.
Аяқталған ойды білдіреді
Жазылуына қарай
Сөйлем сөздерден құралады
Бірінші сөзі бас әріппен жазылады
Бірінші сөзі бас әріппен жазылады
Сөздер бір-бірінен бөлек жазылады
2-жаттығу Сөйлемдері айтылу мақсатына қарай бөліп жаз.
Толықтыру сынамасы:
1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
2.Сөйлем сөздерден құралады.
3.Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады
4.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады
5.Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады
Нүкте(.) , сұрау(?) , Леп белгісі (!)
6.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы табамыз
7.Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады
8.Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
9.Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді . Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.

3-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы. Сөйлем соңында тыныс белгісі не үшін қойылатынын анықтаңдар.


Сергіту сәті

Жатқа жазу
“Жылдам құрастыр” ойыны Сөздер беріледі, соларды қатыстырып сөйлем ойлап, тыныс белгісін қояды.
Әже, наурыз, кебеже, Астана, Атырау , Туған жер.

Ардақтайтын Астанам
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай бас қадам!



Ой толғаныс


*Шығармашылық жұмыс
Білімді неден аламыз?
Кітаптан
Білімді қайдан аламыз?
Мектептен
Алғашқы рет мектепті ашқан ағартушы, ақын, ұстаз кім?
-Ы. Алтынсарин
Еркін жазу стратегиясы
І топ. Суретке қарап хабарлы сөйлем құра
ІІ топ. Суретке қарап сұраулы сөйлем құра
ІІІ топ. Суретке қарап лепті сөйлем құра
*Деңгейлік тапсырма 4-жаттығу
I деңгей:
• Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықта
II деңгей
• Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерінің қойылуын түсіндір
III деңгей
• Өзің бір сөйлем ойлап жаз (хабарлы, сұраулы, лепті)

Үй тапсырмасы

5-ж,41-бет



Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 

Смайликтер арқылы



27-сабақ Оқу сінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Шығарма «Менің отбасым»

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

СТО стратегиялары  

Жалпы мақсаттар

а) білімдік: отбасы  туралы ойларын пысықтау,сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық     көзқарастарын  қалыптастыру;б) тәрбиелік: отбасын жаксы көркге, құрметтеуге ,қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;



Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Жігіттің үш жұрты бар. Сол бойынша топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Бір көжекке бір көжек
Келе қалды қонаққа,
Бес сәбізден бірден жеп,
Тойып алды тамаққа.
Айта қойшы алғырың
Қанша сәбіз барлығы?

Оқушылар есептеп,жауабын айтады



Үй тапсырмасын сұрау


Ереже сұрау

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Шығарма

                                   Менің отбасым

 

   Қамтылуға тиіс  тақырыптар:



Отбасы мүшелері.

Мамандықтары.

Дәстүрлер


Сергіту сәті

Екі балапан тұр,
Екі балалапан отыр.
Шатаспай тез ойлансақ,
Тура тауып атасақ,
Тұрғаны бар, отырған–
Барлығы қанша балапан?

Төменде үш қаз ұшады,
Үшеуі бұлтты құшады,
Өзеннен көрдік екеуін.
Айтқын, қаз нешеу екенін?

Ой толғаныс


” Отбасымыз» тақырыбы бойынша тапсырмалармен жұмыс.
1. тапсырма. Сурет бойынша отбасы мүшелерін атау.
1. Сурет бойынше көрсете отырып, отбасы мүшелерін атайды. Оқушылар қайталап отырады.
2. Мұғалім отбасы мүшелерін татйды, оқушылар тізбектеп қайталайды.
Ата, әже, әке, шеше.
2 - тапсырма.
1 - тапсырмадағы сурет бойынша сөйлеп үйрену.
Отбасы мүшелерін суреттен көрсете отырып оқимын, оқушылар зейін қойып тыңдап отырады.
2 - Отбасы мүшелерін көрсете отырып атаймын, оқушылар қайталайды.
Мынау – ата. Мынау - әке.
Мынау – әже. Мынау – шеше.
Мынау - мен.
3. Оқушылар кезекпен отбасы мүшелерін атайды.

Үй тапсырмасы

Қайталау


Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 

Шығарма  жұмысы бойынша  бағалау. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет