Сабақ Пән: Қазақ тілі Сынып: 2«А» сынып Мерзімі: 17. 02. 2016 Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері



бет1/2
Дата04.07.2018
өлшемі298,45 Kb.
түріСабақ
  1   2
Ашық сабақ

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 2«А» сынып

Мерзімі: 17.02.2016
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері 

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру, сөйлем ішінен таба білуге, дұрыс сұрақ қоя білуге, сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету.
Дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа және сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, (СТО) стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: ребустар, кестелер, слайдпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық
*“5” болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер, білім көбейіп,

Өсе берсін санамыз

- Олай болса осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

*Сыныпты топқа бөлу
1 - топ «Достық»
2 - топ «Білім»
3-топ «Бірлік»

4-топ «Шуақ»



Достық тобының ұраны: Аққуды атпаймыз, достықты сатпаймыз.
Білім тобының ұраны: Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
«Бірлік» тобының ұраны: Бірлік бар жерде,тірлік бар.

«Шуақ» тобының ұраны: Күннің шуағы жылы,ананың құшағы жылы.
ІІІ. Өткеді пысықтау

-Жаңа сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақты пысықтап алайық.

Әр топқа өткенді пысықтау мақсатында сұрақтар қойылады.

*слайд «Ой қозғау» стратегиясы. Өткен материалды бекіту.

1. Түбір сөз дегеніміз не?(Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі)


2. Қосымша дегеніміз не?(Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз)

3.Қосымша нешеге бөлінеді?


4. Жұрнақ дегеніміз не?(Сөздің мағынасын өзгертеді.)
5. Жалғау дегеніміз не? (Сөз бен сөзді байланыстырады)
6.Сөз таптарын ата?

7.Зат есім дегеніміз не? Зат есімнің сұрақтары?

8.Жалқы, жалпы есімдер дегеніміз не?

ІV. Жаңа сабақ. Мағынаны тани білу .
* слайд Оқулықпен жұмыс.

342-жаттығу (Суретпен жұмыс. Әр суреттегі заттардың санын анықтайық)


 

Қоян Қояндар балапан балапандар

-Сөздерді салыстырып оқиық? Олардың бір-бірінен қандай айырмасы бар? (Оқушылар жауабы)

Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.


Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе.
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: 
аталар, құстар, түйелер.

* слайд Суреттерге назар аударайық.

   

Үйрек үйректер қыз қыздар

-Бірінші суретте неше үйрек бар? -Біреу

-Үйрек сөзіне сұрақ қой? -Не?

-Екінші суретте неше үйрек бар? -Үшеу

-Үйректер сөзіне сұрақ қой? -Нелер?

-Келесі суретке қарайық. - Неше қыз бала бар? -Біреу

-Ал екінші суретте неше қыз бала бар? - Қандай сұрақ қоямыз? Кімдер?

- Сөздерді салыстырып оқиық. Олардың бір - бірінен қандай айырмасы бар?Зат есім жекеше және көпше түрде болады.

-Олай болса осы түсінгенімізді одан әрі қарай дамыта отырып жаттығулар



орындаймыз.
- Балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып алайық.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет