Сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е. Р әдебиет Сабақтың атауы Қ. Ахметова. Қазағым менің



бет8/8
Дата27.12.2016
өлшемі1,09 Mb.
#5895
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

 

31-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е.Р



Әдебиет










Сабақтың атауы

Сөз мәйегі. Болат Үсенбаев

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

автор суреттері, тақырып мазмұнын ашатын мақал-мәтел мен нақыл сөз жазылған плакаттар.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Арналы бұлақ бөлімінен мағлұмат беру. Өлеңмен таныстыра отырып, мағынасын ашуға мүмкіндік жасау.

2. Мәнерлеп оқуларын, көркем сөйлеу тілдерін, өлеңнің мазмұнын өмірмен байланыстыра білу және жақсы сөздің адам өміріне тигізер пайдасын ұғына білу қабілеттерін дамыта түсу.

3. Өлеңді әсерлі, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту.


Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Қызығушылықты ояту


Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

Көз жеткізер,

Көз жеткізбе генді

Сөз жеткізер.

Шешеннің сөзі - мерген,

Шебердің көзі - мерген.


- Сөзде қандай құдіретті күш бар?

- Сөзді не арқылы жеткіземіз?

- Сөз мәйегі дегенді қалай түсінесіңдер? («Мәйек» сөзінің негізгі түбірін табу.) «Топтастыру» стратегиясы бойынша.


Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

2. Оқушылар іштей бір рет оқиды.

Жаңа сабақпен таныстыру.

Өлеңнің әр шумағын мәнерлеп оқи отырып, әр шумақтағы сөздің негізгі тұғырын тауып, дәптерге жазып отыру. Мысалы:

Сөз ______- жаманнан жиренткен;

______- өмір жайлы сыр шерткен;

______- мақал-мәтелдердің даналығына ой жүгірткен;

______-т.е.с

Оқушылардың тізбектей оқуы, түсінін оқуы.

өзің қандай сөз түрлерін білесін? Әрқайсысының мағынасына жеке-жеке тоқталайық.



Енді әрбір тіркеске мысал жазып көрелік. Қандай тіркес кімге байланыс­ты айтылады және ол сөз иесі кім?




Сергіту сәті

Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыны
Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады табады.

Бірінші байлық - денсаулық.


Екінші байлық - еркіндік
Үшінші байлық - тіл байлық
Төртінші байлық - қайрат-күш
Бесінші байлық - ақ жаулық
Алтыншы байлық - балаңыз
Жетінші байлық - жүз саулық


Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


«Ұтымды жауап» ойыны:

С- М-


Ө- Ә-

З- Й-


Е-

Г-

I-



Әр әріптің қатарына сол әріптен басталатын сөз жазу арқылы өткен тақырыпқа байланыстыра, мағынасын ашатындай сөйлем құрастыру. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын байқап көру.

- Ақынның айтпақ болғаны өлеңнің қай жолдарында жасырынып тұрғанын тап.



Үй тапсырмасы

«Менің атам айтады» немесе «Менің апам айтады» деген тақырыптың біріне эссе жазу

46-бет, оқу.



Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кеі байланыс

32-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Әдебиет










Сабақтың атауы

Қожанасыр әңгімелерінен

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Қожанасыр туралы аңыз әңгіме кітаптары, Қожанасырдың басынан өткізген қиял-ғажайып әңгімелер сюжетіне салынған суреттер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Оқушыларды аңызға айналған Қожанасырдың басынан өткен қызықты жайттармен таныстыру, аңыз бен шын өмірдегі Қожанасырдай адамдардың өмірінен мысал келтіре отырып, салыстыра білуге жол салу.

2. Оқушылардың оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда ойлауын, қиялын ұштап, байқағыштық қабілеттерін дамыта түсу.

3. Адам бойындағы алаңғасарлық, қиялға берілу, шектен тыс армандау сияқты мінездерден бойды аулақ ұстау керектігін ұғындыру.


Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Қызығушылықты ояту


Арман қуып жасынан,

Көктен көзің алмаған.

Байды алдап, мақтанған,

Кедейлерге жақ болған.

Сараң емес, бай да емес,

Ақшақұмар жан да емес.

Табыңдаршы жанды осы,

Сыйлығым бар тапқанға.



- Бұл өлең жолдары кім туралы деп ойлайсыңдар? Неліктен?

- Аты аңызға айналған кімдерді білесіңдер? «Топтастыру» стратегиясы бойынша орындау.

- Осылардың ішінен қай кейіпкерді сомдау саған жеңіл тиеді?

- Қайсысын қазіргі таңда ортамыздан табуға болады?

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру. «Болжау» стратегиясы бойын­ша әңгіме не туралы болатының саралап көру. Әңгімені оқу. Қожанасыр келбетін сомдау.

- Қожанасыр жұмыртқасын неліктен жарып алды?

- Қожанасыр қандай кейіпкер?

- Қожанасыр қиялының орындалмауына не себеп болды?

- Ал сен өзің қиялдай аламысың? Нені?

- Орындалмайтын армандарың бар ма?

- Қожанасыр өзінің қандай ісімен ел аузында аңызға айналды деп ойлайсың? (Ол ержүрек батыр сияқты соғысқа аттанып, жауды денді ме, әлде бүкіл ауылды аштықтан құтқарып қалу үшін аң аулады ма екен?)

- Мәтіндегі қиялын Қожанасыр іске асыра алады дегенге сенер ме едің?

- Қожанасырға қандай мінездеме берер едің?

- Қожанасыр жайлы тағы қандай аңыздар білесің?



Қожанасыр айтқан екен...

Қожанасыр мен молда көрші отырыпты. Бір күні Қожанасырдың сиыры молданың сиырын сүзіп, жарып тастапты. Қожанасыр асып-сасып молданың үйіне кіріп барыпты да:

- Молдеке, сіздің сиыр біздің сиырды түнде жарып тастапты, құраныңызға қарап беріңізші, күн төлеуге жата ма екен? - деп отыра кетіпті.

Молда құранын ары-бері ашыпты да:

- Е, көрші, құранда малды мал жарып тастаса, құн төленбеуге тиіс деп жазылған екен, - депті.

Сонда Қожанасыр:

- Мөлдеке-ай, мен сасқанымнан жаңылыс айтыппын ғой. Біздің сиыр сіздің сиырды жарып тастаған екен ғой, оқасы жоқ енді, - деп орнынан тұра беріпті.

Молда не дерін білмей, құранын аударыстырып отырып қалыпты.



Сергіту сәті

Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыны
Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады табады.

Бірінші байлық - денсаулық.


Екінші байлық - еркіндік
Үшінші байлық - тіл байлық
Төртінші байлық - қайрат-күш
Бесінші байлық - ақ жаулық
Алтыншы байлық - балаңыз
Жетінші байлық - жүз саулық


Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


1) Аты

2) Үш-төрт етістік

3) Басқалармен қарым-қатынасы

4) Үш-төрт ұнататын заты

5) Екі-үш басынан өткізген сезімі

6) Екі-үш жеткен дәрежесі (нәтижесі, шыны)

7) Көргісі келетін немесе көргенде сезім ұялататын екі-үш заты

8) Ол қорықпайтын екі-үш зат

9) Мекенжайы

10) Фамилиясы.



Үй тапсырмасы

47-бет,түсініп оқу,мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кеі байланыс

 

33-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:



Әдебиет










Сабақтың атауы

Алдар көсенің алдауы

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Алдаркөсе туралы кітаптар, суреттер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Аты аңызға айналган Алдаркөсе туралы аңыз әңгімелермен таныстыру, қызыққа толы оқиғаларын оқып, бас кейіпкерлерді салыстыра отырып сараңдық пен жомарттықтың ара жігін ажырата білуге жол салу.

2. Аңыз кейіпкерлеріне сипаттама беру арқылы оның неліктен аңыз кейіпкерге айналғанын дәлелдеу. Көркем әдеби тілде сөйлей білу қабілетте дамыта түсу.

3. Ұрлық, алдау, өтірік айту, сараңдық, қулық сияқты жаман әдеттерд өз бойын аулақ ұстау керектігін жете түсіндіру.


Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Қызығушылықты ояту


Алдаркөсенің өлеңі немесе ол туралы кинофильм мен мультфильм үзінді көрсетуден бастау.

Кітаптар мен суреттерді көрсету арқылы білгендерін сұрау.

Қажет дерек

Алдаркөсе - көшпелі халықтың ерекше ұнатқан кейіпкері. Алдар — шешен ғана емес, өте қу, айлакер. Оның халық ұнатпайтын Шығайбай байды әбден алдап, асын қулықпен жеп, кетерінде қызын алып кетуі арқылы халық тілегі көрінеді.

Алдаркөсе сараңдардың гана емес, елді корқытатын сайтанның да ісі зайын тартқызды. Түлен мен Құланды құр сүлдері қалғанша мініп, ақыл етуі оның зымиян күштерден де ақылы артық екенін көрсетеді. Немес шайтан секілді сырт күштерді жеңу адамның, Алдардың қолынан келеді деген халық сенімін білдіреді.


Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Басты кейіпкерлерді атау.

Топта Венн диаграммасы арқылы екеуін салыстыру.

1-топ. Алдаркөсеге ұқсағым келеді, себебі...

2-топ.                  Қазіргі Алдаркөселер қандай?

3-топ.                  Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

4-топ.                  Шығайбайды алдағанына көзқарасың қандай?



Сергіту сәті

Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыны
Көбелек те ,гүл де бір 
Қызыл-жасыл күллі өңір
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


Алдаркөсе  мен Қожанасырдың айырмашылығы неде? «Т кестесі» арқылы жазып жығу.

Алдаркөсе мен Қожанасыр өмірде болған ба? Неліктен?

Қожанасыр мен Алдаркөседен нені өзімізге қабылдауға болады, қабылдауға болмайды деп есептейсің?

Қабылдаймын

Қабылдамаймын

 

 

Адам бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді санамалап айтып шығу.

Абай өлеңін еске түсіру.

Сабақты қорытындылау мақсатында:

Бүгінгі сабағымыздың алғы сөзі не болмақ?

Қандай мақал-мәтел айтар едің?


Үй тапсырмасы

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кеі байланыс

 

34-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:



Әдебиет










Сабақтың атауы

О. Байбақов. Өтірік өлең.

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Өлеңдер жинағы

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Өтірік өлең туралы түсінік.

Оқушылардың қиялына ерік беруіне ықпал жасау.

Ой белсенділігін дамыту.

Сауаттылыққа,білімділікке тәрбиелеу.



Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөліну

Ынтымақтастық атмосферасы

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Желмен бірге жайқалған....
 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Қызығушылықты ояту


Өтірік өлең
Зытты қасқыр жорыта,
Көріп қалып көп қойды.
Сол қасқырды ұстап ап,
Қошқар ағай жеп қойды.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Өлеңді оқу

Кезекпен оқу

Мағынасын айту

Дәптермен жұмыс



Сергіту сәті

Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыны
Көбелек те ,гүл де бір 
Қызыл-жасыл күллі өңір
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


1-топ

Өтірік өлең жаз

2-топ

Өтірік әңгіме құрастыр



3-топ

Әлемде жоқ жануар сурет салу



Үй тапсырмасы

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

35-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:



Әдебиет










Сабақтың атауы

Абай. Күз.

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Абай портреті.Күз суреті.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. «Күз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашады. 
2.Ақын Абай Құнанбаев жайлы мағұламаттары кеңейеді.
3. «Күз» өлеңін басқа өлеңмен салыстырады,айырмашылықтарын ажыратады.
4.Өлең жазуға деген құлшынысы артады.
5.Табиғатқа деген сыйластығы,оларға қамкорлықпен қарауға үйренеді.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөліну

Ынтымақтастық атмосферасы

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Желмен бірге жайқалған....
 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Қызығушылықты ояту


-Күз айларын ата?
-Бүгінгі ауа-райы жайлы не айтасың?
Ой шақыру.
-Күз мезгілі сендерге несімен қызықты?
-Кім қандай ойда отыр?
ІІІ Сендер күз мезгілін осылайша суреттейді екенсіңдер?Ал енді Абай атамыз қалай суреттейді екен.
Топтастыру арқылы Абай туралы білетіндерін еске түсіру.
жазушы аудармашы

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Абай Құнанбаев. қоғам қайраткері
ұлы ақын, қазақ халқының ақыны, философ
-Балаларға арнап жазған өлеңдерін білеміз бе?
Абай Құнанбаев өмірімен таныстыру.
Сонымен қатар абайды лирик ақын деп те атаймыз.
1.Бүгінгі сабағымызда Абай суреттеген «Күз» өлеңімен танысамыз.
2.Өлеңді мәнерлеп оқу.
3.Оқушыларға іштей оқыту.

INSERT стратегиясы(маған таныс емес) деген сөзердің астын сызу.


4.Сөздік жұмысы.
5:Мәнерлеп оқыту минутын өткізу.Әр топтан бір балаға.
6.Мазмұнын ашу.
Абай бұл өлеңінде ........ күздің суық ызғарлы барлық табиғаттағы тіршілік атаулы өзгереді.Табиғаттың бейнесін адамның кейпінде сипаттаған.

Сергіту сәті

Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыны
Көбелек те ,гүл де бір 
Қызыл-жасыл күллі өңір
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


1.топ. Күз мезгіліне сурет салу.
2.топ. Берілген ұйқастардан өлең құрастырады.
3.топ. Күз мезгіліне байланысты мақал-мәтел айтады.

Үй тапсырмасы

Өлеңді жаттап алыңдар

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

36-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:



Әдебиет










Сабақтың атауы

Мазмұндама

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Алдаркөсе туралы кітаптар, суреттер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Аты аңызға айналган Алдаркөсе туралы аңыз әңгімелермен таныстыру, қызыққа толы оқиғаларын оқып, бас кейіпкерлерді салыстыра отырып сараңдық пен жомарттықтың ара жігін ажырата білуге жол салу.

2. Аңыз кейіпкерлеріне сипаттама беру арқылы оның неліктен аңыз кейіпкерге айналғанын дәлелдеу. Көркем әдеби тілде сөйлей білу қабілетте дамыта түсу.

3. Ұрлық, алдау, өтірік айту, сараңдық, қулық сияқты жаман әдеттерд өз бойын аулақ ұстау керектігін жете түсіндіру.


Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөліну

Ынтымақтастық атмосферасы

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Желмен бірге жайқалған....
 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Қызығушылықты ояту


«Еңбекшіл құмырсқа» мультфильм тамашалау

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Емші құмырсқалар.

 

    Күн ыстық,көптен жаңбыр жаумай тұр.орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау деген оймен,себет ала шыққанмын.Аралап келемін,ештеңе кезіге қоймады.Қалың ну арасынан бір алаңқай көрінді.Соған таяндым.Мұндай жерден ылғи да бір құбылыс-



тар ұшыратуға болады,үстінен тұстім.Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр.Бұл не ? Әлде жараланып,илеуге жығылған соң,құмырсқалар талап жатыр ма ? Байқаймын,олай емес.Қарға біресе бір жамбасына,біресе екінші жамбасына аунап түседі де,күнге аунаған тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды.Құмырсқа жабыла таласа да,соған шыдап баққан тәрізді.

    Қара қарға онымен қоймай,құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып,қанатының астына тығады.Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да,бір бұтаққа барып қонды.Сонан соң шаңды бұрқырата әбден сілкініп алды да,қауыр-

сындарын тарақтап болып ұшып кетті.

    Қара қарға сияқты басқа құстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін құмырсқа илеуін осылайша емхана ретінде пайдаланады.Ал құмырсқа илеуіндегі қышқыл да,қан сорғыш насекомдарды жойып жібереді.

    Құмырсқа – құстардың нағыз емшісі.Бұл да табиғат қажетілігі.

  Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: алаңқай,құмырсқа илеуі,қан сорғыш насекомдар.

 

Мазмұндама жоспары:

1.Күн қандай ?

2.Қарға қайда аунап жатыр ?

3.Қарға құмырсқа илеуін не үшін пайдаланады ?

 


Сергіту сәті

Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыны
Көбелек те ,гүл де бір 
Қызыл-жасыл күллі өңір
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Үй тапсырмасы

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет