Сабақ Пән : Ана тілі Та қырыбы: 16 желтоқсан. Қайрат Рысқұлбеков



Дата27.02.2020
өлшемі26,28 Kb.
#58724
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Пән : Ана тілі

Тақырыбы: 16 желтоқсан. Қайрат Рысқұлбеков

Мақсаты:

  • Тәуелсіздік құрбандарын еске алу. Қ.Рысқұлбековтің ерлігіне бас ию.

  • Отансүйгіштікке, Тәуелсіз мемлекетіміздің патриоты болуға тәрбиелеу

Корнекіліктер: плакат, слайд, жалауша, атрибуттар, буклет, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І Психологиялық дайындық

«Еліміздің болашағы бүгіннен басталады»

Н.Ә. Назарбаев



Мұғалім:

-Балалар, біздің сүйікті Отанымыз қасиетті мекеніміз қай республика?

-Қазақстан Республикасы

-Еліміздің президенті, Елбасы кім?

-Н.Ә.Назарбаев

-Отанымыздың қасиетті белгілері қандай?



Қазақстан

Туымен тұғырлы

Елтаңбасымен еңселі

Әнұранымен айбатты

-Қазақ елі қандай ел?



Ермахан:

Біз қазақ деген мал баққан елміз

Ешкімге соқтықпай , жай жатқан елміз

Елімізден құт-береке қашпасын деп

Жеріміздің шетін жау баспасын деп

Найзаға үкі таққан елміз

Дәм –тұзды ақтай білген елміз

Достығымызды сақтай білген елміз.



Мұғалім: -Иә, балалар, біздің туып –өскен жеріміз –Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел.Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген қауіп-қатерден қорғап келеді. Қазақ халқы ержүрек, достыққа адам, бауырмал қонақжай халық. Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгін де бүкіл әлем таныған елге айналды.

-Ал сендер өз Отандарыңа деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?



Дәулет: -Мен Отанымды жанымдай жақсы көремін. Елбасымыздың «Өркениетті 30 елдің қатарына енеміз» дегенде бойымды мақтаныш билейді.

Дана: -Бүгінгі Қазақстанды бүкіл дүние жүзі таниды. Біз жаңа Астанамызға үлкен үмітпен қараймыз

Балия: -Отанымыздың болашағы деп балаларды қорғауға, білімді етіп өсіруге бағытталған іс-шараларға біз қуанамыз. Еліміздің болашағы үшін маңдай терін төгіп орсан зор істер атқарған елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа алғысымыз шексіз!

(Кітаппен жұмыс) Үйге берілген тапсырма: «Қазақстан» өлеңі

«Көне түрік тілінен аударғанда “қазақ” сөзі – еркін, тәуелсіз деген мағынаны білдіреді»

(Кітаппен жұмыс)



Сөзжұмбақ –«Тәуелсіздік»



16 желтоқсан – Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күн

Мұғалім: -200 жылдай патшалық Ресейдің отары, 70 жылдан астам Кеңес Өкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қ.Р-ның мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заңы шықты. Осы күннен бастапеліміз ешкімге жалтақтамай өз бетінше өмір сүріп келеді. Бұл күн Қ.Р-ның туған күні деп алтын әріпппен жазылды.



Дамир:

-Көк туым көтерілді бағым жанып

Елтаңбам төрде әлемге итанылды анық

Шырқадым Әнұранды бар дауыспен

Арманым –Ата Заңым қабылданып
Қазақстан Республикасы Ата Заңынан үзінділер:
Мерхат: - Қазақстан Республикасы демократиялық , зайырлы, біртұтас мемлекет

Мадияр: - Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды

Дамир: - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі

(Кітаппен жұмыс) Өлеңді оқу «16 желтоқсан»


Мұғалім:


  • Тәуелсіздіктің түп тамыры -Желтоқсан оқиғасына байланысты екені мәлім. 1986 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Орталық Комитетінің 5 пленумы болды. Небәрі 18 минутқа созылған пленумда Республикамызды ширек ғасыр бойы басқарған Д.Ахметұлы Қонаевтың орнынан босатып, Ресейден келген Г.В Колбин сайланды. Кеңес өкметінде өмір сүрген 70 жылда 21 басшының 3-уі ғана қазақ болған. Олар: Мұхаметалиев, Шаяхметов, Қонаев. Пленум шешіміне көңілі толмаған жастар алаңға шығып, өз ойларын айтуға тырысқан. Елдің егемендігін аңсаған , бейбіт шеруге шыққан қазақтың өрімдей жастарын аяусыз таяққа жығып, су шашып, ұрып-соғып, түрмеге қамады. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрт болып жанған жастар ұлттық намысты әлемге паш етті. Талшыбықтай жастарымыздың өмірі көктей үзілді.

Осы оқиғаның бас қаһарманы-Қайрат Рысқұлбеков ағамыз 21-ақ жыл ғұмыр кешті. Сол қарбаласта қаза болған телеорталықтың инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деп жалған факті жинап, Қ.Рысқұлбековты ең жоғарғы жаза –ату жазасына бұйырды. 1988 жылы 28 сәуірде жазаны жеңілдетіп, 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілген. Бірақ ол отырған 21 камераға 6 реп сотталған Р. Власенконы жібереді. Келесі күні 21 мамырда Қ.Рысқұлбеков өзіне-өзі қол салды деп лақап хабар таратады.

Үйдегі жеті баланың үшіншісі болып дүниеге келген Қайраттың арманы –өнер ұяларының біріне оқуға түсу еді.



Мерхат:

Күнәдан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Қазақ деген затым бар

Қайрат деген атым бар

Атам десең, атыңдар!

«Ол тірі болғанда ақын болар ма еді?» деп еске алады әкесі Ноғайбай мен шешесі Дәметкен

(Кітаппен жұмыс)

1996 ж 14желтоқсанда Қ.Рысқұлбековке арналған \ескерткіш ашылып,оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Семей қаласының 33 мектебіне Қ.Рысқұлбековтың аты берілген. Қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков есімі ел есінде мәңгілік сақталады.

Сонымен қатар,он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Л.Асанова, Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанованың аңсаған армандары ментілектері толық жүзеге асты. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алды. Қасиетті көк туымыз асқақ желбіреп тұр. Бір ғана өтініш, сол боздақтардыңң бақытты сәтімізді көре алмауы. Ендеше сол желтоқсан құрбандарын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялаймыз.



Дерек пен дәйек

Брежнев алаңына жиналғандар саны-3000

Милиция мен әскер саны-3200

Өрт сөндіруші машина-11

БТР машинасы-15

Астыртын «Құйын-1986» оперативті жоспар құрылған.

Тергеуге алынғандар саны-5324

Оқудан шығарылғандар саны-364

Жұмыстан босатылғандар саны-319

Сотталғандар саны-99

1992 жылы Республика алаңында Желтоқсан құрбандарына ескерткіш тақта қойылды.

1996 жылы Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

Үйге тапсырма Цифрлар сыры

21...21...21...21...21...

Туған еліміздің болашағы-сіздер. Қазақстанды әлемдегі 30 елдің қатарына енгізетін де-сіздер. Төл мерекеміздің қарсаңында сіздерді Тәуелсіз мемлекетіміздің ұландары қатарына қабылдаймыз.

АНТ


Мен,Қазақстан Республикасының азаматы

-Өз Отанын сүюге

-Сапалы білім алуға

-Салт-дәстүрді сақтауға

-Елбасын құрметтеуге

-Ата Заңды орындауға

-Еліміздің Туын, Елтаңбасын,

Әнұранын, тілін қастерлеуге

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

Біздің ұран:

Тәуелсіздік ұланымыз.

Алда болу-ұранымыз.



Әрқашан өстіп көк байрағымыз желбіреп, бейбіт өмір сүрейік.

Ұландар қатарына қабылдау. Құттықтау сөз.Әнұранды орындау.
Каталог: sites -> default -> files -> 2015
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
2015 -> Библиографиялық тізім
2015 -> "Бюллетень новых поступлений литературы" Вы можете использовать для научной, учебной и педагогической деятельности
2015 -> "Бюллетень новых поступлений литературы" Вы можете использовать для научной, учебной и педагогической деятельности
2015 -> Лексические темы
2015 -> Сабақ тақырыбы: Абайдың қара сөздері Жалпы мақсат
2015 -> Спикер Ozheredov Элизабет, 10 және сынып мбоу лицейі №57
2015 -> Сабақ: Математика Сабақтың тақырыбы: «5» -тiк кімге бұйырады? Қосындыны санға бөлу


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет