Сабақ Сабақ тақырыбы: Бір өлшемді жиымдар. Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Паскаль тілінде массивтердің қалай сипатталуын жеткізе білу



Дата06.11.2019
өлшемі20,32 Kb.
#51260
түріСабақ
Байланысты:
сж 28 it
реферат
28-сабақ

Сабақ тақырыбы:  Бір өлшемді жиымдар.

Сабақ  мақсаты:

 Білімділік: Оқушыларға Паскаль тілінде массивтердің қалай сипатталуын жеткізе білу.

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жылдамдыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

 

Сабақ барысы:



1.      Оқушыларды ұйымдастыру.

2.      Жаңа тақырыпы түсіндіру.

3.      Тапсырмаларды орындау .

4.      Сабақты бекіту.

5.      Бағалау, қорытындылау.
 


  1. Оқушыларды ұйымдастыру. «Айна» ойыны.

Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар бір- біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар өзара рөлдерін ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Осылайша жұптар кезекпен ауысады, топ алдына барлық қатысушылар шығып жаттығады


  1. Жаңа сабақ түсіндірмесі:

 

    Жиым- бұл бір атаумен (жиым идентификаторымен) белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Жиымдардың негізгі параметрлеріне  оның типі (сандық, символдық, логикалық), өлшемі (бірөлшемді, екіөлшемді т.с.с) және көлемі (жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің саны) жатады.

Жиымның  жазылу түрі әр тілде әрқалай бола береді. Мысалы,бір сыныптағы N оқушының бойларын анықтайтын жиым алгоритмдік тілде бірөлшемді жиыммен былай беріледі: нат R[1:N], N-жиым элементтерінің ең үлкен максималды нөмірі. Бұл жиым Паскаль тілінде былай жазылады: R[n].

Тұрмыста тізбектелген сандарды, кестелердің реттелген жолдарын, фамилия тізімін көп пайдаланамыз, олар бірөлшемді (вектор) немесе екіөлшемді (матрица) жиым элементтері болуы мүмкін.

Паскаль тілінде қарапайым айнымалылармен қатар жиым түрінде біріктірілген айнымалылар да жиі кездеседі.

Мысалы,нақты сандардан құрылған төмендегі тізбекті

1,6, 14,9, -5,0, 8,5, 0,46, 2,25, -9,85, 6,27, 5,7, -3,2

бірөлшемді жиым деп,оған  А  деп атау беруге болады. Жиымның әр элементі жиымның атымен белгіленеді де, тік жақша ішіне оның индексі қойылады, яғни жиым элементтері индекстері бойынша реттеліп жазылады.

Оның жазылу пішімі:

Type <тип аты>= array[<индекс типі>]  of  <элемент типі>;

Var <идентификатор, …> : <тип аты>;

Мұндағы array(жиым), of (-дан,-ден,-тан,-тен)-түйінді сөздер;

[индекс типі]-real,integer базалық типтерінен өзге кез келген стандартты тип, яғни индекстің типі ретінде шектеулі саналатын, логикалық және литерлік типтер пайдаланылады;<элемент типі>-құраушылар типі, яғни Паскаль тілінде пайдалануға болатын жиым элементтерінің типі.

Индекс өрнек, айнымалы немесе тұрақты түрінде берілуі мүмкін.

Сондықтан да көбінесе жиымдарды индексті айнымалылар деп те атайды. Ал индекссіз айнымалыларды жиымдардан ажырату үшін қарапайым айнымалылар деп атайды.

Массивтерді программада қолдану үшін Тurbо Раsсаl программалау тілінде оларды бірден vаr бөлімінде сипаттау жолы қарастырылған.

Жалпы жазылу түрі:

vаrМассив атауы : аrrау[индекс типі] оf элемент типі;

Мысалы, var a [1..15] of integer;



Мысал 1. n бүтін сандарынан барлық жұп мәнді элементтерін табу программасын құру керек.

Program esep1;

Uses crt;

Var a: array [1..1000] of integer; I,n: integer;

Begin

Writeln(‘Массив өлшемін енгіз’);

Readln(n);

For i:=1 to n do

Begin

Write(‘a[’,i,’]’,’ енгіз’);

Read(a[i]);

End;

For i:=1 to n do

If a[i] mod 2 = 0 then writeln(‘a[’, I, ’]=’, a[i]);

End.



  1. Тапсырмаларды орындау.

1) Кез- келген бір өлшемді А(10) массивінің оң элементтерін екі есе кемітіңдер,ал теріс элементтері болса,онда оларды индекстерінің мәнімен ауыстырыңдар.

2) А,В масивтері берілген алдын ала А массивін өсуі,В массивінің кемуі бойынша реттеп алып,2 массивтің қосындысын табыңдар.

3) Масивтің берілген К санына еселік болатын элементтерінің көбейтіндісін табыңдар.

  1. Сабақты бекіту:

 

 1.Жиым деп нені айтады?

2. Паскаль тілінде жиымдар қалай сипатталады?

3. Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?



 

  1. Бағалау. Қорытындалау.




Білемін

Білдім

Білгім келеді










 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет