Сабақ Үрдісінде тиімді пайдалану нығметова Н. Т., ф.ғ. к., аға оқытушы



Дата14.04.2017
өлшемі44,29 Kb.
#13968
түріСабақ
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ

САБАҚ ҮРДІСІНДЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Нығметова Н.Т.,

ф.ғ.к., аға оқытушы

Ата-бабаларымыздың өмір сүрген кезінен бастау алып, осы уақытқа дейін келе жатқан рухани бай мұраларымыздың бірі – халықтық тәлім-тәрбие. Халықтық тәрбие – ғасырлар бойы жалғасын тапқан халықтың бай тәжірибесі. Бұл халықтық тәрбие негіздеріне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, халықтық ойындар, қалыптасқан отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады. Ғасырдан ғасырға жеткен ұлттық тәрбиені жас ұрпақтың жадына біртіндеп сіңірудің өзіндік жолдары, тиімді тәсілдері де болған. Мысалы, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты айтылса, жұмбақтар мен айтыстарда, өлең, жыр-дастандарда ақыл-ой тәрбиесі мен әсемдік тәрбиесінің негізгі қағидаттары берілген, ал аңыз-ертегілер халықтық тәрбиенің әр қырын қозғайтын тәлімдік материал ретінде қолданылған. Яғни, халықтық тәрбие – халықтың рухани бай мұрасы.

Оқу тәрбие үрдісінде халықтық тәлім-тәрбиені қолданудың маңызы зор.

Халықтық педагогиканың негізгі мақсаты – болашақ жас ұрпақты еңбекке, отбасы мен отанын сүюге, адамгершілік, ізгілік қасиеттерге баулу. Еліміздің болашағы – жастар. Олардың халықтық салт-дәстүрді, әдет- ғұрыпты білуі, қастерлеуі және құрметтеуі тиіс. Халқының мол мұрасын, ұлттық ерекшеліктерін білудің адам болып қалыптасуына берер пайдасы мол.

Халқымыздың тәлімдік мәні бар, ой-толғаныстары бесік жырынан бастау алып, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Тәрбиенің іргетасы қаланатын жері – отбасы мен тұрмыс. Отбасы тәрбиесі алдымен әдептілікке үйретуді көздейді, екіншіден, қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелейді. Сондай-ақ, балаларды тіл алғыш болуға баулып, адал, шыншыл болуға үйретеді. Үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу ең басты міндеттердің бірі саналған. Ел мен жерді сүю керек екенін, қорғау қажеттігін батырлар жыры арқылы, батырлардың жеке үлгі-өнегелері арқылы көрсетіп отырған.

Ұлтымыздың өмір сүру барысында пайда болған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер адамгершілік, тазалық, тәрбие қағидалары болып саналады. Уақыт өткен сайын жаңғырып, жас ұрпақ тәрбиесі үшін тәлімі молая бермек, сондықтан да қазіргі уақытта халықтық тәлім-тәрбиеге баса назар аудару қажет. Себебі, халық тәрбиесі қазіргі жас ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Осы тұрғыда ата-бабаларымыздан бізге жеткен бай рухани мұраны жас буынды, атап айтқанда орыс тілді студенттерді тәрбиелеуде қолданған дұрыс.

Студенттерді ұлтжандылыққа, халқына оған қалтқысыз қызмет етуге тәрбиелеу және адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу мақсатында күнделікті сабақ барысында халықтық педагогиканы кеңінен қолдану пайдасын берері анық.

Халықтық тәрбие үрдісін сабақтарда кешенді түрде жүргізсек ұтарымыз анық. Ұлттық тәлім-тәрбие үрдісі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене, экологиялық тәрбие мәселелерін қамтиды. Ақыл-ой тәрбиесі күрделі ұғымдарды қабылдауды, өзіндік ой-пікірлерін жетілдіруді, өмір туралы көзқарастарын қалыптастыруды, есте сақтауды қамтиды. Адамгершілік тәрбиесінде ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып жораларын қастерлеуді, үлкен адамдарды сыйлауды, жақсы қасиеттер мен әдеттерді үйренеді. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – этномузыкалық аспаптар туралы мағлұматтар беру, халық әндері мен билерінің тарихын, зергерлік бұйымдар мен әшекейлер жасау өнерін, айтыс өнерін, ұлттық ою-өрнектер мен ұлттық қолөнер туындыларын насихаттау. Еңбек тәрбиесі көші-қон салтынан, малды қалай күтіп-баптау керек екенінен, егін егу және диқаншылықтан, киіз үй тігу және киіз үй жабдықтарын жасаудан хабар береді. Дене тәрбиесінің маңызы – қазақ халқының әскери жауынгерлік өнерін, ұлттық спорттық ойындарын кеңінен жүргізу. Экологиялық тәрбиенің мақсаты – табиғатты қорғау, аңшылық және саятшылық салтты дәріптеу, экологиялық тақырыптарға арналған халықтың тыйым сөздерін жастарға жеткізу.

Қазақ тілінің практикалық сабақтарында халықтық тәлім-тәрбие элементтерін студент санасына ұялату үшін халық дәстүрінен мәлімет беретін мәтіндерді қолдану тиімді. Қазір қазақ тілі бағдарламасында «Ұлттық қолөнер», «Киіз үй», «Жер-ананы аяла», «Ақ бидай» ертегісі т.б. халықтық тәрбие беретін мағынадағы мәтіндермен студенттер жұмыс жасайды. Сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарына адамгершілік, имандылық, отбасы, туған жер, еңбек, кәсіп туралы мақал-мәтелдерді жинастыру, мағынасын айқызу, есте сақтауға тапсырмалар беру, танымдық тақырыптарға сөзжұмбақтар құрастырту өз нәтижесін беруде.

Тау-кен институтының студенттерімен өткізілген «Халықтық тәлім-тәрбие негіздері» танымдық сабағында ұлттық тәлім-тәрбие үрдістері барынша қамтылды. Студенттер сабаққа тыңғылықты даярланып, халықтық тәрбиеге аса қызығушылық танытты. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлеріне қатысты жасаған әр түрлі слайд-презентацияларымен таныстырды. Мәселен, «Халықтық тәрбие» слайдында қазақ халқының бірнеше салт-дәстүрі көрсетілді. Соның бірі – «Дәм ауыз тию». Қазақ халқы үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін болған немесе «Қуыс үйден құр шығармайтын». Жігітті қаңтар айында үйлендірмейтін салт туралы айтылды, себебі жігіт қаңтарылып қалуы мүмкін деген түсінік болған [1]. Қазақ халқының аң-құсқа да байланысты да наным сенімдері мен ырымдары да студенттердің назарынан тыс қалмаған. Мысалы, үкі жын-періден, сұқ көзден қорғайтын киелі құс деп саналған. Сондықтан оның қауырсынын үйдің әр жеріне, бесіктің басына, жаңа үйленген жастардың шымылдығына іліп қоятын болған. Халқымыз аққуды аулатпаған, атқызбаған. Аққу – құс төресі, сұлулық пен махаббат белгісі болған, сұлу қыздарды «Аққудай періште екен» деп сипаттаған. Халқымыз құда-жекжатына, туыс-туғанына, дос-жаранына ит бермейді, себебі, «Иттей ырылдасып қалмайық», «Құдалық, достық, туыстық баянды болмайды», - деп ырымдаған. Сондай-ақ студенттер «Шешендік өнер», «Мақал-мәтелдер», «Жеті – қасиетті сан», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыптарында өздері дайындап әкелген бейне көріністерін көрсетті. Ұлттық ойындар ойналып, түрлі тақырыпта жұмбақтар шешілді. Сабақ соңында студенттер қазақ халқының «Келін түсіру», «Жар-Жар», «Беташар», «Шашу», «Бата беру» және «Бесікке салу», «Нәрестеге ат қою» салт-дәстүрлерін кафедра жанындағы этнографиялық мұражайда көрсетті. Осы сабаққа студенттер жоғары белсенділікпен қатысты. Өзге ұлт өкілдерінен құралған студенттер тобы қазақ халқының салт-дәстүріне қатысты көріністерді ризашылықпен ойнағаны сәтті шықты.



Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, осындай халықтық тәрбиеге арналған танымдық сабақтар арқылы халқымыздың бай қазынасы терең насихатталатыны анық.
Пайдаланылған әдебиет:

  1. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. Алматы. 2000.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет