Сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім: Сабақтың атауы Дыбыс және әріпті қайталаймыз



бет3/8
Дата19.12.2016
өлшемі1,01 Mb.
#4168
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

9-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сан есімді қайталаймыз

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі карточкалар, тест тапсырмалары, оқулық, суреттер.

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың сан есім тақырыбы бойынша білімдерін пысықтау, жинақтау.
Жаттығу жұмыстары барысында ойлау қабілеттерін арттыруға, қиялын дамытып, көркем жазуға дағдыландыру.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Магнитті тақта, сызбалар, үлестірмелі қағаздар

Ынтымақтастық атмосферасы

Мұғалім: Екі көзің не үшін керек?
Оқушы: Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: Екі қолың не үшін керек?
Оқушы: Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: Ақыл - кеңес тыңдау үшін.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау


«Миға шабуыл» Үй тапсырмасын тексеру.
1. Бір жылда неше ай бар?
А) 7 ә) 12 б) 10
2. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне неше жыл?
А) 15 ә) 20 б) 18
3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
А) 28 ә) 36 б) 42
4. Сан есімнің сұрағын тап.
А) қандай? ә) қанша? Б) кім?
5. Сан есім нені білдіреді?
А) заттың атын ә) заттың сынын б) заттың санын
6. «Мен отбасымда екінші баламын.» Сан есімді тап, сан есімнің қай түріне жатады?
А) есептік ә) реттік б) болжалдық
7. Реттік сан есімнің жұрнағын тап.
А) – ыншы,- інші ә) – ау - еу б) – дан - ден

Қызығушылықты ояту

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.



Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

1-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы. Сан есімдерді тап.

2-жаттығу

Мәтінді көшіріп жаз.

3-жаттығу

Өлеңді түсініп оқы. Сан есімдерді өзі тіркескен сөзбен бірге теріп жаз.



Сергіту сәті

Секіреміз топ - топ,
Шапалақтап көп - көп.
1, 2, 3 - иілеміз оңға қарай,
1, 2, 3 - иілеміз солға қарай.
8. Көру диктанты.
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.



Ой толғаныс


4-жаттығу

Бір және екі сан есімдерін басқаша қалай айтуға келеді?

«Кім жылдам?»
К +2+лік, тү+1, к+3+ік, жел+90, 6+бақан, т+10.


Үй тапсырмасы

5-ж,18-сағат

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Смайликтер арқылы

10-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Мәтінді қайталаймыз

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Суреттер,үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

Білімдік: Мәтін туралы алған білімдерін бекіту, мәтінді түсініп оқуға үйрету, мазмұнын ашу, мәтін мен сөйлемнің айырмашылықтарына тоқталу, оларды айыра білуге үйрету. 
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. 

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

І топ – Достық
ІІ топ-Бірлік
ІІІтоп- Татулық

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық.
Көңілденіп шаттанып
Айналама қарайын.
Қуанышын көршімнің
Күн нұрына балайын.
Алақанды көршіме 
Соғып-соғып алайын.
Бүгінгі келген қонақпен
Амандасып алайын.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау


Оқушылардың дәптерлерін тексеру.

Қызығушылықты ояту

Бейне таспа қарау. «Бейбітшілік, ынтымақ, достық»

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

1-жаттығу

Мәтінді оқы

2-жаттығу

Мәтінді оқып,оның түрін анықта

3-жаттығу

Сурет бойынша мәтінді құрастырып жаз.

4-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы



Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр,

Иiлiп солға бiр.

Денемiздi дұрыстап,

Тұрамыз тік ұстап.



Оқушылар денелерін жаттықтырады

Ой толғаныс


І –топ Достық сөзіне дыбыстық талдау жасау
ІІ – топ Дос сөзін тәуелдеп жазу
ІІІ – топ Дос сөзіне қосымшалар жалғап жазып,сөз құрамына талдау 

1.Мәтін дегеніміз не?


А) пайымдау
Ә) әңгімелеу
Б) сипаттау
2.Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?
Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол екінші үйіміз. Мұны балалардың бәрі жақсы түсінеді.
А) пайымдау
Ә) әңгімелеу
Б) сипаттау
3.”Тоқылдақ – пайдалы құс” 
тақырыбына мәтінді қалай бастай-сыңдар?
а) Тоқылдақ – орман емшісі деп бекер айтпайды 
ә) Тоқылдақтар көп. 
б) Пайдалы құстар бар. 
4. Мақалды аяқтаңдар:
Қарағайға қарап тал өсер,
….. қарап бала өсер.
а) әке -шешесіне 
ә)қатарына 
б) батырға 
5. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құраңдар.
1.Күшіктің көкірегі ақ болғандықтан, оған Ақтөс деп ат қойдық. 2. Күшік Кәмшатқа бірден ұнады. 3.Бір күні әкесі Кәмшатқа күшік әкелді. 4. Күшік доп-домалақ, өте әдемі және тыным таппайды.
• а) 2,1,3,4 
• ә) 3,2,4,1 
• б) 3,1,2,4 
6.Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?
Итбалықтың денесі сүйірлеу және жұмыр. Оның терісі қылшық жүнді болып келеді. Артқы аяқтары балықтың құйрығына ұқсас. Ол тек құйрықтың қызметін атқарады.
А) пайымдау
Ә) әңгімелеу
Б) сипаттау

- Бүгін сабақта не үйрендіңдер?


- Білетін ережелеріңді, ұғымдарды кестеге жазу.
Мәтін туралы не білетін едік?
Бүгін тағы нені үйрендік?
1. Мәтін мағына жағынан өзара байланысқан, екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
2. Мәтіннің тақырыбы болады.
3. Мәтіннің басы, ортасы, соңы болады.
4. Мәтінде тірек сөздер болады.
Мәтіннің негізгі ойы болады.
• Мәтіннің түрлерін білдік:
1. әңгімелеу
2. сипаттау
3. пайымдау
•осы түрлерінің ерекшелігін білдік.

Үй тапсырмасы

5-ж,20-бет

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшалары арқылы 

Смайликтер арқылы



11-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Диктант №1

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта,дәптер,бор

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың қазақ тілінен білім,білік дағдыларының меңгеруінің бағыттық нәтижесін зерттеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Оқушылар смайликтер арқылы топқа бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.


Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау


Тест парақшаларын үлестіру

Қызығушылықты ояту

Табиғат құбылыстары туралы әңгімелеу

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Жауын.
    Өзеннің арғы жағынан үлкен қара бұлт көтерілді.Жарты аспанды бүркеп қалды.Күн күркіреді.Құйын соғып өтті.Бұтақтардан үзілген жапырақтар алаңқайдың үстіне айран-асыр үйіліп кетті.

    Алғашқы ауыр тамшылар да сіркіреді.Найзағай жарқылдап,күн күркіреді.Жауын ағыл-тегіл құйын кетті.

    Ормандағы бүрі қалың,бұтақты шыршаны паналап тұру да рақат.Шыршаның панасы жанға жайлы,құп-құрғақ.

 


Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.



Оқушылар денелерін жаттықтырады



Ой толғаныс


Грамматикалық тапсырмалар:

 

1.Сөз құрамына қарай талдау:



     Өзеннің, бұтақтардан, жапырақтар.

2.Фонетикалық талдау: жауын.

3.Сөйлем мүшелеріне қарай талдау:

     Жауын ағыл-тегіл құйып кетті.



Үй тапсырмасы

Қайталау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Диктант бағалары дәптерге қойылады

12-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ауызекі және жазбаша тіл

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы




Жалпы мақсаттар

1. Оқушыларда сөйлеу туралы ұғым қалыптастыра
отырып, сөйлеу тілін дамыту.
2. Оқу дағдысын жетілдіру барысында әдептілікке,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 3. Түсініп қатесіз оқу, сөйлеу тілін дамыту.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу




Ынтымақтастық атмосферасы




Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау


Қайталау сұрақтары

Қызығушылықты ояту

1. Жылт - жылт еткен, жылғадан өткен. (су)
2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (өрік)
3. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (қой)
4. П - дан егер бастасаң,
Зоопаркте тұра алам.
Т - дан егер бастасаң,
Ойыңды сыртқа шығарам (піл - тіл)
5. Шыр - шыр етеді,
Ұстай алсаң сөйлеп кетеді. (телефон)
6. Аулада бар елде жоқ,
Дауылда бар, желде жоқ. (у әрпі)
С
Ө
Й
Л
Е
У
Сөйлеу не үшін қажет?
Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
Сөйлеу
Ауызекі сөйлеу ----------------------------------Жазбаша сөйлеу
Үн арқылы берілетін сөйлеу ----------------Жазылып берілетін хабар

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

1 - жаттығу. Мәтінмен жұмыс:
а) Мұғалімнің мәтінді оқуы
ә) Оқушыларға мәтінді кезектестіріп оқыту.
Мақалды түсіндіріп,мағынасын талдау«Тікұшақ» сөзін дыбысқа талдау
Сөздік жұмысы
Лезде - тез арада, жылдам.
Ребус шешу: «Бауырсақ»
2 - жаттығу орындалады.
Мәтінді мәнерлеп оқыту.2. Өздік диктант (Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жазу)
Айдос пен Дархан (телефон) ұзақ сөйлесті.
Атасы (немере) ертегі айтып берді.

3-жаттығу

Жұмбақты оқып,шешуін табыңдар.


Сергіту сәті

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,

Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық,

Бiр дем алып қалайық.



Оқушылар жаттығу жасайды



Ой толғаныс


- Ертеде бір қаңбақ шал елсіз далада келе жатып, аспан әлеміне желмен ұшып кетіпті. Ол аспан әлемін аралап жүріп бір кішкене планетаға кезігеді. Қаңбақ шал ол планетаның атын (не арқылы сұрайды) қалай біледі?
Балалар ол планетаның атын онымен сөйлесу арқылы білетінін айтады.
- Ол меркурий планетасы екен. Меркурий планетасы қаңбақ шалды басқа да планеталармен таныстырады.

4-жаттығу



Өлеңді жатқа жаз

Үй тапсырмасы

5-ж,22-бет

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтырады.

13-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөйлеу мәдениеті

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Сызба, сурет, тірек-сызба

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың білімдерін, сөйлеу мәдениеттілігін дамыту жұмыстары арқылы бекіту. Тіл мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын, танымдылық белсенділігін арттыру.Мәдениетті,сыпайы сөйлеуге тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін.

Ынтымақтастық атмосферасы

Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса.
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.

-Балалар, сендерге саяхатқа шығу ұнай ма?Ал балалар біліміздеріміздің артып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін бүгінгі сабақта "Білім еліне саяхат" жасаймыз.
-Олай болса саяхатқа шығу үшін қайда мінеміз?
-Автобусқа
-Автобусқа міну үшін қайда барамыз?
- Аялдамаға
-Ендеше мектеп аялдамасынан бастайық. "Мектеп" аялдамасында сендердің білімдеріңді тексеру мақсатында "Бәйге" ойынын ойнаймыз.

Үй тапсырмасын сұрау


Дәптердегі жаттығуларды қарап шығу

Қызығушылықты ояту

1.Сол жақтағы-30.Ауыз екі тіл дегенді қалай түсінесің?
2. Ортадағы-40. Жазбаша тіл денеді қалай түсінесің?
3. Оң жақтағы -20. Адамдарға сөйлеу не үшін қажет?
4. Сол жақтағы-20. Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
5. Ортадағы -30. Сен тілдің көмегінсіз өз ойыңды түсіндіре аласызба?
6. Оң жақтағы -40. Адамдардың сөйлеуді қай кезде қолданатындары туралы айт.
7. Сол жақтағы-10. Тыңдай білу әдебіне не жатады?
8. Ортадағы-50. Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді қалай түсінесің?
9. Оң жақтағы-30. Қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?
-Балалар, сыпайы сөздер мәдениеттілікке жатады. Біз қаншалықты сыпайы сөйлесек соншалықты өзіміздің мәдениетті екенімізді көрсетеміз. Мәдениетті сөйлеу-адамның тәрбиесіне байланысты. Сөйлеу 2 түрге бөлініеді. Қандай?
- Дөрекі сөйлеу және мәдениетті сөйлеу.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

-Бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы "Сөйлеу мәдениеті". Ондағы мақсат дұрыс, мәдениетті сөздермен танысу. Сыпайы сөйлеуге үйрету. Сыйластыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу. 
- Балалар, тақтаға назар аударыңдар. Мына жерде сөздер жазылған. Осы сөздердің ішінен сөйлеу мәдениетіне жататын сөздерді тауып айтайық. Оларды қатыстырып сөйлем құрау.
"Төрлетіңіз! Кет! Сау болыңыз! Былай тұр! Кешіріңіз! Жоғал! "
3. Суретпен жұмыс:
-Сонымен біз "Білгірлер" аялдамасына жеттік. Сурет бойынша "Аялдамада" тақырыбына тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру. 
4. Көркем жазу:
Дәптерлерімізді ашып ай-күнді жазайық.
-Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа
Аялдама
5. Оқулықпен жұмыс:
-Енді біз "Шешендер аялдамасына" жеттік. "Адасқан сөздер" ойыны. 
Шешен кісі ел бастар,
Адал кісі сөз бастар.
Нақыл сөздің мағынасын ашу,дәптерге жазу.
Жаттығуларды орындау

Сергіту сәті

Бір, екі – еңкей,

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты сөз, жасқанба.


Оқушылар денелерін жаттықтырып,сергіп қалады



Ой толғаныс


-Балалар, біз "Білім еліне" саяхат жасап өзіміздің білімізді көрсетіп, енді сүйікті сыныбымызға оралайық. саяхат жасадық, жаттығулар орындап, ойындар ойнадық.Сонымен бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Сөйлеу мәдениеті 
-Ендеше сөйлеу мәдениетінің ережелерін жазайық.

Үй тапсырмасы

5-ж,24-бет

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтау, бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет