Сабақ Пәні: Информатика Сыныбы: 6 «Б» Тақырыбы: Алгоритм түрлері



Дата08.09.2017
өлшемі48,9 Kb.
#30816
Бекітілді: ___________

Ашық сабақ

Пәні: Информатика

Сыныбы: 6 «Б»

Тақырыбы: Алгоритм түрлері(сызықтық,тармақталған,қайталану)

Пән мұғалімі: Құдайберген Ә.


Пәні

Информатика

Сыныбы

6 «Б»

Күні

19.11.2016 ж

Сабақтың тақырыбы

Алгоритм түрлері(сызықтық,тармақталған,қайталану)

Сілтеме

Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов

Оқып – үйренудің негізгі мақсаттары:

1. Оқушылардың ойлау әрекеттерін белсендендіре отырып, алгоритм түрлері туралы терең білімді меңгерулеріне жағдай жасау.

2. Оқушылардың креативті (шығармашылық) ойлау дағдыларын, топтық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізіп, жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамыту.

3. Оқушыларды алға мақсаттар қойып, сол мақсаттарын жүзеге асыруға әрекет етуге тәрбиелеу.


Оқып – үйренудің нәтижесі:

Оқушылардың креативті (шығармашылық) ойлау дағдыларын, топтық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізіп, жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамыту

Сабақтың барысы:




Уақыты:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті:

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық дайындық

2.Блок-схемалар арқылы 3 топка бөлу


Оқушылар  бөлініп, отырады.

/топқа бөлінгеннен кейін өздеріне берілген сызбаларға  түсініктеме береді/



7 мин

Үй жұмысы
«Жасырын сурет» әдісі


1. Алгоритм атауы атақты араб математигі _____________есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан?
2. Алгоритм дегеніміз,мысал келтір.
3. Алгоритмнің қандай түрлері бар?
4. Тармақталу алгоритміне түсініктеме беріңіз:
5. Үйдің суретін салу алгоритмі». Бұл қай алгоритмге жатады?

6. Қайсысы артық?Блок-сызба




10 мин

Жаңа сабақ

Циклдік алгоритмдер

Жаңа тақырып түсіндіріледі.


Оқушыларға сұрақ қойылады:Алгоритмнің қандай түрлері бар? Сызықтық,тармақталған және циклдік.

Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

Тармақталған алгоритм дегеніміз не?-еске түсіреді.

Қайталау алгоритмі шартың белгілі бір бөлігі ғана қайталана орындалатын алгоритмдер.Блок-сызба арқылы алгоритм түрлерінің айырмашылықтарын,ортақ қасиеттері түсіндіріледі.


Оқушылар өткен сабақта өтілген сызықтық,тармақталу алгоритміне түсініктеме береді.Алгоритмнің үшінші түрімен жаңа сабақта танысатын болады.Тақырыпты жақсы түсіну үшін бірнеше тапсырмалар:дәптермен жұмыс,компьютермен жұмыс,кітаппен жұмыс орындайды.


Сызықтық, тармақталған, қайталау Әрекеттер бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.

Шартқа байланысты орындалатын алгоритмдер тармақталған алгоритм деп атайды.




5мин

Тренинг тапсырма Циклдік алгоритмге байланысты тапсырма беріледі.

Орыс әдебиеті пәнінен төрт шумақ өлең жаттауға берілді. Оқушы жаттауды бір рет оқып, есіне сақтауға тырысты. Ол жаттауды қатесіз жатқа айту үшін әрекетті қайталай береді. Баланың жаттауды орындаудағы тапсырманың әрекеттерін блок-сызба арқылы құру.

5 мин

Компьютерде жұмыс

«Адасқан блок-сызба» әдісі

1.Үшбұрыштың периметрін табу алгоритмі;

2.«Ағашты өсіру» алгоритмі

2 мин

Логикалық тапсырма

Жануарларды өзеннің оң жағына жеткізу.Қасқырды ешкімен қалдыруға болмайды!Ешкіні капустамен қалдыруға болмайды!Қайыққа қайық жүргізуші мен бір жануар және копуста ғана сыйады.

5 мин

Аққала дайындау» алгоритмі :

Әр топ алгоритмнің өздеріне берілген түріне блок-сызбасын құрып,қорғау.

3 мин

Қорытынды:

Оқушыларға стикер таратылады.

Бүгінгі сабақты қаншалықты ұқтым?

Не ұнамады?Маған сабақта ұнады.

Бүгінгі көңіл күйің

3 мин

Үйге тапсырма:


Алгоритмнің үш типіне

өлең, жаңылтпаш, мақал -мәтелдер арқылы мысалдар келтіру.

2 мин

Бағалау

Сабаққа белсене қатысып отқан оқушыларды, араласып отқан оқушыларды бағалаймыз.

Каталог: uploads -> doc -> 0b71
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b71 -> Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы
0b71 -> Ашық сабақ: Орал, 2016. Ожббм №45


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет