Сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім: Сабақтың атауы Дыбыс және әріпті қайталаймыз



бет5/8
Дата19.12.2016
өлшемі1,01 Mb.
#4168
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

19-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Мәтін түрлері Пайымдау

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Ойынға арналған текше, суреттер,венн диаграммасы.

Жалпы мақсаттар

Мәтін туралы алған білімдері пысықталады.Мәтінмен жұмыс істей білуге, мәтіндегі ойды табуға,жоспар құра білугеүйрету.

2.Мәтін құра білу дағдыларын қалыптастыру,түсінуге,ойын жеткізе білуге машықтандыру, ауыз екі сөйлеу тілдерін дамыту.

3. Топпен жұмыс арқылы бір- бірін тыңдай білуге, дұрыс мәнерлеп сөйлеуге, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққ тәрбиелеу.Отанға сүйіспеншіліктерін арттыру,Отанды сүюге тәрбиелеу.


Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Бөлінген үш топқа ат қойылады.1 топ.Әңгімелеу, 2 топ. Сипаттау, 3 топ.Пайымдау

Ынтымақтастық атмосферасы

Үлкендерге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.



Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау


Әр оқушы үйге берілген жоспар бойынша анықтамаға сәйкес мәтін құрып келу, мәтіндерін жасалу жолдарын түсіндіріп қорғайды және анықтамаларды айтады.

Қызығушылықты ояту

Қазақ тілім -өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл- қызым мәңгі сені,

Болашағым, бақыттым, дара тілім.


Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Ынтымақ бар жерде бақыт бар», «Отанымның бірлігі-елдігінде», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Отаншыл болу отбасынан басталады»

-Балалар бұл тыңдағандарын не?

-Мақалдар.

-Мақалдар әдебиеттің қай түріне жатады?

-Халық ауыз әдебиетіне жатады?

-Неге ауыз әдебиетіне жатады?

Себебі көне заманда жазу болмаған кезде мақалдар ауызша тараған.

Дұрыс, енді келесі шығарманы тыңдап көріңдер.


Қазақстанда қанша ұлт тұрмасын бәрі бірге оқып, бірге қызмет етеде.Бірге мереке тойлап, бірге қуаныш бөліседі.

Не жасаса да бірлесе жасайды, келісіп әрекет етеді. Татулықта, достықта өмір сүреді.Осындай ажырамас бірлік біздің Отанымыздың үлкен ел екендігін басқа елдерге танытады.

Еліміздің басты байлығы бейбітшілік, татулық, сыйластық құрмет, достық.

-Ал бұл тыңдағандарын не?

-Мәтін.

-Мәтін екенін қайдан білдіңдер?



-Сөйлемдер бір-бірімен байланысып тұр.

-Мәтін абзацтарға бөлінген.

-Негізгі ойы бар.Қазақстан.

-Үш бөлімнен тұрады.

-Ат қоюға бола ма?Қандай ат қояр едіңдер?
Ендеше қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не?

-Дұрыс .Мәтін.

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-Мәтін түрлері.

-Бұл бізге бұрыннан таныс тақырып, олай болса, біз бұл сабақта мәтін жайлы түсінігімізді кеңейте түсеміз. Жаттығулар арқылы мәтінді түрлеріне айырып, талдауға ұмтылыс жасаймыз. Әрі қарай жаттығу жұмыстарын орындаймыз.

1-жаттығу

Әңгімені түсініп оқы

2-жаттығу

Ертегіні түсініп оқы

3-жаттығу

Тірек сөздерді пайдаланып,сурет бойынша пайымдау мәтінін құрастырып жаз.

Сонымен мәтіннің қандай үш түрімен таныстық дәптерлеріне жазыңдар.

1. Әңгімелеу,

2. Сипаттау

3. Пайымдау.

4-жаттығу

Суретке қарап,пайымдау мәтінін құрастыр




Сергіту сәті

Топ, топ, добым домалақ,
Топ, топ, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап
Қайда кеттің домалап
Бір, екі деп екі ұрдым,
Шатырға сен секірдің.
Үш, төрт, бес деп үлгердім,
Ішіне ендің гүлдердің.
Алты, жеті дегенде.
Жаттың шаршап еденде.
Сегіз, тоғыз дегенде,
Сайға сырғып жөнелдің.
Топ, топ, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.

Оқушылар сергіп қалады



Ой толғаныс


1 тапсырма.Әр топқа үлестірмелер таратылады.Орналасу реті ауыстырылған мәтінді тақырыбына қарай рет-ретімен орналастыру.
2 тапсырма. Әр топ берілген жоспар бойынша түріне қарай мәтін құрады.

1.Мәтінге ат қой

2.Абзацтарға бөл.

3.Мәтіннің түрін атау.



Үй тапсырмасы

5-ж,36-бетте

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 

Смайликтер арқылы





20-сабақ Оқу сінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Мәтін түрлері Сипатау

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

СТО стратегиялары  

Жалпы мақсаттар

Сипаттау мәтіні туралы ұғымдарын тереңдету, сипаттаудың не үшін қажет екенін аңғарту. Оқушыларды заттарды нақты белгілеріне қарай өзара салыстырып сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту. 
Оқыту нәтижесі 1. «Мәтін» деген не екенін біледі;
2. Мәтіннің түрлерін анықтай алады;
3.Мәтін неше бөліктен тұратынын біледі;
4. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу.
Негізгі идеялар Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. 

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

«Қызыл телпек» әніне билейді.

Үй тапсырмасын сұрау


Әңгімелеу мәтіні неше бөліктен тұрады? 
Берілген жоспар бойынша құраған әңгімелеу мәтінін оқыту, талдау. 
Қайта бағыттау сұрақтарына жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір-бірден ынталандыру үшін смайликтер таратылады.

Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» Бұл не? ойыны.
Әр топ үнтаспадан түрлі дауыстарды естіп, ненің дауысы екенін тауып, сипаттайды. 
1-топ: Жолбарысты сипаттайды. 
2-топ: Аққуды сипаттайды.
3-топ: Маймылды сипаттайды.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Оқулықпен жұмыс. Ұжымдық жұмыс.
«Өзім үшін жазу» 1-жаттығу. 
Бұл әңгімелеу мәтіні ме, әлде сипаттау мәтіні ме?
Мәтіннің алғашқы бөлігін көшіріп жаз. 
«Ойлан, жұптас, талқыла»
2-жаттығу. Суретті пайдаланып,екі сипаттау мәтінін құрастыр.
3-жаттығу.
Өлеңді түсініп оқы. Топтық жұмыс: «Терең ойлан» 

1-топ: Кітап


2-топ: Қаламсап
3-топ: Өшіргіш 
Әр топқа осы құралдар таратылып, сипатталады. 
Ынталандыру мақсатында жүрек жылулары таратылады.
Постерлері қорғалып болған соң, әр топ бір-бірін бағалайды.
Оқушылар қорғар алдында ескерту: Басқа топтың жұмыстарын мұқият тыңдаңыздар!
Қайта бағыттау сұрақтарына жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір-бірден ынталандыру үшін стикерге баға қойып таратылады.

Сергіту сәті

Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.

Оқушылар өлеңді жатқа айтады



Ой толғаныс


1- топ: Затты не құбылысты сипаттайтын сөздерді қызыл қорапқа, ал сипаттамайтын сөздері жасыл қорапқа салыңыз.
2-топ: Тест. Сұрақтардың дұрыс жауабын тауып, белгілеңіз.
3-топ: Семантикалық карта толтыру. 

Үй тапсырмасы

5-ж,35-бет



Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар пазл бойынша бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысады.
Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. Белсенді қатысады. Сабақтың мақсатына жетеді.

21-сабақ Оқу сінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Мазмұндама

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

мазмұндамалар жинағы

Жалпы мақсаттар

а) білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі

сауаттылыққа баулу мақсатында мазмұндама жүргізу.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, оқушыларды мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төсілдіру.

-жоспар бойынша сөздерді қолдану қабілеттерін дамыту.

-мейірімділікке тәрбиелеу.



Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Оқушыларды гүлдердің түсіне сай 3 топқа бөлемін

Ынтымақтастық атмосферасы

Бір ақ шымшық,
Екі ақ шымшық.
Үш ақ шымшық,
Төрт ақ шымшық.
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық
Бес күзетші.. бес пысық.

Жаңылпаш жарысын ұйымдастыру



Кіріспе


1. Сәлемдесу.

2. Кезекші мәлімдемесі.

3. Журнал бойынша түгендеу.

4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабакта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында мазмұндама жүмысын жүргіземін.



Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Аналық жүрек.

 

 



    Күздің суық бір күні болатын.Мектептен қайтып келе жатыр едім.Үй алдындағы қора ішінен мияулаған мысық баласының әлсіз дауысы естілді.Көмек сұраған тәрізді.Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым.Ол мысықтың баласы екен.Өзі өте кішкентай екен.

    Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр.Аяп,үйге алып келдім.Үйде өзімнің мысығым бар болатын.Ол өте сүйкімді болатын.Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан «Мамық» деп атаушы едім.Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым.Ол жатсынбай,өз баласындай жақсы көріп кетті.Мен «Мамықты» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай,еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.    

 

 


Сергіту сәті

Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді.
(Аптаның 7 күні)
«Бәрі нешеу»
Асан ,Айша екеуі,
Қос қуыршақ,
Бір құлыншақ,
Екі ойыншық
Құстай ұшып,
Үйден шықты.
(Жетеу)
Дүкеннен көп сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дептер бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бәрі?
(Алтау)

Жұмбақтардың жауабын айтамыз.



Ой толғаныс


Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: аналық жүрек,үлпілдек,мамықтай,

жатсынбай,еміренген.


Мазмұндама жоспары:

1.Мысықтың кішкентай баласымен кездесуі.

2.Үйге алып келуі.

3. «Мамықтың» бауырына салуы.

4. «Мамықтың» бала мысыққа еміренуі.

 


Үй тапсырмасы

Қайталау


Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Мазмұндама тексеріліп,бағаланады.

22-сабақ Оқу сінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөз тіркесі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

СТО стратегиялары  

Жалпы мақсаттар

1. Оқушыларға сөйлемдегі сөздердің мағыналық тұлғалық жағынан өзара байланысты болатынын түсіндіру.
2. Сөз тіркесіне сұрақ қоя білуге дағдыландыру.
3. Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, сауатты жазуға баулу

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Оқушыларды ауа райы құбылыстарына сәйкес топтарға бөлемін.

Ынтымақтастық атмосферасы

Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.

Оқушылар шеңберде тұрып,бір-біріне жақсы тілектер тілейді.



Үй тапсырмасын сұрау





Қызығушылықты ояту

"Ойлан " кестесінің сырын ашу. Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі
Сөз тіркесінің түрлері Сөздердің орын тәртібі арқылы тіркесуі. Мысалы: Ағаш қасық - сын есім, +зат есім
Қой қора - зат есім + зат есім
Қосымшалар арқылы тіркесуі
Мысалы: Жолға шығу, Бормен жазу
Шылаулар (септеулік) арқылы Өзенге дейін бару, көпір арқылы өту.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

1-жаттығу

Әдемі гүл. Білімді оқушы. т.б

2-жаттығу

Сөз тіркестерін көшіріп жазып,олардың байланысын сызбамен көрсет.

3-жаттығу

Көп нүктенің орнына бағыныңқы сөздерді тауып жазып,сөз тіркесін жаз.

4-жаттығу

Мақалды оқып,сөз тіркестерін тауып жаз.



Сергіту сәті

Туысқан бес кісі,
Бірінен-бірі кіші
Бәрінің аты бір
Ең кішісі шеткісі
(бес саусақ)
Бес балада бір бешпет,
Бір киініп, бір шешпек.
Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз.
(он саусақ)
Табақта бес алма,
Қолымда екі алма.
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
Бір алма апама,
Бір алма атама.
Екі алма беремін
Мамам мен папама.
Нешеуі қалады табақта?
(үшеу)

Жұмбақтың шешуін табады.



Үлестірмелі қағаздар


Топтық жұм

1-топ
1. Ағаш қасық, көк шөп, мектеп мұражайы 2. тез оқу, мектепке келу, дұрыс жазу 3. Менің орным, біз оқушымыз, отпен ойнама.


2-топ

Сурет бойынша сөз тіркесін құрап жазу.


Ойын: Ойлан тап!
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөз тіркесін жаса. (көз, жүрек)
1.... жұтқан,...... інің түгі бар
2...... ге ілмеу,.... і тоймау
3-топ
1. Ағам маңдай термен тапқан ақшасына екі бұзау сатып алды. Нан дастарқанға маңдай термен келді.
2. Біреудің ала жібін аттама. 3. Батырлар қоян жүрек болмаған.

Үй тапсырмасы

5-ж,37-бетте.



Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 

Смайликтер арқылы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет