Сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Еңбекке баулу Сабақтың тақырыбы Сабан туралы түсінік. Сабаннан жасалатын жұмыс түрлері



бет4/4
Дата24.04.2017
өлшемі0,55 Mb.
#15183
түріСабақ
1   2   3   4

16-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Келі-келсап жасау


Сабақтың жалпы мақсаты

Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру. 
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. 
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру. 

Көрнекіліктер

пышақ , сызғыш, қалам. 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Карта


Үй тапсырмасы

Тест сұрақтары

Қызығушылықты ояту

Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата – бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан – теңіз. Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы. Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал – сері, тігінші, өрімші, балгер – бақсы өтті. 
Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан, Аякөз бойындағы Қозы Көрпеш – Баян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқаншебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ. Есіктегі «Алтын адам» қаңқасы, Түркістандағы «Тайқазан» да ертедегі ата бабаларымыздың ағаш пен сүйектен, жүн мен теріден түйме түйетін, «алтынды аптап, күмісті күптеп» зергерлік әшекей заттар жасаушы, он саусағы өнерлі шеберлердің болғанын дәлелдей түсетін фактілер. 
Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін қолөнердің жете дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз. Айталық, киіз басу, киіз үйге қажетті бау –басқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, ағаштан ойып ыдыс – аяқ, ер тоқым жасау, тері илеу, асыл тастардан сәндік бұйымдар жасату (зергерлік өнер), қара темірден тұрмыстық, шаруашылық құралдарын жасау қолөнердің тамаша туындылары болды. Бұлардың бірсыпырасы қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймағаны анық. Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді. 

Жаңа сабақ

 Ағашты өркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы: СТД – 120 м станогымен жұмыс жасауға қатты ағаш түрлері дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек. 


Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді. 
Өрнек дегініміз – кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. 
Ал ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. 
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді. 
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады. 
- Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау. 
Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау. 
Өрнектерді кесу. 
Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау. 
Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол жүйелеу, үйлестіру деген латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау. 


Ой толғаныс

Ағаштың қасиеті 
Ағаш құрылысы 
Ағаш бөлігі 
Қолмен салынған зат бейнесі 
Киіз үй сүйегін жасаушы шебер қолөнерші. 
«АҒАШ» жасырын сөз 
Нан да бар 
Нән де жоқ 
Ғасырда бар 
Асырда жоқ 
Санда бар 
Сәнде жоқ. 
Қашта бар 
Қаста жоқ. 

Үйге тапсырма беру.

Келі жасау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер

17-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Шәйнек жасау (папье-маше)

Сабақтың жалпы мақсаты

1. Папье-маше тәсілі туралы түсіндіру. Осы тәсілмен ыдыс жасауды үйрету.

2. Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.

3. Тазалық гигиеналық талаптарды орындауға дағдыландыру.

Техникалық қауіпсіздік ережесін жетік білуге және оны сақтауға үйрету.



Көрнекіліктер

Сызбалар, карточкалар, бұйымдар, ою-өрнек түрлері.

Қажетті жабдықтар: қағаз, тарелка, желім, қайшы, т.б.



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Карта


Үй тапсырмасы

«Қапы қалма!» аялдамасы.

(оқушыларға берілген ою-өрнектердің түрлерін ойын келу тапсырылған еді. Жақсы

жұмыстарды атап өтіп, бағалау.)

3. «Дәлелдей біл» аялдамасы. Өткен тақырыпты қорытындылау

1. Сөздікпен жұмыс:





Сұрақтар



Жауабы



1.

2.


3.

4.

5.



Ою – өрнек дегеніміз латынның қай сөзіне келеді? Қандай мағынаны білдіреді?


Композиция дегеніміз не?

Симметрия дегеніміз не?


Ритм дегеніміз не?
Ою-өрнектерді қандай топтарға жіктеуге болады?

Латынның орнамент деген сөзінен алынған. Орнамент-жиекейлеу, әсемдеу деген мағынаны білдіреді.


Ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру.
Ою-өрнектің екі жағының бірдей болуы
Ою-өрнекте бір элементтің қайталанып отыруы.

Өсімдік, құс,жануар, геометриялық қару, құралдарға, аңға, жәңдіктерге т.б.






Қызығушылықты ояту

Семантикалық карта.




Ою аттары

Ай, күн, жұлдыз дар көк әлеміне байланысты

Малдың дене мүшесіне байланысты

Аңға байланыс-ты ою-өрнек

Жәндіктерге байланысты өрнектер

Құстарға айланысты

Жер, су, өсім-діктерге байланысты

Қару-құралдарға байланысты

Геометриялық фигура тектес.

1.

Тырна













+










2.

Ирек
















+




+

3.

Жұлдыз

+






















4.

Өркеш




+



















5.

Құсмойын













+










6.

Гүл
















+







7.

8.


Алақұрт

Бөріқұлақ








+


+













9

Айбалта



















+




10.

Айыртұяқ




+



















11.

Қосдөңгелек






















+

12.

Балдаң



















+







Жаңа сабақ

«Байқап қал!» Жаңа сабақты түсіндіру.

Папье – маше – желім қосылған суға қағазды қатты материал бетіне жапсыру арқылы немесе көлемді зат бейнесін жапсырмалап орындалатын жұмыс.

Жұмыс кезінде қағаз, желіммен басқа гипе және басқа да қосымша материалдарды пайдаланады

Папье –шамамен жұмысқа керекті үлгіні алу үшін жайпақ табақша, кесе, түрлі геометриялық денелерді пайдалануға болады.

Папье – маше жұмысын орындау.

Табақшаның сыртына бірінші жапсырылатын қағазды желім қосылмаған таза су жібітеміз. Сонда жұмысты толық аяқтап, кептіргеннен кейін, табақшадан бөліп алу оңай болады.

Алғашқы жапсырылған қағаз үстіне 5-7 қабат желім араластырылған суға жібітілген қағаз жапсырылады. Ең соңғы қабатын ақ қағазбен тегіс, біркелкі етіп жапсырмалайды. Қағаз желімденген кезде кедір-бұдырсыз тегіс жапсырылуы тиіс.

Қағаз арасында ауа қалмауы керек. Жапсырмаланып болған папье – машені ыдысымен қоса кептіруге қояды.

Жақсы кептірілген папье-машенің қатпарларын зімпара қағазбен тегістейді.

Дөңгелек жиектерін қайшымен қияды. Акварель бояумен жалпақ табақшаны өз қалауыңша түрлендіруіңе болады.



5. «Есіңе сақта!» аядамасы Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. (оқулықпен жұмыс)

1. Алдымен жұмыс орныңды дайындап ал. Ол үшін таза акварель бояу, қылқалам, жапсырмайтын қағаздар керек.

2. Керекті құралдарды, суды шашып ойнама!

3. Жұмыс кезінде және жұмыс соңында қолыңды таза шүберекпен сурт

4. Жұмыс соңында киімдеріңнің тазалығын байқап, жұмыс орныңды ретке келтір.

5. Папье-маше жұмысы аса ұқыптылықты қажет ететіндігін естен шығарма!



Сергіту сәті

Еңбек етсең терлеп оның аты – еңбек,

Гүл өсірсең терлеп оның аты – еңбек,

Кесте тіксең зерлеп оның аты – еңбек,

Ағаш ексең терлеп оның аты – еңбек,

Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.


Ой толғаныс

Сабақты бекіту. «Құпия пошта» ойыны
Пошта жәшігіне салынған конверт ішінде жазылған сұрақтарға жауап беру.

Папье-маше қалай орындалатын жұмыс

Папье-маше жұмысын орындаудың жолдарын кезекпен – кезек айтып беріңдер.

Папье-маше тәсілімен тағы қандай бұйымдар жасауға болады?




Үйге тапсырма беру.

Шәйнек жасау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер

18-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы




Сабақтың жалпы мақсаты

А) Білімділігі: Тақырыпқа байланысты сын есім, етістіктермен сөйлем құруға үйрету.  Сұрақтарға толық жауап беруді талап ету. Жақты, жайылма, толымды сөйлем құруға дағдыландыру.

Ә) Түзету: Сөздік қорларын  байыту.  Ұсақ моторикаларын дамыту. Көру және есту зейіндерін қалыптастыру. Қозғалу іс –әрекеттерін дамыту. Есту, зейін салу қабілеттерін дамыту. Ұжымда өздерін еркін ұстап, жұмыс істеулерін қалыптастыру. Бойларында ырғақ сезімдерін қалыптастыру. Дем  шығару, тыныс алу жолдарын қалыптастыру.

Б) Тәрбиелігі: Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. Жеміс пен көкөніс дастарқанға маңдай терімен келетінін түсіндіру. Жеміс-жидектердің суретін бояған кезде, эстетика ұстанымын  негізге алуға тәрбиелеу.


Көрнекіліктер

электрондық логопед құралы, »Жемістер» тақырыбына байланысты презентация. Галкинаның  көру гимнастикасы, 6 дана күзгі жапырақ, сиқырлы қап, жеміс-жидектердің муляждары, жемістерді бояуға арналған  карточкалар, ұсақ моториканы дамытуға арналған құралдар.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Қалдерің қалай?

Психогимнастика    мимика жаттығуымен қоса.

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келді, қонақтарға сәлем берейік.

-Жымиямыз! (Балар күліп, сәлемдеседі).

- Қонақтар бізге неге келген екен?

Қабағымызды көтеріп таңғаламыз.

- Күн де бүгін бұлтты болып, көңіл –күйімізді бұзып тұр ма?

-Кәне, қабағымызды түйіміз.

- Жоқ. Біздің көңіл-күйімізді еш нәрсе бұзбайды. Себебі бізді, алда тамаша бір сабақ күтіп тұр.

Кәне, жымиямыз, күлеміз!

-Ал, енді тағы бір рет қайталаймыз.:

Біз таңғалуды білеміз!

Біз күлкіні жақсы көреміз!

Біз қабақ түйюді білеміз!

Біз күлкіні жақсы көреміз!



Топқа бөлу

Күннің көздерінің түстеріне қарай топтарға бөлінеді


Үй тапсырмасы

Тест сұрақтары

Қызығушылықты ояту

ІІ Қозғалу жаттығуын орындайық

- Ал, балалар сабағымызды бастамастан бұрын, қозғалу жаттығуын орындайық.

Міне, күз де келіп қалды,

Қолын былғап шақырды.

Бір кезде баяу  жел соқты,

Жапырақтар билей бастады.

Бір кезде қатты жел соқты,

Терезенің пердесі қозғала жөнелді.

Жел басылып қалды,

Енді өкшемізді көтеріп,  тез орнымызды табайық.



Жаңа сабақ

Мағынаны тану. Жаңа сабақ.

-Балалар, мына үстелдің үстінде себет бар. Ал бұл себеттің ішінде не бар екен?

-Әрине. Жемістер бар.

-Сонымен балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жеміс- жидек бағы

Презентация «Жеміс – жидектер-Мынау не?

-алма, алмұрт, шие, алхоры, , жүзім, лимон, шабдалы, апельсин.

-Алма қандай?

-Жеміс – жидек бағындағы дәрігердің кеңесіне құлақ салайық, балалар.

- Бұл жемістердің құрамында А, В, С, Д, Е, Р – дәрумендері (витаминдер)  бар. Бұл витаминдер сендердің ағзаларынызға өте пайдалы. Жеміс- жидектерді көбірек жесеңдер, әрқашан көңілді болып жүресіңдер.   Тістерін ауырмай,  берік болып өседі. Денсаулықтарын мықты болады. Тез өсесіңдер. Тамаққа тәбеттерін жақсы болады.



Ой толғаныс

-Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз қалай аталады?

-Қандай жеміс- жидектерді білесіңдер?

-Алма қандай?

-Лимон қандай?

-Олар қайда өседі ?

-Оларды біз не істейміз?

Не үшін жейміз?

Бойымыз өсу үшін, тістеріміз қатты, берік болып  ауырмау үшін.



Үйге тапсырма беру.

Жеміс-жидектерді ермексаздан жасау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет