Сабақ Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы Сынып: 6 Күні



Дата30.11.2019
өлшемі34,27 Kb.
#52794
түріСабақ
Байланысты:
Қазақстан тарихы 6 сынып X – XІІІ ғғ. Қазақстан Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы Сабақ жоспары 4-cабақ


2-сабақ


Сабақ тақырыбы:

Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы
Сынып: 6

Күні:

Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:


Сабақтың зерттеу сұрағы

Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті?


Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін түсіндіреді, экономикалық байланыстардың, өнер мен ғылымның дамуына ықпалын талдайды.




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.1 – Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;

6.2.2.2 – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру.



Бағалау критерийлері

Ұлы Жібек жолының қалаларды дамытудағы рөліне баға береді.


Тілдік мақсаттар

1-тапсырмада оқушылар мәтінді оқып, талдайды (оқылым дағдысы). Зерттеу нәтижелерін сынып алдында қорғайды (айтылым дағдысы).

Пәндік лексика және терминология:

Жібек, Ұлы Жібек жолы, ортағасырлық қалалар, сәулет өнері, экономикалық байланыстар, қолөнер, дін, өнер мен ғылым, сауда, керуен жолы, айырбас сауда, көш, тауар;



Диалогқа және жазуға қажетті сөздер тізбегі:

Ұлы Жібек жолы қалалардың экономикалық/ мәдени дамуына әсер етті, себебі ...

Ұлы Жібек жолы арқылы .... дамыды.

Ұлы Жібек жолы қалалардың сәулет өнері/ дін/ білім/ ғылым/ сауданың дамуында маңызды рөл атқарды, өйткені...



Құндылықтарды дарыту

Құндылықтар: патриотизм, өз елі үшін мақтаныш, ұлттық сана-сезім, құрмет.

Пәнаралық байланыстар

Оқылым, жазылым тапсырмаларын орындату арқылы қазақ тілімен байланысты, картамен жұмыс арқылы географиямен байланысты жүзеге асыру

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мен презентация жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады

Осыған дейінгі білім

Ұлы Жібек жолының елдер арасындағы саяси, экономикаық, мәдени қатынастарды дамытудағы маңызын түсінеді.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ақпарат, ресурс көздері

Сабақтың басы
5 минут
Сабақтың ортасы

10 минут


15 минут

5 минут

Ұйымдастыру бөлімі

БЫМ Ұлы Жібек жолының картасын көрсетіп, қазіргі кезеңде осы жол өткен аймақтарда қандай қалалар орналасқандығы туралы диалог жүргізіңіз.
Сабақтың оқу мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
Т/ Ж 1-тапсырма. Кескін картамен жұмыс «Ұлы Жібек жолы бойымен саяхат»

Қытай елінен Ұлы Жібек жолы арқылы батысқа шыққан бір саяхатшы Қазақстанның ортағасырлық қалалары арқылы саяхат жасайды деп елестету. Осы елшінің жүріп өткен жолын, басып өткен қалаларын кескін картаға салып көрсетіңіз.



(Топтық бағалау)

  • Ұлы Жібек жолы Қазақстан аумағында қандай ірі қалалар арқылы өткен?

  • Ұлы Жібек жолы бұл қалаларға қандай экономикалық пайда әкелді?



Т 2-тапсырма. Алдыңғы сабақтағы әр топтың жұмыс нәтижелері бойынша кестені толтыру.

(Барлық оқушылар таныстырылымы негізінде кесте толтырады.)



Қала аты

Архитектуралық ескерткіші

Қолөнері

Діни-наным-сенімдері

Ғалымдары

Тараз














Испиджаб














Отырар














Йасы















Топтық бағалау

Бағалау критерийі: Ұлы Жібек жолының қалаларды дамытудағы рөліне баға береді.

Дескрипторлар:

Сәулет өнері бойынша кемінде үш қаланың дамуына дәлел келтіреді.

Қолөнер бойынша кемінде үш қаланың дамуына дәлел келтіреді.

Діни нанымдар бойынша кемінде екі қаланың дамуына дәлел келтіреді.

Ғылым саласы бойынша кемінде екі қаланың дамуына дәлел келтіреді.
Ой талқы

Әр сала бойынша ең маңызды қаланы анықтаңыз.

Бұл қаланың архитектура/ қолөнері дамуына/ діни наным-сенімдері/ ғалымдарының кең таралуына қандай факторлар әсер етті? Бірнеше салалар бойынша Ұлы Жібек жолының бойында маңызды рөл атқарған қаланы анықтаңыз.

Ұлы Жібек жолының картасы

http://hameleons.com/uploads/posts/2012-10/1349886170_istoria-jibek.jpg
Ақпараттық білім ресурстары орталығы.

7 сынып. Қазақстан тарихы. Электронды оқулығы. 2011ж.

www.nci.kz
Байпақов. К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық қалалар – Алматы, 2005 ж.
Мамраимов А.  Ұлы Жібек жолындағы киелі жерлер. – Алматы: Алматы кітап, 2009.

http://lms.nci.kz/history/view?f=143&id=7&lang=kaz





Сабақтың соңы
5 минут

Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Мұғалімнің кері байланысы.



Қосымша мәлімет

Дифференциация (саралау) – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Талқылау барысында барлық оқушылардың қатысуын қадағалаймын.


Топтық жұмыс нәтижелері топтардың бірін-бірі және өзін-өзі бағалау арқылы іске асырылады. Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша кері байланыс беріледі.

АКТ шектеулі қолдану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаты қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізбесе, неліктен қол жеткізбеді?

Сабақта дифференуциациялау қалай жүргізілді?

Сабақтың кезеңдерін пайдалы қолдана алдыңыз ба?



Сабақта сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болды ма? Болса, неліктен болды?






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет