Сабақ реті 7 Пәні физика Сынып 10 Күні Сабақтың тақырыбы



Дата04.08.2017
өлшемі36,85 Kb.
#22655
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақ реті _7 _ Пәні физика _ Сынып 10 Күні__________

Сабақтың тақырыбы: § 2.1. Ілгерілемелі қозғалыс динамикасы.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік мақсаты: ілгерілемелі қозғалыс динамикасы туралы, түсінік қалыптастыру, анықтауды үйрету.

  • Дамытушылық мақсаты: Білімдерін пысықтау, бекіту, ойлау қабілеттерін және білімге деген құштарлығын арттыру

  • Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас, жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау, тексеру және бағалау.

Сабақтың Әдіс-тӘсілдері: Әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс, демонстрация, видео әдісімен,

жаттығулар орындау, сынақ жүргізу.



Сабақтың кӨрнекіліктері:

Проектор, интерактивті тақта, 10 сыныпқа арналған электронды оқулық, плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, слайд.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.



ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру:

ІV. Жаңа материалды қабылдауға Әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты ілгерілемелі қозғалыс динамикасымен танысу. Оны өлшеуді үйрену.



V. Жаңа материалды меңгерту:

Электронды оқулықтан мәтін.

Ілгерілемелі қозғалыс динамикасы. Ньютон заңдары.

Ньютонның І заңы.

IV ғасырдан бастап біздің дәуірімізге дейін ертедегі грек ойшылы Аристотельдің, дененің тұрақты жылдамдықпен қозғалуы үшін оған басқа денелер әрекет ететіндігі туралы идеясы талас тудыраға болмайды деп саналды. Осы идеяны италия ғалымы Галилео Галилей теріске шығарды. Горизонталь жазықтық бойынша денелердің қозғалысын қарастыра отырып, ол егерде денеге басқа денелер әрекет етпесе (яғни күш әрекет етпесе) немесе басқа денелердің әрекеттері теңгерілсе, онда ол дене не тыныштықта тұрады немесе түзусызықты және бірқалыпты қозғалады; оның жылдамдығы модулі бойынша да, бағыты бойынша да өзгермейді деген қорытындыға келді. Осы белгілі инерция заңын Ньютон мехаиканың негізіне енгізді де Ньютонның бірінші заңы деп аталды.

Ньютонның бірінші заңы ( немесе инерция заңы). Сондай санақ жүйелері бар болады, оларға қатысты оқшауланған, ілгерілемелі қозғалатын денелер модуль бойынша да өзінің жылдамдығын өзгеріссіз сақтайды. Мұндай жүйелерді инерциялық санақ жүйелері деп атайды.

Инерция деп денеге басқа денелердің әрекеті жоқ болған кезде өзінің жылдамдығын сақтайды олардың сипатын айтады.



Ньютонның екінші заңы: қозғалыстағы дененің үдеуі денеге түсірілген қорытқы күшке тура пропорционал және дененің массасына кері пропорционал, ал үдеудің бағыты қорытқы күш бағытымен бағыттас, яғни

Ньютонның үшінші заңы: денелердің өзара әрекеті кезінде күштердің пайда болатынын және олардың табиғатының, сонымен қатар олардың жұппен пайда болатынын, бұл күштердің модулі бірдей әрі бір түзудің бойымен қарама – қарсы бағытталғанын көрсетеді:

Электронды оқулықтан көрсетілім.
VI. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру:

  1. Механикалық қозғалысты динамикалық және кинетикалық баяндау тәсілдерінің айырмашылығы неде?

  2. Ньютонның бірінші заңын тұжырымдаңдар.

  3. Ньютонның екінші заңын неліктен қозғалыстың негізгі заңы дейді?

  4. Дене импульсі деп нені айтады?

VII. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу:

3 жаттығудың 1,2,3.



VIII. Үй тапсырмасын беру: § 2.1. оқуға 3 жаттығуды аяқтау.

IX. ДК. Баға қою.
Каталог: uploads -> doc -> 07b3
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07b3 -> П Ә н І сабақтың барысы: І ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, назарларын сабаққа аудару. ІІ үй тапсыр- масын тексеру: Үй тапсырмасын төрт топқа бөліп, төрт түрлі тапсырма беру арқылы тексеремін. І топ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет