Сабақ реті Сынып Мұғалім 1



бет1/11
Дата01.04.2017
өлшемі1,64 Mb.
#13407
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Куропаткино орта мектебі» КММ


«Тәуелсіздік тірегім» атты

тарих және зайырлылық және дінтану негіздері

апталығы

2016-2017 оқу жылы

БЕКІТЕМІН:

«Куропаткино орта мектебі» КММ

Мектеп директор

____________Сарсенбаева М. А

«____»_____________________



«Тәуелсіздік тірегім» атты

тарих және зайырлылық және дінтану негіздері

апталығының жұмыс жоспары

2016-2017 оқу жылы




Тақырыптары

Өтілу мерзімі

Ауысым

Сабақ реті

Сынып

Мұғалім

1.

Тарих апталығының ашылуы. Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім»

5-10. 12

1,2



5-11

Баймади Г.

Тонких В.В.



2.

Елбасының мемлекеттіліктің ең маңызды белгісі ретінде

мемлекеттік шекараны

халықаралық-құқықтық негізде бекітудегі рөлі. (дәріс)

21.11.

1




9-11 «А»

Баймади Г.

3.

Елбасы аманаты және Алаш ардақтылары. (дебат)

25.11.

1




9-10 «А»

Баймади Г.

4.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарихи-құқықтық

блицтурнир



30.12.

1

1

9-11 «А»

Баймади Г.

5.

Христиан дінінің бағыттары (православие, католицизм, протестантизм). Қазіргі заманғы христиан діні (ашық сабақ)

6.12.

1

6

9 «А»

Баймади Г.

6.

Викторина «Символы Казахстана»

7.12.

1

6

10-11 «Б»

Тонких В.В.

7.

Открытый урок «Развитие высшего образования и науки»

7.12.2016 ж.

2

3

9 «Б»

Тонких В.В.

8.

Интеллектуалдық ойын
«Менің Қазақстаным, менің болашағым»

8.12. 2016 ж.

1

6

10-11 «А»

Баймади Г.

9.

Ашық сабақ. Алтын Орда (ХІІІ ғасырдың ортасы – ХV ғасырдың ортасы)

9.12.2016 ж.

2

2

7 «А»

Баймади Г.

10.

Открытый урок. «Конфессиональная ситуация в современном Казахстане»

9.12.2016 ж.

1

7

9 «Б»

Тонких В.В.

«Тәуелсіздік тірегім» атты

тарих және зайырлылық және дінтану негіздері

апталығының есебі.

2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім»

Мақсаты:

1. Оқушылардың тарих сабағынан алған білімдерін тиянақтап, танымдылығын, пәнге деген қызығушылықты арттыру.

2. Азаматтық - патриотизмге, отаншылдыққа, туған жеріне, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Мемлекетіміздің зайырлылық сипатын, Қазақстан халықтарының ұлттық мәдени құндылықтарын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

3. Тарихи оқиғалардың ерекшеліктерін салыстыра отырып, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру, танымдық қабілетін дамыту, ізденіске баулу.



Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында, мектеп ішінде әртүрлі іс-шаралар өткізілді. «Елбасы аманаты және Алаш ардақтылары» тақырыбында 9-10 «А» сыныптар аралығында дебат өтті. Бұл дебатта Елбасының қызметі, үлгілі өмір жолын 9 сынып оқушылары талқыласа, 10 сынып оқушылары Алаш ардақтыларының ауыр да қиын өмір жолы мен қазақ елі үшін жанын қиған нағыз өз Отанының патриоттары екендігін дәлелдеді.

Сондай-ақ жоғары сынып оқушыларына арналған «Елбасының мемлекеттіліктің ең маңызды белгісі ретінде мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық негізде бекітудегі рөлі» тақырыбында дәрістер өткізіліп, оқушылар өз пікірлерімен бөлісті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өту шеңберінде 9-11 сыныптар аралығында тарихи-құқықтық блицтурнир өткізіліп, жоғары ұпай жинаған 10 «А» сыныбы жеңіске жетті



«Куропаткино орта мектебі» КММ- де 5.12.2016-10.12.2016 аралығында «Тәуелсіздік тірегім» атты тарих және зайырлылық және дінтану негіздері апталығы болып өтті.Алдын ала апталықтың жоспары қарастырылып, директордың қарауымен бекітілді. Апталықтың ашылуы және жоспарымен оқушыларды дүйсенбі күнгі жалпы мектепішілік жиылыста таныстырылып, хабарландыру бұрышына ілінді.

Екінші күннен бастап 9 «А» сыныпта Зайырлылық және дінтану негіздері курсынан «Христиан дінінің бағыттары (православие, католицизм, протестантизм). Қазіргі заманғы христиан» діні атты ашық сабақ өткізілді.

Оқушылар әртүрлі тапсырмалар орындай отырып, әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі – христиан діні туралы және оның бағыттары жайлы біліп, олардың қазіргі қоғамдағы алар ролімен танысты.

Үшінші күні 10, 11 «Б» сыныбында «Символы Казахстана» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойын бес турға бөлінді.Интеллектуалдық ойын барысында қалалар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, тарихи тұлғалар, тарихи орындар туралы әртүрлі сұрақтар қойылды. Жоғары ұпай санымен 10 «Б» сынып оқушылары жеңіске жетті.

Осы күні 9 «Б» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Развитие высшего образования и науки» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар ғалым Қ.И. Сәтбаев туралы видеоролик көріп, сол бойынша сұрақтарға жауап берді.



Төртінші күні 10, 11 «А» сынып оқушылары арасында «Менің Қазақстаным, менің болашағым» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді. Интеллектуалдық сайыс мынандай кезеңдерден тұрды:

  1. Беташар. (Таныстыру кезеңі)

  2. Жалпы сұрақтар.

  3. Көкпар

  4. Тарихқа саяхат.

  5. Сәтті кезең.

  6. Білім жәрмеңкесі. Сайыс өте қызықты өтті, екі сынып оқушылары да белсенді қатысты.

9 желтоқсан күні 7 «А» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Алтын Орда (ХІІІ ғасырдың ортасы – ХV ғасырдың ортасы)» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.


Ашық сабақ СТО және ақпараттық технологиялар әдісін қолдану арқылы өтіп, оқушылар үш топқа бөлініп үй жұмысы бойынша «кім жылдам?» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беріп, үлестірмелердегі тапсырмаларды орындады.

Мәтінді оқып топпен постер құрады, талқылады. Жинақтау кезеңінде тест тапсырмаларын орындап, оқушылар ұпай сандарына қарай бағаланды.

Осы күні 9 «Б» сыныбында Зайырлылық және дінтану негіздері курсынан «Конфессиональная ситуация в современном Казахстане» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Апталықтың жабылу қорытындысы мектепішілік жиылыста жарияланып, белсенді қатысқан оқушыларды марапаттаумен аяқталды.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет